Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тау жұмыстардың жағдайына және дамуына маркшейдерлік бақылау жасау.




Ашық тау-кен жұмыстары болып күндiзгi жазықтықтан кен орындарының пайдалы қазбаларын өңдеу табылады.

Оған экскаваторлар, бульдозерлер және гидромониторларды қолданумен кен өңдеулерді және түрлі суаттардың, теңіздер мен мұхиттардың түбін драгаларды, жер снарядтарын және грейферлерін қолданумен су асты өңдеулерді жатқызады.

Ашық әдiспен қатты минералдық шикiзаттың жалпы көлемінің 75% артығын табады және ол өзгерiссiз өседi. Ашық өңдеу тәсiлiнiң артықшылығы, жер асты әдiсiмен салыстырғанда, ол көп есе өнiмдiрек, үнемдiрек және қауiпсiздiрек болатындығымен түсіндіріледі. Ашық әдісте еңбек өнiмдiлiгі 5 – 8 есе жоғары, ал өзiндiк құны жер асты әдісіне қарағанда 2 – 4 есе төмен және осы айырмашылық соңғы 30 – 40 жыл ішінде үлкее береді.

Сондықтан да ашық әдістің технологияларын жетілдірудің алғашқы мәселелері ашық әдістің қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мәселесілеріне кіреді. Кендердегі маркшейдерлік қызмет болып әрбір кәсіпорындар жұмыстарында ең маңызды және ажырамас бөлігі табылады.

Ашық өңдеулерде маркшейдерлiк жұмыстар келесi негiзгi мәселелердi шешедi:

1) карьерлер мен кендерде тiрек және түсiру торын дамыту;

2) кәсіпорын жұмысының кез келген уақыт мерзіміне әсерін тигізетін маркшейдерлiк жоспарларды, кендер мен профильдерді құру және жүргізу;

3) тау-кен жұмыстарының жоспарлануы;

4) қорлардың уақытында әзiрленуiн және олардың қозғалысын бақылау;

5) тау-кен жұмыстарының дұрыс және қауiпсiз жүргiзуiн бақылау;

6) пайдалы қазба қуысының толықтығын бақылау. Пайданың, қазбаның, шығынның және пайдалы қазбалардың сапасы төмендеуінің есепке алынуы;

7) пайдалы қазбалардың қасиеттерiн және формасын геометризациялау;

8) карьерлер мен үйінділер борттарының ойықтарының тұрақтылығын бақылау;



9) әр түрлi жедел-өндiрiстiк мәселелерді шешу және транспорт, үйінді шаруашылығы, бұрғылау шаруашылығын және т.б. қамтамасыз ету.

Маркшейдерлiк жұмыстардың түрлерi ашық өңдеулердi (драга, гидравликалық пайда және тағы басқалар) жүргiзу әдiстеріне тәуелдi болады.

Траншея – салыстырмалы үлкен емес көлдеңең өлшемде едәуір ұзындықтың ашық тау өңдеуі. Тағайындалуы бойынша iргелi және ойылғанға бөлінеді. Iргелi траншеялар жер бетiнен кен орынға мүмкіндікті қамтамасыз етедi, ойылған траншеялар аршылған жыныстар мен пайдалы қазбалардың аршуына жұмыс фронтын құрайды.

Карьердегі саты формасында жұмыс беті болатын және өздігінен аршу, жүк тиеу және транспорт құралдармен өңделетін тау жыныстарының қалың бөлiгi ойық деп аталады.

Өңделген кеңістік жағынан ойықты шектейтін көлбеу бет еңіс деп аталады.

Жоғарғы және төменгі алаңдармен қиылысатын еңіс сызығы жоғарғы және төменгі жиек деп аталады.

Еңістер жұмыс жасалатын және жасалмайтын деп жіктеледі. Жұмыс жасалатын еңістерде бос жыныстардың аршылуы немесе пайдалы қазбалардың табылуы жүзеге асады.



Биіктікте шектелетін жұмыс жасалатын еңістің горизонталь беті жоғарғы және төменгі алаңдар деп аталады. Алаңдар горизонттар деп те аталады, горизонттарда өсімшелер болады.

Жұмыс жасалатын еңістің бұрышы 65 – 800 құрайды, ал жасамайтын еңістің шамасы 45 – 600 құрайды. Жабдықтар орналасқан алаңдар өңдеуге арналған (бұрғылау станоктары, экскаваторлар, транспорт құралдары), ол жұмыс алаңы деп аталады. Жұмыс алаңның ені В = 40 – 70 м құрайды.

Ойық жүйелі параллель сызықтармен – енбелермен өңделеді. Оның ені А=10 - 20 м және одан да көп. Енбе шетжағы сойыс деп аталады. Сойыста жыныстардың және пайдалы қазбалардың ашылуы жүзеге асырылады, осының нәтижесінде сойыс қозғалады.

Карьер борты жұмыс жасалатын және жасамайтын деп бөлінеді. Жұмыс жасалатын ойықтың жоғарғы жиегін және төменгі жиектің төменгі ойығын және горизонталь жазықтығын байланыстыратын сызықтың арасындағы бұрышы борттың еңіс бұрышы деп аталады. Жұмыс жасалатын бортының еңіс бұрышы 7 – 150, жұмыс жасамайтын – 35 – 450.

Кен орнын өңдегенде алынып тасталған тау жыныстарының үйіндісі жыныстардың үйіндісі деп аталады. Өңделген кеңістікте орналасқан үйінді ішкі үйінді деп аталады, ал карьер контурынан тыс жер бетіндегі үйінді – сыртқы.

Карьердегі маркшейдерлік түсірістің негізгі объектілері болып:

- кен орны өңделген телімдегі – жер бедері мен жер беті ситуациясы;

- жоғарғы және төменгi еңіс жиектері;

- сыртқы және iшкi аршылған жыныстарының үйінділері;

- құрғату және су төкпе жер беті құрылыстары және жер асты тау кен өңдеулері;

- бұрғылау жару ұңғымалары және миналы тау кенi өңдеулері;

- көмiр ойықтарындағы өрт ошақтары;

- геологиялық барлау өндеулері;

- карьерлердің және сыртқы үйінділердің көлiк жолдары;

- негізгі механизмдердің орналасуы (экскаваторлар, үйінді көпiрлері және тағы басқалар);

- құрылыстар және ғимараттар (эстакада, байыту фабрикалары, ЭЖТ, су құбыры және тағы басқалар);

- көшкiндер және су көздерi;

- ойықтың геологиялық элементтерi: жыныстардың және кендердiң контакттары, кендердiң әр алуан түрлерінің немесе көмiрдiң күлдiлiгiнің шекарасы, тектоникалық бұзылыстар, сынақтар алынған орындар, қуаттың өлшемдерi және тағы басқалар.

Түсірістің периодтылығы карьердің жұмыс шарттарымен анықталады.

Ашық өңдеулердің сипатына байланысты маркшейдерліқ жұмыстардың түрлері:

1) Карьерлерде – ойықтардың, жолдардың, үйінділердің түсірісі, бұрғылау жару жұмыстарының (БЖЖ), экскаваторлық жұмыстарының түсірісі және құжаттамасы, траншеяларды жүргізу, қазба мен пайда көлемінің есепке алынуы.

2) Транспорттық – үйінді көпірлермен өңделген кен орындарында – жобаны жерге көшіру мен бөлу, транспорттық – үйінді көпірлер жұмыстарымен байланысты бақылаулар (жолдардың бұрылу радиустарының кеңеюі мен тарылуы, жол биіктігі).

3) Кен орындарының драгалы және гидравликалық өңдеулерінде – барлау кезіндегі шұңқыр түбінің өсімшелері мен жер телімінің топографиялық түсірісі (эксплуатациялау планының масштабы 1: 2 000), тоғанның орналасуының жобасын құру, шайылған тау массасының көлемін анықтау. Гидравликалық құрылыстарды құрғандағы геодезиялық іздестірулер.

4) Гидравликалық өңдеу тәсілінде - гидравликалық құрылыстардың жоспары, арықтың тау массасы көлемiнiң анықталуы.

#


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал