Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






МӘТІН мЕН оНы оҚУ ӘдІСТЕРІ




 

мәтін – телевизияда кадрдің сыртында айтылатын сөздер.

Мәтін жазудағы кеңестер:

 

1. Мәтін жазардан бұрын, оқиға орын алған жерден түсіріп келген ви-

деомен жақсылап танысып ал.

2. Мәтін мейлінше қысқа, айқын, түсінікті болуы шарт. Сөйлемді

құрмалас етіп емес, қарапайым етіп, құруға тырыс. Өйткені, сенің сюжетің

болып жатқан кезде, көрермен оның видеосына емес, жүре көріп жүріп,

сөзіне ғана назар аударуы мүмкін. Сондықтан, тыңдаушының құлағын

бірден өзің тартып алуың үшін стилің:

а) Күнделікті қолданыстағы тіл болсын!

ә) Әңгіме айтқан, кәдімгі баяндау тілі болсын! Бұл америкалық журна-

лист Чарльз Райстің кеңесі.

 

3. Кейіпкеріңнің синхронын таңдаған кезде нақты сөйлемін алуға ты-

рыс. Сенің мәтініңдегі сөзіңді оның синхроны қайталамасын. Мәселен,

сен өз мәтініңде «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» десең,

оның әрі қарай, «Ия, Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деп

қайталауының еш қажеті жоқ!

 

4. Синхронды 15-20 секундтан артық берудің қажеті жоқ. Бізде синх-

ронды 30 секундтан артық беретін арналар әлі де бар.

 

5. Егер сен алда-жалда кейіпкеріңе еш жоспарсыз, яғни, оның не

айтатындығына алдын- ала есеп жасамай бара қалсаң, нәтижесінде

оның айтқан сөздері сенің сюжетіңе жарамайтын болса, ойланбастан,

оның синхронынан бас тарт! «Ыңғайсыз болды» деп, кейіпкеріңнің

көңілін жықпағандығы себепті ғана алынған синхрон, сюжетіңнің шы-

райын ашпауы да мүмкін. Бірақ, бұл келесі жолы өзіңе сабақ болады.

 

Сен кейіпкерің үшін емес, көрерменің үшін жұмыс істеп отырғаныңды

ұмытпа!

 

6. Біреуді қаралап, жамандайтын синхроннан аулақ бол. Егер,

кейіпкерің біреуді қаралайтын болса, сен екінші жаққа да микрофон



ұсыну қажеттігін ұмытпа. Болмаса, сюжетіңдегі тепе-теңдік принципі

бұзылады.

 

7. Мәтініңнің қағазда немесе компьютер экранында жазылғаны

маңызды емес, маңыздысы—оның кейін қалай естілетіні. Сондықтан,

естілгенде қалай болатынын білу үшін, алдын-ала оқып, дайындалғаның

дұрыс!

 

8. Оқу стилің байыпты, түсінікті болғаны абзал. Сөйлеміңе динамика

беремін деп қатты оқысаң, көрерменің сені түсінбей қалуы мүмкін.

Әрине, ежіктеп, өте баяу оқудың қажеті жоқ. Бірақ, артыңнан жау қуып

келе жатқандай асығудың да қажеті шамалы. Америкалық журналист

Чарльз Райс журналистерге «Жақын досыңа әңгіме айтып отырғандай

стильді қолдан» деп ақыл береді.

 

9. Сюжетіңді бір адам түсінбесе, еңбегің еш болды деп ойла. Өйткені,

сенің мақсатың сенің сюжетіңді көріп отырған барлық адамға ақпаратты

жеткізу емес пе?

 

10. Сюжет жасағанда, детальдерге көбірек көңіл бөл. Жұрт көретіндей

емес, жұрт бір қарағанда аңдамайтындай нәрсені сенің аңдауың тиіс!

 

11. Сөйлем құрағанда әр сөйлемің екінші сөйлеміңді толықтырып



тұруына назар аудар. Мәселен, «Қазақстанда жұмыссыздық артып

келеді» деген сөйлемің сол қалпында аяқталып қалмауы тиіс. Ол

қандай көрсеткішпен салыстырғанда артып келеді? Соңғы жылмен

салыстырғанда ма, жоқ соңғы бес жылмен салыстырғанда ма? Бұл

тенденция қалай байқалуда?Ол ақпаратқа қалай қол жеткіздің? Міне, бұл

сұрақтар жауапсыз қалмауы керек. Көрермен сенің жалаң «жұмыссыздық

артып келеді» деген сөйлеміңнен ақпарат ала алмайды.

 

Графика

 

Сюжетіңнің графикалық кескіндемесі болуына көңіл бөл. Графикалық

кескіндеме материалды әрлеп қана қоймай, көрерменнің сюжет

тақырыбын дұрыстап түсінуіне мүмкіндік береді. Мәселен, Қазақстаннан

Қытайға бағытталған мұнай құбыры туралы сюжет жасайтын болсаң,

оның ұзындығын көрсету үшін архивтен алынған бейнекадрлерді

пайдалағаннан гөрі, графикалық кескіндеме біраз ақпарат береді. Ия

болмаса, «Қазақстанда жұмыссыздық артып келеді» деген сөйлемді

былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырар кезде бейнепланыңда

көшедегі жүріп бара жатқан адамдарды көрсеткеннің орнына, ақпаратты

графикалық кескіндеме арқылы берсең, сюжетің ұтымды шығады.

 

Түйін

 

Сюжетіңнің қалай болатыны өзіңе, өзіңнің жоспарлауыңа байланысты.

Сюжетіңнің нашар шыққаны үшін операторды немесе режиссерді

кінәлаудың қажеті жоқ.

 

продюсеріңе тақырып ұсынарда, оның сенің тақырыбыңды

таңдауы үшін, сюжет туралы жоспарың да өте анық болуы керек.

продюсер сенің клиентің. Ал сюжет сенің тауарың. Сюжетті сен

кәдімгідей клиентке ұсынасың. Бірақ, клиентіңнің алдында

сенікінен де өзге тауарлардың жатқандығын ұмытпа! ол сенің

тауарыңды таңдауы үшін...

«мен мынадай сюжет жасайын деп едім» деп айту жеткіліксіз.

‑ Кімді түсірем?

‑ Кейіпкерлерім маған қандай синхрон береді?

‑ Бейнепландар қалай болмақ?

‑ Сюжетіме бір жерден ғана түсірген бейнеплан жеткілікті болады

ма, жоқ әлде қосымша тағы бір объектілерді түсіру керек пе?

‑ Сюжетімде графикалық қосалқы материалдар болады ма?

‑ Сюжетімнің интершумы не болмақ?

‑ Сюжет түсіруге қанша уақыт кетеді?

Түптің түбінде Сюжетімде қандай мәселені ашамын?

деген сауалдарға ең алдымен өзің жауап беруің керек!

 

Сюжетіңнің өзіндік бір дәлдейтін нысанасы болуы тиіс. мәселені

жан‑жақты көрсетемін деп, шашылып қалғаннан гөрі, бір мәселеге

ғана фокус жаса!

 

Жаңалықтар қызметінде уақыт өте тығыз болуы себепті түсіретін

объектіні алдымен барып көріп келуге мүмкіндігің болмауы

мүмкін. Бірақ, бағдарламаларға сюжет жасар кезде түсіретін

объектіңді алдын ала барып, көріп келуге тырыс. Өйткені, саған

видеоматериал қажет. Қанша дегенмен, сен тележурналист емессің

бе?

 

олай болса, іске сәт!

 

ҚАЗАҚ ТЕЛЕРЕпоРТАЖы: БҮГІН ЖӘНЕ ЕРТЕҢ

(кешесі жазылмаған)

 

Айбар Олжаев

 

КІРІСпЕ оРНыНА ҚыЗыҚ дИАЛоГ

- Тележурналистикаға не үшін келдің?

- Халық пен билік арасына көпір орнатқым келеді, аға!

- Құрылысшылар жәй көпір салу үшін қанша тонна цемент, қанша

арматура керек екенін біледі. Сен айтқан көпірді тұрғызу үшін не

керек?

- ?

 

Бұл өте заңды үнсіздік. Үлкен идеалдардың материяға айналатын

механизмдерін жас буын қайдан біледі? Тек ол үнсіздік ары кетсе жарты

жылдан аспау керек. Сонда ғана заңды. Асса, қазақ журналистикасының

қасіреттерінен құралған шырмау торға тағы бір шала тілші ілінбек.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал