Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері.




Инвестициялық жобаларды басқару заңдылықтары: жобаның инвестициялау алдындағы сатысы, инвестициялық жобаны бағалау критериилері, жобаның экономикалық тиімділігін бағалау, жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін дисконты тәсілін қолдану, жобаның тәуекелділігін бағалау үшін дисконты тәсілді қолдану. Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері: дисконт мөлшерлемесін бағалау тәсәлі, актив капиталын бағалау моделі, дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі. Инвестициялық жобаларды сақтандыру практикасы: саяси тәуекелділіктен сақтандыру, қаржылық және коммерциялық тәуекелділіктен сақтандыру.

Инвестициялық тәуекелділікті бағалау маңызы жобаға қатысу туралы шешімді шешу кезінде жоғары. Егер тәуекелділік жоғары болса, онда ол жобаның коммерциялық тартымдылығын төмендететді. Дисконт ставкасы инвестициялық жоба тартымдылығына әсер ететін әртүрлі тәуекелділік факторларын есепке алу үшін жалпы көрсеткіш қызметін атқарады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес дисконт ставкасы деп төлеуге жататын және ағымдағы құны бойынша болашақта алуға болатын ақша сомасын қайта есептеу үшін қолданылатын табыс ставкасы.

Инвестициялық жобаларды бағалауда дисконттық ставка инвестор ағымдағы бағамен құралдарды жобаға салу туралы шешімді қабылдағаннан кейін болашақ табыс сомасын анықтауда қолданылады. Дисконттық ставка түрін таңдау ақша ағымдарының қандай түрін таңдауына тәуелді. Кесте 2.1. ақша ағымдарының және оларға сәйкес келетін дисконттық ставканың 2 түрі берілген.

Кесте 2.1.

Дисконттық ставка түрлері

Ақша ағымдарының түрлері Дисконттық ставка түрлері
Қарызсыз ақша ағымдары Капиталдың орташа өлшенген құны
Жек капитал үшін ақшалай ағым Өнімнің өзіндік құны

 

Қарызсыз ақша ағымдары салықты төлеу, тозу мен басқа баланс баптарын санағаннан кейінгі таза табыс сомасы. Осы сомадан негізгі және айналым капиталына салымдар срмасы да алынады.



Жеке капитал үшін ақшалай ағымға кредит және басқа қарызды заттар бойынша төленетін проценттер жатпайды.

Екі жағдайда да есеп нақты және номиналды бағаларда жүргізіледі. Жеке капитал үшін дисконт ставкасын анықтауда қолданылатын 2 әдіс бар.

Актив капиталын бағалу моделі инвестор үшін әрбір қосымша тәуекелділік инвестициялық жобадан күтілетін табыстылық деңгейінің өсуіне әкелмегеніне негізделген.

Жүйелік емес тәуекелділік берілген компанияның қаржылық және шаруашылық қызметтеріне байланысты. Оған келесілер жатады:

  • Компанияның менеджментімен, бәсеке қабілеттілігі, шығындарды басқарумен байланысты кәсіпкерлік тәуекелділік;
  • Активтердің ликвидтілік деңгейімен, ішкі және сыртқы қарыздар көрсеткішімен, құралдардың айналымымен байланысты қаржылық тәуекелділік;
  • Сатуларды және шикізаттарды әкелумен байланысты коммерциялық тәуекелділік.

Жеке капитал үшін дисконт ставкасын есептеу алгоритмі:

1-саты: тәуекелділіксіз табыс ставкаларының міндеттерін анықтау;

2-саты: коэфицетінің міндеттрін анықтау;



3-саты: нарықтық сыйлықтың міндетін есептеу;

4-саты: жүйелік емес тәуекелділік факторларын есепке алу;

5-саты: САМР модивикациялық теңдеуіне сәйкес дисконт ставканы есептеу.

Дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі тәуекелділік факторларын сараптамалық бағалуға негізделген. Кумулятивті тәсілге сәйкес дисконт ставкасын есептеу 2 сатыдан жүреді:

1-саты: тәуекелділіксіз ставканың міндетін анықтау;

2-саты: тәуекелділік үшін қосымша сыйлық көлемін бағалау.

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002

2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998.

3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998

5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Инвестициялық жобаларды басқару заңдылықтары:

-жобаның инвестициялау алдындағы сатысы;

- инвестициялық жобаны бағалау критериилері;

- жобаның экономикалық тиімділігін бағалау;

- жобаның экономикалық тиімділігін бағалау үшін дисконты тәсілін қолдану;

- жобаның тәуекелділігін бағалау үшін дисконты тәсілді қолдану.

2.Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері:

- дисконт мөлшерлемесін бағалау тәсілі;

- актив капиталын бағалау моделі;

- дисконт мөлшерлемесін кумулятивті құру тәсілі.

3.Инвестициялық жобаларды сақтандыру практикасы:

-саяси тәуекелділіктен сақтандыру;

-қаржылық және коммерциялық тәуекелділіктен сақтандыру.


.

mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал