Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лекция. Меншік құқығы туралы жалпы ережелер




  1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны
  2. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы туралы заңдардың дамуы
  3. Меншік құқығына және өзге заттық құқықтарға ие болу негіздері
  4. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

1. Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек. Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді – табиғаттың өнімдері мен еңбекті – меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.

Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген сон, өндіріс барысында пайдаланып, оған етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.

Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.

Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс, заңдар мен басқа да заңдық, нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда – шын мәнінде объективтік мағынада меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз (мысалы, АК-тің 188-276-баптары). Меншік құқығының объективті нормалары негізінде нақтылы меншік иесі өз қалауы бойынша өзіне тиесілі мүлікті пайдалануына және оған билік етуге құқылы екендігіе, яғни сату-сатып алу, жалға беру және тағы басқа белгілі заңдық фактілерді жүзеге асыра алатындығын әңгіме еткенімізде меншік құқығының субъективті жағына тап боламыз (АК-тің 188-бабы).



АК-тің 188-бабында меншік құқығына мынандай анықтама берілген: “Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы”.

Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жаңынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады.Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды.

Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты (мүлікті) заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі.



Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін (АК-тің 188-бабы 2-тармағы).

Пайдаланудың өкілеттік құқығынан жай пайдалануды ажырата білу керек. Пайдаланудың өкілеттік құқығы – затты пайдалануға құқықты қамтамасыз ететін меншік құқығы субъектісінің өкілеттілігі. Пайдалану – осы құқықты жүзеге асыру болып табылады, яғни затты нақты пайдаланып немесе оны қашан кіріс алғанша тұтыну.

Заң негізінде немесе басқа да құқылық құжаттарға орай меншік иесі өкілеттілігінен айрылуы не құқығы шектелуі мүмкін. Мәселен, тұрғын үйді не оның бір бөлігін тұрғын жай мақсатынан тыс пайдалану жағдайы заң арқылы жүзеге асады (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 4-бабы).

2. Қазақстан Республикасының ұлттық меншігі құқығының қалыптасуы айтарлықтай қиын жағдайда өтті. КСРО-ның азаматтық заңдары жеке меншікті мойындамай, мемлекеттік меншікті халықтың меншігі деп жоғар деңгейде тәртіптеді. КСРО Конститутциясы социалистік меншіктің үш нысанын бөліп қарады: мемлекеттік, колхоздық-кооперативтік және кәсіподақтар мен басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі, сондай-ақ социалистік меншіктен туындайтын өзіндік меншік (КСРО Конститутциясының 10,11,12-баптары, Қазақ КСР Конститутциясының 10,11,12-баптары.)

90-шы жылдардың басынан бастап “социалисттік меншіктен” бас тарту үрдісі басталды. КСРО Конститутциясының 10-бабы (КСРО Заңының редакциясы 1990-жылғы 14-наурыз) және 1990-жылы 6-наурыз КСОР –дағы “Меншік туралы” Заңның 4-бабы 1-тармағының негіздерінде меншік мынадай түрлерге бөлінеді: “азаматтық меншігі, ұжымдық және мемлекеттік”. КСРО Конститутциясының 11-бабына сәйкес мемлекеттік меншік бүкіл халықтың игілігі деп танылады. Мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік кеңес мемлекетіне жататын бір қорды құрды, ол бұл меншіктің дара және бірден-бір субъектісі болды, ал Қазақ КСР-інің егемендігі тек сөз жүзінде қалды. КСРО-ның “Меншік туралы” заңы (21, 22, 23-баптары) жерді және басқа табиғи объектілерді ешқандай мемлекеттің құрылымының қарауына жатқызбады. Бұл объектілер КСРО-ға да, республикаларға да бірдей қарайтын, сөйтіп, шын мәнінде меншік субъектілерінің даралығына қайшы келді. Осындай жұмбақ тұжырымдар әр республикаға өз меншік құқығын бермей қойып, мынадай салдарға дұшар болды, айталық, осы баптарға сүйеніп, Қазақстан Украинаның жерін меншіктеуге, керісінше Украина қазақ жеріне құқылы болуына әкеп соқты. Әлгі “жалпы игілік” деген ұғымның өзі бұл мүлікті иесіздікке дұшар етті, зат бір қарағанда бәріне тиесілі болды, сонымен бірге оның нақты иесі де болған емес. Демек, әу бастан “халықтың игілігі” категориясы заңмен бектіле тұрса да, ешқандай ілгерілеуді әкелген жоқ. Өз кезегінде Қазақ КСР-нің Конститутциясы да меншік бүкіл халықтық деп жар салды, бірақ та “халық” деген сөз де тағы нақтылықты көрсете алмады. Егер меншік субъектісі экономикалық мағынада – халық десек, оның бір де бір бөлігі өз бетінше меншік иесі болып танылмады. Заттардың бүкілхалықтық болуы тауар – ақша қатынасына қайшы келді, нәтижесінде мемлекеттік мүлік нақты қатынастардан шығып қалды. Бірыңғай меншік иесіне тауарсыз экономика ғана тән еді. Шын мәнінде халық затқа емес, оның бір бөлігі (заңды тұлғалар мен азаматтар) иелік етуі тиіс. КСРО-дағы меншік туралы заңда бұрынғы “өзіндік меншік” ұғымының орнына “азаматтардың меншігі” деген жаңа ұғым пайда болды (2-бөлім). Заң әдебиеттерінде жеке меншік тек капиталистік шаруашылыққа ғана тән емес, бар болғаны тауарлы шаруашылықтың белгісі деп тұжырымдалды.

3.Меншік құқығын азаматтық құқықтың субъектілері әр түрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. АК-тің 235-бабында “тәсіл” ұғымы қолданылмайды (бір нәрсенәі жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншгік құқығы оның пайда болуымен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.

Меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық. Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын пайда болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып, жасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. АК-тің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлектеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісі жағдайларда – оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқығынан бас тартылған зат иесіз болып есептеледі.

АК-тің 240-бабына сәйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан қозғалмалы мүлік жөніндегі ережені жоққа шығармайды (АК-тің 243-бабы), атап айтқанда олар олжа (АК-тің 245-бабы), қараусыз жануарлар (АК-тің 245-бабы) және көмбе (АК-тің 247-бабы) жөнінде болады.

Олжа деп біреудің меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып алуын айтады.

Зат меншік иесінің шаруашылығында жатып, оны иесі қайда екендігін білмесе, ол олжа болып есептелмейді.

Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу да Азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас болып келеді (АК-тің 246-бабы). Қараусыз немесе қаңғып жүрген қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлары қараусыз жануарлар деп есептеледі. Егер мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып жүрген деп есептеледі.

а

4.Қазақстан Республикасы Конституциясы 6-бабында: “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік бірдей қорғалады,” – деп жазылған.Азаматтық кодекс меншіктің екі нысанында – жеке (191-бап) және мемлекеттік (192-бап) екендігін тәртіптейді.

Конституцияда меншікті екі нысанға бөліп қарау олардың мемлекетке меншік құқығының субъектісі ретіндегі қатынасының белгісіне орайластырылған. Осыған орай жеке меншік мемлекеттік емес меншік болып саналады. Егер меншік құқығының субъектісі мемлекет болса (тікелей немесе тиісті мемлекеттік органдар арқылы), онда әңгіме мемлекеттік меншік жөнінде болады. АЛ субъект мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса, онда жеке меншік деп есептелінеді.

Сонымен, меншікке субъектілер: мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер, заңды тұлғалар мен азаматтар бола алады.

Заң меншікті түрлерге де бөледі. Азаматтық кодекске сәйкес мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып екіге бөлінеді (192-бап).

Конституцияның 87-бабында коммуналдық меншікті басқару жергілікті атқару органдарының қарауына жатады делінген.

Мемлекет өкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүлікті өзінің органдары мен мемлекеттік зағды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі мен басқа рогандары өздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының атынан өзәрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен азаматтар өздеріне қарасты барлық мүліктің меншік иесі болып табылады. Мысалы, акционерлік қоғамның акциясына белгілі бір бөлігі мемлекетке тиесілі болғанымен, оны мемлекеттік меншік деп айтуға келмейді, себебі ол жеке меншік болып қала береді.

Азаматтардың жеке меншік категориясы жеке дара өзіндік меншік ұғымына сай келеді. Сонымен бірге, біздің пікірімізше ол азаматтардың меншігіне деген деке дара (өзіндік) (тұтынушылық) және жеке меншік ішкі дифференциацясы болуы қажет.

Жеке меншіктің ерекше түріне кондоминиум меншігі де жатады. Кондоминиум ұжымдық меншік түрінде көріне тұрса да (“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 31-бабы 1-тармағы) біздің Азаматтық кодексте ұжымдық меншік ұғымы жоқ екендігін ескерте кеткен жөн. Үй-жай меншік иелерінің әрқайсысы өзіне бөлек (жеке-дара) меншік құқығы бойыншы тиесілі үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы.

Кондоминиумның әр алуан түрінің құқылық тәртібінің ерекшеліктері заң құжаттарымен айқындалады, ал “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңда тұрғын үй кондоминиумы жайында айтылған.

Азаматтық кодекстің 209-бабына сәйкес екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.029 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал