Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жүзуге баулу жаттығулары






Ә рбір жү зу жаттығ улары жоспар бойынша ө ткізіледі. Кейде ауа райына байланысты ө згерістер болуы да мү мкін. Мысалы, сабақ ашық алапта ө туге тиіс болып, жаң быр жауып кетсе, амалсыздан залда гимнастикалық немесе басқ а да дайындық жаттығ уларын ө ткізуге тура келеді. Мұ ндай жағ дайда келесі сабақ тардың кө лемін кө бейтіп, бағ дарлама бойынша ө тпей қ алғ ан ә дістерді де сонда ү йрету керек.

Жаттығ улардың басталуы мен аяқ талуы ауызша ә мір немесе ысқ ырық арқ ылы беріледі. Тө менде келтіріп отырғ ан сабақ тар жү зіп ү йренушілердің жан-жақ ты дайындығ ын, жү зу ә дісін жә не спорттық шеберлігін одан ә рі жетілдіруге арналғ ан.

1-ші жаттығ у. Жаттық тырушы жү зіп ү йренушілердің ө здерін суда ұ стау қ абілетімен таныстырады да, кө зді ашып суғ а басты батыруғ а ү йретеді. Сабақ қ ұ рғ ақ та басталады жә не жаттық тырушы ү йренушілерді мынадай ережелермен таныстырады:

а/жү зуге ү йренушілерді сапқ а тұ рғ ызу, кезекшінің рапортын тың дау, ү йренушілерді тү гендеу, жаттығ у соң ында сапқ а тұ рудың міндетті екендігін айтып, ә мір бойынша оның қ алай орындалатынын кө рсету;

б/ә р ү йренушінің алапта ө зін-ө зі қ алай ұ стаудың жалпы тә ртібі туралы толық тү сінік беру;

в/ Алаптағ ы гигиена. Жаттығ у алдында ә р ү йренушінің міндетті тү рде душқ а тү суін, спорттық киімдерінде темір жә не қ атты заттардың болмауы, аяқ -қ олдардың тырнағ ының алынғ андығ ын байқ ау.

Суда сабақ қ а қ атысушыларғ а бір қ ашақ тық қ а жү зуге тапсырма беріп, олардың ә рқ айсысының қ алай жү зетіндігін, қ андай ә дісті жақ сы мең геретіндігін байқ ау. Мұ нан кейін жаттық тырушы терең дігі бір жарым метрлік алаптағ а су астында кө зді ашып жү рудің ә дісін кө рсетіп, оны барлық ү йренушілердің қ айталауын қ адағ алау қ ажет. Сонан соң мынадай жаттығ улар орындалады:

1. Алаптың ернеуінен ұ стап тұ рып, ә мір бойынша отыра қ алып суғ а бату. Іштерінен ү шке дейін санағ аннан кейін барлығ ы да тү регеледі. Бұ л 4-6 рет қ айталанады.

2. Бұ дан кейін осы жаттығ у су астында екі-ү ш рет орындалады.

3. Шең бер жасап, бірінші-екінші номерлерге бө ліну. Ә мір бойынша бірінші номерлі адамдар қ атты дем алып, суғ а батады да, онғ а дейін санағ анша тыныстарын алуды тежеп, су астында болады. Бұ дан соң ө з кө зегімен екіншілері орындайды.

4. Суғ а батардың алдында дем шығ ару тә сілімен машық тану керек.

5. Жаттық тырушылар жұ птасып, бір-біріне қ арсы тұ рып қ ол ұ стасады да, бірден суғ а батады. Су астында кө здерін ашып, бір-бірінің жү здеріне қ арайды, 2-3 реттен қ айталау керек.

6. Жаттығ у кезінде тек ү йренушінің біреуі ғ ана суғ а еніп, екіншісі бір қ олын тө мен батырады. Су ү стіндегі адам саусақ тарын бү гіп, жазып, ө згертіп отырады. 3-4 рет қ айталағ аннан кейін жұ птар алмасады.

7. " Кім тез"? деген ойын бойынша ү йренушілер екі топқ а бө лінеді.

Ә р топтың басшысы алысырақ барып тұ рады. Марш дегеннен кейін ү йренушілердің барлығ ы ө з топтарына қ арай жү гіреді. Кімдер ө з топтарына тез жетіп шең бер жасап тұ рса, сол топ жең ген болып есептелінеді. 2-3 рет қ айталанылады.

8. Жеті минут еркін жү зу.

Ескерту: Ү йренушілерге салқ ын тиіп қ алу қ аупінен сақ тандыру қ ажет.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.