Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Саяхат кезінде туристке көрсетілетін қызмет түрлері.




Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу.Саяхат кезінде, турист өзіне көрсетілетін әр түрлі қызметтерді пайдаланады - жалпы, арнайы туристік және қосалқы. Ең алдымен, оған тіршілігі үшін қажетті қызметтер керек - үй, тамақ, сонымен қатар көлік.

Турфирмалар туристтерді орналастыру, тамақтандыру және маршрут ұйымдастыру қызмет түрлерін көрсетеді.

 

47. IATA - халықаралық авиатасымал үшін бүкіләлемдік ұжым. Ұжымның 1919 жылы негізі салынып, 1945 ж 2-дүниежүзілік соғыс аяқталған соң оның жұмысы қайта жанданды. Сонымен қатар IATA-халықаралық рейстерді жүзеге асырып, авиациялық компаниялардың кәсіби қауымдастығын ұсынып отыр. Ұйымның жоғарғы органы - Бас Ассамблея. Жыл сайын президент пен орындаушы комитет осы Ассамблея шаңырағында тағайындалып отырады. Мақсаты – Азаматтық авиациядағы халықарлық ұйымдардың саясатын шынайы түрде жүзеге асыру.

IATA – адамдардың әлемнің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстыруына жағдай жасау, хаттар мен жүктерді ауқымды түрде тарату, әр түрлі дәрежедегі әуе сапарларын кеңейту болып табылады.

Кеңістіктегі тариф бағасын ретке келтіру осы ұйымның ең басты атқаратын жұмыстарының бірі. Тариф бағасын бір ауыздан бүкіл халықаралық авиокомпаниялар арасында әр елдің үкімет басшыларымен келісе отырып бекітеді. «Әркім өз-өзіне қожа» дегендей әрбір ел ұйым бекіткен шарттарды яғни тарифтерге бағынуға, не болмаса оны қабылдамауды өзі шешеді. Тіпті ол тарифтерден үзілді-кесілді бас тартып, өзіне тиімді шарттарды енгізуі мүмкін. Міне, IATA осы келіспеушіліктерді мүмкіндігінше болғызбауға, болған жағдайда оны ымырашылықпен шешуге ат салысады.

IATA мүшесіне 259 әуе компаниялары кіріп, халықаралық деңгейдегі әуе жолдарында әр-түрлі тасымал жасайды. Әлемдегі ең әйгілі әуе компаниялардың бірі - «Аэрофлот». Бұл әуе компания 1989 жылдан IATA-ның мүшесі. Ресейдегі басқа да әуе компанияларды мысалға келтіретін болсақ, олар: «Трансаэро», «Пулково», «Домоделдовское ПО», «Внуковское авиалинии».



IATA мүшесі болу үшін әуе компаниялары үнемі халықаралық деңгейде жүк тасымалдауға кепіл бола алатын сертификат иемденуі тиіс. Ол сертификатты әуе компания Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымына мүше елде орналасса ғана ала алады.

IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:

1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.

2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.

3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.

Ұйымның атқаратын қызметі:

- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;

- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;

- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.



- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.

- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.

 

48.iata ның 3 аймаққа таралуы.

IATA-ның қызметін жер шарында үш үлкен аймаққа бөледі:

1) Солтүстік және Оңтүстік Америка, Тынық мұхитынан Шығысқа қарайғы аймақ.

2) Еуропа, Африка және Таяу Шығыс.

3) Азия, Аустралия және Тынық мұхитынан Батысқа қарайғы аймақ.

Ұйымның атқаратын қызметі:

- Техникалық салада ұйым техникалық аспектілермен халықаралық ұшу жолындағы ұйымдардың талаптарын,байланыс жүйесін реттеп отырады;

- Заңгерлік саласы. Бұл салада ұйым қызметі конвенцияларда, агенттік келісімдерде, халықарлық басқарушылардың бітімінде көзге түседі;

- Қаржы. Қаржылық қызметке талдау жасау, тариф саясатындағы үйлесімділік, есептеу жүйесінің автоматтандыруы секілді қызметтер осы салаға кіреді.

- Агенттік жұмыс. Агенттіктерді билет сату бойынша аккредиттеу, мамандар даярлау.

- Қауіпсіздік қызметі. Жолаушылардың қауіпсіздігін толыққанды түрде қолға алу, әуе жолындағы ұшақтардың қауіпсіздігін сақтау.

 

49. 1969 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен үкіметтік емес РТҰХО үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) болып құрылды. Ол халықаралық туризмнің экономкалық, әлеуметтік, мәдени және саяси

Жеке мемлекет жағдайларында, өмірінде және халықарлық қатынастың бір бөлігінде, халықарлық туризм әлеуметтік-экономикалық қатынастың бір көрінісі болғанымен, әр мемлекет қабырғасында және де халықаралық деңгейде бұл салаға байланысты артықшылықтар бар.

Жалпы туристік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктейді:

1) Ұлттық-территориялық. Мұның өзі 3-ке бөлінеді: халықаралық, ә) аймақтық б) ұлттық. Олардың қыметтері аталған бағыттарда анықталады.

2) Қоғамдық-мемлекеттік белгілері бойынша үкіметтік, қоғамдық, жеке болып бөлінеді.

3) Іс-әрекеттік белгілері бойынша: реттеушілік, жабдықтаушылар, рыноктағы агенттер, жобаны ұйымдастырушылар, кеңесшілер, машықтандыру ұйымдары, баспагерлер, кәсіби ассоциациялар, саудалық және тұтынушы үйымдар.

4) Қызмет саласы бойынша: көліктік (әуежайлық, автобус, автомобильді және круиздік), турагенттер, туроператорлар, жергілікті кәсіподақтар).

Енді халықаралық туристік ұйымдарға тоқталайық. Алғашқысы: Дүнежүзілік туристік ұйым (Would Tourism Organisiation).

ДТҰ-әлемде ең танымал және ең әйгілі ұйым болып саналады. 1975 жылы 2 қаңтарда БҰҰ-ның Генералды Ассамблеясында халықаралық үкіметтік стандартқа сай жаңа ұйым болып құрылды. Қазіргі уақытта ДТҰ-ның 140-тан аса мүшесі бар. 1977 жылдан бастап штаб квартирасы – Мадрид қаласы.

Жалпы үшінші мыңжылдықтың табалдырығында туризм саласы әлемің көптеген елдерінің индустриясында ең позицияға ие болып, жаңа жұмыс орындары жандана бастады. Тіпті кейбір елдерде бұл сала бюджетті қажетінше толтырып отырады. Бірақ біздің ғасырдың жаңа, жанданған саласы дамығалы көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелер пайда бола бастады. Осындай мәселелерді жан-жақты шешу жолында ДТҰ барлық елдерді туризм саласында «бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол» шығарып қызмет етуге шақырып отыр.

ДТҰ-ның пікірі бойынша туризм – қазіргі қызметтердің ең белсенді түрлерінің бірі, кедейшілікпен күрес жолындағы тиімді жолдардың бірі болып саналады. ДТҰ-ның мақсаттары:

- Халықаралық және ішкі қатынаста әлемдік туризмнің қабілеттілігін кеңейту, түсінішпеушілікті жою, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту;

- Өмір сүру бағытын жақсарту, шетелдік туристік ұймдармен байланысқа шығуға көмектесу, көлік жолдарын кеңейту;

- Саяхат кезінде адамдардың ғылыммен, мәдениетпен, тікелей қатынаста болуына жағдай жасау;

- Туристтерді қабылдау мүмкіндігі бар елдерде осы саланы дамыту;

- Елдер арасындағы қызметті дамытуда халқаралық агенттер ролін атқару;

- Әр түрлі туроператорларды біріктіріп, олардың қызметін жақсы жолға қою;

- Жоғарыда аталғандардың барлығын тиімді жолмен жүзеге асыру.

Ал ДТҰ-ның жұмысының бағдарламасы келесі бағыттар бойынша анықталады.

Даму мақсатындағы әріптестік. ДТҰ-ның болашақтағы ең басты тапсырмаларның бірі – туризм саласындағы дамушы елдер арасында туризмге қатысты барлық технологияларды тарату. Және де ДТҰ БҰҰДБ ПРООН –ның (Программы развития Организаций Обьединенных Наций) орындаушы аген ті болып табылады.

Туризмді дамытудағы сапасы бойынша ДТҰ әр түрлі тәжірибелік компоненттерді біріктіріп, туристік өнімдердің жағдайлары мен сапасын жақсарту.

Туризмге қажетті кадрлар дайындауда ДТҰ-ның мақсаттары мен міндеттері өзіне мүше елдердегі оқу орындарында жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қолға алып, сол үшін қажырлы еңбек ету.

Туризмді тиянақты дамыту бойынша ДТҰ-ның басты мақсаттары болашақ ұрпақтың жақсы ғұмыр кешуіне арналады.

Туризм және технология.

Жаңа ғасырдағы жаңа ақпараттық технология бойынша ДТҰ-ның басты жұмысы ақпараттық технологияларды туризм сферасында қалыптастыру,осы салада дамыған және дамушы елдердің арасындағы айырмашылықты азайту. Яғни барлық елдерге барынша бірдей қолайлылық жасау.

Енді ДТҰ-ғы ең жоғары органдардың жұмысына тоқталайық:

Жоғарғы органы – Генералды Ассамблея. Ассамблея әрбір екі жыл сайын кезекті сессияларын өткізеді. Бұл отырыста ұймның алдағы мақсаты,жұмыс жоспарлары,бюджеттегі кейбір ауқымды мәселелер қаралады.Төрт жылда бір рет ұйым өздерінің бас секретарларын тағайындайды.Және де Ассамблея сайлаушы делегаттардан құралып,делегаттар қатары нақты және қаумдасқан мүшелерден тұрады. Генералды Ассамблеяның негізгі қызметтері:

- ДТҰ-ның президенті мен вице президентін таңдау;

- Ұйымның бүкіл бағдарламаларының жұмысын бекіпу;

- Ұйымның орындаушы советінің мүшелерін,секретарларын таңдау;

- Халықаралық ұйымдардың және басқарушылардың, жеке меншік ұйымдардың келісуімен өкілеттілікті бөлу және бекіту;

Аймақтық өкілдер.

ДТҰ-ның аймақтық өкілдері Африкада.Америкада,Азия мен Тынық мұхиты аймақтарнда Таяу Шығыс және Еуропада тікелей қызметтерін атқарады.Олар сол аймақтарда ұлттық туристтік салаларға дем беріп,олардң дамуна жағдай жасайды.

Орындаушы кеңес - Дүниежүзілік туристік ұймның басқарушы органдарының бірі және осы ұйымдағы бюджет мәселесіндегі жұмыстарға жауапты. Осы жұмыстарға жоспар құрып, жылына екі рет өз отырысын өткізеді. Ұйым 27 мүшеден тұрады, яғни ДТҰ-ға кіретін әрбір нақты бес елге бір орын тағайындалады. Испанияда ДТҰ-ң штаб квартирасы орналасқандықтан, бұл ел орындаушы кеңестен бір орынға ие болады.

Жалпы 1980 жылдан бастап 27 қыркүйекте «Бүкіләлемдік туризм күні» аталып тойланнып келеді. Жыл сайын осы мейрамда жаңа ұрандар айтылады. Мысалы 2003 жылы айтылған ұран: «Туризм – кедейшілікпен күрестегі ең қажетті фактор және әлеуметтік саланы жаңа жұмыстармен қамтамасыз етудегі сала».

 

50. Азамматтық авиацияның халықаралық ұйымы. (International civil Aviation organisаtion).

Бұл ұйым 1944 Чикаго конвенциясында БҰҰ-ның көмегімен дүниеге келді. ICAO әуе көлігіндегі индустрияда барлық елдердің тең дәрежеде болуына негізделген. Ал ұйым алдындағы басты міндет – халықаралық нормалар мен стандарттаға сай маманданған және экономикалық тиімділігі жоғары жүк тасымалдаушы әуе компанияларын қамтамасыз ету, дамыту.

Ұйымның алға қойған мақсаттары :

- Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиацияны дамыту және деңгейін көтеру;

- «Әуе коридорларын» кеңейту немесе жаңасын жасау. Халықаралық азаматтық авиацияға қажетті барлық жағдайлар жасау;

- Әуекөлігі төңірегіндегі адамдардан түскен талап – тілектерді мүмкіндігінше жылдам орындау;

- ICAO-ға мүше елдер құқығы толығымен сақталады және халықаралық әуекомпанияларды басқаруға сол елдердің мүмкіншілігі мол екндігіне елдердің көзін жеткізу;

- Ұшу қауіпсіздігін насихаттау;

- Халықарадық авиацияның дамуына себепкер болу.

ICAO-ның 200-ге жуық мүшесі бар. Сонымен қатар ICAO басқа ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Оларға мыналар кіреді:

1) Халықаралық ақпараттық одақ;

2) Бүкіләлемдік метерологиялық ұйым;

3) Халықаралық қатынастар одағы;

4) Почталық одақ;

5) Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы;

6) Халықаралық теңіз ұйымы.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал