Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризмдегі шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік қолдау және халықаралық туризмдегі оның ролі




Шағын кәсіпкерлік тұлғаларына мыналар жатқызылады: заңды тұлғаны құрмаған жеке адамдар, немесе жеке кәсіпкерлер; заңды тұлғалар (төменде көрсетілгендей) толық серіктестік, командиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік, өндірістік кооператив. Ең көп тараған түрі – жеке кәсіпкер. Шағын кәсіпкерлікпен айналысу ҚР азаматтық заңдары шеңберінде айқындалғандықтан болашақ кәсіпкер өзіне не керек екендігін таңдау мүмкіндігі бар. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау негіздері болып табылатын: ҚР шағын кәсіпкерлікпен айналысуға артықшылық берілген; Мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; Шағын кәсіпкерлікті дамыту аумағында барлық жағдайлардың жасалуы; Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында жасалған халықаралық қатынастар; Шағын кәсіпкерлікті қолдау келесі бағыттарда жүргізіледі: шағын кәсіпкерлікпен айналысатын мамандарды дайындау, қайта дайындау, білімін жетілдеру шаралары; шағын кәсіпкерлік тұлғаларына жеңілдік шаралары мемлекеттік қаржы ,статистика, материалды–техникалық , ақпарат және ғылыми–техникалық зерттеулер мен технологиялары жүйесінде қамтамасыз етілуі; шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік тіркеу кезінде жеңілдіктер, жұмысты лицензиялау, өнімдерді сұрыптауды ұйымдастыру; шағын кәсіпкерлік тұлғаларына құқықтық жеңілдіктер беру, салық жеңілдіктері, кедендік төлемдер (салықтық каникулдар, мүліктік гранттар, салықтық несиелер, салық мөлшерінің азайтылуы, кедендік төлемдердің жеңілдіктері); шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында инвестицияларжүйесін құру (шетелдіктермен қоса) шағын кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық байланыс негіздерін құру, оның ішінде сауда байланысы, ғылыми–техникалық, өндірістік және шетел кәсіпкерлерімен байланысты ұйымдастыру; шағын кәсіпкерлік тұлғаларын қолдау мақсатында арнаулы несие бағдарламаларын, оның көздерін ашу; шағын кәсіпкерлік тұлғаларын мемлекеттік тапсырыстармен (өнім өндіруге, жұмыс жасалуына, қызмет түрлерін көрсетулеріне ) қатынастар кездерінде жеңілдіктер көрсету. Осы көрсетілген жағдайлардың бәрі Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шеңберінде қолданылатын мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларда анықталып,, айқындалып отырылады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау кезінде көрсетілетін жеңілдіктер шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде ҚР заңдарында көрсетілген. статистикалық және ақпарат қолқабыстары ғылыми–техникалық зерттеулер және технологиялар бойынша жеңілдіктер мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жылдық бюджеті бекіткен мөлшерде атқарылады. шағын кәсіпкерлікке мамандарды дайындау, қайта дайындау, білімін жетілдіру жөніндегі шаралар ғылыми зерттеу орталықтарында, арнаулы консалтингтік мекемелерде ақпаратты қолдау жүйелері шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бөлінетін қаржының 2% мөлшерінде атқарылады; шағын кәсіпкерлікке мамандар дайындайтын және оқытатын тұлғалар жылжымайтын мүлікті тіркеу және саудалау кезіндегі төлемдерден тіркелгеннен кейінгі 3 жылға босатылады; шағын кәсіпкерлік нысандарын тіркеу жеңілдетілген тәріппен атқарылады; шағын кәсіпкерлік жұмыстарына берілетін лицензиялар 10 жұмыс күні ішінде беріледі (ал жалпы жағдайда 30 жұмыс күні ішінде) шағын кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға берілетін жерлер (сату, жалға беру) шаруашылық жұмыстарымен айналысатындарына жергілікті атқарушы органдар жерді пайдалану жөніндегі актісін алу кезіндегі төлемдерді және жерді сатып алу, жалға алу төлемдерін 3 жылға кешіктіріп төлеуіне рұқсат беріледі. өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлік нысандары электр қуатына, жылу , су көздерімен, лас су құбырларына қосу көздерінде төлемдерді төлемейді. шағын кәсіпкерлік тұлғалары 2-ші деңгейдегі банктерде есеп–шот ашқан кездегі төлемдерден босатылады; шағын кәсіпкерлік тұлғаларға арнаулы салық жеңілдіктері қолданылады; Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттің жүргізіп отырған саясатының арқасында жүзеге асады. Өздерінің құқықтарын қорғау мақсатында шағын кәсіпкерлік тұлғалары бірлестіктер ұйымдастыра алады. Заңды тұлғалар одақтар құрса, жеке кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктер құра алады. ҚР заңдары шағын кәсіпкерлер нысандармен* мемлекеттік мекемелер арасындағы қатынастарды реттейді. Шағын кәсіпкерлік нысандарына лауазымды адамдардың, мемлекеттік мекемелердің орынсыз шаруашылық жұмыстарына араласуына тыйым салады. Қорытынды : Кейінгі жылдары елімізде шағын кәсіпкерлік нысандары көптен өсті. Мұндай мекемелер тұтынушылық заттар шығару және қызмет көрсету, ғылыми орталықтарында көптеп саналады. Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін экономикалық– әлеуметтік, құқықтық жағдайларды қамтамасызету қажет.





Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi

Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдығы;

шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың кешендiлiгi;

шағын кәсiпкерлiктi қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсiпкерлiктiң барлық субъектiлер үшiн қол жеткiзерлiк болуы;

шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

5-бап. Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi бағыттары

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк тiркеудiң, олардың қызметiн лицензиялаудың оңайлатылған тәртiбiн белгiлеу; <*>

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық салудың, кеден бажын төлеудiң жеңiлдiктi режимiн қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимiн белгiлеу;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн қолдау мен дамыту үшiн инвестицияларды, оның iшiнде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесiн жасау;

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң шетелдiк әрiптестермен сауда, ғылыми-техникалық, өндiрiстiк және өзге де байланыстарын дамытуды қоса алғанда, олардың сыртқы экономикалық қызметiн қолдау;

қаржы көздерiн анықтай отырып, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне несие берудiң арнаулы бағдарламаларын қабылдау;

өнiмдер өндiруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге мемлекеттiк сатып алуды орналастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне артықшылықтар беру;

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар жанындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялардың қызметін ұйымдастыру.

мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тексеру жүргізеді. <*>

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.07.26. N 458 , 2002.07.10. N 341 , 2003.10.13. N 487 , 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

 

6-бап. Шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалары

 

1. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалар негізінде жүзеге асырылады және ол шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешені болып табылады.

1-1. <*>

1-2. <*>

2. Мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар шағын кәсiпкерлiктi қолдауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларға жекелеген жобаларды енгiзу туралы дербес ұсыныс жасауға хақылы.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыру барысында алынған нәтижелер туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында жыл қорытындысы бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен есеп берiп отырады.

 

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

- Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;

- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған

кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;

- Тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса, бюджеттен қаржыландыру;

- Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу.

Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған кәсіпорындарды несиелеудің құралдары мен обьектілері әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтің, кейстық несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Шағын бизнес әлі күнге шейін банктердің қызығушылық сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты оларды лизингтік несиелер, сақтандыру, франчайзинг пен факторингті дамыту және қолдаудың басқа дәстүрлі түрлерінің маңызы зор.

Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді.

Айналым қаражаты мен өтімді кепілдің жетіспеушілігімен ұштасқан бизнестің неғұрлым күрделі және жауапты кезеңінде тұрған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шағын кәсіпкерлікке несие берудің кепілді жүйесін жасау үшін жағдай жасалады. Осы жүйе несиені өтеу қабілетсіздігі жағдайында шығындардың орнын толтыру жолымен несиелік мекемелермен тәуекелдерді бөлісуге және өміршең жобаларды жүзеге асыруға ниет білдірген, бірақ жеткілікті қамтамасыз етілмеген немесе несие беруші банктің талаптарын қанағаттандыра алатын несие тарихы жоқ кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл мәселе шағын кәсіпкерлерліктің салалық құрылымын жетілдіру, бастапқы капиталды қаржыландыру арқылы перспективалы қайта өңдеуші өндірістерді дамыту қажеттігіне байланысты ерекше маңызды.

Белгілі бір тәжірибесі бар және қызметтің жаңа бағыттарын игеру үшін жоғары технологиялы жабдықтар мен қосымша капиталға мұқтаж кәсіпкерлер үшін қаржылық қолдаудың жаңа құралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылады. Лизингтік құрылымдарды дамыту мен венчурлық құрылымдарды құру жаңа өндірістердің пайда болуына және дәстүрлі қаржыландыру көздерін тарта алатын кезеңге дейін өндірістерді қалпына келтіруге ықпал етеді.

Бұдан басқа, екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:

- несиелер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды;

- шағын бизнес субъектілері үшін несиелерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

- шағын бизнес кәсіпорындарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;

- қарыз алушы – шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімділігін кеңейтуге байланысты мәселелердің шешілуі, қарыз алушылардың тізілімдерін жасау мен жүргізу оларға несие тарихын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл шағын кәсіпорындар саны мен өнімділігінің тұрақты өсуіне ықпал ететін болады. [2].

Осылардан көріп отырғанымыздай, шағын бизнестің тиімді әрі ырғақты дамуы үшін мемлекет тұрғысынан қаржы-несиелік және инвестициялық қолдаудың қолайлы саясаты алдыңғы орынға шығады. Шағын бизнестің гүлденуіне еліміздегі инвестициялық климаттың жағдайы тікелей әсер етеді. Соңғы кезде тәжірибеге енгізілген тура инвестициялар тартудың рөлі зор. Мәселен, Астана, Алматы, Шымкент, қалаларында жүзеге асырылған тура инвестициялар тартудың тәжірибесі – бұл әдістің өміршеңдігін көрсетті. Кәсіпкерлер форумы кезінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап өтті: Кәсіпкерлердің қаржы-несие ресурстарына қол жеткізуіндегі шектеушілік проблемасы біз қажет еткендей қарқынмен шешіліп отырған жоқ. Несие алудағы негізгі кедергілер жоғары қарыз пайызы және несиені қайтарудың қысқа мерзімі болып отыр. Бүгінгі күні коммерциялық банктердің шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері шетел валютасында 16-18% және теңгеде 20-24%–ға дейінді құрайды. Алынған несие ресурстарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11-12 ай. Сондықтан да Елбасы Ұлттық Банк пен Үкіметке шағын бизнес секторын дамытудың арзан халықаралық бағдарламалық заемдарына қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен ставкаларын белгілейтін шараларды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шараларды талдап жасауды тапсырды.«Даму» бағдарламалары бойынша ШОБ субьектілеріне берілген қаржының былай бөлінгенін байқауға болады: сауда саласына – 45,7%; қызмет көрсету саласына – 24,2%; өнеркәсіпке –17,2%; құрылысқа – 5,2%; ауыл шаруашылығына – 5,1%; көлік пен байланысқа – 2,7%.Республикамызда шағын және орта бизнестi қолдау саясаты жоқ деуге болмайды. Қайта мемлекет тарапынан көптеген заң жүзiндегi қолдаулар көбеюде.

«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады. «ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал