Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зат есім, лексика-грамматикалық сипаты.






Зат есімдердің қ ай-қ айсысы болсын заттық ұ ғ ымды білдіретіндіктен, олар, негізінен алғ анда, біркелкі болғ андарымен іштей нақ тылық жә не абстрактілік, жалпылық жә не жалқ ылық, даралық жә не жинақ тылық, жекелік жә не топтық сияқ ты семантикалық категорияларды да қ амтиды. Мысалы: ағ аш, су, шө п, темір тә різді сө здер, ә детте кө збен кө ріп, қ олмен ұ стап тануғ а боларлық тай нақ тылы, деректі ұ ғ ымдармен байланысты ұ ғ ымдарды білдірсе, ақ ыл, сана, ой, ық пал секілді сө здер ойлау, топшылау қ абілеттері арқ ылы танылатын абстрактілі заттармен байланысты ұ ғ ымдарды білдіреді.

Зат есімдердің ішінде даралау жә не жинақ тау ұ ғ ымын білдіру қ абілеті де жоқ емес. Мысалы: қ ұ рт, қ ұ мырсқ а, апа, қ арындас, тө сек, орын тә різді дара сө здер белгілі заттардың аты болса, қ ұ рт-қ ұ мырсқ а, апа-қ арындас, тө сек-орын сияқ ты қ ос сө здер белгілі бір ұ ғ ымдарды жинақ тап, олардың топ-тобының атын білдіреді. Керісінше, мая-мая, қ ора-қ ора, жал-жал, тау-тау, тө бе-тө бе сияқ ты қ ос сө здер бө лу я даралау ұ ғ ымын білдіреді.

Зат есімдерді іштей семантикасының ө зара орайлас астас болуларына қ арай, ә лденеше топқ а бө луге болады. Мысалы: семантикалық ерекшеліктеріне қ арай, зат есімдерді іштей мал атаулары, ө сімдік атаулары, қ ұ рт-қ ұ мырсқ а атаулары, ү й мү ліктерінің атаулары, қ оғ амдық тұ рмыстың, саяси-ә леуметтік саласында қ олданылатын атаулар деген сияқ ты неше алуан топқ а жіктеуге ә бден болады.

Дегенмен, зат есімнің ішінде ө здеріне тә н семантикалық жә не грамматикалық ерекшеліктері бар кейбір топтар да жоқ емес. Ондай семантикалық жә не грамматикалық ерекшеліктері бар топтарғ а: адамзат (кімдік) жә не ғ аламзат (нелік) есімдерін, жалқ ы есімдерді, кө птік мә нді есімдерді, эмоциялы-экспрессивтік зат есімдерді, кө мекші есімдерді жатқ ызуғ а болады.

(А. Ысқ ақ ов «Қ азіргі қ азақ тілі». Алматы «Ана тілі», 1991).

Лексикалық -семантикалық ө рісі аса кең сө з таптарының бірі осы – зат есімдер. Мұ ны аң ғ ару ү шін осы орайда оның қ ұ рамына енетін сө здердің мына секілді топтарын ішінара санамалап атап ө тудің ө зі-ақ жеткілікті. Олар: кү нделікті тұ рмысымызда жиі айтылып, жиі қ олданылатын тү рлі бұ йымдар мен нә рселердің аттары (ыдыс-аяқ, киім-кешек, табақ, қ алам, қ ағ аз); тағ амдардың аттары (сорпа, қ азы-қ арта, жент, тұ з); жан-жауарлар атаулары (жылқ ы, тү йе, ақ бө кен, киік); ө сімдік атаулары (қ айын, баялыш, тобылғ ы, бидайық); табиғ ат денелері мен қ ұ былыстардың аттары (жауын-шашын, ай, жұ лдыз, боран, аяз); адамның кә сібін, тегін, мамандығ ын, қ абілетін, қ оныс-тұ рағ ын білдіретін сө здер (мұ ғ алім, тілші, диқ ан, қ аламгер, алыпсатар, қ ызметкер, саятшы, керей, найман, қ азақ, орыс); тұ рмыс-салтқ а, ә дет ғ ұ рыпқ а байланысты айтылатын сө здер (кө кпар, шілдехана, жар-жар).

1. Адамзат жә не ғ аламзат;

2. Жалпы жә не жалқ ы есімдер;

3. Кө птік мә нді есімдер;

4. Рең дік жә не ү стеулік мә нді есімдер;

5. Эмоция-экспрессия рең і бар есімдер;

6. Кө мекші есімдер;

Ө зге сө здермен сө йлем ішінде грамматикалық қ атынасқ а, байланысқ а тү суіне орай зат есімге тә уелдік, септік, жіктік жалғ аулары жалғ анады, сондай-ақ олар сө йлемде не жекеше, не кө пше тұ лғ ада айтылады. Осығ ан сә йкес оның тү рлену жү йесін зат есімнің тә уелденуі, септелуі, жіктелуі, кө пше тү рде қ олданылуы деп аталатын ірі-ірі грамматикалық категорияларғ а бө ліп кө рсетуге болады.

(Қ азақ грамматикасы, 2002ж.)

Проф. А.Ысқ ақ ов зат есімдерді семантикалық жағ ынан іштей нақ тылық жә не абстрактілік, жаппылық жә не жалқ ылық, даралық жә не жинақ тылық, жекелік жә не топтық деген тү рлерге бө лсе, С.Омарбекұ лы " Табиғ ат пен қ оғ амдық тіршіліктің қ ыр-сыры қ аншалық алуан тү рлі болса, олардың бас-басына дерлік атауыш ретінде жұ мсалатын тілдегі сө здер де соншалық алуантү рлі. Зат есімдер тікелей сезім арқ ылы тануғ а болатын дү ниедегі нақ тылы нә рселерден (су, жылқ ы, тағ ам, жел, дауыл, жейде, тал, терек, у-шу, айқ ай, қ ойын, қ оныш) бастап, адамның тек ақ ыл-ой қ абілетінің жә рдемі нә тижесінде ғ ана тү сінілетін тү рлі абстракт ұ ғ ымдардың (наным, шама- шарық, ынсап, нарық, мінез-қ ұ лық, кә де-жора, ырым, пікір) аттарын да білдіре алады «, -дейді.Сонымен қ атар ғ алым зат есімнің жалқ ы, жалпы, жиынтық мә нді, адамзат, ғ аламзат есімдер деген тү рлерін де атағ ан. Зат есімдерді семантикалық топтарғ а бө луде Ә.Тө леуов нақ тылы жә не абстрактілі, жалқ ы жә не жалпы (жинақ ты, жіктемелі) деген топтармен шектеледі.Осылайша, ғ алымдардың зат есімдерді лексика-грамматикалық жағ ынан бірнеше топтарғ а бө ліп кө рсетулері ол топтардағ ы зат есімдердің ө зіндік ерекшеліктері бар екенін байқ атады. Сонымен зат есімдер адамзат жә не ғ аламзат есімдері, жалпы жә не жалқ ы есімдер, кө птік мә нді есімдер, эмоциялы-экспрессивтік рең ді есімдер, кө мекші есімдер деген ірі топтарғ а жіктеледі.Қ азақ тілінде зат есімдер кім? не? сұ рақ тарына жауап беруіне байланысты ү лкен екі топқ а бө лінеді. Зат есімдердің осылай екі топқ а бө лінуі басқ а тілдердің зат есімдерінен ө зіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А.Ысқ ақ ов персондық жә не бейперсондық деген атаулар енгізді, яғ ни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалық сұ рақ қ а жауап беретін сө здер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұ рақ қ а жауап беретін сө здерді жатқ ызды. Ғ алым бұ л терминдерді " Қ азіргі қ азақ тілі» оқ улығ ының 1974 жылғ ы басылымында адамзат есімдері мен ғ аламзат есімдері деп ө згертті. Сондай- ақ кім? деген грамматикалық сұ рауғ а жауап беретін зат есімдерді ө з ішінде тағ ы да бірнеше мағ ыналық топтарғ а бө ліп кө рсетті: а) адамғ а тә н атаулар: бө пе, бала, ұ л, қ ыз т.б. ә) туыс атаулары: ағ а, іні, нағ ашы, жиен т.б. б) іс-ә рекетпен кә сіп-мамандық иелерінің атаулары: студент, оқ ытушы, дә рігер, заң гер т.б. в) ә р алуан қ ызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, ә кім, директор т.б. г) кісі атаулары: Арман, Дә урен, Ә лия, Раушан т.б.

Проф. А.Ысқ ақ ов не? деген грамматикалық сұ рау, ә детте адамнан ө зге барлық жануарлардың жә не кү ллі заттар мен нә рселердің атауларына қ ойылады дей келіп, оларды-деректі я дерексіз заттар мен заттық ұ ғ ымдардың атаулары, ө сімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен қ ұ стың атаулары, балық аттары, қ ұ рт-кұ мырсқ а, бақ а-шаян аттары, мекен, қ опсы, қ ұ рал-жабдық атаулары секілді бірнеше тү рлерге бө лген.Ғ алымның бұ л пікірлерімен келісе отырып, ғ аламзат есімдерін ө з ішінен жанды заттар атаулары жә не жансыз заттар атаулары деп, екі мағ ыналық топқ а бө луге болады. Сонда жанды зат атауларына адамнан басқ а кеуд-сінде жаны бар тіршілік атаулары жатады да, жансыз зат атауларына ө лі табиғ ат денелері мен ө сімдіктер дү ниесіне қ атысты есімдер жатады.Бірақ тілімізде бұ л қ ағ идалардан ауытқ итын да жайттар кездеседі. Мысалы, егер адам есімдері жер-су, мекен атауына ауысса, соң ғ ы атауғ а не? деген сұ рау қ ойылады: Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай ө лке. Бірінші Алтай сө зіне кім?, екіншісіне не? деген сұ рақ қ ойылады. Ал керісінше, не? деген сұ рауғ а жауап беретін жай ғ ана жалпы есім кісі аты ретінде қ олданылғ анда, кім? деген сұ рауғ а жауап береді. Мысалы: бақ ыт, қ уаныш-Бақ ытХасенқ ызы, Қ уаныш Ү сенұ лы,

Ә.Тө леуов бұ дан басқ а кім? не? сұ рауларының ауысып жұ мсалатын мынадай орындарын кө рсеткен: «Ө зіміз кісі туралы сө йлей тұ рсақ та, сө йлемнің мағ ынасына қ арай ауызекі тілімізде, ертегілерде не кү лдіргі ә ң гімелерде ретіне қ арай кім? не? сұ раулар бірінің орнына бірі ауысып жұ мсала береді. Мысал ү шін, мен енді кім болдым? деудің орнына, мен енді не болдым? деп, ренжіп айта береді. Бұ л жерде ә ң гіме кісі туралы екенін сө йлемдегі сө здің контекстегі мағ ынасынан байқ аймыз. Мұ ндай жағ дайда не? деп сұ рау коя тұ рсақ та, контекстегі мағ ынасына қ арай, ә ң гіме кісі туралы екенін аң ғ арамыз «, - дейді.Қ азақ тіл білімінде зат есімдерді жалпы есім жә не жалқ ы есім деп екі топқ а бө лу А.Байтұ рсынов оқ улығ ынан басталады. Ғ алымның ө з сө зімен айтқ анда, «зат есім екі тү рлі болады: біреулері-нә рсенің дербес ө з басына ғ ана қ ойылғ ан: жалқ ы есім. Екіншілері-нә рсенің біріне емес, барлық табына қ ойылғ ан: жалпы есім», -дей келіп, жалқ ы есімдерге- Ахмет, Ашымтай, Ағ ытай, Қ ызылжар, Семей, Қ ырым, Қ ытай, жалпы есімдерге: кісі, еркек, қ апа, дала, ел, жұ рт, ұ лт, ө лке секілді мысалдар келтірген.Зат есімдерді семантикалық жә не грамматикалық жағ ынан осылайша жалпы жә не жалқ ы есімдер деп бө лу кейінгі оқ улық тар мен зерттеулерде жалғ асып келеді. Мысалы, проф. А.Ысқ ақ ов жеке я дара заттарғ а берілген зат есімдерді жалқ ы есім деп, тілдегі ә р алуан деректі жә не дерексіз заттар мен ұ ғ ымдарды білдіретін зат есімдерді жалпы есімдер деп атаса, Ә.Тө леуов " Кейбір зат есімдер тобы жеке нә рсенің ө зіне арнай қ ойылғ ан атын кө рсетсе, кейбіреуі жинақ ты, жалпылама нә рсенің атын кө рсетеді. Мә селен, тау, ағ аш, жусан, сексеуіл деген сө здер бірың ғ ай кө птеген заттардың жалпылама аттарын кө рсетсе, Асан, Алатау деген сө здер- кө птеген заттардың ішінен бө ліп алынғ ан жеке нә рсенің арнаулы аты. Осындай мағ ыналық ерекшеліктеріне қ арай зат есімдер жалқ ы есім, жалпы есім болып екіге бө лінеді „ -деп сипаттағ ан. Осы пікірмен ү ндестікті 2002 жылы шық қ анакадемиялық грамматикадан да кездестіреміз. " Жеке адамдарғ а, дү ниедегі жеке заттар мен қ ұ былыстарғ а атауыш болып келетін сө здер жалқ ы есімдер, ал бір-біріне ұ қ сас нә рселер мен қ ұ былыстардың, жан-жануарлардың жалпылама атауышы, ортақ атауы ретінде жұ мсалатын сө здерді жалқ ы есім " деп аталғ ан.

Зат есімдердің семантикалық топтарының бірі- кө птік мә нді есімдер. Тілімізде ө зі арқ ылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я қ амтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұ бат, адыраспан, ө рік, кү міс, қ уаныш секілді зат есімдер кө птік ұ ғ ымды білдіреді. Сондық тан, ғ ылымда " затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер кө птік мә нді есімдер,, деп аталады. Олай болса, кө птік мә н деген ұ ғ ым заттың санымен байланысты екенін кө руге болады. Бірақ кө птік мә нді есімдер заттың санын дә л атамайды, сол заттың саны кө п екендігін байқ атады, яғ ни бұ ндай есімдердің лексикалық мағ ынасының ө зінде кө птік мә н бар, тек қ ана тұ лғ асы жекеге ұ қ сайды. Мысалы, шаш, дә н, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалық кө рсеткіші болмаса да, кө птік мә нді білдіреді.Проф. А.Ысқ ақ ов кө птік мә нді есімдерді мынадай тү рлерге бө леді:

1. Сұ йық заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.

2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, тү тін т.б.

3. Уақ, ұ нтақ заттардың, ұ йысқ ан заттар мен бытыранды, таранды, ү гітінді заттардың атаулары: ұ н, шаң, тозаң, бетегет.б.

4. Дерексіз ұ ғ ымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғ ыс, ақ ыл, дау т.б.

5. Ө здігінен табиғ и бө лшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, қ ола, қ ұ рыш т.б.

б.Жаратылыс қ ұ былыстарының атаулары: боран, жаң быр, қ арт.б.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.