Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Фонетикалық ерекшеліктер. Дауысты дыбыстардың алмасуы






Дә ріс тезисі: Қ азақ тілі говорларындағ ы дауысты дыбыстардың алмасып келуі тө мендегідей топтардан байқ алады:

1. Еріндік о ~ ұ, ө ~ ү немесе ұ ~ о, ү ~ ө дыбыстары алмасуы;

2. Езулік дыбыстардың алмасуы:

а) езулік ашық а, е- нің езулік қ ысаң ы ~ і дыбыс алмасуы;

ә) езулік жің ішке ә – е дыбыстарының алмасуы;

б) жуан а – ы- ның жің ішке ә, е, і дыбыстарымен алмасуы.

3. Еріндік қ ысаң ұ ~ ү жә не езулік қ ысаң ы ~ і дыбыс алмасуы

4. И- дың орнына жалаң ы, і дыбыстарының келуі

О ~ Ұ, Ө ~ Ү дыбыстарының алмасуы туралы ең алғ аш рет С.Аманжолов сө з еткен болатын, кейін келе Ж.Досқ араев пен Н.Сауранбаев та аталғ ан дыбыс алмасуларының кездесетінін дә лелдеген. С.Аманжолов Қ азақ станның батыс ө ң ірінде қ олдану – қ ұ лдану, сорақ ы – сұ рақ ы, қ орытынды – қ ұ рытынды, сонар – сұ нар, ойран - ұ йран, шойнақ – шұ йнақ, шошқ а – шұ шқ а т.б. сө здерде о - ұ дыбыс алмасуы кездесетінін айтқ ан. Ал С.Омарбеков ө ~ ү, о ~ ұ дыбыстарының алмасуы Маң ғ ыстау аймағ ында кездесетінін мысалдармен дә лелдейді: кө мескі – кү міскі, ө гей – ү гей, дө нен – дү нен, қ орылдау – қ ұ рылдау т.б. Бұ л алмасулар тек сө здің алғ ашқ ы буынында ғ ана ұ шырайды, – дейді. Зерттеуші О.Бө рібаев та «о» дыбысының алмасуына тоқ тала келіп, С.Аманжолов пен С. Омарбековтің пікірлерін қ остайды.

Ұ ~ о, ү ~ ө дыбыстарының алмасуы Қ азақ стан жерінде кең дамымағ ан қ ұ былыс. Алайда кейбір ө ң ірлерде аздап болса да ұ шырасады. Мысалы, Қ останай ө ң ірінде: мұ рсат ~ порсат, бұ рау ~ борау, шұ райлы – шорайлы; Семейде: сұ лтан ~ солтан, Сұ лтанғ азы ~ Солтанғ азы, кү нделікті – кө нделікті, Ақ сұ пы – Ақ сопы; Алматыда: ұ қ сау ~ оқ шау, ұ ждан – ождан т.б.

Жоғ арыда аталғ ан дыбыстардың алмасуы негізінен Қ азақ станнан тыс жерлерде тұ ратын қ азақ тар тілінде кездеседі екен. Мысалы, Орынбор қ азақ тарының тілінде: ұ рпақ – орпақ, ұ қ сату – оқ сату, шұ райлы – шорайлы; Қ арақ алпақ стан қ азақ тарында: мұ ржа – боржа, моржа; Ө збекстанның Тамды ауданында тұ ратын қ азақ тар тілінде: сұ рау – сорау, тү неру – тө неру, мұ ржа – боржа т.б.

Езулік ашық дауыстылар мен езулік қ ысаң дауысты дыбыстардың алмасуы. Е ~ і дыбыстарының алмасуы Оң тү стік Қ азақ стан облысының Жетісай, Тү лкібас, Сайрам аудандарында, Алматы облысының Талғ ар, Кеген, Қ арасай /Нарынқ ол/, Жаркент, Ақ су аудандарында, Шығ ыс Қ азақ стан облысының Кө кпекті, Абай, Ақ суат, Кү ршім, Тарбағ атай аудандарында жә не Монғ олия, Алтай қ азақ тарының тілінде ұ шырасады. Мысалы: ешкім – ішкім, ешбір – ішбір, міне – міні, бә йге – бә йгі, тә йкетә йкі, тә йгі, ә уелі – ә уілі, ө ткел - ө ткіл, жебір – жібір, жү йкесі – жү йкісі, икемді – икімді, ерегісу – ерегесу т.б.

А ~ ы дыбыстарының алмасуы кең тарағ ан қ ұ былыс. Дегенмен бұ л алмасудағ ы кейбір сө здер ө зіндік изоглоссағ а тә н. С.Омарбековтің айтуынша, Қ останай, Семей жә не Монғ олия қ азақ тарының тілінде тыстау сө зі тастау (тастап кету, қ алдыру) мағ ынасын береді. Диалектолог О.Нақ ысбеков Шығ ыс Қ азақ стан ө ң ірінде айырмасы сө зі айырмысы тү рінде, ал батыс Қ азақ стан аймағ ында қ аймық па сө зі қ ыймық па тү рінде кездесетінін айтады.

Ы ~ а дыбыс алмасуы қ азақ говорларында аса кең таралмағ ан қ ұ былыс. Ы ~ а дыбыс алмасуын тү рколог Ғ.Айдаров кө ршілес қ ырғ ыз тілінің ә серінен деп табады.

А ~ ә дыбыс алмасуы кең тарағ ан тілдік қ ұ былыс. Мысалы: мансап – мә нсап, ә йел ~ аял, залым – зә лім, қ адыр – кә дір, қ айтып – кә йтіп, аруақ – ә руақ, жардам – жә рдем, мазмұ н – мә змұ н т.б.

А ~ ы дыбыстарының алмасып келуі кө птеген облыстарда кездесетінін білеміз. Зерттеушілер а мен ә дыбысының алмасып келуі де біршама аймақ ты қ амтитынын айтады. Сонымен, а ~ ә дыбыс алмасуы о ~ ұ алмасуына қ арағ анда кө не қ ұ былыс деп білеміз. Сондай-ақ сө йлеу тілінде басқ а да дауысты дыбыстардың алмасып келуі ұ шырасады. Ы ~ і жә не і ~ ы дыбыстарының алмасуы: ысырып ~ ісіріп, жиылғ ан – жиілген, тиын ~ тиін, сыпыртқ ы – сібірткі, шыр ете тү сті – шір ете тү сті, залым – зә лім, ылаж – ілә ж, тырнақ тау – тірнектеу; он бір ~ он быр, бірсыпыра ~ бырсыпыра, тиісті ~ тиысты, Ілияс ~ Ылыяс, піскен ~ пысқ ан, бысқ ан, шетінеп – шатынап, кә ртеміш – қ артамыс т.б.

Ү ~ ұ / ы ~ і дыбыстарының алмасуы: бызау – бұ зау, қ ыбыла – қ ұ была, тымақ ~ тұ мақ, пышық ~ пұ шық, шыбыр шұ бар, былақ ~ бұ лақ, ін-тін жоқ ~ ү н-тү н жоқ; ылбырағ ан сұ лу ~ ү лбіреген сұ лу, індемеу ~ ү ндемеу, бидай ~ бұ йдай, былғ ары ~ бұ лғ ары, шылғ ау ~ шұ лғ ау т.б.

Е ~ і дыбыс алмасуы: кесіртке ~ кесертке, ерегіс ~ ерегес, кірпіш ~ керпіш, ілеген ~ елеген, икемді ~ икімді, игеру ~ игіру, зейін ~ зыйын т.б.

Негізгі ә дебиет: 1. [1.7: 2], 2. [1.7: 2], 3. [1.7: 10].

Қ осымша ә дебиет: 1.[1.7: 9], 2.[1.7: 10].

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.