Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ішкі кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету жолдары




Тәуекелдікті төмендету үшін фирма басқа фирмалардың көмегіне сүйенбес бүрын өзінің ішкі қайнар көздерін қолданып көруі тиіс.

1. біріншіден, бизнес б/ша әріптесін тексеру;

2. екіншіден, келісім - шарттарды сауатты түрде құру қажет;

3. үшіншіден, фирма кызметін жоспарлау және болжау қажет;

4. төртіншіден, фирма қызметкерлерін дұрыс таңдау қажет.

I. Бизнес б/ша әріптесін тексеру және келісім шартты бекіту. К/к келісім - шарт құрмас бұрын тәуекелділікті төмендету үшін әріптесті тексеру керек. Бизнесің басты ережесі: «сен, бірақ тексер». Әріптесті тексерудің нақты дәстүрлі немесе стандартты ережесі жоқ. Бірақ, американдық бизнесмендер бес «си» ережесін тәжірибеде қолданып жүр. Бұл ереже арқылы әріптестің несие қабілеттілігін тексеруге болады. Кәсіпкерлік фирма мыналарды білуі кажет:

1. Мінезі - қарыз алушының іскерлік әлемдігі репутациясы,
оның жауапкершілігімен міндетті орындау қабілеттілігі;

2. Қаржылық мүмкіндігі - ағымдағы ақшалай түсімдер және
активтерді сату есебінен қарызды төлей алу қабілеті;

3. Мүлік - акционерлік капиталдың мөлшері мен құрылымы;

4. Қамтамасыз ету - несие алу үшін кепіл ретінде үсынатын
активтердің түрлері мен кұны.

5. Жалпы шарттар - экономикалық коньюктура мен сыртқы
факторлар жағдайы.

Ресейде кәсіпкерлер әріптестерінің нақты қаржылық жағдайлары мен бизнестегі тәжірибесі туралы білгілері келді. Әріптес компания және компанияны басқаратын адам туралы ақпарат өте маңызды. Мысалы, кішігірім жаңа құрылған компанияға тәжерибелі менеджер келетін болса, бұл компаниялар мен менеджердің тәжірибесін ескере отырып, келісім шарт құрылуы мүмкін.

АҚШ-та к/к келісім - шартты кұрмас бұрын әріптестер бір-бірін б/б ақпараттың жүйедегі мәліметгер базасы арқылы тексере алады. Ен жүйелі ақпараттық жүйе Дан'&, Впасізігееі: жүйесі, оның АҚШ-та, Испанияда, Скандинавияда, Араб Әмірліктерінде мәліметтер базасы бар. Бұл мәліметтер базасына журналистік тергеулер, банкроттық туралы, аудиторлық есеп беру және басқа да кіреді.



Дан& Впаёзігееі жүйесіне жалпы ақпараттар мен заңдық акпараттар мәліметтері кіреді. Жалпы ақпараттар компания туралы, жалпы акпарат, тіркелген күні мен орны, директор және меншік иесі туралы, баскару және заң құрамындағы өзгерістер, қызмет түрі туралы, сондай-ақ,

қаржылық жағдайды туралы қысқаша мәлімет, кейбір экономикалық көрсеткіштері және стандарттық емес жағдайлар, яғни, заңға қайшы келген әрекеттері мен

банкроттық, бірігуі мен қосылуы туралы мәліметтер болуы мүмкін. Заңдық ақпараттарда компания акциялары, салық төлеушінің идентификациялық нөмірі туралы соттық айыппұлдар мен сот шешімдері туралы ақпараттар береді.

Әріптесті таңдаудағы тағы бір әдіс – Dul Delignce сәйкес көңіл болу. Бұл әдісті тәжірибе жүзінде батыстық банкілер қолданып жүр. Бүл әдіс әртүрлі алаяқтардан сақтануды қамтамасыз етеді. Бұл әдістің негізі

құралдары компания атын, оның мекен жайын қызмет түрі туралы

сұрақтардан тұратын анкета (сауалнама) сондай-ақ анкетаға фирманың қаржылық жағдайы және айналым қаржылары, қаржының қайнар көзі туралы сұрақтар кіреді. Бұндай анкета әріптес туралы жалпы ақпарат алуға көмектеседі.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал