Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық турист ағымының елдердегі таралу қарқыны.




Туристік ағымдар халықаралық көрмелер, жәрмеңкелер, отырыстар, жиналыстар, конференциялар, конгрестер, спорттық шаралар, конкурстар, фестивальдер секілді шаралармен анықталады.

Аймақтың қүрылымының келушілері мен табысына талдау жасау келесідей түрақты тенденцияларды коруге мүмкіндік тугызады:

— келушілердің жоие туризмнен түсетін табыс жагынан Еуропаның үлесі үнемі қысқаруда;

— мүндай жагдайлар Американың туристік аймагында да орын алады, яғни Америкада демалу Еуропада демалудан арзан болуда;

— Шығыс Азия мен Мүхит аралдары елдерінде туризм жылдам дамып келеді. Бүл өлемдік туристік нарықтыц "осу нүктесі" өзінің қайталанбайтын рекреациялық ресурстарымен және экзотикасымен ғана сипатталынып қоймайды, сонымен қатар әлем бойынша оте жоғарғы деңгейдегі сервисімен де ерекшеленеді. Бүлардың барлығы, Еуропа мен Америкаға қараганда, өте төмен деңгейдегі шығын аясында жүргізілуде;

— Африка бірте-бірте туристерді озіне тартуда, өлемдегі ең арзан туризм еліне айналып келеді. Алайда арзанның барлығы да жақсы емес. Егер де керсетілетін қызметгің сапасы жоғарыласа, Африкада туристік ағым қарқынды өседі;

— Орта Шығыс және Оңтүстік Азия туристік инфрақүрылымы нашар дамыған аймаққа жатады. Дегенмен, келешекте бүл байлығы мол туристік аймақта туризмніц жылдам дамуын күтуте болады. Еуропаның жақындығы (негізінен турнстерді жеткізетін), таза Жерорта теңізі, үзақ туристік мезгіл - міне, бүлардың барлығы бүл ауданды белсенді туристік аймакқа айналдыруға болатындығын корсетеді.

Мемлекеттер арасындағы саяси өзара кдтынастың түрақсыздығы аудандарға туристік ағымды бірден қысқартады. Парсы шығанағындағы оскери қозғалыстың кезінде Африка континентінде халықаралық туризм сферасынла қүлдырау байқалды. Жоғары дорежедегі қауіптіліктен коп адамдар Египет пен Мароккоға сапар шегуден бас тартты. Тунис 1991 жылдың бірінші тоқсанында келетін туристіқ ағымның 80% жоғалтты.



44. Халықаралық туризмдегі әлемдік және аймақтық нарық.

Туристік нарық – бұл туристік қызметтерді сатушылар мен сатып алушылар арасын жақындататын (табыстыратын) институт немесе механизм. Туристік нарық тұтынушы мен туристік қызметтерді орындаушылар арасында туристік агенттіктер, тур-оператор, сияқты делдалдары бар қатынастардың көпсатылығмен сипатталады. Туристік нарықты географиясы бойынша - әлемдік, аймақтық, жеке ел, ел ішіндегі жеке аймақтық, қалалық нарықтар болып жіктелінеді.

Туристік терминологияда “аймақ” деген түсінік бар, оның үстіне аймақтың үш типі бар: географиялық аймақтар, мысалы, Батыс Европа немесе Солтүстік Африка; әкімшілік аймақтар, мысалы, Ярославль облысы; табиғи – климаттық аймақтар, мысалы, теңіз курорттары, Тынық мұхит бассейні. Туристердің аймақтар ішінде үздіксіз ағылып келу қозғалысын – итерааймақтық және аймақтар арасындағыны интераймақтық деп бөледі. Соның арқасында туристік сапарларға тартылатын адамдардың саны үнемі өседі, туризм әлемдік экономикаға сияқты, жекелеген елдердің әлеуметтік – экономикалық дамуына көбірек әсер етеді. Халықаралық туризмнің әлемдік экономикаға әсер етуін зерттеудің маңызды бағытының бірі – туристік нарық көлемін анықтау.



Туризмнің әлемдік индустриясына 2001 жыл ауыр болып тиді. Біз бұрын айтып кеткендей, АҚШ-тағы террористік актілер мен әлемдік экономиканың көптеген саласындағы дағдарысты жағдай халықаралық туристік нарықтың дамуына кері әсер етті. Саяхат жасаушылардың саны толығымен 1,3%-ға төмендеді. Сәйкес мәліметтер 4.1. кестесінде көрсетілген

Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристтік-рекреациялық ресурстар да сатыладыжәне сатылып алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу территориядан айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі – тауар мен қызмет өндірісне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше тұтынушының тауар – қызмет өндірілетін жерге келу орындалады. Біріншіден, сатп алушы (турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі әртүрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлары мен бейне аппаратуралардың, фотоаппараттардың көп бөлігін сатып алады; Швейцарияда – сағаттарды; Францияда – парфюмерия заттарын; Италияда – аяқ-киім мен тері заттарын; Ұлыбританияда – арақ, виски және т.б.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал