Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЖАйЛы ӘҢГІмЕ ӨРБІТІп КӨРЕЛІК.




 

Жасыратыны жоқ, қазір қандай жетістігімізді немесе қандай да

кемшіліктерімізді айтқанда Ресейге сүйенетіміз сөзсіз. Сол сияқты,

бұқаралық ақпарат құралдары оның ішінде телевизия саласы да,

ресейлік арналарға қарап бой түзеп келеді. Сөзіміз сылдыр су боп

қалмауы үшін, ресейлік арналардың бір екеуінен мысал келтіре кетейік.

Қазіргі, Ресейдің маңдай алды телеарналарының бірі НТВ. Бұл арнаға

және осы арнаның өнімдеріне қарап, біздің түгіл ресейдің де, өзге

елдердің де журналистерінің бой түзейтіні жасырын емес.

 

Осы НТВ арнасында журналистердің өздері қандай да бір оқиғаларға

немесе елдің ахуалына қатысты жасап жататын телеөнімдері аз емес.

Солардың бірі «Журналисткое расследование» деп аталады. Осы

бағдарламадағы журналистердің қандай да бір проблемаларды іздеп

тауып өздері сол оқиғаның ішінде жүріп жасаған материалдары қандай

тартымды. Теледидардың тетігін басқа арнаға басуға қолың бармайды.

 

мыСАЛ

 

Бірде осы хабардың тілшісі үйсіз-күйсіз қаңғыбастар туралы репортаж

жасады. Тілші кәдімгі Мәскеудің сыртындағы бәленбай миллион тонна

қоқыстың арасында жүр. Бұл қосқыстар қаладан шығады, сол маңға күніне

бәленбай мың тонна қоқыс төгіледі. Бұл осы күл-қоқыстан қоректеніп

жүрген, ит пен құстан басқа, қаңғыбастардың да басты «табысы».

 

Сіз үйіңізден шығарып тастаған қоқыс қала сыртына апарып төгілгеннен

кейін сол қоқыс маңында өмір сүретін қаңғыбастардың меншігі боп

саналады. Яғни, қаңғыбастар өздеріне тиесілі аумақтарды бөліп алған.

Оған екінші бір қаңғыбастың кіруіне, сол маңнан қандайда бір қоқыс

алуына рұқсат жоқ. Алған жағдайда, қызыл шеке төбелес, тіпті бірін-

бірі өлтіріп тынады. Тілші осы тіршіліктің сыртынан қарап, бұлар осылай



өмір сүріп жатыр деп кетіп қалған жоқ. Ол қоқыс маңынан барып, сол

жердегі қаңғыбастарша киініп, тау боп үйіліп жатқан қоқыстың бір шетіне

өзінің үйшігін тұрғызды.

 

«Құрылыс материалдары» да сол қоқыстан табылған, ескі ағаштар,

киім кешек, шүберек, салафан секілді ескі-құсқы заттар. Ол үйін

салып, болып, енді қоқыстан тамақ іздеуге шыққанда, алдынан сол

қоқыс маңында көптен бері тұратын өзге қаңғыбастар келді. Бұл жер

солардың жері екенін айтып дауласты. Тілші-қаңғыбасқа тезірек табанын

жалтыратуды бұйырды. /Әрине, өзге қаңғыбастар оның НТВ-ның тілшісі

екенін білмейді./ Тілші-қаңғыбас күні бойы еңбектеніп тұрғызып алған

«үйін» оңайшылықпен берсін бе, ол да тайталасып бақты. Әңгімелері

жараспағаннан кейін, қаңғыбастар тілшінің үйін қиратуға кірісті.

 

Міне, осы кезде тілші әрі көрермен үшін комментарий бере жүріп,

қаңғыбастармен төбелесе жүріп, «маңдай тері табан ақысымен

тұрғызған баспанасын қорғады». Тілші, бір тәулікте қоқыс терген



қаңғыбастардың арасына барып, сіңіп кету де оңай емес екенін көрсетті.

 

Қалай ойлайсыздар тілші бұл репортаж арқылы не айтқысы келді?

Әрине, ол мен секілді қоқысқа барып, қалай да өз орындарыңды алып,

үй тұрғызыңдар деген жоқ. Ол бір жағынан елде осындай ірі қалалардан

шыққан қоқыстарды паналап жүрген қаңғыбастар барын, олардың күн

көрістерін көрсеткісі келді.

 

Тілшінің шеберлігі сонда ол өзі қаңғыбас боп көрді, солардың

арасында бірге жүрді, қоқыста түнеді, қоқыстағы лас тамақтарды

да жеді.

 

Осы секілді, ресейлік өзге арналарды айтпағанда бір НТВ-ның өзінде

бірнеше хабарлар бар. «Женский взгляд», «Борьба за собственность»,

«Чистосердечное признание», «Профессия репортер» т.б..

 

Публицистика тек журналистиканың ғана емес әдебиеттің де бір жанры

екенін ұмытпағанымыз жөн. Бұнда да, қоғамдағы белгілі бір мәселелерге

себепкерлер алдын-ала анықталып сол арқылы оқиғаны өрбіте отырып,

өзінің басты нысанын сынап отырады. Көбінесе, сын әдебиетте

тікелей емес жанама түрде, тіпті астарлы ойлар арқылы суреттеледі.

Орыс әдебиетінің көрнекті өкілі М. Булгаков өзі өмір сүрген қоғамның

кемшіліктерін аты-жөндерін атамай-ақ, тамаша суреттеп берді.

 

Біздің бұл әңгімеміздегі басты мақсат телевизиядағы публицистка

болғандықтан бұдан әріге бармай‑ақ қоялық. Өйткені, әдебиетегі

публицистика туралы ұзақ әрі көп айта беруге болады. Сонымен,

әңгімеміздің ауаны қайтадан телевизиядағы публицистикаға бұрайық.

 

• Бұндағы басты ерекшелік көрініс және сөз.

• Адам көру арқыры әрі есту арқылы болған жәйтқа қанық болады.

Сыр сандықтың бар құпиясы да осында жатыр. Кез-келген ірілі-

ұсақты телекомпанияның бетке ұстары оның жасап жатқан

жаңалықтары.

 

Арнаның жаңалықтарына қарап-ақ, оның жалпы аяқ алысы мен

ұстанған саясатын, қаншалықты өткірлігі мен турашылдығын

аңғаруға болады. Жаңалықтардан кейін арнада көбіне

публицистикалық бағдарламаларға басымдық беріледі, әрине

егер ондай хабар болса. публицистикалық хабарлар кейде тіпті,

жаңалықтарда айтылмай қалған кейбір қалтарыстар мен

бұлтарыстарды ақтарып шығарып жатады.

 

Оның себебі, бұнда хабарлар асықпай, апталап кейде тіпті айлап

ойластырылады, сараптамадан өтеді сосын ғана көрерменге жолдама

алады. Осыдан біраз бұрын, КТК телеарнасында «Ел-жұрт» деп

аталатын бір тамаша тележоба болды. Кейін белгісіз себептермен

жабылып қалды. Осы тележоба телепублицистиканың ішіндегі ерекше

бағдарлама болатын. Олай дейтініміз, онда журналист жоқ.

 

Яғни, ол кадрде көрінбейді. Ауылдың немесе белгілі бір қаланың

нақты бір проблемасын тұрғындар өз ауыздарымен айтады. Хабардың

жүргізушісі, көрерменді жалпы тақырыппен таныстырады, нақты

деректерін келтіріп болған мәселеге қатысты хабарлама жасайды. Одан

әрі сол оқиғаға немесе белгілі бір жағдайға қатысқан немесе қайсыбір

ауылдың проблемасын бастарынан кешіп отырған тұрғындардың өздері

сөйлейді. Көрініс тұрғындардың әңгімесімен бірге қатар өрбіп отырады.

 

Міне, бұл құпия көк сандықтың өзге бұқаралық ақпарат құралдарынан

басты ерекшелігі. Бір қарағанда бұнда журналистің жұмысы жоқ

сияқты көрінеді, бар жұмысты студиядағы жүргізуші мен телеоператор

атқарған сияқты. Бірақ, кадр сыртындағы қара жұмыстың бәрі, яғни,

түсіретін нысанды табу, тиісті адамдармен байланыс жасау, түсіру

уақытын белгілеу, сөйлейтін адамдарды табу осының бәрі журналистің

ұйымдастыру жұмыстарына кіреді.

 

материалды түсіріп алғаннан кейінгі жұмыстың 70‑80 пайызы да

журналистің мойнында. Түсіріп әкелген материал бір емес бірнеше

тіпті, оншақты таспа болып кетуі де мүмкін.

 

a. Солардың бәрін көріп шығып, аса маңызды немесе қажетті

бейнекөріністерді таңдап алып, телевизияда СНХ - деп аталатын

кейіпкердің өзі сөйлетін кадрларды белгілеп шығуы тиіс.

b. Сосын, жүргізушінің мәтінін дайындап, оның сөздерінің арасында

кететін бейнекөріністер мен СНХ-дарды реттеу керек.

c. Осының бәрі дайын болғанда барып, режиссермен бірге отырып

монтаждайды.

d. Монтаж барысында кейбір көріністердің тиімділігін арттыру үшін, әрі

ұтымды пайдалану үшін арнайы эффектілер қолданылады. Бұл да

журналист пен режиссердың тапқырлығына байланысты.

 

ТАРИХИ ДЕРЕК

Бұдан кейін, бір кездері «Қазақстан» ұлттық арнасынан эфирге апта

сайын шығып тұрған «Елден хабар» бағдарламасын айтуға болады.

Әрине, арнаның саясатына байланысты кейбір нәрселерді ашық

айта алмаған да болар. Бірақ, жалпы жер-жерлерде болып жатқан

оқиғаларды журналистің өзі барып, көріп жалпы бұқараға тарату

тәсілі өзгеше болатын. Бұндағы бір кемшілік бағдарлама белгілі

бір редакцияның мойнына артылған жоқ. Оны арнаның жергілікті

жерлердегі тілшілері түсіріп, қолдарынан келгенше монтаждап

Астанадағы бас кеңсеге жіберетін де, хабар сосын экранға шығатын.

Хабардың сапасы сәл кемшін тартып қалғаны да содан болар.

 

Сол хабар жабылғаннан кейін, іле-шала «Ел мен жер» деген

бағдарлама жарыққа шықты. Бұл бағдарламаның «Елден хабардан»

айырмашылығы режиссердың жұмысы көрініп тұратын. Яғни, әуелгі

хабар негізінен ақпараттық тәсілмен тараса, бұл кәдімгі рубрикаларға

бөлінген, көріністерінің бояуы қанық, арнайы эффектілер қолданылған

бағдарлама еді. Бұнда да журналист жылт еткен жаңалық іздеп кең

байтақ елдің түкпір-түкпірін аралап кететін. Нақты бір редакцияға

бекітіліп, журналист пен режиссердың бірлесіп жұмыс істеуінің

арқасында «Ел мен Жер» көп өзгерді, жаңа биіктерге көтерілді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2020 год. (0.015 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал