Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТВ‑пУБЛИЦИСТИКА – ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУ




 

Бұдан басқа телевизиядағы публицистикаға қосылған жаңа жанрлардың

бірі – журналистік зерттеу. Қазір, Қазақстандағы бірқатар телеарналар осы

тәсілмен жұмыс істей бастады және алғашқы аяқ алыстары жаман емес.

Бұл жалынды жас журналистердің табандылығы мен таланттарының,

тынымсыз еңбектерінің арқасы деуіміз керек. Ең бастысы зерттеуді

де әділ, таза әрі шынайы еңбекпен жүргізген, жұмыс істеген абзал.

Жалпы алғанда аяқ алыстары жаман емес. Бірақ, бұл жанрды дамыту

үшін ең басты бір ұстаным бар ол туралы әңгімеміздің барысында тағы

айта жатармыз.

 

Сонымен, әуелі журналисттік зертеу дегеніміз не, атқаратын қызметі

қандай және оның нысанасы кім немесе не? осы сұрақтарға жауап

іздеп көрелік.

 

Журналисттік зерттеу аспаннан түспейтіні мәлім. Ол ең әуелі журналистің

идеясы, бастамасы сол ойларды өрбіту арқылы зертеу жасалады.

Зерттеу – адамдарға қатысты болуы мүмкін, белгілі бір құжаттар

төңірегінде жүруі мүмкін немесе журналисттің белгілі бір ақпарат

көздерінен тіпті, өзінің жеке бақылауларынан туындаған қандай да бір

құпия жағдайларға байланысты болуы да мүмкін.

 

Көп жағдайда зерттеу барысында билік басындағылар немесе

қандайда бір мүдделі топтар жариялағысы келмеген деректер

шығып қалуы да ғажап емес.

 

Бірақ, кей жағдайларда биліктегілердің өздерінен де аса маңызды

деректер қылаң беріп қалады. Бұндай құнды материалды қолына түсірген

журналист бірден зерттеуге кірісіп, өз бетімен жұмыс істеуі шарт. Бір

ескерте кететін жәйіт, көп жағдайда әсіресе қазақ журналистикасында

белгілі бір ықпалды топтар қарсыластарын жер қаптыру үшін де

журналистерді құнды деректермен ғана емес, құнды қағаздармен де,

яғни, ақшамен де қамтамасыз етіп отырады.

 

Бұл тапсырыспен жалданған журналист, тіпті әлемдік

журналистикада бұндайларға «киллер» деген лақап ат та тағып



қойған.

 

Ал, журналисттік зертеудің басты қағидасы әділдік әрі өз кәсібіне деген

адалдық десек, осы жерде әлгі басты принциптер бұзылады. Мәселен,

белгілі бір мекеменің халыққа қызмет көрсетуі өз деңгейінде емес.

НЕГЕ?

 

Осы сұраққа жауап беру үшін, мәселен қазіргі жағдайда халыққа қызмет

көрсету орталықтарын алайық, бір терезе принципімен жұмыс істеуі тиіс

болатын. Солай-ақ болсын. Бірақ, халық әлі сол баяғы кеңес кезіндегідей

екі-үш сағаттық тіпті, бір-екі күндік кезектен құтылған жоқ. НЕГЕ?

 

Міне, журналисттің тер төгіп жұмыс істейтін нысаны. Бұнда да әңгіме

зертеу жүргізетін журналисттің ар-ұятына кеп тіреледі.

 

Ал, журналисттік зертеуді кім жасайды?

 

Журналисттік зерттеуді кез-келген журналист жасай алады. Басты

талап аз да болса тәжірибесі болғаны абзал. Сосын әрине, ұстамдылық,

табандылық журналисттің белгілі бір оқиғаға немесе жағдайға

байланысты шындыққа көз жеткізсем деген құштарлығы.

 

Зерттеу жүргізетін журналисттің басты қаруы кімдер немесе

нелер?



 

- Ақпарат көздері, олар кәдімгі қызметте жүрген немесе тіпті,

жұмыссыз жүрген адамдар болуы да мүмкін.

 

- Зерттеу нысанына қатысты кез-келген құжаттар, мәліметтер.

солармен жұмыс істей алу керек. Яғни, оларды кәдеге жарату

қажет.

- Асықпай, төзімділікпен сұхбат жүргізуге тырысу керек.

- ең бастысы алдыңа қойған мақсатыңның айқын болғаны абзал.

Яғни, зерттеу жүргізгендегі мақсатың не еді, осы принцпитен

ауытқымау керек.

 

Міне, осы негізгі принциптерді бетке алып істелген жұмыстың негізінде

ғана қандай да бір нәтижеге қол жеткізуге болады. Репортер өз ісін жетік

меңгеруі керек, сосын әрине, тынымсыз еңбек пен табандылық қана

үлкен жетістікке қол жеткізеді. Зерттеу жүргізетін журналист кез-келген

фактіні, айтылған сөздерді, жинаған құжаттар мен материалдарды

мұқият қарап, ақылға сап таразылап барып айтқаны абзал.

 

Өйткені, зерттеу нысанына айналған мекеме болса оның басшысы, адам

болса оның өзі журналист материалындағы елеусіз, болмашы қателікке

немесе тіпті, кемшілікке бола бүкіл еңбегіңізге күйе жаға салуы мүмкін.

Қашанда қарсылас өз жауын аямайды. Бұл да мылтықсыз майданның

бір түрі.

 

Яғни, зерттеу жүргізетін журналист сол мылтықсыз майданның

жауынгері болуы үшін үлкен дайындықтан өтуі тиіс. Қарсыласыңның

өзіңе шапқаны оның қорғаныс тәсілі де болуы мүмкін, бірақ, ол

материалдарды оқитын немесе теледидардан көретін миллиондаған

аудитория барын үнемі жадыда ұстау керек. Журналист қаламының

қалт кеткен жері қоғамға, белгілі аса құрметті адамдардың лауазымына

залалын тигізеуі де мүмкін. Бұл да аса маңызды есте ұстайтын жәйіт.

 

Енді журналисттік зерттеу қалай жүргізіледі дегенге келейік.

 

Журналисттік зерттеудің табиғаты өте ерекше болғандықтан да, оған

үлкен дайындықпен, білімділікпен келу керек. Бұнда да, ғылымға немесе

өнерге ден қойған адамнан талап етілетіндей басты талап талантқа

тіреледі. Журналисттік зерттеудің өз табиғатына сай заңдылықтары

мен реті бар. Солардың бірі мысалы, журналист ешқашан өз

материалында өзінің пікірі мен көзқарасын білдірмеуі керек.

 

Бәрі құжатталған болуы тиіс, журналистің орнына оның тапқан, жинаған

нақты деректер мен айғақтары сөйлеп тұруы керек. Мәселен, біреу

пара алады екен немесе пара беріпті, тіпті мемлекеттің мүлкін талан-

таражыға түсіріп отыр екен деп журналист айтқаннан гөрі, белгілі бір

жердегі жұмыстың процессін ашық көрсететін деректер мен дәлеледерге

құрылған материал құрып шығу керек.

 

• Көрермен немесе оқырман ақымақ емес, шындық пен жалғанды

айыра алады.

Және журналисттік зерттеудің не үшін жасалғанын да бірден аңғара

қояды. Журналист зерттеу жүргізу барысында заңды, ережені

сақтағаннан бұрын, өзінің ішкі этикасына бағынғаны жөн. Егер ол барған

жерінде журналистпін деп кеуделеп отырып, шындыққа көз жеткізем

десе, өзі зерттеп жүрген нысаннан оның еш айырмашылығы жоқ боп

шығады.

 

Бұл не деген сөз: бұл ешқандай саясат немесе жеке мүдде араласпауы

тиіс деген сөз. БАСТы мҮддЕ ‑ БҰҚАРАНыҢ мҮддЕСІ. Жалпы

журналисттік зерттеудің де басты мақсаты мен жететін мұраты осы ғана

болуы шарт.

 

Зерттеу барысында тағы бір есте ұстайтын жәйіттер:

 

a. құжаттар ұрланған болмауы тиіс,

b. ақпараттарды ақшаға сатып алмау керек,

c. онда өзіңнің де парақор болғаның.

d. Жеке біреудің меншігіне қол сұқпаған жөн, өйткені, ол сотқа беруі

мүмкін.

 

Онда ақпарат қайдан келеді деген сұрақтың құлағы қылтиюы заңдылық.

Ақпарат беретін және заңды құжаттарды көрсететін немесе көшірмесін

беретін азаматтар табу керек. Міне, журналисттің шеберлігі шыңдалатын

тұс та осы. Ал, адам тауып, құжаттарды қолға түсірген екен, журналист

ешқашан, ешқандай жағдайда өзінің ақпарат көзін сатпауы керек. Бұл

кейбір елдердің заңдарында да көрсетілген.

 

Тіпті, АҚШ-та, тағы бірқатар елдерде журналистердің ақпарат көзін

сатпай өздері сотталып кеткен жағдайлар да болған. Сақтық үшін және

ақпарат көздерін аңғартып қоюы мүмкін деген қойын дәптерлер, бейне

немесе дыбыс таспалары өзге құнды құжаттар сенімді жерде мұқият

сақталуы керек. Ол ақпарат көзінің рұқсатынсыз билік өкілдеріне де

берілмейді. Міне, бұл қағидалар тек зерттеу жүргізетін журналистің

этикасы ғана емес, бұл тіпті абыройы мен беделі үшін де аса маңызды.

 

Журналисттік зерттеу жүргізудің қандай тәсілдері бар?

 

Қазір, бұның мүмкіндіктері өте көп. Көздеген нысана туралы қандай да

бір жылт еткен ақпарат беріп қалуы мүмкін деген күнделікті газеттер,

журналдар тіпті, интернет көздері. Әуелі дайындық жасалуы керек. Ол

не? Өте қызықты детектив жанрындағы кітаптар болуы мүмкін, деректі

фильмдер т.б. шығармашылық жұмыстар журналистің өз нысанасының

қай жағынан келуіне кеңес беріп қалуы мүмкін. Яғни, осындай дүниелер

қосымша бір идеяларға итермелейді.

Қандай құжаттар құнды деп есептеледі?

 

Көздеген нысанаға қандай да бір қатысы бар құжаттардың түпнұсқалары,

тіпті көшірмелері, фотосуреттер немесе электрондық құралдары арқылы

алынған нақты ақпараттар. Сот шешімдері, өзге шетелдік компаниялар

мен жасалған келісімдер немесе тіпті қол жетіп жатқан жағдайда елдің

мұрағаттарында жоқ, бірақ, халықаралық байланыстар арқылы алынған

ақпараттар да құнды құжаттарға айналуы мүмкін.

 

Нысананы ұзақ уақыт бойы бақылау да, көп нәрсеге көз жеткізеді.

Мәселен, қызметкерлердің жұмыс уақтысы, белгілі бір мекеменің

басшысының кімдермен араласатыны, кімдермен қарым-қатынаста екені

зерттеу барысында үлкен жігер мен табандылықты талап етеді. Егер

зерттеу нысаны түрме болса, ондағы полиция қызметкерлерінің жүріс-

тұрысы, сотталғандармен қарым-қатынасы, ондағы бас бостандығынан

айырылғандардың мүмкіндіктері т.б..

 

Әлемдік журналистикада белгілі бір нәрсеге қатысты зерттеу

жүргізген журналистердің мақсатына жетуі үшін ауру боп ауруханаға

түскен немесе сотталып түрмеге отырып шыққан кездері де

болған.

 

Сонда жатып, іштегі ахуалды өз көздерімен көріп, бастарынан кешіріп

жазған. Бұл жерде этиканы да ұмытпаған абзал. Журналистердің

зерттеу жүргізу үшін мейрамханаларға, қонақ үйлерге, санаторийлер мен

пансионаттарға арнайы барып жатып немесе жұмысқа тұрып зерттеген

кездері болған. Немесе білгілі бір адамды бақылай жүріп, оның барған

жерлерін, тоқтаған тұстарын суретке түсіріп отыру да материал жазу

барысында жалаң сөз емес, нақты құжатқа айналады.

 

Журналистердің белгілі бір мекемедегі қызметін атқара жүріп, өзінің

зерттеу жұмыстарын жазып, қандай да бір заңсыз әрекеттерді

әшкерелеген кездер де болған. Бұдан түйетін ой, сол мекеменің немесе

белгілі бір адамның қасында жүріп істеген жұмыс зерттеу барысында

материалдың құндылығын арттырып, журналисттің беделіне жұмыс

істейді. Бір ескеретін жәйіт, зерттеуді жекелеген салаларына емес,

жалпы жұмыс істеу жүйесіне жүргізу керек.

 

Зерттеудің тағы бір тәсілі өте сауатты жүргізілген сұхбат.

 

Бұл аса маңызды. Зерттеу әрқилы басталады, кейбіреулер әуелі қолына

түскен құжаттардың негізінде зерттеу жүргізіп, сосын оған қатысы бар

адамдарға шығады. Ал, кейбіреулер әуелі адамның айтқанын тыңдап

алып, сосын оның ақиқатына үңілуге тырысады.

 

Қалай болғанда да, зерттеу жүргізіп жүрген журналист әйтеуір бір,

жауапты кейіпкермен кездесуіне тура келеді және одан сұхбат алуы

керек болады. Міне, осы кезде журналист нақты қандай сауалдар қояды,

сұхбаттасушының қандай сұрақтарды қойғанда қандай эфмоционалдық

күйге ұшырайды міне, осының бәрін аңғарып, байқап, бақылап отыруы

тиіс. Бір жағынан алғанда журналист әрі психолог мамандығын игергені

артық болмайды. Міне, сондықтан да, сұхбатты телефон арқылы немесе

басқа бір журналистер арқылы алғаннын гөрі, өзінің сұхбат алғаны

абзал.

 

Өйткені, ол сұхбат барысында тек ақпарат қана алып қоймайды, оның

мінез-құлқы мен сұхбат алу барысындағы қай сөзге мән беріп, қандай

сауалдан қашқақтап отырғанына байланысты қосымша мәлімет алады.

 

Міне, осы айтылғандардың бәрі журналистік зерттеудің басты

қағидалары. Бұдан басқа зерттеу барысында болуы мүмкін жағдайлар

журналистің білімі мен біліктілігіне байланысты өрбиді.

 

Енді қазіргі Қазақстандық электрондық ақпарат құралдарындағы

осы бағытта жұмыс істеп жатқан бағдарламаларға тоқталып

көрейік.

 

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Арнайы бағдарламалар» бөлімі бар,

осы бөлімнің журналистері шама-шарқынша зерттеу жүргізіп жүр.

Өкінішке орай, көп жағдайда тек арнайы тапсырмалармен жұмыс

істейді. Бұл арнаның өз саясаты шығар, бірақ, біздің айтайын дегеніміз

бұл емес.

 

Мақсатымыз осы арнадағы журналистердің зерттеу жүргізу тәсілі.

Біріншіден, арнайы зерттеулер бағдарламасының уақыты тым ұзақ. 26-

минут. Егер журналистің таңдаған тақырыбы қызық болып, өз тақырыбын

барынша ашып, айтатынын белгілі бір мүдделердің қалыбымен ғана

бермесе, әрине көрермен де жалықпайды, 26 минутыңызда көп емес.

Ондағы журналистер өз зерттеулерінің үстүрт екенін білдірмеу үшін, әрбір

5-6 минут сайын немесе әңгіменің бір буынын қайырып қойып, келесі

бөлімге ауысу үшін арнайы телевизиялық эффектілер қолданады.

 

Бұл әрине, бағдарламаның тым қызықсыз болып кетуінен және сылдыр

сөз боп қалуынан сақтайды. Ал, жалпы алғанда журналистердің жұмыс

істеу принциптері біздің айтқан әлгі негізгі қағидаларымызға жатады. Бір

ескерту, бұндағы журналистер негізінен тапсырмамен жұмыс істейтін

болғандықтан, шығармашылық жағынан еркіндік жоқ екені және белгілі

бір қалыптың ішінде ғана жұмыс істейтіндері көрініп тұрады.

 

Журналисттік зерттеуге негізделген бағдарламалардың тағы бірі КТК

арнасындағы «Репортер» бағдарламасы. Бұнда сөз жоқ арнаның

ұстанған саясаты да журналистерге көп мүмкіндіктер берген болар,

ізденіс те, тақырыпты ашу жағынан да көп бағдарламаларға қарағанда

көш ілгері. Мәселен, «Репортер» бағдарламасынан шыққан кедендегі

заңсыздықтар мен парақорлық тақырыбы біздің әңгіме қып отырған

зерттеу мәселесінің қағидаларына толықтай сай деуге болады.

Журналистің өзі кеденге барып, жасырын камерамен ондағы астыртын

жүріп жатқан, бармақ басты – көз қыстымен, пагон тағып, еліміздің

қақпасын ашып-жауап отырған кеденшілердің әрекеттерін, «тамаша»

жүргізіп отырған операцияларын түгелдей әшкереледі.

 

Жалпы жұртқа Қытаймен арада сауда-саттық жасап жүрген саудагерлердің

де, олардың тауарларын ақша арқылы «заңдастырып» елге өткізіп

отырған кеденшілердің де, бар тыныс-тіршіліктері алақандағыдай

көрініп қалды.

 

Бұнда жұмыс істеген журналистің еңбегін де бағалаған абзал.

Материалда пара беруші де, пара алушы да, оған кездей соқ куә боп

отырғандар да болды. Бұнда да ескеретін жәйіт, журналист оқиға

орнында жасаған СТЭД АП-тарды яғни, журналистің өзінің кадрда тұрып

сөйлейтін орындарын қисынсыз таңдаған. Яғни, журналист дәл сол

бекеттің аса маңызды нүктелерінде, терминалда тұрып сөйлесе әлде

қайда тартымдырақ болар еді. Ал, саудагер боп өз тауарын өткізіп, өзі бір

емес бірнеше күн кеденнен өте алмай, ақыры пара беруге дейін мәжбүр

болып, сосын сол әрекеттерінің әрқайсысын бейнематериалдармен

шегелей түскенде, тіпті тамаша болар еді. Бұл да журналистің кемшілігі

екенін айта кеткен жөн.

 

Қазір публицистиканың осы журналистік зерттеу жанры қазақстандық

арналарда да кеңірек қанат жая бастады. Ал, қазақ журналистикасына

жасқаншақтамай, ойын ірікпей ашық айтатын жалынды жастар легінің

де қосылып жатқанын ескерсек, бұл жанрдың болашағынан көп үміт

күтуге болады.

 

ең бастысы жастарды тәрбиелейтін дұрыс бағыт беріп, жол

сілтейтін қазақ журналистикасының мектебін қалыптастыру

керек. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Логикалық тұрғыдан алғанда

да олардың алдында тәрбие беретін аға буын болмаса соңғы

бұтақтың да қисая беретіні сөзсіз.

 

Көп жағдайда журналисттік зерттеудің соңы сары түске еніп,

әлемдік журналистикадағы «сары баспасөзге» айналып кетеді.

Ал, «сары басылымдар» мен сол секілді жеңіл-желпі үстірт жасалған

материалдардың соңынан, яғни, сенсация қуалаған ақпарат құралының

ғұмыры да ұзақ болайды. Өйткені:

 

Біріншіден: басылымның немесе телеарнаның салмағы болмайды,

екіншіден: сол жеңіл-желпі дүниелер жасап жүрген журналистің де

соншалықты беделі болмайды,

Үшіншіден және ең бастысы да әрі қауіптісі: осындай дүниелер жасап

жүрген журналисттің өзі, аз уақытта рухани «мүгедекке» айналады.

 

Арзан атақ пен жалған әрі уақытша беделді малданып қалмау

керек.

Шын журналист шынайы ақпарат іздеп, ақиқатқа көз жеткізуге

ұмтылу арқылы ғана шыңдалады.

 

Өкінішке орай, біздің қоғамда журналиске ондай жағдай жасалмаған.

Әрине, ондай мүмкіндікті ешкім жасап бермейтіні де рас. Журналист

өзі іздену арқылы сол нәтижелерге қол жеткізуі тиіс. Алайда, жалпы

шығармашылық адамдардың жұмыс істеуіне кедергі көп, ол билік

тарапынан болса да, ықпалды топтар тарапынан болса да, тіпті арна

басшыларының ұстанған саясаты жағынан болса да. Міне, осылардың

бәрі журналисті амал жоқ биліктің өзі жасап қойған қалыпқа түсуіне, сол

шеңберде ғана жұмыс істеуіне мәжбүрлейді.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2020 год. (0.056 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал