Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жедел ішек өтімсіздігі.




Дәріс жоспары.

1. А н ы қ т а м а с ы

2. Классификациясы

3. Этиологиясы

4. Ішек өтімсіздігі кезіндегі организімде болатын өзгерістер – патогенезі.

5. Клиникасы.

6. Диагностикасы. Салыстырмалы диагнозы.

7. Емдеуі.


Жедел ішек өтімсіздігі.

Ішектің өтімсіздігі - ішек бойымен нәжістің, әртүрлі себептермен толық немесе жартылай жүрмей қалуынан туған патологиялыќ жаѓдайларды белгілеуге қолданылатын түсінік. Ішек өтімсіздігі - іш бүлігі тобына жататын сырқаттардың ішіндегі қатерлі аурудың бірі. Ауру сипатының әр түрлім диагностикалық қиыншылықтар сырқатты дер кезінде анықтауға кедергі болып, емдік шараның кештетуіне кейбір жағдайда адам өліміне жол беріп келеді.

Қазіргі кезде аса қобалжытатын жағдай-жедел ішек өтімсіздігінің іш бүлігі тобындағы аурулар арасында жиі кездесуі мен науқастардың шетінеуінің азаймауы. Статистикалық мәліметтер бойынша жедел ішек өтімсіздігімен ауырған адамдардың 4 % шетінесе, кештетіп келген науқастар арасында осы көрсеткіш 17-27 % дейін көтеріледі. Осы айтылған деректердің өзі-ақ бұл сырқаттың өте қатерлі екендігіне дәлел.

Классификациясы. Болу себептеріне байланысты жедел ішек өтімсіздігінің бірнеше классификациясы (жіктелуі) бар. Вайль (1889ж) странгуляциялық, обтурациялық жедел ішек өтімсіздігі деп бөледі. В.Э. Салищев (1948ж) пен Д.П. Федорович (1956ж) бұл екі түрін бір топқа біріктіріп – механикалық, қосымша динамикалық түрін кіргізіп, оның ішінде түйілу (спастикалық) және салдану (параличтік) ішек өтімсіздігіне жіктейді.

Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде қолдануға ең қолайлысы Д.П. Чухриенконың (1958ж) классификациясы.

I. Болу себебіне байланысты – туа, жүре болған. Туа біткен ішек өтімсіздігіне тоқ, ащы ішектің атрезиясы жатады.

II.Механизіміне байланысты – механикалық және динамикалық. Механикалық ішек өтімсіздігін обтурациялық (ішек шажырқайының қан тамыры қысылмай тек ішек көзінің әр түрлі себептермен тарылып, болмаса толық бітелуі), странгуляциялық (ішек шажырқайы қан тамырының қысылуы) және аралас (алдыңғы екеуінің қоса болуы – инвагинация, құрсақ жабысқақ ауруының кейбір түрлері) деп бөледі.



Обтурациялық ішек өтімсіздігінде ішектің бойы сырттан немесе іштен тарылып (қатерлі және қауіпсіз ісік, ішек бойына жылан көз арқылы түскен өттің тасы, аскарида құрттары, ащы және тоқ ішектің тыртықтанып тарылуы т.б.) қан айналымы бұзылмайды. Осы себепті клиникалық ағымы странгуляциялық ішек өтімсіздігіне қарағанда бәсеңдау және бірте-бірте дамиды.

Странгуляциялық ішек өтімсіздігінде (бұралу, түйілу, ішек иірімінің жарық қақпасында қысылуы) шажырқайдағы қан тамыры қысылу салдарынан ішек иірімінде бірден қан айналымы бұзылып µлі еттену (некроз) қаупі болуы өте ықтимал.

Динамикалық (функциональды) ішек өтімсіздігі ішек перистальтикасының бұзылу салдарынан болады. Оны түйілу (спастикалық) және салдану (параличтік) деп екіге бөледі. Құрсақ ағзаларының жедел қабынуы (аппендицит, холецистит, панкреатит, перитонит т.б.), олардың жарақаттануы, іш астарының сыртына қан ұялауы (гематома), паранефрит т.б. салдану ішек өтімсіздігінің негізгі себептеріне жатады.

III.Ішек өтімсіздігінің деңгейіне байланысты – жоғарғы (ащы ішек), төменгі (тоқ ішек) деп бөлінеді.

IV.Клиникалық ағымына қарап – толық, жартылай және жедел, созылмалы деп бµлінеді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал