Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шаруашылығы. 4 страница






28. Шың ғ ыс ханның Орта Азия мен Қ азақ станды жаулаудағ ы ә скери тактикасы. Шың ғ ысхан Шығ ыс Еуропа мен Алдың ғ ы Азияғ а жол ашатын Орта Азия мен Қ азақ станды жаулап алу жорығ ына жанжақ ты ә зірленді. Бұ л ү шін ол мұ сылман кө пестерінен, моң ғ олдардың қ ол астында болғ ан босқ ындардан мә ліметтер алып, Қ арақ ытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағ ы ішкі жағ дай мен ә скери кү штер туралы деректерге қ анық ты, соның негізінде ойластырылғ ан іс қ имылдың бағ дарламасын жасады.Шың ғ ысхан Қ азақ стан мен Орта Азияғ а жорық ты Жетісу арқ ылы жү ргізбекші болды. Ө з басының жеке жауы найманның ханы Кү шлік ханды талқ андап, бай қ алалары бар Жетісуды ө зіне қ арату ү шін оғ ан 1218 жы­лы Жебе ноян бастағ ан ә скер тобын жіберді. Жетісуды Шың ғ ысхан ә скері қ арсылық сыз оң ай басып алды. Жетісуды бағ ындырғ аннан кейін Шың ғ ысханның Мә уеренахрғ а, сол кезде бү кіл Орта Азияны билеп отырғ ан Хорезм мемлекетіне қ арсы жорық қ а жолы ашылды. 1218 жылы кө ктемде Шың ғ ысхан Орта Азияғ а сауда керуенін жіберді. 500 тү йеден тұ ратын керуенінде моң ғ ол жансыздарын қ осып есептегенде барлаығ ы Кө п адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Оты­рарғ а келіп жетті. Отырардың билеушісі Қ айырхан Иналшық кө пестерді тың шылық жасады деп кү діктеніп, оларды ө лтіруге бұ йырды. Шың ғ ыс­хан Хорезм шахынан Қ айырханды ұ стап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұ л талапты орындамады, Шың ғ ысхан жіберген елшілерді ө лтіруге ә мір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бұ л тарихи оқ иғ а Шың ғ ысханның Хорезмге қ арсы соғ ысын тездетті.Орта Азияны бағ ындыру ү шін Шың ғ ысхан ө зіне тә уелді елдерден алғ ан жасақ тармен қ оса жалпы саны 150 мың ғ а дейін адамы бар қ алың қ олды бастап шық ты. Хорезмнің шахы Мұ хаммед моң ғ олдарғ а қ арсы тұ руғ а дайын емес еді.1219 жылы қ ыркү йекте Шың ғ ыс ханның 111 мың ә скері Отырар қ аласын қ оршайды. Бұ л қ алың қ олды Шың ғ ыс ханның ұ лдары Шағ атай, Ү гедей басқ арады. Бір айдың ішінде Шың ғ ыс хан ә скері Отырарды алады. Ә йгілі кітапхана ө ртеніп, халық кө птеп қ ырылады. Қ айыр ханның денесіне ерітілген кү міс қ ұ йып, азаптап ө лтіреді. 1219–1220 жылдары Шың ғ ысханның ұ лдары Бұ хара, Самарқ ан, Сығ анақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Ү згент қ алаларын бағ ындырады.1221 жылы Шың ғ ыс хан ә скері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін Шың ғ ыс хан ә скерлері парсы, Ауғ анстан, орыс, Дешті-Қ ыпшақ жерлерін жаулап алады. 1224 жылы Ертістегі Шың ғ ыс хан ордасына қ айта оралады. 1219–1224 жылдар аралығ ында Шың ғ ыс хан Қ азақ стан мен Орта Азияны жаулап алып, ө з империясының қ ұ рамына қ осады.1238 жылы Бұ харада Махмұ д тараби бастағ ан кө теріліс Шың ғ ыс хан қ ол астындағ ы халық тар кө терілісінің ең ірісі болады. Ә скерде ө те қ атаң тә ртіп орнатты: сә л кіналы немесе қ орқ ақ тық кө рсеткен ә скери адамдар ө лім жазасына кесілді. Шың ғ ыс хан ә скери стратегия мен тактикада мұ қ ият барлау, жауды жекелеп талқ андау, тұ тқ иылдан шабуыл жасау, дұ шпанды алдау ү шін арнаулы отрядтардан тосқ ауыл қ ою, қ ыруар атты ә скермен маневр жасау, т.б. ә дістерді қ олданды.

29. Шың ғ ыс ханның Қ азақ стан мен ОртаАзияны жаулауы 1219-1224 жж. Шығ ыс Тү ркістан мен Жетісуды басып алғ аннан кейін моң ғ олдарғ а Оң тү стік Қ азақ стан мен Орта Азияғ а жол ашылды. Қ азақ станғ а басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағ дай себеп болды. 1218 жылы Шың ғ ыс-хан Орта Азияғ а Омар -Қ ожа Отрари, Жамал Марағ и жә не басқ а саудагерлер басқ арғ ан сауда кө руенін жіберді, 450 адамы бар 500 тү йелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қ аласына келіп жетеді. Отырар ә міршісі Ғ айыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тың шылар деп кү діктеніп, оларды қ ырып тастауғ а бұ йырып, керуенді тонап алды. Шың ғ ыс-хан Ғ айыр-ханды қ олыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұ л талапты орындамағ аны былай тұ рсын, сонымен бірге Шың ғ ыс-хан жіберген жазық сыз елшілерді ө лтіруге ә мір етеді. Осының ө зі Шың ғ ыс-ханның Хорезмге қ арсы соғ ыс ашуына себеп болды, алайда бұ л соғ ыстың себептері оның бү кіл жаулап алу соғ ыстарының негізіне алғ ан себептер болатын. 1219 жылы қ ыркү йекте 150 мың ғ а жуық Шың ғ ыс-ханның қ алың қ олы Ертістен Сырдарияғ а қ арай қ аптайды. Шағ атай мен Ү гідей бастағ ан тү мендер Отырарды қ оршауғ а алады. Жошы бастағ ан ә скерлер Сырдарияның тө менгі ағ ысындағ ы қ алаларды алуғ а аттанады. Ү шінші бө лік Сырдарияның жоғ арғ ы ағ ысындағ ы қ алалар мен қ ыстақ – кенттерді алуғ а, ал Шың ғ ыс-хан ө зі кіші баласы Тө лей мен Бұ харағ а қ арай бет ады. Отырар қ аласы алты ай бойы берілмей қ арсыласады. Тек Хорезмшах II Мұ хаммед кө мекке жіберген Қ араджа – Хаджибтің Суфи хан қ ақ пасын ашып шығ ып, ө з отрядымен моң ғ олдарғ а берілгенде ғ ана моң ғ олдар осы қ ақ па арқ ылы қ алағ а лап қ ойды. Қ араджа – Хаджиб ө лтірілді. Алайда, моң ғ олдарғ а қ аланы алу ү шін тағ ы бір ай уақ ыт керек болды. Қ амалды қ орғ аушылар тегіс қ ырылғ аннан кейін барып, қ ала 1220 жылы ақ панда алынды. Ғ айыр-хан қ олғ а тү сіп, Шың ғ ыс-ханның алдында ә келген жерде қ атал жазаланып ө лтірілді. Сө йтіп, Отырар қ амалын жермен – жексен етіп, Шағ атай мен Ү гідей бастағ ан моң ғ ол отрядтары Шың ғ ыс-ханғ а келіп қ осылды. Бұ л кезде Шың ғ ыс-хан Бұ қ ара мен Самарқ анд арасындағ ы жолда болатын. Сырдария бойындағ ы басқ а қ алалардың тұ рғ ындары да ерлікпен қ орғ анды. Соның бірі Сығ анақ қ аласы еді. Жеті кү нге созылғ ан шабуылғ а қ ала тұ рғ ындары табан тіріесіп қ арсыласты. Брақ кө п ұ замай Сығ анақ жең ілді. Моң ғ олдар қ аланы талап, халқ ын аяусыз қ ырды. Сол сияқ ты қ арсылық кө рсеткен Ү зкент, Баршынкент қ алалары алынып, қ арсылық кө рсеткен Ашнас қ аласының турғ ың дары да қ ырғ ың ғ а ү шырайды. 1219-1220 жылдар арасында бү кіл Сырдарияның бойындағ ы қ алалар мен қ ыстақ кенттер моң ғ олдардың қ ол астына тү седі. Сыр бойындағ ы қ алалардың қ арсылығ ын жең геннен кейін Шың ғ ыс-ханның ә скерлері Орта Азияның ішіне баса кө ктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылғ а дейін моң ғ олдар бү кіл Орта Азияғ а ойран салып ө тті. Хорезмшах II Мухаммед Иранғ а қ ашып, кейін Атырау тең ізі аралдарының бірінде ө лді. 1220-1221 жылдардағ ы қ ысқ а жорық тардың нә тижесінде моң ғ олдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағ ы соғ ыс қ имылдарын аяқ тады. 1221 жылдың кө ктемінен бастап соғ ыс Хорасан, Ауғ анистан жә не Солтү стік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моң ғ ол қ олбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқ арғ ан 30 мың дық ә скер Солтү стік Иранды басып ө тіп, 1220 жылы Кавказғ а кірді. Олар алаң дарды, половцыларды жә не Қ алқ а ө зінінде орналасқ ан орыстарды (1223 жылы) тас-талқ ан етіп жең ді. Моң ғ олдар орыс жерінің оң тү стік аймағ ын ойрандап, қ азақ даласы арқ ылы 1224 жылы Шың ғ ыс-ханның Ертістегі ордасына қ айта оралды. 1225 жылы Шың ғ ыс-хан Моң ғ олияғ а қ айтып келді.

30. Монғ ол шапқ ыншылығ ының Қ азақ стан халқ ына тигізген зардаптары. Шың ғ ыс-хан ә скерлерінің басқ ыншылығ ы жаулап алғ ан елдер ү шін ө зінің зардабы жағ ынан ең ауыр апат болды, ол кө птеген халық тардың экономикалық жә не мә дени прогресін, олардың саяси ә леуметтік, этникалық дамуын ұ зақ уақ ыт тоқ ыратты. Орасан зор регионның экономикасы қ ұ лдырап кетті. Моң ғ олдардың жаулап алуы салдарынан ө ндіргіш кү штер талқ андалып, адамдар жаппай қ ырылды, ө ркендеп тұ рғ ан қ алалар жер бетінен ғ айып болып, материалдық жә не мә дени қ азыналар жойылып кетті, ондағ ан мың тамаша шеберлер мен қ олө нершілер қ ұ лдық қ а айналды. Жаулап алғ ан елдерде індеттер таралып, жаппай жоқ шылық басталды. Араб тарихшысы Ибн ә л – Асыр моң ғ олдардың жаулап алуы туралы «бұ л кү н мен тү н болып кө рмеген, жаратылғ анның бә рін жайлағ ан Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұ л секілді апаттың болғ аны айтылмағ ан,» - деп жазды. Қ алалардың қ ирауы. Жергілікті халық тың қ арсыласуын басу ү шін Шың ғ ыс - хан жаппай қ ырып жою жә не кү штеу, тұ тас бір қ алалардан тү к қ алдырмау тә сілдерін қ олданды. Шың ғ ыс-ханның Орта Азияғ а баратын жолында жатқ ан Оң тү стік Қ азақ станның Сырдария бойындағ ы қ алалары мен қ оң ыстары бұ л тә сілдің алғ ашқ ы қ ұ рбандары болды. Моң ғ ол ә скерлері отпен ө ртеп, қ ылышпен қ ырып ө зіне жол ашып отырды. Араб жә не парсы деректемелері тү рлі елдердің халқ ын моң ғ олдар тү гелдей дерлік қ ырып тастағ ан 30-ғ а тарта қ алаларының атын келтіреді. Мә селен, моң ғ олдарғ а дейінгі уақ ытта 200-ге тарта елді мекен қ алалар болса, XIII-XIV ғ ғ., 20-ғ а жуық қ ана қ ала қ алғ ан. Тіпті жуас қ ала атанғ ан Баласағ ұ нның ө зі тү п орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұ хаммед хандардың мына сө зінен де кө руге болады: «Баласағ ұ нның ө зі тұ рмақ, оның орны қ айда екені белгісіз». Оның ішінде оң тү стік Қ азақ станнан Отырар, Сауран, Сығ анақ, Жент, Ашнас сияқ ты ірі қ алалар қ иратылып қ ұ рып кетті. Жетісуда шаруашылық тың қ ұ лдырауы. Моң ғ ол феодалдарының ү стемдігі орнағ аннан кейін туғ ан ауыр зардаптарының ә сері ешбір ұ рыссыз – ақ басып алынғ ан Жетісу жерлеріне кү шті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мә ліметтер Жетісудағ ы қ ала мен отырық шы – егіншілік егісінің едә уір бү лінгенін, егістік ү шін игерілген жерлердің ө лкеде моң ғ ол ү стемдігі орнығ аннан кейін алғ ашқ ы ондағ ан жылдарда – ақ жайылымғ а айналдырғ анын дә лелдейді. Француз королі IX Людовиктің моң ғ ол ханы Мө ң кеге жіберген елшісі Рубрук моң ғ ол шапқ ыншылығ ынан кейін 30 жылдан астам уақ ыт ө ткен соң, 1253-1255 жылдары Қ азақ стан территориясы арқ ылы ө тіп бара жатып, егіншілік егісінің бұ зылғ андығ ы туралы, Жетісу қ алаларының, оның ішінде Іле аң ғ арындағ ы қ алалардың ғ айып болғ андығ ы туралы алғ ашқ ылардың бірі болып дә лелдемелер қ алдырып кеткен. Ұ лыстар қ ұ рылғ аннан кейін Жетісуғ а моң ғ ол кө шпелілердің қ алың топтарының келіп қ оң ыстануы салдарынан егіс танаптары, ө ң делетін жерлер кү рт азайып, экономиканың кө шпелі мал шаруашылығ ы секторы отырық шылық сектор есебінен кү шейе тү сті. Елді мекендерді қ ирату, егістікті малғ а таптату, бау – бақ шаны, ирригациялық жү йелерді жойып жіберу, отырық шы – егіншілікпен шұ ғ ылданатын халық тың қ ырылып, босып кетуі, оның кө рші қ алалармен жә не егіншілікпен шұ ғ ылданатын ө лкелермен, соның ішінде, Оң тү стік Қ азақ станмен экономикалық байланысының кү рт азаюы – осының барлығ ы Жетісудағ ы шаруашылық тың қ ұ лдырауына жә не қ алалардың ө мір сү руінің экономикалық негізінің ә лсеруіне ә кеп соқ ты. Тоқ ырау мен материалдық жағ ынан ғ ана ә серін тигізіп қ оймай, Қ азақ стан жеріндегі халық тардың қ оғ амдық жағ ынан рухани мә дениетінің дамуына ү лкен кесел келтірді. Ө йткені моң ғ ол қ оғ амының даму дең гейі Қ азақ стандағ ы дамудың дең гейінен ә лдеқ айда тө мен еді. Ә скер кү шіне сү йенген, жаулаушылық қ а сай қ ұ рылғ ан кө шпелі ә скери феодолизмнің шапқ ыншылығ ы Қ азақ стан жеріндегі ә леуметтік – экономикалық формацияның дамуына тә жеу жасады. Ә сіресе, жаң адан халық болып қ алыптасып келе жатқ ан халық тың қ ұ рамының шырқ ын бұ зып, қ азақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғ асырғ а кешеуілдетті. Бұ л шапқ ыншылық Қ азақ стан жеріне алым – салық тың ауыр зардабын, қ айғ ы – қ асіреттің, золық – зомбылық тың кү шін орнатты. Қ орытып айтқ анда, Шың ғ ыс – хан бастағ ан моң ғ ол басқ ынщылығ ы жаулап алынғ ан елдер ү шін ө зінің кеселді зардабы жағ ынан ең ауыр апат болды. Ол кө птеген халық тардың экономикалық жә не мә дени прогресін, олардың саяси, ә леуметтік, этникалық дамуын ұ зақ уақ ыт тоқ ыратты.

31. Қ азақ стан аймағ ы монғ ол ұ лыстары қ ұ рамында. 1219 – 1224 жылдардағ ы моң ғ олдар шапқ ыншылығ ы нә тижесінде Қ азақ стан мен Орта Азия Шың ғ ыс-хан империясының қ ұ рамына кірді. Ұ лыстардың қ ұ рылуы. Ұ лан – ғ айыр кө п жерлерді жаулап алғ ан Шың ғ ыс-хан ө з кө зінің тірісінде осы жерлерді тө рт ұ лына енші етіп ү лестірді. Шың ғ ыс-ханның ү лкен Ұ лы Жошығ а Ертіс ө зенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқ а қ арай «моң ғ ол атының» тұ яғ ы жеткен жерлерге дейінгі аймақ тар, Оң тү стікке қ арай Каспий мен Арал тең ізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның тө менгі жағ ындағ ы аймақ тар мен Сырдария ө ң ірі де Жошы ұ лысына кірді. Бұ л жерлер «Жошы ұ лысы» деп аталады. Шың ғ ыс-ханның екінші ұ лына Шағ атай, Қ ашқ ария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Ү шінші ұ лы Ү гедейге Батыс Моң ғ олия мен Тарбағ атай аймағ ы берілді. Кенже ұ лы Тө лей ә кесінің қ ара шаң ырағ ы Моң ғ олияны мұ рағ а алды. Сонымен бірге моң ғ олдың тұ рақ ты 129 мың адамдық армиясының 101 мың ын алды, ал қ алғ аны ү ш баласының ә рқ айсысына 4 мың адамнан бө лініп берілді. Бұ л ұ лыстардың барлығ ы Қ арақ орымдағ ы (Монголиядағ ы) ұ лы хан Шың ғ ыс-ханғ а бағ ынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқ абында, Шағ атайдың ордасы Іле алқ абында болды. Ү гедейдің ордасы қ азіргі Шә уешек қ аласының маң ында орналасты. Сонымен, Қ азақ станның барлық жері моң ғ олдың ү ш ұ лысының қ ұ рамына: ү лкен (далалық) бө лігі – Жошы ұ лысының, Оң тү стік жә не Шығ ыс Қ азақ стан Шағ атай ұ лысының, Жетісудың Солтү стік Шығ ыс бө лігі Ү гедей ұ лысының қ ұ рамына кірді.

32. Қ азақ стан XIII-XV ғ ғ. Алтын Орданың қ ұ рылуы, гү лденуі жә не қ ұ лдырау кезең інде. Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорық тан орналғ ан кейін Батый орталығ ы тө менгі Еділде орналасқ ан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи ә дебиетте Алтын Орда деген атқ а ие болғ ан зор мемлекет қ ұ рды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қ азіргі Астрахань маң ында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге кө шірілді. «Алтын Орда» ұ ғ ымы біртекті емес бір жағ дайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқ оры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғ ни Еділ бойы мен Солтү стік Кавказды айтқ ан, ал енді бір орайда тү гелдей Жошы ұ лысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды жә не моң ғ ол империясын ө зінің қ олдауымен тақ қ а отырғ ан ұ лы хан Мө ң кемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқ орлары да Алтын Орданың тағ ында біртұ тас мемлекетті басқ арушылар болмады. Жошы ұ лысы ү лестерге оның кө птеген ұ лдарына ыдырады. Батый хан Шығ ыс Европағ а жасағ ан жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығ ынан кейін Арал тең ізінің Шығ ыс Солтү стігі жағ ындағ ы жерлерді ағ асы Орда – Еженге берді. Бұ л Ақ Орда деп аталды. Арал тең ізінің солтү стігіндегі жерлерді інісі Шайбанғ а берді, ол Кө к Орда деп аталды. Шайбанғ а қ арасты тө рт ру ел: қ осшы, найман, бұ йрат, қ арлық тайпалары еді («Ә л-Омари «Алтын Орда тарихына қ атысты материалдар жинағ ы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқ ы этникалық жағ ынан біркелкі болғ ан жоқ. Отырық шы аймақ тарда Еділ бұ лғ арлары, қ ала қ ыпшақ тары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұ рпақ тары, хорезмдіктер тұ рды. Далалық ө ң ірді негізінен мал шаруашылығ ымен айналысқ ан тү ркі тілдес қ ыпшақ, қ аң лы, найман, қ оң ырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қ ыпшақ тө ң ірегі мен Еділ бойында қ оң ыс аударғ ан моң ғ олдар аз болғ ан жоқ. Олар жергілікті тү ркі тілдес халық тармен сің ісіп кетті. Алтын Орда ө зін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мө ң ке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мө ң ке 1280-1287 жж., Тө ле Бұ қ а 1287-1291 жж., Тоқ ты 1291-1312 жж., Ө збек 1312-1342 жж., Жә нібек 1342-1357 жж. тұ сында қ уатты кемеліне келіп, билігі мейлінше кү шейе тү сті. Егер Жошы мен Батый моң ғ олдарғ а ұ лы ханғ а белгілі бір дә режеде бағ ынышты болса, Беркеден бастағ ан Алтын Орда хандары ө здерін тә уелсіз деп есептеді. Берке хан тұ сында Алтын Ордағ а ене бастағ ан ислам діні кейін Ө збек хан тұ сында ү стем дінге айналды. Алтын Орда хандығ ы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқ ы ала-қ ұ ла, ә леуметтік жә не мә дени даму дә режесі ә ркелкі, экономикалық негізі ә лсіз еді. Феодалдық қ атынастар дамығ ан сайын ішкі –сыртқ ы қ атынастар асқ ына тү сті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жә нібек хан ө лгеннен соң, Шың ғ ыс тұ қ ымынан тарағ ан билеуші топтар арасында хан тағ ына таласқ ан феодалдық қ ырқ ыс ө ріс алып, бір кезде кү шейіп дә уірлеген Алтын Орда мемлекетін мү лдем ә лсіретті. Оның ү стіне Алтын Орда ү стемдігі астында езілген қ алың бұ қ ара мен тә уелді халық тардың азаттық кү ресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағ ы зор шайқ аста Алтын Орданың Мамай бастағ ан қ алың қ олын орыс князьдерінің жең уі Алтын Орданың қ ұ лауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғ ни 1391 – 1395 жылдары Ақ сақ Темір Алтын Ордағ а бас кө тертпестей етіп екі рет кү йрете соқ қ ы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғ асырдың басында Тоқ тамыс хан мен Едіге бидің ө зара таласы Алтын Орданы одан ә рі қ ажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұ лғ арлар, казан (1445 жылы) мен Қ ырым (1449 жылы) бө лініп шық ты. XV ғ ортасына қ арай Астрахань, Сібір хандық тары, Ноғ ай Ордасы қ ұ рылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моң ғ олдардан толық тә уелсіздік алды. Қ орытып айтқ анда, езілген халық тардың моң ғ олдарғ а қ арсы ү здіксіз кү ресі, Алтын Ордағ а қ арағ ан елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағ ы қ айшылық тар мен феодалдық тартыстар, хан тағ ына таласқ ан кү рестер, сыртқ ы соғ ыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақ ырында қ ұ лады.

33. Ақ Орда Қ азақ станның этникалық территориясындағ ы алғ ашқ ы мемлекет. Ақ Орда14-15 ғ асырлар Орта Азия мен Қ азақ стан монғ ол шапқ ыншылығ ы зардабынан арыла бастады. Ә леуметтік-экономикалық жағ дайлар тү зеле бастады. Кө птеген ұ лыстар мен елдер тә уелсіз бола бастады. Осындай тә уелсіздікке ие болғ ан мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық ө зенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқ ы - қ ыпшақ тар, Алтайдан осында қ оныс аударғ ан наймандар, қ оң ыраттар, керейттер, ү йсіндер, қ арлұ қ тар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қ оныша, Баян, Сасық -Бұ қ а, Ерзен, Мү барак, Шымтай, Орыс хан, Қ ойыршақ, Барақ.

Кү шейген кезі. Ақ Орданың кү шейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болғ ан Орыс хан ө з жағ дайын біраз кү шейтіп, енді Алтын Орда тағ ын иемденуге кү ш салды. Сө йтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорық қ а шық қ ан ол Сарайды ө зіне қ аратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қ оршауғ а алды. Кама бұ лғ арларының жерін бағ ындырды. Бірақ Орыс ханның ү стемдігі ұ зақ қ а созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағ ы билікті Мамайғ а беруге мә жбү р болды. 1377 ж. Орыс хан қ айтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мә лікке кө шті. Бірақ осы кезде Маң ғ ыстау ү стіртінің билеушісі - Жошы ә улеті Тү й хожа оғ ланның баласы Тоқ тамыс Орта Азия ә міршісі Ақ сақ Темірге сү йеніп, Темір Мә ліктің ә скерін талқ андайды. Ө зін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда ә мірлерінің қ олдауына ие болғ ан ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қ ырымды жә не Мамай Ордасын басып алды. Тоқ тамыстың бұ л табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс ә скерлерінен жең ілуі себебінен мү мкін болды. Тоқ тамыс мұ нымен тоқ тағ ан жоқ. Атап айтқ анда, Тоқ тамыс Ақ сақ Темірдің қ амқ орынан босануғ а тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақ сақ Темірдің Тоқ тамысқ а қ арсы жасағ ан аса ү лкен ү ш жорығ ынан кейін Алтын Орда тас-талқ ан болып қ ирайды. Темірдің басқ ыншылық соғ ыстарының нә тижесінде жә не ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соң ы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да ә лсіреп қ алады.

Жаң а дә уір. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ ө зінің бақ таластарын жең іп шығ ып, Ақ Орда да хандық ты ө з қ олына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қ аласы Сығ анақ, Сырдың орта ағ ысындағ ы аудандар Темір ә улетінің қ олында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақ сақ Темірдің немересі Ұ лық бекке қ арсы жорық қ а аттанып, Сығ анақ ты жә не Сыр бойындағ ы басқ а да қ алаларды босатты. Жорық та жү ріп Барақ қ аза тапқ аннан кейін Шығ ыс Дешті Қ ыпшақ тың билігі Шайбан ә улетіне кө шті. Барақ ө лген соң олар Ақ Орданың елеулі бө лігін жаулап алды. Сө йтіп, 1227 жылы Жошы ө ліп, оның ұ лысы екіге жіктелгенде пайда болғ ан Ақ Орда екі ғ асыр ө мір сү рді. Ақ Орданың отырық шы аудандарында жерді шартты тү рде иелену мен жеке меншіктің тү рлері қ алыптасты. Мал шаруашылығ ы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғ ал сияқ ты тү рлері жә не тархандық сый тарту болғ ан. Ақ Орданың ең бекші халқ ы хандар мен ақ сү йектер пайдасына кү пшір, зекет, тағ ар тә різді салық тар тө леп тұ рды. Ақ Орданың ресми тілі қ ыпшақ тілі болды.

34. Кө шпелі ө збектер мемлекеті қ ұ рамындағ ы Шығ ыс Дешті-Қ ыпшақ (Ә білхайыр хандығ ы 1428-1468жж.). Қ азақ станның орталық, батыс жә не солтү стік-батыс бетінде бірнеше тә уелсіз феодалдық иеліктер қ ұ рылып, олардың арасында билік ү шін кү рес толассыз жү рді. Ноғ ай Ордасы мен Ә білхайыр хандығ ының пайда болуына ә келді.Осындай жағ дайда Жошы ә улетіндегі Шайбанның ұ рпағ ы Дә улет Шайхтың баласы Ә білхайыр саяси ө мір сахнасына шық ты. Орталық жә не Солтү стік Қ азақ стан тайпаларын билеп отырғ ан топтардың қ олдауымен ол 1428 ж. Тура ө ң ірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.Оның хандығ ының қ ұ рамына Қ ият, Маң ғ ыт, Шынбай, Найман, Қ арлұ қ, Ү йсін т.б. тайпалар кірді.Шығ ыс Дешті-Қ ыпшақ тың феодалдық бытыраң қ ы жерлерін біріктірген «кө шпелі ө збектер мемлекетінің» яғ ни Ә білхайыр хандығ ының Қ азақ стан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғ ай Ордасының шығ ыс бетін, батыста Жайық, шығ ыста Балқ аш жерлеріне дейінгі, оң тү стікте Арал тең ізі мен Сырдың тө менгі ағ ысына, солтү стікте Тобыл мен Ертіс орта ағ ыстарына дейінгі жерлерді қ амтыды.Ә білхайыр басқ арғ ан 40 жылдай уақ ыт ішінде елдің саяси жағ дайында тұ рақ тылық пен тыныштық болмады. Оның қ олынан билікті алу ү шін кү рескен ә р тү рлі топтармен кү рес жү ргізуге тура келді. Жошы ә улетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұ рпақ тары Жә нібек, Керей Ә білхайырғ а ү немі қ арсы шығ ып отырды. 1446 ж. оғ ан қ арсы болып жү рген кү шті шонжарлардың бірі Мұ стафа ханның ә скерлерін талқ андады. Сол жылы Ә білхайыр хан Сырдария мен Қ аратау бауырындағ ы Созақ, Сығ анақ, Ақ қ орғ ан, Ү зкент қ алаларын басып алып, Сығ анақ ты ө з хандығ ының астанасына айналдырды.1450 жж. Ә білхайыр Мә уранахрдағ ы Темір ұ рпақ тарының ішкі тартысына араласып, Самарқ ан пен Бұ қ арғ а жорық жасайды.1456—57 жж. ойраттармен болғ ан шайқ астарда жең іліске ұ шырағ ан Ә білхайыр елдің бірлігін қ амтамасыз ете алмады.Оғ ан наразы Керей мен Жә нібек сұ лтандар бастағ ан халық тың бір бө лігі Моғ олстан жеріне қ оныс аударып, Шу мен Қ озыбасы (Талас) ө зендерінің бойына орнық ты.1468 ж. Ә білхайыр кө п жорық тарының бірінде қ айтыс болып, «Кө шпелі ө збектер мемлекеті» ыдырап кетті.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.