Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЕЛдІҢ КӨҢІЛ‑КҮйІН КӨТЕРУ – ЖҰмыС пА ӘЛдЕ ШЕБЕРЛІК пЕ?..




 

Егер кәсіби қызмет ретінде радионы таңдаған болсаңыз, айта кетейін:

бұл - өте қызықты және адамның жан-дүниесін еліктіріп әкететін жұмыс.

Бірақ, сіз адамдармен әңгімелесе білетін, өзіңізді және адамдарды жақсы

көретін жан болуыңыз шарт. Және осыны өз дауысыңызбен, жүректен

шыққан сөздермен жеткізе білсеңіз ғана сіз радио журналист бола ала-

сыз. Бірақ, радиода жұмыс істеу үшін бір ғана шешендік аздық етеді...

 

РАдИодА ЖҰмыС ІСТЕУ: АРТыҚШыЛыҚТАР мЕН КЕмШІЛІКТЕР

 

«Ретро» радиостанциясында бес жыл диджей қызметін атқарып

(оған дейін бірнеше жыл бойы газеттер мен телеарналарда жұмыс іс-

тедім) және эфирдегі әріптестеріммен жақын араласқаннан кейін мен

өзге мамандықтардағы сияқты радионың да өз «кемшіліктері» мен

«артықшылықтары» барын түсіндім.

 

Бірінші. Бүгінгі таңда қазақстандық радио барынша көңіл көтеретін және

коммерциялық эфирге айналып барады. Әйтеуір мемлекеттік радио-

станциялар саны өте аз (Алматыда біреу ғана). Олардың мүмкіндіктері

де шектеулі. Мемлекеттен бөлінетін дотациялар өкінішке орай, ештеңеге

жетпейді.

 

Жарнама есебінен күнелтетін коммерциялық радиостанцияларда қаржы

да, мүмкіндік те бар. Бірақ, менің ойымша сұраныс аз. Қазір радио эфир-

лер ақпараттық-көңіл көтерушілік сипаттағы хабарлармен толығып отыр.

Бірінші кезекте бұл бағдарламаның мазмұнына қатысты мәселе.

 

Олардың көбінің мазмұны төмен, немесе сәлем жолдап, анекдот ай-

тып, футболка немесе диск ұтып алуды ғана қалайтын тыңдарманға

арналған. Қазіргі радио бағдарламаларының тоқсан пайызы осылай

толықтырылады. Радио сараптамалық материалдар мен әлеуметтік

тақырыптарды өте сирек береді. Онда негізінен коммерциялық жағынан

ақталған бағдарламалар қуана қолданады. Радиостанцияны бұдан

өзгесі қызықтырмайды. Бұл бір жағынан түсінікті де - өйткені, эфир үшін



қаржы қажет.

 

Сұраныстан ұсыныс туады. Радиодағы қазіргі ток-шоулар мен

жобалардың да тыңдаушысы бар және аз емес. Өйткені, радио –

бұқаралық ақпарат құралы.

 

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айтып дауласпай-ақ қоялық. Себебі,

бұл заман талабы. Мүмкін, 5-10 жылдан кейін бәрі де басқаша болар,

бірақ сол өзгерістердің жақсылыққа апаратынына дау айтатындар ол

кезде де табылады. Оның үстіне, меніңше, радионың көңіл-көтерушілік

функциясының маңызды өнімі бар – ол адамдарды эмоциялық тұрғыдан

жігерлендіреді. Жанды ауыртар оқиғалар мен қауіп-қатерге толы бүгінгі

заманда адамдарға жағымды көңіл-күй сыйлау – тек жұмыс қана емес,

шеберлік дер едім. Және бұл – радио.

 

Екінші. Телеарна немесе баспасөзге қарағанда радиода жас мамандар-

ды оқытып, дайындау мүмкіндігі аз. Бұл әрине радионың кемшін тұсы.

Біріншіден, радиостанцияның шығармашылық ұжымы әрі кеткенде он

адамнан тұрады. Сондықтан да жас журналистер үшін бос орын мен

бос эфир уақыты жетіспейді. Екіншіден, радиода тәжірибеден өтуге

немесе тәжірибе жинақтауға мүмкіндік жоқ десе де болады. Газет пен



журналдар тәжірибе жинақтаушыға шағын ғана бағанды сеніп тапсыра

алады. Телеарнада жас журналист кей сюжеттерді монтаждауға немесе

кішігірім блиц-сауалнама алып келуге жұмсалуы мүмкін. Жалпы, жас ма-

ман үшін онша қиындық туғызбайтын, істей жүріп цехтағы әріптестерінен

үйренуге болатын жұмыстар бар. Радиода бұндай жұмыс мүлдем жоқ де-

сек қателеспейміз. Радиоға жұмысқа кіру үшін өз қабілеттеріңді көрсете

білуің қажет (алда бұған нақтырақ тоқталатын боламыз).

 

Үшінші. Кәсіби радио журналист атану үшін арнайы білім мен біліктіліктің

қажеті жоқ. Радионың тағы бір артықшылығы осында. Жұмысқа

орналасқан кезде сіздің резюмеңіздің «білімі» деген тұсына ешкім

мән бере қоймайды. Жасыңыз да онша маңызға ие емес. Ең бастысы

– сіздің дауысыңыз бен сіздің адамдарға не айта алатыныңыз. Одан

арғысы сіздің табандылығыңыз бен радио журналист кәсібінің қыр-сы-

рына қанығуға деген ниетіңізге байланысты.

 

Төртінші. Радио басқа БАҚ-на қарағанда барынша оперативті сала, бірақ

ұтқырлық жағынан төмен. Түсіндіре кетейін. Радиода ақпаратты эфирге

дайындау мен беру процесі телеарналар мен баспасөзге қарағанда бір-

шама қысқа. Ақпараттың тыңдарманға жеткенге дейінгі аралықта өтетін

сатылары аз. Оның үстіне, радио барынша қол жетімді БАҚ болып табы-

лады. Әсіресе бүгінгі заманда ол үйде де, жұмыста да, жолда да, дема-

лыста да, кез-келген радиоқабылдағышта, тіпті ұялы телефонда да сіз-

бен бірге. Радионың барынша оперативті болуы да сондықтан. Әрине,

бұл тұрғыдан бүгінде оны интернет желісінің ығыстыра бастағанын

жасыруға болмайды.

 

Ендеше, радио неліктен мобильді емес деп отырмыз? Бұл радионың

сыртқы емес, ішкі ерекшелігіне байланысты мәселе. Радиоэфирдің ба-

сым бөлігі студияда жасалады. Яғни, журналист немесе диджей жұмыс

барысында ешқайда шықпайды, жұмыс процесі толығымен бір орында

жүргізіледі (репортаждар мен жекелеген акцияларды есепке алмағанда).

Бұл әрине, ыңғайлы. Радиода журналист өзінің түр-әлпетіне, өзі-өзі

ұстау жағына бас қатырмаса да болады, өйткені оны ешкім көріп тұрған

жоқ қой.

 

Ол директорды да күнде көре бермейді. Радиодағы жұмыс бөлмелері

шағын және тыныш (дыбыс өткізбейтін студия), ол жерге бөгде кісілер

кірмейді. Елестітіп көрші, онда сенің сүйікті әуенің ойнап тұрады,

қолыңда – саптыаяққа құйылған кофе, құлағыңда – құлаққап (наушник).

Тамаша емес пе? Бірақ, осы бір қалыпты өмірге дағдыланған адамда

алға ілгерілеуге деген талпыныс төмендейді:) Бұның жақсы әлде жаман

екенін сіздердің төреліктеріңізге қалдырдым.

 

Бесінші. Радио – акустика. Ондағы негізгі әрекет – дыбыс төңірегінде,

музыка мен дауыстан құралады. Бұл – жаман. Өйткені, онда көрермен

картинасы жоқ, сондықтан оның орнын толтыруға тура келеді. Ал, бұл

– жақсы. Өйткені, бұдан ерекше, барынша сезімге толы, жанды әңгіме

туындайды.

 

Алтыншы. Радио бір сәттік қана. Қағазға басылған мәтін немесе теле-

сюжетке қарағанда радионың мәтінін қайта қосып, қайта-қайта тыңдау

мүмкін емес. Радио материалдары да мұрағатта ұзақ сақталмайды.

Бұл да радионың бір кемшілігі. Бірақ ол сөзбен әсер етудің ең терең

тәсілдерін іздеуге итермелейді – бұл жақсы.

 

дИдЖЕй ЖҰмыСы

 

Каждый день, в этот час,

Даже если неохота,

Я готов петь для вас,

Что поделаешь – работа!

«Круиз»

 

Радиода істейтінімді естігендер менен ең алдымен «Сіз қандай

бағдарламаны жүргізесіз?» деп сұрайтын. Түсіндіру қажет болады.

Радиодағы диджейдің жұмысы «музыкалық бағдарламалар жүргізушісі»

дегенге келіп саяды. Бірақ, диджей атқаратын жұмыс осымен

аяқталмайды ғой. Тек музыка ғана керек болса адамдар радионы емес,

сүйікті дискілерін немесе таспаларын тыңдар еді.

 

Радио дегеніміз бұл көңіл‑күй. Ал, диджейдің жұмысы –

тыңдарманғдарға көтеріңкі көңіл‑күй сыйлау.

 

Әдетте, диджей аптасына бірнеше рет, белгілі бір уақытта, ауысым

бойынша жұмыс істейді (орташа есеппен үш-алты сағат). Диджей

эфирден ән жолдап, үзілістерде тыңдарманымен әңгімелеседі. Әңгіме

өзегі болатын тақырып та сан-алуан. Ол мәдени құндылықтар, тұрмыс,

аспаздық, көше тазалығы немесе қарыз беру, махаббат немесе ақылсыз

бастық туралы сөз етеді.

 

Әрине, музыка, ән-қазына назардан тыс қалмайды. Бастысы әңгіменің

айтылған әнге сәйкес, немесе осы әнді тыңдаған адамның ойына сәйкес

болуы. Тыңдарман езу тартатындай, ойланып, күрсініп, бір нәрсені есіне

алатындай, бір шаруаны тындырып тастайтындай етіп сөйлеу қажет.

Көңіл-күй – ди-джейдің дауыстан кейінгі екінші құралы. Бірде-бір радио

адамдарды қапаландыруды көксемейді. Радиостанция атаулының бәрі

адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

 

Жұрттың эмоциясына әсер етіп, көңіл-күйін көтеру оңай шаруа емес.

Өйткені, ди-джей де шаршайтын, кейде ауыратын, өмірдің қапалы

күндерін бастан кешетін қарапайым адам ғой. Кеше ғана сүйген қызыңмен

ренжісіп қалып, бүгін махаббат туралы айту, немесе жаңа ғана біреу

көңіліңізді қалдырған кезде сыйластық туралы әңгімелеу екінің бірінің

қолынан келе бермейді. Бұл оңай емес. Диджейдің көңіл-күйі әрқашан

тыңдармандарға берілетіні. Сіз микрофон алдында езуіңіз құлағыңызға

жеткенше жымиғаныңызбен бұныңыз шын жүректен шықпаса тыңдарман

сезіп қояды. Және сізге сенбейді.

 

Көңіл-күй – ұстап көруге болмайтын дүние, ол материалдық игіліктер-

ден де маңыздырақ. Диджей өзінің көңіл-күйін жұмыс құралы ретінде

пайдалана білуі тиіс. Бұл жұмыстағы бірінші ереже – нашар көңіл-күй

студияның сыртында қалсын.Ол жұмыс халаты секілді. Сіз оны киіп, мик-

рофон алдына отырдыңыз. Микрофон қосылған соң өзіңіз туралы ойла-

уды доғарыңыз. Эфир уақытында сіз тек қана өз тыңдармандарыңыз

туралы ойлауға тиіссіз.

 

Сіз көптеген адамды бірнеше секундқа өз әлеміңізге кіргізесіз. Оларға өз

әлеміңіздегі ең үздік дүниені беруге тиіссіз және тыңдармандарға барын-

ша берілуіге тырысыңыз. Сонда ғана тыңдарман сізге риясыз сенеді.

 

РАдИо ҚыЗмЕТКЕРЛЕРІ

 

Радио – көптеген адамдардың (олардың көбі «кадрдың сыртында»

қалады) жиынтық қызметінен тұрады.

 

Кез-келген радиостанцияның штатында:

 

- жаңалықтар қызметі (жаңалықтар шығарылымдарын әзірлейтін және

эфирден оқитын журналистер) мен бас редактор (журналистердің

жұмысын басқарады)

 

- диджейлер (музыкалық бағдарламаларды да солар жүргізеді) және

бағдарламалар директоры (эфирдің бағдарламалармен және музыка-

мен толығып отыруына жауапты)

 

- тақырыптық және ойын-сауықтық бағдарламалардың жүргізушілері

(бұны диджейлердің өздері де атқаруы мүмкін)

 

- саунд-инженерлер (техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз

етеді, сонымен қатар эфирдің техникалық жабдықталуына жауап бе-

реді)

 

- жарнама бөлімі (онсыз радио эфирге шыға алмайды).

 

Мен радиодағы өзге қызметкерлердің қосатын үлесіне тоқталмай-ақ,

диджейлер мен бағдарлама жүргізушілерінің қызметі туралы айтқым ке-

леді. Өйткені, радио – ең алдымен дыбыс. Бұл – музыка мен дауыс.

 

Жаңалықтарды тыңдай отырып сіз журналистің даусынан гөрі, оның

мазмұнына көбірек көңіл бөлесіз. Ал, диджейдің даусы сіз үшін

радиостанцияның атымен астасып жатады. Өйткені, ол күні бойы сізбен

бірге. Радио – таспаға жазылған дүние емес. Сіз радио құлағын қашан

бұрап қалсаңыз да әндердің арасынан диджейдің даусын естір едіңіз. Ол

сізбен сөйлеседі, дауласады, көңіліңізді көтереді. Тыңдарман эфирдің

сыртында не болып жатқанын көрмейді, ал диджей болса әрқашан

көз алдыңда, дәлірек айтсақ оның даусы құлақтың түбінде тұрады.

Сондықтан да диджейдің дауысы радиостанцияның «келбеті». Радиода

жұмыс істегісі келетіндер осы жауапкершілікті ұмытпағаны жөн.

 

Алайда, бір жағынан дауыс – диджейді тыңдарманнан жасырып тұратын

перде сияқты. Біздің бәріміз көрерменнің қабылдауына бейімделген-

біз. Көрермен картинасы болмаса, біздің миымыз ақпаратты өздігінен

толықтырып, оның ойша суретін сала бастайды. Тыңдарман эфирде

отырған адамды көрмейді, бірақ даусына қарап оның бейнесін көз ал-

дына елестетеді. Ол қандай адам, жасы нешеде, немен айналысқанды

жақсы көреді, не туралы ойлайды және т.б. Яғни, диджей образы – оның

жұмысындағы басты дүние.

 

ЭФИРЛІК оБРАЗ

 

-Сіз мен білетін пираттардың ішіндегі нағыз бейшарасы екенсіз!

- Иә?! Бірақ сіз мен туралы ЕСТІПСІЗ ҒОЙ!..

Командор Норрингтон мен капитан Джек-Воробейдің диалогы, «Кариб

теңізінің қарақшылары».

 

Радиода жүргізушінің образы маңызды рөл атқарады. Өйткені, бірін-

шіден ол ЖЕКЕ ТҰЛҒА. Тыңдарман өзін еріксіз түрде диджеймен са-

лыстыра бастайды, өзіне жақын, ұқсас (ұқсамайтын) нәрселерді таба-

ды. Бұндай жағдайда ди-джей ол үшін әндердің арасына қосылып мезі

ететін шырылдауық емес, таныс әрі жақын адам. Тіпті оның айтқандары

жынына тисе де сіз оның сөздерін өз көзқарасыңызбен салыстыра бас-

тайсыз. Басқаша айтқанда, сіз эфирге «қосылдыңыз» деген сөз.

 

Бұл ди-джейдің мақсаты кез-келген құралды пайдалану арқылы

тыңдарманды «іліп әкету» деген сөз емес. Бірақ, егер сізге ешкім назар

аудармайтын болса эфирдегі жұмыс далаға кетті деп есептеуге болады.

 

Негізінде радионы бір жерде қадалып отырып тыңдаудың қажеті жоқ.

Үй шаруасын істеп жүргенде, көлікте келе жатқанда... радио сөйлеп

тұрады. Тыңдарман оған жақсы ән, жақсы бағдарлама, жақсы диджей

қосылғанда ғана еріксіз құлақ түреді. Ендеше, диджей тыңадусыз қалмау

үшін тыңдарманның ығына «жығылуы» тиіс.

 

Сіз «зәкір» (якорь) деп аталатын психологиялық түсінікті білесіз бе?

«Зәкір» деп адамды өзіңе тартуға көмектесетін белгілі бір тәсілдерді,

ым мен сөзді, сөзге екпін түсіру амалдарын атайды. Бұл жерде ымдау,

ишара, сөздер, дауыс ырғағы «зәкір» қызметін атқарады. Міне, радио

жүргізушісі тыңдарман ойын осы зәкірмен жаулап алады. Диджейдің

негізгі мақсаты – назар аударту, адамды өзінің айтып жатқандарын

тыңдауға мәжбүрлеу. Сондықтан жүргізушінің тыңдарманға ұнағаны

әлде ұнамағаны жақсы. Эфирде байқаусыз қалғаннан жаман нәрсе жоқ

(ән айтылып жатыр, біреу сөйлеп отыр).

 

Әрине, назар аударту жағынан телеарналарға қарағанда радионың

мүмкіндігі аз. Сіз адамның көзіне тікелей қарай алмайсыз, сіз оны, ал

ол сізді көрмейді, бір-біріңнің қолыңды қысып, біріңе бірің қарап жы-

мия алмайсың. Радио жүргізушісінің қолындағы бар қаруы – дыбыс пен

көңіл-күй. Оны дыбыс пен дауыстың көмегімен тыңдарманға жеткізе

білу қажет.

 

Тыңдарманды эфирге «қосудың» бірнеше мүмкіндігі бар және олардың

бәрі де сіздің образыңыздың ажырамас бөлшектері:

- дауыс (тембр, ырғақ, екпін түсіру)

- мазмұн (айтатын әңгімең)

- тіл (орамдары, сленг)

- ара-қашықтық (тыңдарманға қатысты ұстанған ұстаным)

- харизма (жүргізушінің бедел-ықпалы)

 

Бұның негізгі рөл атқармайтынын айта кеткім келеді. Радиода адамның

ҚАЛАЙ айтқаны да, НЕ айтатыны да маңызды.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.025 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал