Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Алматы 2015





Силлабус фармакология пәні бойынша Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына сәйкес және 051301 – «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ГОСО ҚР 3.08.388 – 2006 ж. ҚазММА Оқу әдістемелік секциясында жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру мамандығы бойынша жұмыс бағдарламасына сәйкес жасалынып, қайт қаралып кафедра мәжілісінде талқыланды.

Құрастырғандар: Смагулова Г.С. және кафедра оқытушылары

 

№22 хаттама «19» сәуір 2014 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі,доцент Сатбаева Э.М.

 

1. Жалпы мәліметтер

1.1 С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

1.2 Фармакология кафедрасы

1.3 Фармакология пәні Far-1 2213

1.4 Мамандығы :051301 Жалпы медицина

1.5 Оқу сағатының саны:90 сағат

1.6 Курс және оқыту семестрі– 2 курс, 4 семестр

1.7 Оқытушылар жайлы мәліметтер:

 

Аты -жөні   Ғылыми дәрежесі Қызметі Қызығушылық тудыратын ғылыми саласы , жетістіктері  
 
  Пичхадзе Гурам Михайлович Медицина ғылымдарының докторы профессор, кафедра меңгерушісі Нейротропты заттар. Химиятерапиялық заттар.  
Кадырова Диляра Мулдашевна Медицина ғылымының кандидаты доцент (ҚазҰМУ профессоры) Жергілікті анестезиялаушы заттар  
Ким Ирина Ивановна Медицина ғылымының кандидаты доцент Жалпы фармакология  
Сатбаева Эльмира Маратовна Медицина ғылымының кандидаты доцент Фармакоэкономика Фармакоэпидемиология  
Смагулова Гульмира Советбековна Медицина ғылымының кандидаты аға оқытушы Жергілікті анестезиялаушы заттар  
Сейталиева Аида Мурзекеевна Медицина ғылымының кандидаты доцент Фармакоэкономика Фармакоэпидемиология  
Амиркулова Маржан Куляшевна   аға оқытушы Токсикология  
Мусабек Гульнара Калижановна   аға оқытушы Фармакоэкономика  
Гук Светлана Викторовна   оқытушы Фармакоэпидемиология  
Мырзабек Бота Тегисовна   оқытушы Фармакоэкономика  

1.8 Байланыс ақпараттары:



Алматы қ, Толе би көшесі 92, №4 ғимарат, 2 қабат.

Жұмыс. тел. 292-68-18, 292-17-96 (287, 226)

1.9 Пән саясаты:

- сабаққа кешікпей келу;

- студенттер сабаққа және дәрістерге тек ақ халатпен жіберіледі;

- сабақты себепсіз жіберуге болмайды;

- жіберілген сабақтарды өтеу кестесіне сәйкес қайта өтеу;

- оқу үрдісіне белсенді қатынасу;

- дозасын білуге және талдауға арналған препараттарды рецепте жаза білу;

- СӨЖ талаптарға сәйкес және белгіленген уақыттан қалдырмай өткізу; СӨЖ бойынша

2 тақырыпты міндетті түрде тапсыру керек;

- аралық бақылауды толығымен тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді;

- практикалық сабақтарды себепсіз жіберген студенттер аралық бақылауға жіберілмейді

- белгілі себеппен сабақты босатқан студенттерге деканаттың жарлығы бойынша 3 сабақты өтеуге рұқсат етіледі;

- практикалық сабақ, аралық бақылау, емтихан барысында ұялы телефонды, шпаргалка және т.б. құралдарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

2. Бағдарлама.

2.1 Кіріспе.

Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен өзара әсерлесуі және жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.



Фармакология медицина тәжірибесінде дәрілерді рационалды қолданудың теориялық базасын қалптастырады. Фармакология ғылымы қалыпты және патологиялық физиология, биохимия курстарын негізге ала отырып, медико-биологиялық және клиникалық пәндерді өзара байланыстырушысы болып табылады.

Фармакология теориялық және клиникалық пәндердің арасындағы байланыстырушысы бола отырып көптеген ғылыми бағыттардың дамуына септігін тигізеді. Фармакология аймағында қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттар, яғни жаңа препараттарды іздеп табу және медицина тәжірибесіне енгізу қолданбалы аспектілер ретінде қарастырылады.

Фармакология медико-биологиялық пәннің дамуына әсері өте зор. Экспериментаторлар үшін фармакологиялық заттардың негізгі маңыздылығы көптеген биохимиялық және физиологиялық үрдістерді басқарудағы жоғарғы мүмкіншілікке ие болуымен сипатталады.

Фармакологияның жетістіктері мен алға басуы клиникалық пәндердің дамуына тигізетін әсерінің орасан зор екендігі даусыз. Соңғы жылдарда фармакологияның қарқынды дамуы және жаңа дәрілік заттардың пайда болуы нәтижесінде фармакотерапия көптеген ауыруларды емдеудегі әмбебап әдістердің бірі болып отыр. Сондықтан да, фармакология медициналық білім беру жүйесінде өте маңызды орын оала отырып, кез келген мамандықтағы дәрігерлерді дайындау үшін қажетті пәндердің бірі болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты: дәрілік заттардың фармакодинамикасы және фармакокинетикасының ерекшеліктерін ескере отырып, препараттарды патология түрлеріне сәйкес рационалды тағайындай білу дағдысын қалыптастыру.

 

2.3 Пәннің міндеттері:

· Рецепттерді жазудың негізгі принциптерін білу, әр түрлі дәрілік қалыптарды рецепте жаза білу және олардың бір реттік дозасы мен концентрациясын есептей білуді үйрету;

· Дәрілік қалыпты және дәрілік заттардың қолдану түрлерін таңдай білуге үйрету;

· Дәрілік заттар мен биомолекулалар арасындағы біріншілік фармакологиялық әсерлесулерді талдай білуге үйрету;

· Дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылыңқтары жайлы түсінікті қалыптастыру;

· Фармакологиялық әсерлер нәтижесінде мүшелер мен жүйелер қызметінде болатын өзгерістерді болжай білу;

· Дәрілік заттардың қасиеттерін ескере отырып, оларды тағайындай білуге үйрету;

· ШЖЖ, ОЖЖ қызметіне, қабыну және аллергиялық үрдістер мен патогенді микроорганизмдерге, қарапайымдыларға, ішек құрттарына әсер ететін дәрілік заттарды таңдай білуге үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білу керек:

· Фармакологияның міндеттері мен фармакологиялық терминологияны білу;

· Дәрі, дәрі - дәрмектік зат, дәрілік қалып және дәрілік препарат жайлы түсінік;

· Шұғыл жағдайларда қолданылатын өмірге қажетті дәрілік зататардың халықаралық патенттелмеген атауларын білу;

· рецепт, рецепттің құрылымын білу және әр түрлі дәрілік қалыптарды рецептте жаза білу;

· Дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының жалпы заңдылыңқтарын;

· Дәрілік заттардың жіктелулерін;

· Дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін;

· Дәрілік заттардың жанама және жағымсыз әсерлерін білу және олардың алдын алу;

Студент жасай білу керек:

· әр түрлі дәрілік қалыптарды рецептте жазу;

· Дәрілік қалыпты және дәрілік заттардың қолдану түрлерін, енгізу жолдарын таңдау;

· Рецептерге түзетулер енгізу, препаратты алмастыра білу, дозасын анықтау;

· Дәрілерді фармакологиялық қасиеттеріне, әсер ету механизмдеріне және әсер ету орнына байланысты әсерлерін талдап, топтастыра білу;

· әр түрлі мүшелер мен жүйелердің қызметін өзгертуге бағытталған және патогенді микроорганизмдерге, қарапайымдыларға, ішек құрттарына әсер ететін дәрілік заттарды таңдау.

· Дәрілік заттардың жанама және жағымсыз әсерлерін анықтап және олардың алдын алу;

· Жаңа дәрілік заттар арсеналын білу, олардың қолданылып жүрген препараттардан артықшылығы мен жиі қолданылатын синонимдерін білу;

Дағдыларды игеру:

· рецепттерді құрастыру, әр түрлі дәрілік қалыптарды рецептте жаза білу;

· Кейбір өмірге қажетті дәрілік заттарды рецепте жазу

· Дәрілік заттардың дозалары мен концентрациясын анықтау;

· Енгізу жолдарын анықтау;

· Клиникалық және аптека қызметкерлеріне және тұрғындарға дәрілік заттар туралы ақпараттармен қамтамасыз ету;

2.5 Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі пәндер

Реквизитке дейінгі: молекулалық биология және медициналық генетика, биологиялық химия, физиология - 1, микробиология, анатомия -1

Реквизиттен кейінгі: ішкі аурулар, хирургиялық аурулар және жұқпалы аурулар, клиникалық фармакология.

2.6 Пәннің қысқаша мазмұны.

Фармакология – дәрілік заттардың ағзамен әсерлесуі және жаңа дәрілік заттарды іздестіру жолдары туралы ғылым.

Соңғы жылдары жаңа дәрілік заттардың пайда болуы фармакологияның қарқынды дамуына жол ашты. Сондықтан, фармакотерапия көптеген ауыруларды емдеудің негізгі жолы болып табылады. Осыған орай, фармакология медициналық білім беру саласында негізгі орын ала отырып, кез келген саладағы дәрігерлер үшін қажетті пән болып табылады

2.7 Дәрістердің, практикалық сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспарлары

Практикалық сабақтың тақырыптары Өткізу қалпы Оқу сағ. көл емі Компетенциялар
когнитив. практ.дағ. құқықтық комм.дағ. Өзіндік жұмыс
Жалпы рецептура. Қатты және жұмсақ дәрілік қалыптар. Жалпы фармакология Қатты және жұмсақ дәрілік қалыптарға рецепт жазуды рәсімдеу мен құрастырудың жалпы принциптері          
Шеткі жүйке жүйесіне әсер ететін заттар. М- және Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар. М- холинорецепторларға әсер ететін заттар. Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар Тақырыпты талдау, аз топтарда жұмыс, дискуссия, тесттік және жағдайлық есептерді шешу, электронды оқулықтармен және оқу құралдарымен жұмыс +        
Адренорецепторларға әсер ететін заттар Тақырыпты талдау, дискуссия, аз топтарда жұмыс, талдаумен рецепт жазу, Кейс-стади   +      
Орталық жүйке жүйесіне әсер ететін заттар. ГАМК-рецепторларға әсер ететін заттар. Ұйықтатқыш заттар. Тырысуға қарсы заттар Тақырыпты талдау, дискуссия, аз топтарда жұмыс, талдаумен рецепт жазу, Кейс-стади, видеофильм көрсету   +      
Опиатты рецепторларға әсер ететін заттар (наркотикалық анальгетиктер). Наркотикалық емес анальгетиктер. Стероидты емес анальгетиктер Аз топтарда жұмыс, тесттік тапсырмаларды шешу және Кейс-стади, кестелерге, суреттерге сараптама жасау, видеофильм көрсету   + +   +
«Жүйке жүйке жүйесіне әсер ететін заттар» бөлімі бойынша аралық бақылау Тақырып бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу, талдаумен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу + +   +  
Микробқа қарсы заттар. Антибиотиктер Тақырыпты талдау, дискуссия, аз топтарда жұмыс, талдаумен рецепт жазу, Кейс-стади   +      
Туберкулезге қарсы заттар. Вирусқа қарсы заттар Тақырыпты талдау: ауызша сұрау, тесттік және жағдайлық есептерді шешу, кестелерге, суреттерге сараптама жасау, аз топтарда жұмыс +       +
«Микробка қарсы заттар» бөлімі бойынша аралық бақылау Тақырып бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды шешу, талдаумен рецепт жазу, жағдайлық есептерді шешу + +   +  
  Барлық сағат саны            

2.7.1 СОӨЖ тақырыптық жоспары

СОӨЖ тақырыптары Қысқаша мазмұны Өткізу қалпы және бақылау Оқу сағ. көл емі Өткізу қалпы
Сұйық дәрілік қалыптар. Инъекцияға арналған дәрілік Әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазуды рәсімдеу мен құрастырудың жалпы принциптері Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жазу, препараттардың бір реттік және тәуліктік дозасын есептеу Кеңес беру
Афферентті иннервацияға әсер ететін заттар (жергілікті анестетиктер, қаптаушы, қармаушы, адсорбциялаушы заттар) Афференттік иннервацияға әсер ететін заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
«Әсері тікелей емес адренергиялық заттар (симпатомиметиктер, симпатолитиктер) Адренергиялық синапсқа әсер ететін заттар, жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Аз топтарда жұмыс, сабақтың тақырыбы бойынша кеңес беру, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс, интерактивті оқыту әдістері Кеңес беру
Эпилепсияға қарсы заттар Эпилепсияға қарсы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Паркинсонға қарсы заттар. Паркинсонға қарсы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттар Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Микробқа қарсы әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық заттар. Сульфаниламидті препараттар Микробқа қарсы әртүрлі химиялық құрылысты синтетикалық және сульфаниламидті препараттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Мерезге қарсы заттар. Саңырауқұлаққа қарсы заттар Вирусқа қарсы және саңырауқұлаққа қарсы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Гельминттерге қарсы заттар. Қарапайымдылар ға қарсы заттар. Гельминттерге және қарапайымдылар ға қарсы қарсы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
Имммундық үрдістерге әсер ететін заттар. Аллергияға қарсы заттар Имммундық үрдістерге әсер ететін және аллергияға қарсы заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Тақырып бойынша кеңес беру, аз топтарда жұмыс, өзіндік бақылау үшін жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, кестемен және оқулықпен жұмыс Кеңес беру
  Барлық сағат    

 

2.7.2. Судентердің өзіндік жұмыс тақырыптары (СӨЖ)

Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптары Қысқаша мазмұны Өткізу қалпы және бақылау Ұзақты ғы сағатпен
Дәрілік заттардың әсерлер інің ағза қасиеттеріне тәуелділігі. Фармакологиялық әсерлердің дәрілік заттардың қасиеттері мен қабылдау түріне тәуелділігі Фармакологиялық әсерлердің дәрілік заттардың қасиетіне және оларды қолдану жағдайы, сонымен қатар ағзаның қасиетіне, және сыртқы орта факторларына тәуелділігі. Рефератты дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау  
Дәрілік заттардың әсерінің биоырғаққа тәуелділігі. Хронофармакология туралы түсінік. Хронофармакология. Биоритмнің дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсері Рефератты дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Тітіркендіргіш заттар Тітіркендіргіш заттардың жіктелуі, әсер механизмі және сипаттамасы Эссе дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар Дофаминергиялық рецепторлардың локализациясы. Дофаминергиялық синапсқа әсер ететін заттардың жіктелуі. Дофаминомиметиктер, дофаминоблокаторлар. Эссе дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Пуринергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар Пуринергиялық рецепторлардың локализациясы. Пуринергиялық синапсқа әсер ететін заттардың жіктелуі. Рефератты дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Наркозға арналған дәрілік заттар Жіктелуі. Наркозға арналған дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы Тестік тапсырмаларды шешу. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Этил спирті. Алкоголизмнің әлеуметтік аспектілері Этил спиртінің жергілікті және резорбтивті әсерлері. Медициналық тәжірибеде қолданылуы. Тестік тапсырмаларды шешу. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Тәуелділік шақыратын дәрілік заттар Тәуелділік шақыратын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы. Алдын алу шаралары Презентация дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Орталыққа әсер ететін анальгетикалық белсенділігі бар опиоидты емес препараттар Орталыққа әсер ететін анальгетикалық белсенділігі бар опиоидты емес препараттардың Фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы Кесте дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау  
Витаминдік және коферменттік препараттар Жіктелуі. Витаминдік және коферменттік препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы Бір реттік мөлшерін есептей отыра рецепт жазу. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен, ақпараттық электронды жүктемемен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Қан сарысуын алмастырушы және дезинтоксикациялық ерітінділер Жіктелуі. Қан сарысуын алмастырушы және дезинтоксикациялық ерітінділердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы Кесте дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
Ісіктерге қарсы заттар Жіктелуі. Ісіктерге қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы Кесте дайындау. Оқулықпен және қосымша әдебиетпен жұмыс. Педагогпен баллдық жүйе бойынша бағалау
  Барлық сағат  

 

*Ескерту.Әр студент аудиториядан тыс өзіндік жұмыс (АСӨЖ) бойынша 2 тақырыпты орындап, тапсыруы керек

 

2.8 Бағдарламалық препараттар.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал