Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция. Құқық қорғау органдары




1 Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы

2 Құқық қорғау қызметі

3 Құқық қорғау органдары

1.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары дегеніміз бұзылған құқықты орнына келтіруге , заң бойынша міндеттің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органның мәжбүрлеу қызметі.Осы шараларды қолдау үшін ерекше құқық қорғау органдары құрылады. Кез – келген мемлекет-қоғамның барлық саласында да жалпыға бірдей қоғамдық тәртіп пен заңдылықтарды жүзеге асырғанда ғана өркениетті даму жолымен ғана дамиды.Қабылданған заңдылықтардың сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдар болады. Олар:сот, пропкратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары.

Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылады және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуға жәрдемдеседі.

Құқық қорғау органдарының басты мақсаты:

- құқық бұзушылықты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын алу;

- құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда жауапкершілікке тарту.

Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

2.Құқық қорғау қызметі негізгі үш нысанда жүзеге асырылады.

а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен;

б) заңды істерді қарау және шешу жолымен;

в) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.

Барлық құқық қорғау органдарының ортақ міндеттері

-бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдылық талаптарын бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету; Құқық қорғау органдарының өздерінің өкілеттігі шеңберінде шұғыл іздестіру қызметін алдын-ала тергеуді жүзеге асырады, құқықтық бұзулар туралы айғақтар жинайды.



-құқық қорғау органдары азаматтардың құқығы мен бостандықтарын, әр алуан ұйымдардың заңды мүдделерін қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз өкілеттігі шеңберінде қатаң әрекет жасауға міндетті. Олар үшін олар өз қызметінде өздеріне ортақ қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс.Олар:

- заңдылық;

-адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші кезекте қорғау;

-бәрінің де заң алдындағы теңдігі этикалық нормаларды сақтау;

- саяси партияларда болуға тыйым салу.

3.Құқықты қорғау үшін мемлекетімізде мынандай органдар құрылған:

Сот. Біздің елдегі сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Құқық қорғау қызметі- кез-келген тәсілмен ғана емес,ықпал етудің заңдық шараларын қолданудың көмегімен жүзеге асырылады.Құқық қорғау органдары заңдылықты бұзуға жол бермейді, құқықты қалпына келтіреді, құқық бұзушылықтың зардаптарын жояды.



3.Сот.Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75- бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады.Сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар және аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын,ол бұзылған жағдайда қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес,өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады,іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады,ол бойынша заңды әрі негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген.Сот азаматтық және шаруашылық жөніндегі шешімдер мен талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады.Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот ғана тағайындай алады. Қазақстан Республикасының барлық соттарының, судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір-бірінен тек өклеттіктерімен ғана ерекшеленеді.Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өклеттіктер беріледі,ол өз міндеттерін тұрақты түрде орындайды және сот билігін жүргізуші болып табылады.

Прокуратура.Прокуратура заңның дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық мәртебесі,қызметтік ұйымдастырылуы,қызмет тәртібі,прокурорлардың өклеттігі Конституциямен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығымен,халықаралық шарттармен,прокуратура қызметінің жекелеген қырларын реттейтін әрі шектейтін заңдармен, сондай-ақ Бас прокурордың бұйрықтарымен реттелген. Прокуратураның орталықтандырылған бірегей жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады,ал оған облыстық прокуратуралар,республикалық дәрежедегі қалалық және республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оған теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар кіреді.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорын Республика Парламенті Сенатының келісімімен Президент тағайындайды.

Сонымен,прокуратура мемлекеттік билік тармақтарының бөлінісі және өзара қатынасындағы ерекше орган.Оның басты мақсаты – Республиканың аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативті құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады.Прокуратура сотта мемлекет мүддесін қорғап, Конституция мен заңдарға қайшы келетін нормативтік актілерге наразылық білдіреді.Сөйте тұра, прокуратура басқа мемлекеттік органдарды алмастырмайды, ұйымдардың қызметіне және азаматтардың жеке өміріне араласпайды.

Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығымен реттеледі.Заң бойынша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:

-жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;

-қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-қылмысқа қарсы күресу;

-өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды және әкімшілік шараларды қолдануды орындау;

-жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған жүргізуші мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының біріңғай жүйесі Ішкі істер министрлігінен, оған бағынышы облыстардағы, қалалардағы, транспорттағы ішкі істер басқармаларынан, қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері және басқа мекемелерден құралады.

Ұлттық қауіпсіздік органдары.Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі және сыртқы қауіп-қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар.

Бұл органдардың қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» заң күші бар Жарлығы реттейді.

Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, оның жергілікті органдарынан және басқа да тиісті мекемелерінен құралады.

Әділет органдары.Қазақстан Республикасының әділет органдары, өз құзіреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы» заңы реттейді.

Заң бойынша әділет органдарының міндеттері мыналар:

- заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу;

- заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және оған жасалатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

- құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

- сот сараптамасы қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

- қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемлерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету;

Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару органдарын қамтитын әділет органдарынан және өзге ұйымдардан құралады.

Қаржы полициясы. Қазақстан Республикасының қаржы полициясының органдары:

- заңмен белгіленген өкілеттіктері шегінде жедел іздестіру қызметін;

- алдын-ала тергеу және анықтау;

- әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.

2002 жылғы 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Заңның 5 бабына сәйкес қаржы полициясына өклеттігі шегінде мемлекеттік экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтарын қамтамсыз ету, салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтарын алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ішінде мемлеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттері жүктелген.


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал