Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТЕЛЕСЦЕНАРИй




 

Игорь Братцев

 

Отандық телевидение саласында сценарий жазумен ғана айналысатын

мамандар жоқтың қасы (жоқтың қасы дейтінім мен ондай мамандарды

кездестірмедім, бірақ оны мүлдем жоқ деуге аузым бармайды). Сцена-

риді продюсерлер (бұл олардың шаруасы болмаса да) де, режиссерлер

де, журналистер де бірлесіп жазып жатады. Әрине, оның құрылымдық

бөлігін меңгеру қиынға соқпайды. Бірақ, оның мазмұндық жағы жеке

тұлғаның үнемі өзін жетілдіріп отыруын талап ететін процесс.

 

Бұл жерде сценаридің жалпы көлемі, сценаристің өмірдің барлық саласы

бойынша жинақтаған білім қоры маңызды рөл атқарады. Журналистің ой-

өрісі қанша бай болса, ақпаратты телекөрермен көретіндей, тартымды

етіп беру мүмкіндігі соншалықты жоғары. Өз біліміңді үнемі толықтырып

отыру процесі ешқашан бітпейді. Сондықтан да сценарий жазушының

жұмысы өте қызықты болып табылады.

 

Әрине, кез-келген тақырыпта ақпарат табуға мүмкіндік жасайтын Ин-

тернет-ресурстар қазіргі заманғы журналистің жұмысын айтарлықтай

жеңілдетіп береді. Алайда, сценарий шын мәнінде қызықты және тар-

тымды болуы үшін бір-бірімен байланысты салалар бойынша білім ғана

емес, оны сюжет желісіне үйлестіре білу де қажет.

 

Сценарий телевизиялық өнім жасау барысында атқарылатын жұмыстың

бастапқы емес, аралық кезеңі болып табылады. Ол танысу және ма-

териалды іріктеу, тақырып құрастыру, композицияларды анықтаудан

тұратын дайындық бөлімін аяқтайды. Әдетте бұл кезең сценариді жазу-

дан да көп уақыт алады. Бұл жағынан сценарист әмбебап журналистке

ұқсайды, ол қашан да қай тақырыпты болса да жаза білуі тиіс. Қазіргі

заманғы журналистикада бұл кеңінен қолданылып та, қолдау көріп те

жүрген жоқ. Ал, тақырыптық сценарилер жазатын сценаристің әмбебап

болудан басқа амалы жоқ.

 

Сценарий жазудағы негізгі қадамдарды белгілеп алайық және сипаттап



көрелік.

 

1. Сценарлық өтініш – бұл келешек тележобаның негізгі идеясын баян-

дайтын құжат. Онда міндетті түрде:

- Жобаның атауы (шамамен);

- Мән-мазмұнын нақты баяндау;

- Мақсатты аудиториясы;

- Хронометражы (хабардың ұзақтығы);

- Эфирге шығу жиілігі (күнделікті, апталық және т.б.);

- Авторлық ұжым құрамы;

- Болжамды шығын – барлық шығын;

- Жобаны іске асыру мерзімі

толық көрсетілуі тиіс.

Телебағдарламаны шығару жөніндегі немесе одан бас тарту туралы

шешім осы өтініш негізінде қабылданады.

 

2. Сценарлық жоспарда сценарий мазмұнының өрбу бағыты

хронологиялық тәртіппен баяндалады. Сюжеттердің тәртібі, соларға

сай айтылатын диктор сөзі (подводка) мен қонақтарды шақыру тәртібі

нақты көрсетіледі. Эфирді таспаға жазатын күн мен тақырыбы беріледі.

Сценарлық жоспар сценарий жазатын кісіге ғана емес телебағдарламаны

монтаждау үшін де аса қажет. Онда: жүргізушілер, қатысушылар

құрамы(қонақтар); реквизиттер толық көрсетілуі тиіс.

 

3. Телеөнімнің түріне байланысты сценарилер ‑ ақпараттық

(танымдық, публицистік, ток-шоу және т.б.) және қойылымдық немесе



рөлдік болып бөлінуі мүмкін. Бұл жерде әртістік өнер мен эмоция жағы

маңызды, ал ақпараттық құрамы онша маңызды болмайды. Сценарлық

жұмыс тәсілдері де соған сәйкес болуы қажет. Енді сценарийдің осы екі

түріне нақты мысалдар келтіріп көрейік.

 

№ 1‑ші мысал (ақпараттық сценарий)

 

«ВсЯ сТрАНА» бағдарламасының сценариі (үзінді).

«Хабар» агенттігі, 2005 жыл.

 

Тақырыбы: «Қазақстандық туризм»

 

Ақпараттық сценарилерді жазуда Интернеттің көмегі шексіз. Алай-

да, қажетті материалды іздеу мен оны тексеруге сценарий жазатын

уақыттың 2/3 бөлігі жұмсалады.

 

Сценарий тақырыбы нақтыланып, қажетті ақпарат жиналып болғаннан

кейін сюжеттерді қалай ізбе-із беру керектігін, қонақтарды қалай сөйлету

қажеттігін ойлану қажет. Алғашқы материалдың сюжет-анықтама деп

аталуы тегін емес. Өйткені ол бағдарлама тақырыбы жөнінде жал-

пы түсінік береді. Негізінде бұл көп нұсқаның бірі ғана. Сценариді

маңыздырақ ақпараттан бастауға да болады. Ондайда жалпыла-

ма сәттер мен талқылауға кейін көшеді. Көбіне бұндай ақпарат рөлін

телебағдарламалар жөніндегі құлақтандыру (анонс) атқарады.

 

Жүргізушілердің әр сюжетке орай немесе қонақты студияға шақырған кез-

де айтатын сөздері белгілі бір ізбе-ізділікпен жазылуы тиіс. «Жүргізушінің

сюжет алдында айтатын сөзін (подводка) жаңалықтар бағдарламасына

тән дәстүрлі тәсілмен «бұл туралы бәленшенің материалында...» деп

аяқтауға болады. Дегенмен еркін жазу үлгісімен, бірақ қалыптасқан шаб-

лондарды пайдаланбай, сюжеттің мазмұнына және авторына тоқталмай

жазған дұрыс. Мәселен:

 

«Ақпараттық» деген терминді ақтау үшін жүргізуші мәтініне статистикалық

мәліметтерқосу қажет. Бірақ оны бірінен кейін бірін тізбектей бер-

мей, қызықты фактілермен және түйіндермен бөлген жөн. Дегенмен

қатар оның ақпараттық бағдарлама еместігін естен шығармау керек.

Сондықтан онда эмоция мен субъективтік бағалаудың болғаны абзал.

 

Қонақтарға қойылатын әрбір сұрақты сценарийге түсіргенде оның жа-

уабын алдын-ала бағамдайтындай етіп жазылуы тиіс. Өйткені, келесі

сұрақ соның негізінде жазылады. Бұл жүргізушінің жүгін жеңілдету үшін

жасалады. Өйткені, көбіне бір күнде бірнеше бағдарлама жазылады

және жүргізуші материалда не жазылғанын сценаристен жақсы білмейді.

 

Егер телебағдарламаға қонақ шақырылатын болса сценарийде оның

студияға қалай кіретіні, қандай музыка ойналатыны, қандай бейне-

кадрлар берілетіні (жұмыс, демалыс кадрлары) толық сипатталады.

 

Көбіне бағдарлама шығарушылары қонақтың студияға бірнәрсе ала

келуін өтініп жатады (студияны жандандыру мақсатында). Сценарист

бұдан хабардар болуы қажет. Өйткені, қонақтың әкелген бұйымына

қатысты сұрақтарды дайындап, оның қалай жұмыс істейтінін көрсетіп

беру сұралады. Сценарийге осы іс-әрекеттердің бәрі жазылады.

 

Тапсырма: 2 жүргізуші жүргізетін анықтама-сюжетке сценарлық кіріспе

сөз жазып көріңіз. Сцецнаридің тақырыбы: «Қазақстандағы көп әйел алу

мәселесі. Қолдаушылар мен қарсы шығушылар».

 

Ресейдің «Телевизиялық журналистика» оқулығының телесценарий

бөлімінде атап көрсетілгендей, сценарийдің драматургияның – тақырып,

идея және композиция сынды элементтерінен тұрады.

 

Тақырып – бұл талқыланып жатқан мәселені түсіндіріп беру; бұл

көтеріліп отырған мәселені төтесінен қою. Тақырып – бұл автор тарапы-

нан ең маңызды деп табылған мәселе.

 

Идея – бұл шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азаматтық

ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. Бұл

автордың шындыққа деген негізгі көзқарасы, белгілі бір фактіні мысалға

ала отырып азаматтық және этикалық ұстанымды көрсету әдісі. Идея

толығымен авторға, оның ойына, эрудициясына, ар-ожданы мен

психикалық жағдайына, талғамына, жеке басының өзге де қасиеттеріне

байланысты.

 

Тақырып идеяға қарағанда ауқымды. Бір тақырыпты бірнеше

бағдарламаға арқау етуге болады. Бірақ әр қайсысының идеясы әртүрлі

болуы тиіс.

 

Келешек сценарийге қажетті материалдарды жинап, тақырыбы мен иде-

ясы анықталғаннан кейін жұмыстың келесі кезеңі басталады. Бұл кезең

фактілерді, статистикалық мәліметтерді, оқиғаларды іріктеу, сарапшы-

лар мен өзге де кейіпкерлерді таңдаудан тұрады.

 

Ол қызықты сәттерді шатастырып алмас үшін жинаған материалының

біраз жерін кесіп тастауды талап етеді. Оған өкінбеңіз, пайдаланылмаған

фактілер мен оқиғалар алдағы уақытта керегіңізге жарайды. Сценарий

жазатындардың көпшілігі компьютердегі жұмыс үстелінен арнайы пап-

ка ашып, пайдаланылмаған фактілерді соған салып отырады. Қажет

болған жағдайда керекті мағлұматты содан ала қоюға болады.

 

«Телевизиялық журналистика» кітабының авторлары «еңбек тәжірибесін

енді ғана бастаған журналистер сценарлық материалға тақырыппен

жанама байланысы бар шығармаларды қосады. Бұл автордың пробле-

мамен онша таныс еместігінен, ашылуы тиіс фактілер мен оқиғаларды

іріктей білмеуінен туындайды» деп жазады.

 

 

Мұнымен келісуге тура келеді. Өйткені, шынында бұл әу баста тақырыпты

дұрыс білмегендіктен, тақырыпты жан-жақты меңгеріп, қажетті матери-

алды жинауға уақыт бөлуден қашқалақтау салдарынан орын алады.

 

Композиция – бұл шығарманы жазу, байланыстыру, оның заңдық

құрылымы, жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал

дайындау. Бұл –материалды жазу ұстанымы.

 

Кезінде С.Эйзенштейн былай деген болатын: «Автор композицияның

көмегімен материалды ұйымдастырады, ізбе-із орналастырып, басты

және қосалқы бөліктерін анықтайды, оларды бір-бірімен үйлестіруге

тырысады. Композиция көбіне техникалық қиындықтарды жеңуге де

көмектеседі. Телевизиялық өнімді белгілі бір уақыт шеңберіне сыйғызу

қажет, бұған сценарийді сцена мен эпизодтарға бөлу арқылы қол жет-

кізуге болады».

 

Сценариді жазу үшін көркем шығарманың құрылымдық схемасын да

пайдалануға болады.

экспозиция (пролог) – басталуы – шегініс (оқиғаның дамуы) – кульми-

нация (шығарманың шарықтау шегі, ой немесе қақтығыстың шиеленісуі)

– шешу жолдары (соған апаратын әрекеттер) – түйін (соңы) – эпилог.

 

Дегенмен, ең бастысы – логика, өз шығармаңа көрермен көзқарасымен

қарай білу және ақпараттың түсінікті және қызықты жеткізілуі. «Егер сце-

нарист қайталанатын болса автор ойы тұншығады» деген пікірдің де

жаны бар.

 

Кейбіреулер мынадай пікір айтады: «Студияда, жүргізушілер жүргізетін

телевизиялық сценарий жазғанда диалогтарды сөзбе-сөз баяндаудың

қажеті жоқ, өйткені жүргізушілердің әр қайсысы өз қабілетін көрсетуі

тиіс. Бағдарламаның құрылымдық желісін қысқаша баяндаса жеткілікті,

ал жүргізушілер мәтінді өздері-ақ іліп әкетеді және жандандыра түседі.»

Мен мұнымен келіспеймін. Әрине, жүргізушінің кәсіби деңгейі жоғары

болса ол қиыннан қиыстырып, сөз табады және мәтінде жаңа деталь-

дармен толықтыра түседі.

 

Алайда, менің түсінігімше, сценарист диалогтарды жазғанда,

жүргізушілер өздерін нашар сезініп тұрса да, тіпті тақырыпты мүлдем

білмесе де бағдарламаны «ойнатып» әкететіндей етіп баяндауы тиіс.

Оның үстіне жүргізушілер дауыс екпіні, ымдау және ишара арқылы ере-

кшелене алады.

 

Бұл әсіресе жүргізушілерден әртістік қабілетті талап ететін қойылымдық

сценарий үшін аса қажет.

 

№ 2 мысал. (қойылымдық сценарий)

«Уже проснулись?» таңертеңгілік бағдарламасының сценарийі

(үзінді). «Хабар» агенттігі, 2001 жыл

Тақырыбы: «Құпиясы мол құбылыстар» (оқиға қазіргі уақытта,

кәдімгі №13‑ші пәтерде өрбиді)

 

Жүргізушілер:

Роза-апай

Валера

Андрей

 

реквизит:

«Ильич» кепкасы, кеудеге тағатын қызыл бант, қару салатыны бар қайыс

тағылған екі комиссарлық былғары бешпет, қызыл орамал, сыпырғыш,

ыдысқа отырғызылған үй өсімдігі, шелек…

 

№1‑СЦЕНА

 

Бөлмеде үстел, оның үстінде орындық тұр. Орындықтың арқасынан

сыпырғыштың басы қылтияды. Бұл – ойдан жасалған «бронекөлік».

Онда Ленинге қойылған ескерткіш құсап тұр (басында кепка, кеудесін-

де қызыл бант). Оның алдында таңданысын жасыра алмай Андрей мен

Роза апай тұр. Үстерінде былғары бешпет. Оқиға түс пен өңнің арасында

өтіп жатыр.

Валерка: (сақауланып)

- Жұмысшы және студент, депутат жолдастар және үй бикелері! Біз

ұзақ уақыт бойы күткен революцияның жолы болмады.

Роза‑апай:

- Не! Тағы ма!?

Андрей:

- Тағы емес, қайтадан…

Валерка:

Бәрі жақсы деуге болмайды! Империализм акулалары шіріген тістерін

ақситып, пролетариаттың нақ жүрегіне – оның, сүйікті көсеміне ауыз

салмақшы, жолдастар!

Роза‑апай:

- Жетер! Мен көмек шақырамын!!

 

Валерка: ( Роза апайға қарап)

- Қажеті жоқ! Мен қазіргі кезде Кеңестің сеніміне кіріп алған Керенский

үкіметіне қарсы көтерілуге шақырып тұрғам жоқ. Оны құлатуды талап ет-

пеймін, тынымсыз еңбек пен жүйелі бұғаулау арқылы келісім партиясын

қоғамнан аластауды сұраймын.

Андрей:

- Қане-қане… Мынау сәуір тезистері ғой… Сценарий авторы – Влади-

мир Ильич Ульянов. Жазылған жылы – 1917.

Валерка: ( Андрейге көзін сүзе қарайды)

- Ал сіз, әкей, кім боласыз… Пролетармысыз!? Ауыл қалай күн көріп

жатыр!?

Андрей: (абдырап)

- Рахмет, жақсы. Бірақ, әлгі «құлақтар» Павлик Морозовты сатып кетті

Валерка:

- Қандай оңбағандық! Мемлекеттік басцқарудың жаңа түрін енгізуді

ұсынамын – пролетариат үстемдік етсін, ал әлгілерді тап ретінде жою ке-

рек! Экономика саласын (саусақтарын бүге бастайды) мемлекеттендіру,

тәркілеу, экспроприациялау (бір таптың өндіріс құралдарын екіншісінің

тартып алуы), мен стерильдеу… жо-жоқ, қалай еді… пайдаға асыру

қажет. Мен №13-ші пәтердегі Жұмысшы депутаттар кеңесін қоғамдық

өндіріс пен материалдық игіліктерді таратуды бақылауға шақырамын.

(Роза‑апайға қарап) Наденька! Көгершінім-ау! «Пролетариатты азат

ету одағында» не істеп жүрсіз? Пролетарлық «Искра» газетінде жарна-

ма жоқ!!! Революциялық күреске қажетті ақшаны бізге неміс империа-

листері беруі керек пе сонда?! Сіздіңше, солай ғой!?

Роза‑апай: (Андрейге қарап):

- Ұлы адам! Ұлы данышпан… бірақ өте қарапайым… көздері сондай

мейірімді…

 

Валера (Андрейге):

- Ал сіз, көгершінім, студентсіз бе? Неге конспект жазбай тұрсыз!? Бұл

мұрағат үшін маңызды!!! Оның үстіне сәуір айы…

Роза‑апай:

- Сәуір!!! Бүгін нешесі…

Андрей:

- 22-сі... Әлемдік пролетариат көсемінің туған күні

Роза‑апай:

- Туған күніңізбен Володя…

Валерка:

- Бұл мәселеде де кемшіліктер жетіп артылады... Мойындау керек,

жолдастар, туған күн жылына бір-ақ рет болады.

Бұнымен келісуге болмайды!!! (Андрейге қарап) – Феликс Эдмундович,

шара қолданыңыз…

Андрей:

- Болды, жетер…(Валерканы орындықтан түсіріп, жұлқиды). – Оян!

(Бәрі ояу, кәдімгі киіммен тұрады)

 

Валерка: ( өз-өзіне келеді)

- Жетер, мені жұлқылама… Жынданып кеткеннен саумысың… Демалыс

күні – ұйқы берсеңдерші.

Роза‑апай:

- Қайырлы таң, Валерка!!! (Андрейге қарап) – Байғұс-ау! Ол ұйықтап

жүрген екен ғой!

Андрей:

- А, солай ма!!! Қазір оятамыз!!! Қане, жаттығу жасайық…

 


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.033 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал