Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Моголстан мем 6 страница




АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу – біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық.

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар. АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру – (конверсия) жүзеге асырыла басталды.

1996 жылғы 31 қыркүйекте Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық “Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. 1997 жылғы 15-21 қыркүйекте Шымкент (Қазақстан) және Шыршық (Өзбекстан) жерінде НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.

2001 жылғы 29 тамызда Алматыда “ІІІ ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды” атты халықаралық конференция ашылды.

Тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге республикаға жол ашылды. 1997 жылдың басына қарай Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып кірді. Соның бірі ЮНЕСКО – ірі халықаралық ұйым. Ол – Білім, Ғылым және Мәдениет, “Адам және биосфера”, “Адам табиғи ортада” т.б. бағдарламалар негізінде жұмыс жасайды.



ЮНЕСКО – Қазақстанда биологиялық әртүрлілікті сақтау мақсатында елдің ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи және мәдени мұрасы және “Адам мен биосфера” бағдарламасы шеңберіндегі аймақтар тізіміне кіргізу туралы шараларды іске асыруда, бірлесіп жұмыс атқаруда. Бұнымен қатар, Қазақстан халықаралық ұйым ЮНИСЕФ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен, денсаулық сақтау саласында, шұғыл жәрдем көрсетуді насихаттайды.

ЮНИСЕФ-тің Арал аймағының халқын сауықтыру жөніндегі бағдарламасы - әйелдер мен балалардың денсаулығын қорғау, білім беру, балалардың тамағын жақсарту, сумен қамтамасыз ету, санитарлық қызметті жақсарту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен бірге Қазақстан 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.



Қазақстанның даму болашағы.

Егемен Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында көрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің өтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын көрсетті. Сондықтан өркениетті елдердің өтпелі кезеңнен өту тәжірибесімен танысу өте маңызды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері.

1993 жылғы 9 қазанда “Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты:

1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді топтастыру тәсілі.

2. Идеология - әлеуметті мінез-құлықты қалыптастыру механизмі.

3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі.

4. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады.

Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

1996 жылы “Ғасырлар тоғысында” еңбегі жарияланды: Бұл еңбегін Н.Ә. Назарбаев Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді.

Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

2003 жылы “Сындарлы он жыл” еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

- Қазақстандағы есірткі қолданатындар – 40.505.

- Оның ішінде әйелдер – 4.420.

- Оның ішінде кәмелетке толмағаны – 1927.

Осы қауіпке қарсы жүргізілген шаралар:

- Есірткіге бақылау орнатудың халықаралық жүйесіне кіру.

- Нашақорлық және есірткі бизнесімен күресудің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру.

- Есірткіге қарсы күрестің кең көлемді ұлттық жүйесін құру.

Әлемдік деңгейдегі “Ғасыр дертіне” қарсы күрестің Қазақстанда жүзеге асырылуға тиісті шаралары:

- Нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесінің жолын кесу.

- Аумақтары арқылы есірткі тасымалданатын елдердің бірлесе қимылдауын күшейту мақсатында аймақтық, саяси құрылымдардың әрекеттестігін кеңейту.

- Каспий мәселесі қарастырылды.

Маңызы: Әлемдік проблемалар көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды

130. Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ !»Қазақстан халқына үндеуі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың халыққа «Болашақты бірге құрайық!» жолдауында (Астана қ., 28 қантар 2011 жыл) аталып өткендей, Дүниежүзілік банктің баяндамасында 2010 ж. Қазақстан бизнес мүддесі үшін өткізіліп жатқан реформалардың жетекшісі болып танылған. Әлемдік елдер рейтингінде («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша) Қазақстан 183 әлем елдерінің арасында 59 орынға ие болған.
Келтірілген рейтингте Қазақстанның ұстанымына әсерін тигізіп отырған факторлардың бірі, заңды тұлғаны құруына тиісті рәсімдер саны мен осыған жұмсалатын уақыты болып табылады, жаңадан құрылған заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерінің жеңілдетуі көзделіп отыр.
Осылай, Дүниежүзілік банктің («Doing Business» «Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша Қазақстанның ұстанымын көтеру үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу ұсынылады.
Заңды тұлғаларды тіркеу, филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеуіне қатысты сұрақтар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен (ары қарай – ҚР АҚ) реттеледі,оның ішінде бір қатар заңды тұлғаларды тіркеу, қайта тіркеуге арналған нормалар: Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 17 сәуіріндегі № 2198 «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің есептік тіркеу туралы» және басқа ұйымдастыру- құқықтық нысанасына байланысты заңдар қамтылған.
Заңды тұлғаларды құру рәсімін жеңілдету мақсатында заң жобасымен ұсынылады:
- мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу мерзімдерін қысқарту;
- заңды тұлғаны электрондық тіркеу мүмкіндігі;
- қатысушы заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегі жоқтығы туралы анықтаманы талап етуден бас тарту;
- жеке кәсіпкерлік субъектілердің жарғысы мен олардың құрылымдық бөліністері туралы ережелерді талап етуден бас тарту және бірқатар түзетулер.
Сонымен қатар, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімін жеңілдету үшін заң жобасымен шаруашылық серіктестіктердің алғашқы тіркеу кезінде құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) міндетті түрде нотариалдық түрде куәландырудан бас тарту көзделіп отыр, ол заңды тұлға қатысушыларының, құрылтай құжаттарын рәсімдеудегі шығындарын төмендетеді.
Шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын нотариалдық түрде куәландыру, бастапқыда рейдерліктен (әрекет етіп тұрған бизнесті заңсыз тартып алу) қорғаныс ретінде енгізілген болатын. Бірақ, бұл механизм тек заңды тұлғаның қызметін іске асыру барысында, әсіресе, жарғыға өзгерістер мен толықтырулар, және заңды тұлғаның ҚР АК-нің 42 бабының 6 тармағында көрсетілген, барлық қайта тіркеулері кезінде қажет.
Осыған байланысты, заң жобасымен қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қайта тіркеу кезінде, шығып жатқан қатысушының мүліктегі (жарғылық капиталдағы) өз үлесін иеліктен шығаруын нотариалдық түрде растайтын құжатты талап ету көзделіп отыр.
ҚР Салық кодексі 37-бабының 12-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, құжаттардың тексеруі аяқталып, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегін толық өтегеннен кейін, таратылатын заңды тұлға сонымен қатар орналасқан жері бойынша салық органына тарату балансын табыс етілуі қажеттігін ескере отырып, қызметін тоқтатқан, заңды тұлғаның таратылуын тіркеу рәсімін жеңілдету үшін, заң жобасымен тіркеуші органға тарату балансын, оларды бекіту туралы шешімін, филиалдар мен өкілдіктерінің есептік тіркеуден шығарылғандығы туралы құжаттарын талап ету нормаларын алып тасталуы қарастырылған.
ҚР қолданыстағы заңнамалық актілерде заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырудың нақты тәртібін реттейтін нормалары жоқ.
Осыған байланысты, заң жобасымен ҚР «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына, заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырудың нақтыланған тәртібін реттейтін түзетулер енгізілуде.
Қолданыстағы заңнамалармен заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына және филиалдар мен өкілдіктердің ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты тіркеу рәсімдері қарастырылмаған. Осылай, заң жобасымен аталған рәсімді заңды жүзінде коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі реттеу көзделген.
Бүгінгі таңда, «Сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдері туралы» Заңының 11-бабының талаптары және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 11- бабының талаптары, тіркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға шектеу қояды.
Бірақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және бұқаралық ақпарат құралдары әр-бір азаматқа, оның құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға мүмкіндік беруге міндетті.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған заң актілеріне, жалпы қолжетімді ақпараттардың критерияларын белгілейтін түзетулер енгізу көзделіп отыр, ол өз кезегінде, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Заң жобасын қабылдау жағымсыз құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға соқтырмайды, өйткені болжанып отырған өзгертулер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасын іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындары талап етілмейді.
Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарастыруына енгізеді.

28.Қыпшақтардың мемлекеті: құрылуы, саяси тарихы. 11ғ-дың басында Қимақ қағанаты құлағаннан соң, Қаз-н аумағындағы әскери саяси басымдылық қыпшақ тайпаларының қоластына көшті. Қыпшақ ақсүйектері оғыз жабғуын Сырдариның төменгі және орта ағысынан, жіне Каспий маңы даласынан ығытырып шығарды. 11ғ-дың 2-ширегінде сол кезге дейінгі деректерде оғыз даласы аталып келген дала Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. 11ғ-дың ортасында батысқа қарай жылжыды, Русь, Византия, Венгрия халықтарымен қатынас жасады. 1). Бұл кезеңде қимақ тайпалар олағы қалыптасып, оның ішіндегі қыпшақтар басты рөл атқарды(7-8ғғ).2). (8ғ-басы – 9ғ). Қыпшақтар Алтайдан Ертіске Оңт.Орал тауларынан Еділге дейінгі кең-байтақ аймаққа біртіндеп қоныстана бастады.3). (11-12ғғ). Қыпшақ хандарының, әсіресе, шығыс ұлыстың құдіреті асып айбындана түсті. Қыпшақ тайпалары 11-13ғғ Орта Азиядағы, Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп үркі тілдес тайпа болды. Қыпшақтардың таризи көшкін жолдары арқылы араб географы әл-Омари(14ғ):«Қыпшақ хандары қыста сарайда, ал жайлаулары бұрынғы Орал тауларының аймағында»,-деп жазған.

29.Қыпшақ мемлекетінің территориясы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы. Қыпшақтар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек, Сарысу өңірінде көшіп қонып жүрген.Қыпшақ этникалық дерекі:VI—VIIIғ.ғ Қимақ Қыпшақтар туралы мағлұматтар алғаш рет деректерінде кез. IV-VIIғҚыпшақ арғы тегі Си ордасының шығыс бөлігін мекендеген және олардың көршісі яньто тайпасы болғанын, оны қыпшақтар бағындырып, екі тайпа бірігіп Сеяньто аталған.691ж Сеяньто тайпасы Сир мемлекеті деген атауды өзгертіп. 760ж қыпшақ этнимні қабылданды.Қыпшақтар этникалық құрамы 2 бөліктен тұрады:батыс бірлестігі 11тайпадан тұрады(елбөрілі, тоқсоба,истиоба,дурут т.б);шығыс бірлестік 16 тайпадан тұрады.11-12 ғ Ұлы даланы мекендеген біртұтас болып бірікті. Бұл кейінен қазақ халқының қалыптасыунын негізгі ұйтқы болды.Шынғыс хан әскерлері ретінде Дешті қыпшықа келіп сінген түркі монғол тайпалары (керей,меркіт,нйман,уақ, жалайыр,қоңырат т.б)Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшықтармен араласып біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары «Қыпшақ ұлысы» д. а. 13ғ Алтын Орда құрамындағы қыпшақ тайпалары негізінде құрылған автономиялық бірлестік—Ақ Орда күшейе бастады.14ғ-аяқ кезінен бастап Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары «өзбек» деген жалпылама атаумен аталды.15ғ орта тұсынан бастап «өзбек» термині «қазақ» атауы ығыстырып шығарды.

106. Қонаев Д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер

Қонаев Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендері мен медальдарының иегері. Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітірген.

Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942—52 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Ғылыми ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылады. Дінмұхамед Қонаев 1955—60 және 1962—64 жылдары. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960—62 және 1964—86 жылдары. Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Ол бірнеше мәрте [[КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. СОКПның 19 съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. 1956 жылы СОКП Орталық комитетінің мүшесі.

Партияның 23 съезінде ол СОКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал 24 съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі болды.

Дінмұхамед Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. 1960 жылдар басында Н.С. Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең сезініп, қолдай білді.

Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы елбасының қосқан үлесі.

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі – әрбір қазақстандықтың, әр­бір қазақтың жүрегінде қуаныш сезімін туғызады. Отан тәуелсіздігінен қым­бат еш нәрсе жоқ. Қазақ үшін бұдан асқан қасиетті ұғым болмаса керек-ті.

Өйткені бұл ұғымның ғасырлар бойы мынау жалпақ әлемде еркін өмір сүріп, ұр­пақ өрбіткен, әлемдік өркениетке өшпес үлес қосқан алаш баласымен біте қай­насып, кіндігі бірге жаратылатындай көрінетіні бар. Алла берген жұмыр ба­сын бостандықтың бодауына байлаған, азаттықтың ақ жолында шейіт бол­ған әлемде екі халық болса, оның бірі қазақ шығар, бәлкім?!

Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қа­уіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лық етуі – еліміздің биік халықаралық мәр­те­бесін айғақтайды.

Азаттық тарихының басты-басты ұс­та­нымдарын қалыптастыруда Елбасымыз Н.Ә.На­зар­баевтың үлесі орасан зор. Президентіміз дә­йек­теген: «Алдымен – экономика, содан кейін – сая­сат», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», Еу­разиялық одақ, Азия кеңесі, ядролық қа­ру­дан бас тарту, Астананы көшіру, әлемдік дін­дер съезін шақыру идеялары Тәуелсіздік құ­рылысына да, Отандық тарих ғылымының із­деністеріне де соны серпін бергенін ешкім бе­керлей алмайды. «Тарих толқынында», «Сын­дарлы он жыл», «Қазақстан жолы» кі­тап­тары – заманауи үдерістің заңдылықтары мен қиыншылықтарына жаңа әдіснамасымен бой­лау­дың тамаша үлгісі.

Нұрсұлтан Назарбаев көпұлтты шаңырақ ас­тында бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етіп, бұл жетістікті 20 жыл ішінде көзінің қа­рашығындай сақтап келеді. Бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің бірегей инс­ти­туты болып табылатын Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы құрылып, жұмыс істеп келеді. Осы­лай­­ша, Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұ­­рақтылығы мен дамуының берік негізін қа­ла­ды.

“Біз билік құрудың жаңа ұстанымдарын бе­­кіткен және азаматтардың негізгі құ­қық­та­­рын қорғайтын өз Конституциямызды қа­был­­дадық. Және біз басты жетістіктерімізге 1995 жылы жалпы халықтық референдумда қа­­былданған Конституциямыздың ар­қа­сын­да жетіп отырмыз»,– дейді Президент өз сө­зін­де әділ мақтанышты сезіммен. Қа­зақс­­тан Республикасының Конституциясы хал­қы­мыз­дың игілігіне, тәуелсіз еліміздің бей­біт­шілік пен келісіміне, береке және өркендеу жо­лы­мен одан әрі дамуына қызмет ете береді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.013 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал