Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мазмұн және форма




Келесі талдайтын категориялар – мазмұн және форма, өйткені, біз болмысты талдауда әрі қарай тереңдей түсеміз. Мазмұнға зат, я болмаса құбылыстың барлық құрамдас бөліктерінің жиынтығы, олардың қасиеттері мен байланыстары, қайшылықтары жатады. Форма деп мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі ұйымдасу тәртібін айтамыз.

Мысалы, М.Ауезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясын алсақ, оның мазмұнына қазақ халқының сайын даласындағы ХІХ ғ. сан-қилы оқиғалар, Абайдың өмір кезеңдері, оның философиялық толғаулары т.с.с. жатады. Романның формасына келер болсақ, оған әр-түрлі тараулардың бір-бірімен байланысы, автордың стилі, көркем сөзінің ерекшеліктері т.с.с. жатады. Ол – романның ішкі формасы.

Сонымен қатар, роман баспадан оқушыларға арналып, арзан қағазға басылып, жұмсақ мұқабамен түптелуі мүмкін – ол оның сыртқы формасы.Ол басқаша да болуы мүмкін - қымбат ақ қағазға басылып, ішінде суретшінің жасаған құнды түрлі-түсті суреттемелері де болуы мүмкін.

Заттың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді. Мысалы, ұшақтың, сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с. сыртқы формасы мақсатқа лайықты болмаса, ол өз қызметін дұрыс атқара алмас еді. Сондықтан, ғалымдар құстың қанатын, балықтың дене формасын зерттеп оны осы өндірістерде пайдаланады.

Тарихи форма категориясын философияға еңгізген ұлы Аристотель болды. Оның ойынша, материя пассивті, енжар, өзіндік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз сияқты. Оны Дүниеге келтіретін, дамытатын форма ғана. Материя формасыз, форма – материясыз өмір сүре алмайды.

Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап оның белсенділігі мен форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон болған-ды.

Тарихи, Гегель алғашқы рет мазмұн категориясын философияға еңгізіп оны материя мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды.



Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үрдісін анықтауда пайдаланатын категориялар ретінде қаралады.

Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы бір-бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн - формаланған, форма – мазмұнды.; олар қайшылықты бірлікте, даму үрдісінде бір-біріне өтуі мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму үрдісі жүреді.

Мазмұн мен форманың ара-қатынасын талдауда екі бір-біріне қарсы пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас – форманың белсенділігі.

Екінші, негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас – мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың мазмұны басқалармен үне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға симай, оны өзгертеді – жаңа пайда болған форма мазмұнның әрі қарай дамуына жағдай туғызады.

Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен қатар, қоғам өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы жаңа меншік формаларын өмірге еңгізу шаруашылық үрдістердің күрт дамуына жағдай жасады. Муниципалдық, пенсиялық реформалар жаңа формаларды еңгізу арқылы жүруде – соның арқасында бұл салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа формаларды еңгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске асып жатыр;



Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді – оның бәрі де қоғам өміріндегі форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда жүретінін көрсетеді.

Сонымен қатар, форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау – формализм деген теріс құбылысты тудырады. Ол, әсіресе, басқару жүйесіндегі шен иелерінің қызметімен байланысты. Ондай адамдарды халық “қағаздық жан” (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына қарап шешудің орнына неше-түрлі ұсақ-түйікке арқа салып, тежейді.

Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, формаларды еңгізумен байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен қатар, барлық еңгізілген жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту да қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар мен колхоздарды жою, тіпті жақсы пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір шаруашылықтарды жасанды түрде банкроттау, әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда жасалған үлкен қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат арқылы сол ескі формаларға жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытта, кіші-гірім фермерлер өндірісті дамытуға күші жетпей қайта бірігу үрдісінде. Алып жерлерді игеріп жатқан қаланың лендлордтары тек өз қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың құрылымы, әсіресе, әлеуметтік сала жан аярлық қалде. Олай болса, әңгіме тек жаңа формаларды еңгізуде ғана емес, сонымен қатар, жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік жасай алатын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал