Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






АҚпАРАТТыҚ БИСЕР ойыНы




 

 

(«организация работы службы новостей» кітабынан үзінді)

 

Герман Гессенің «Игра в бисер» деген романын оқыған адам, өміріндегі ең

маңызды оқиға – Ойынға әзірленген бас кейіпкердің қалай әуреленгенін

жақсы біледі. Ол ғылым мен өнер, философия мен әдебиет тоғысып

жататын ойын партиясын жасауға жанын салады ғой...

Ақпараттық бағдарлама редакторы әрине, көркем шығарма жазатын

жазушы емес, бірақ…ол да күн сайын бірегей туынды жасайды. Жақсы

болсын, жаман болсын, бірақ ол бірегей өнім жасап шығады. Ол сапалы,

қызықты және пайдалы болуы үшін көп нәрсе қажет. Біз бұ жолы сіздің

ақпараттық шығарылымыңызды не бар, не жоқ ететін мәселе – МАТЕ-

РИАЛДАРДЫ РЕТІМЕН ОРНАЛАСТЫРУ туралы әңгімелейміз.

 

Негізінде материалдарды рет‑ретімен орналастыру (верстка) – га‑

зет термині. ол кезекті ақпараттық бағдарламада материалдарды

маңызы мен ұзақтығына қарай жинақтау деген сөз.

 

Бір қарағанда, қолда бар материалдарды кезегімен қойып отырудың

қиындығы жоқ сияқты көрінуі мүмкін. Осыдан 20 жыл бұрын, «ресми»

әдіс пайдаланылатын тұста ақпараттық бағдарлама жиындар мен

кеңестер жөніндегі есептен басталатын, соңынан еңбек даласындағы

жетістіктерге, мәдениет пен спорт табыстарына орын берілетін. Кейін

«600 секунд» пен «ТСН» кезеңі басталды да, бірінші орынға оқиғалар

мен қылмысқа қатысты материалдар шығарылды.

 

Уақыт өте келе «қылмыс тақырыбында» жеке бағдарлама ашылып,

ақпараттық хабарларда әлеуметтік және проблемалық сюжеттерді бері-

ле бастады. Міне, біздің телевизия

халықаралық стандарттарға жету жолында осындай даму жолдарынан

өтті.

 

Материалдарды қалай реттеу қажет? Оны ойластырған кезде редак-

тор оны ТҰТАСТАЙ көз алдына елестете білуі тиіс. Бірнеше адамның

еңбегімен әзірлеген материалдың жарқырап көрінуі үшін әрбір ақпаратты

берудің ең үздік тәсілін табу қажет. Ұсақ бөлшектерден құралған мозаи-



ка сынды шығарылым да біртұтас шығармаға айналуы қажет.

 

материалдарды орналастыру қағидалары:

Редактор кезекті шығарылым материалдарын төмендегі қағидалар

бойынша орналастырады:

 

1. Бағдарлама көрермені үшін маңызы

Алдымен ақпараттың не екенін еске түсіріңіз. Ол білуді қажет ететін,

көрерменнің білуі тиіс, оны қызықтыратын дүние. Белгілі бір жаңалықтың

көрермендер үшін маңызы да әртүрлі.

 

Енді осыны есепке ала отырып, төмендегі материалдарды орналасты-

рып көрелік:

• Бензин бағасының қымбаттауы

• Көкөніс жәрмеңкесі

• Халықаралық сертификат беретін бала күтушілер мектебі ашылды

• Қалаға 70 метрлік өрт сөндіру баспалдағы сатып алынды

 

 

Біз бұл жерде көрерменнің қалауын ғана есепке алдық. Шынында да,

ер азамат үшін бензин бағасының қымбаттауы, әйелдерге халықаралық

сертификат беретін бала күтушілер мектебінің ашылуы маңызды. Ал,

болмашы зейнетақыға күнелтіп жүрген зейнеткерлерді көкөністің қай

жерде арзан бағаға сатылатынын білу маңыздырақ.



 

Төмендегі материалдарды орналастырған кезде де біз осындай

мүдделерді ескердік. Ақпараттық шығарылым ойдағыдай шығуы үшін

сіз өз көрерменіңізді көз алдыңызға елестетіп, белгілі бір материалдың

оған қаншалықты қызықты болатынын ойлап отыруың қажет.

 

2. Тақырып.

Бағдарлама ішінде тақырыптық жағынан бір-біріне жақын сюжеттерден

(медицина, қаржы және т.б.) тұратын блоктар құрылады.

 

Мысалы, сіздің қолыңызда төмендегідей материалдар бар:

• Доллар бағамының төмендеуі

• Жүрекке операция жасауға қажетті жаңа аппарат сатып алу

• Мұғалімдердің жалақысын өсіру

• Мектепке жаңа пәндер енгізу

• Астыртын наубайхананы жабу

• Ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету

 

 

3. мағыналық жағынан байланыстыру (көпір).

Енді тақырып жағынан бір-бірімен байланысы жоқ, бірақ белгілі бір

оқиғалары ұқсас келетін материалдар қатар орналастырылады.

Мәселен: ҰБТ кодтарын ұрлауға қатысты дау мен жемқор шенеунікті

тұтқындау жөніндегі материал.

 

4. Араластыру және эмоция.

Бір-біріне байланысы жоқ материалдарды да қатар қоюға болады.

Оларды эмоциялық бояуына қарай орналастыруға болады. Мәселен,

құрылыс қожайындарының салғырттығынан қаза болған құрылысшы

жайындағы материал мен балаға шұғыл операция жасау үшін ақша жи-

нап жатқан адамдар туралы сюжетті алайық. Мынаған назар аударыңыз:

жағымды сюжеттен кейін адамның еңсесін түсіріп жіберетін материал

берілсе алдыңғысы қалыптастырған көңіл-күй жойылады.

 

5. Бейнекадрлар.

Телевидение – бұл сурет, бейне, картина. Бірақ, барлық материалдың

бәрінің бірдей картинасы тамаша болуы мүмкін емес. Егер сіздің

қолыңыздағы маңызды материалдың бейнекадрлық жағы нашар болса,

оның қасына бейнекартинасы тартымды сюжет қойған дұрыс.

• Сіздің қаланың тұрғыны бүгін Эверестті бағындырды

• Банкротқа ұшыраған фабрика жұмысын тоқтатты

• Қала тұрғыны гүлзарға өз еркімен ағаш отырғызды

• Қалада инфаркт сырқатына қарсы марафон өтті

• Түнде қала сыртында жарылыс болды

• Полицейлер БАҚ-тың қатысуымен рэкеттер тобын ұстады

 

 

Материалдардың маңызы жағынан қарасақ бірінші нұсқа дұрыс сияқты

көрінеді. Бірақ, ойланып көрейік...

 

«Түнгі жарылыс». Сіздің қолыңызда жарылыс себептерін зерттеп жатқан

комиссияның таңертеңгі жұмысынан түсірілген кадрлар ғана бар. Оның

өзі де өте аз және қызықсыз.

«Фабриканың банкротқа ұшырауы». Өндіріс орнында қалған өнім аз,

түсіретін басқа ештеңе жоқ.

«Эверестті бағындыру». Біздің отандасымыз Эверестті бүгін цғана

бағындырды, оны «Рейтер» немесе «Евроньюс» агенттіктерінің

түсірмегені белгілі. Ендеше материалға қатысты бейнекадр жоқ.

 

Көріп отырғанымыздай, бұл нұсқадағы алғашқы үш материал бейне-

кадр дегеннен жұрдай, ал толыққанды үш материал содан кейін беріліп

отыр.

 

Екінші нұсқа бірден жарқ етіп көзге түседі. Онда қызықты бейне-

кадр жетерлік. Әрі қарай шығарылым материалдары картинасының

қызықтылығына қарай ізбе-із беріледі.

 

5. Екпін мен ырғақ.

 

Телеарналар үшін маңызды саналатын осы қағиданы редакторлардың

бәрі де біледі. Бағдарлама жалықтыратын ырғақпен берілмеуі тиіс. Тіп-

ті, қатар берілген екі сюжеттің хронометражы (сюжеттің ұзақтығы) бірдей

болса көрермен жалығып кетеді. Өйткені, үйлесім жоғалады. Бірнеше

қысқа материалды қатар қойсаңыз да осылай болмақ.

 

• Қалалық стадионды салу барысында жіберілген кемшіліктер

• Премьер-министр Алматы облысының әкімін орнынан алып, өңірге

жаңа басшы тағайындады

• Қоғамды елеңдеткен қылмыстық іске қатысты сот үкімі

• Санитарлық талаптарды бұзған үш базардың жабылуы

• Қала тұрғыны адамдарды жаяу жүруге цшақырды. Сол арқылы эко-

логияны сақтап қалуға болады.

• Нан бағасының қымбаттауы

• Ішек инфекциясы өршіп тұр

 

 

Бірінші әдістің кемшіліктері

«Әкімнің қызметтен алынуы» - маңызды оқиға, онда синхрондар көп

болуы мүмкін, бірақ бейнекадрлар тым біркелкі (мұрағаттан алынуы да

мүмкін).

«Құрылыс барысындағы кемшіліктер» - проблемалық сюжет, бірнеше

тараптың көзқарасын беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі мүмкін.

«Үш базардың жабылуы» - бұл да проблемалық сюжет болғандықтан

бірнеше көзқарасты беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі мүмкін.

«Шулы қылмыстық іске қатысты үкім» - проблемалық сюжет, ол да бір-

неше тараптың көзқарасын беруді талап етеді. 2 минуттан асып кетуі

мүмкін.

Басқаша айтқанда, алғашқы нұсқада хронометражы бірдей, проблемаға

құрылған және құрылымы да ұқсас материалдар берілді. Содан кейін

ырғақтық жағынан бірдей тағы үш репортаж көрсетілді.

 

Екінші тәсілдің артықшылықтары

Біз «дұрыс» деп бағалап отырған нұсқада репортаждық материал-

дар проблемалық сюжеттермен кезектестіріп беріледі.Оның үстіне біз

«Әкімнің орнынан алынуы мен жаңа басшының тағайындалуы» туралы

материалды екіге бөлдік. Бұл проблемалық материал мен ақпараттық

тақырыпты араластырып алмау үшін жасалды.

 

Біздің кеңестеріміз

Дегенмен, барлық ұстанымды ескергеніңмен де шығарылым дұрыс

шықпайтын кездер болады. Біз өзіміз үшін материалдарды рет-реті-

мен орналастырудың бірнеше ережесін әзірлеген едік, соны сіздермен

бөліскіміз келеді .

 

«Бүгін ғана емес, дәл қазір»

Егер көрермен үшін бірдей маңызға ие екі материал келіп түссе, ал-

дымен дәл қазіргі сәтте өтіп жатқан оқиға туралы баяндайтын сюжет

беріледі. Егер апатты жағдайға байланысты жарықтың сөндірілуі неме-

се көп қабатты үйдегі өрт, ғарышкерлердің жерге қонуы сынды оқиғалар

бағдарлама эфирге шығып жатқан сәтте орын алса, сол оқиғаларды

көрсету қажет болады.

 

АҚпАРАТ та балық сияқты, ЕСКІРТУГЕ БоЛмАйды

Жаңа әрі маңызды материалды бейнекадр болмаса да көрерменге жет-

кізуге болады. Ол үшін тілшіні тікелей эфирге шығару, телефон арқылы

сұхбат алу, мұрағат материалдарын пайдалану тәсілдерін қолданған

жөн. Ертең бұл тақырыпқа қайтып оралуға болады.

 

 

БҮГІН болған оқиғаның бәрі БҮГІНГІ жаңалықтарда берілуі тиіс.

«Шығарылымның алғашқы сюжеті мынадай талаптарға жауап

беруі тиіс: тақырыптың көкейтестілігі, картинасының барынша

қанықтығы, үйлесімділігі»

Үйлесімділік талабына сәйкес, ақпараттық шығарылымның басында ре-

портаждар немесе үлкен проблемалық материалдарды беруге болмай-

ды.

 

«Жаңа күн – жаңа ақпараттық желеу»

Белгілі бір мәселені қозғау үшін жаңа ақпараттық желеу қажеттігін

ұмытпаңыз. Егер ақпараттық желеу немесе тақырыптың өзі көкейтесті

болмаса материалды шығарылым басында беруге болмайды. Бірінші-

ден, бұндай материал өткенге шегініс жасап, түсіндіруді қажет етеді.

Яғни, оның хронометражы 2 минуттан асып жығылады деген сөз. Екін-

шіден, көрерменнің ойында материал қайталанып отырғандай әсер

туындайды.

 

«Эксклюзивті ақпарат қашанда әсерлі шығады»

Материалдың біреуін барлық телекомпания түсірді, ал екіншісі тек

сіздің журналистің ғана қолына түсті. Сіз екінші материалды таңдайсыз.

Адамдар сіздің жаңалықтарыңызды бірегей болғаны үшін ғана қарайды.

Сондықтан ақпарат агенттіктерінің материалдарына сүйенбей, бірегей

тақырыптарды іздеп, эксклюзивті сюжет түсіруге тырысыңыз.

 

«Блоктар құру қағидасын пайдалану – блоктарды қарабайыр жа‑

сай салу деген сөз емес»

Сіз верстка жасаудың түрлі тәсілдерін пайдаланып қана қоймай,

қызықты шығарылым жасауға тиіссіз. Егер бастапқы материал білім са-

ласы жөнінде жазылған болса, оның соңынан балалар туралы сюжетті

беру дұрыс емес.

Мысал

· Ауруханада жарықтың сөндірілуі салдарынан пациенттердің бірі опе-

рация үстелінде көз жұмды.

· Оң жақ рульді көлік иелерінің наразылық шарасы

· Қала көшелерінің бірінде болған бензовоз апатының салдары 10

сағатта жойылды. Апат салдарынан аударылып қалған көлік жарылып

кетуі мүмкін еді.

· Дәрігерлер балаларға тұмауға қарсы екпе егуді бастады

· Қала орталығындағы балалар шоуы

 

 

Алғашқы нұсқада аурухана жайлы сюжет қалыптастырған үйлесімді

екпе туралы ақпараттық материал бөліп жіберген. Оның үстіне, алғашқы

материалдағы жағымсыз эмоция екінші сюжетке өтіп кетуі мүмкін.

 

«Шығарылымды бір ғана әсерге негіздеуге болмайды»

Журналистік бес зерттеу міндетті түрде жұртты елең еткізеді. Бірақ,

көрермен оның екеуін ғана есте сақтай алады. Сіздің шығарылымыңызда

жетістіктер мен рекордтарға қатысты бес сюжет берілсе де солай болмақ.

Жағымды немесе жағымсыз эмоцияларды шектен тыс көрерменнің

ықыласын төмендетеді.

 

«Автор талантын ескеріңіз. Жарнамадан кейін шығарылымды не‑

месе блоктарды үздік авторлардың материалдарынан бастаңыз»

Тұлғаның шығарылымға ықпал жасайтыны рас. Сөзге шешен, кейіпкер

таба білетін және оны «сөйлете» алатын, оқиғаны сауатты түрде баян-

дап беру шебері жасаған материал сіздің бағдарламаңыздың тірегі бо-

луы тиіс.

 

«материалдарды орналастыру дәстүрі өзгеріп отырады, бірақ

маңызды материалдар шығарылымның басында беріледі»

90-шы жылдардың орта шенінде аймақтық жаңалықтар қылмыс оқиғаларынан басталатын. Қазір қылмыстық оқиғалар арнайы бағдарламада немесе ақпараттық бағдарламаның орта тұсында беріліп жүр. Материалдарды орналастыру дәстүрі өзгеріп отырады, бірақ маңызды әрі көкейтесті жаңалық (қылмыс, спорт, әлеуметтік мәселелер) кез-келген ақпараттық шығарылымның басында тұруы тиіс.

Мысал:

 

 

Мұнда автобустағы қаза болған жолаушылар туралы сюжет бірінші

берілуі тиіс. Бұл жай ғана криминалдық оқиға емес, әр адамның жүрегін

ауыртатын қайғылы жағдай. Тіпті, сіздің көрерменіңіздің өз көлігі болса

да, оның балалары, ата-анасы, таныстары мен жақындары автобусқа

мінеді. Құлаққа түрпідей тиюі мүмкін, бірақ тас жолдардағы көлік апат-

тарына біз әбден үйренгенбіз. Ал, қоғамдық көлік қоғам түсінігінде ең

қауіпсіз орын болып табылады. Ал, бұлай болмаса ше? Онда жағдайды

ашық айту қажет.

 

Бірінші нұсқада эмоционалды нүкте шығарылымның ортасына шоғырланған. Көрермен экомобиль мен жаңа аймақ туралы ақпаратты қабылдай алмайды. Екінші нұсқада эмоция барынша теңгерілген және көрермен назары жағымсыз материалдан жағымды сюжетке ауысады

(жаңа өндіріс орнының ашылуы).


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.035 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал