Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРыТыНды




 

Ақпараттық шығарылымды біртұтас дүниеге айналдыру үшін осы

ұстанымдардың бәрін ескерген жөн. Материалдың ішінде не барын,

оның не туралы екенін, оқырман үшін қандай «салмаққа» ие екенін,

бейнекартинасының қанықтығы мен синхрондарының аз-көптігін есте

ұстау қажет. Блок құрып, оның барынша эмоционалды шығуы үшін,

тақырыпты өрбітіп, бағдарлама екпіні мен ырғағын сақтап қалу үшін ол

материалдың қасына қай сюжетті орналастыруға болатынын бағамдау

қажет.

 

Енді материалдар ретіне ықпал ететін қағидараларды ескере отырып,

ақпараттық бағдарлама жасап көрелік. Айталық, біздің көрерменіміз 30

жастан асқан ер азамат болсын.

Сонымен, бүгін біздің журналистеріміз төмендегі материалдарды түсіріп

әкелді:

• Әлеуметтік қорғау басқармасындағы дау: қарттардың жәрдемақысы

берілмей отыр

• Жылжымайтын мүлік бағасының арзандауы

• 25 қабаттан тұратын жаңа ғимарат үлкен олқылықтармен салынған

және қирау қаупі төніп тұр

• Ауруханалар кәсіби маман тапшылығын тартуда

• Қалада тұңғыш рет түні бойы жұмыс істейтін супермаркет ашылды

• Қалада жетім балаларға арналцған қайырымдылық шарасы басталды

• Жастар бірлестігі бос жатқан жерлерді баскетбол алаңына айналды-

руда

• Дәрігерлер 50 градус ыстықта жұмыс істеуге қарсы

• Жөндеуге байланысты жабылған тас жолдар мен қозғалыс схемасы

• Қалаға жүрек ауруларын емдейтін жаңа аппарат сатып алынды

 

 

Құрметті әріптестер, естеріңізде болсын!!! Саясат міндетті түрде

бірінші блокта, ал спорт соңғы блокта болуы шарт емес. Сон‑

дай‑ақ, жаңалықтарды қылмыстық хроникадан, атыс‑шабыс не‑

месе дау‑жанжалдан бастаудың да қажеті жоқ. Бұның бәрі сіздің

көрерменіңіз үшін маңыздылық тұрғысынан өлшенуі тиіс. Егер,

сіздің қаладан шыққан спортшы олимпиадада алтын медаль алса



және осыған қатысты эксклюзивті кадрларыңыз болса ол матери‑

алды мәслихат сессиясы жөніндегі сюжеттен бұрын беруге әбден

болады. Бұл бағдарлама міндетті түрде өзін‑өзі ақтайды.

 


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал