Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Саяси жарнама имиджі




Саяси жарнаманың коммуникативтік компоненті - саясаткер. Қазіргі заманғы тілде ағылшынның «image» сөзі көп қырлы болып табылады. Бейне, мотив, рөл, амплуа, маска, типаж, сән қойылым, фасад, репутация - бұл ұғым түсінігінің толық емес тізімі. Адам мәдениетінде көп бейне рөл ойнай отыра, «имидж» түсінігі әр түрлі мәдени-тарихи мәндерді қамтиды.

Имидждің көптеген анықтамалары бар, сондай-ақ имидждің классификациясының әртүрлі әдістері бар. Мұндай көпбейнелілік негізінен имидждің қилы аспектілерде (құрылымдық, функционалдық, пәндік және т.б.) қарастырылуында. Имидж - бұл әрі «адамдардың белгілі бір тұлғамен ассоциацияланатын белгілі бір сапалар жиынтығы» , әрі «құбылысқа оған тән емес қасиеттер мен сипаттар беруге қабілетті бейне», әрі сізді басқалардың қабылдауы. Сіздің тұлғаңыздың қоршаған адамдардың алдындағы жалпы суреті және т.б. Осы және басқа анықтамалар коммуникативтік өрісте әртүрлі бейнелер (субъект біздің жағдайда кандидат немесе саяси ұйым) елестететін бейне; мақсатты жасалған бейне; объект (аудитория) санасында қалыптасатын бейне) циркуляцияланатынын көрсетеді. Бұл бейнелер бір-бірінен бөлек тұрмайды, олардың арасында күрделі байланыс жүйесі болады, олар бір-біріне әсер етуге қабілетті.

Кандидат имиджінің басты компоненті - ол сайлаушының кандидат жайлы пікірі қалыптасатын оның сыртқы сипаттарының жиынтығы. Имиджді қабылдаушы адамдардың санасына жақсы «қалыптасқан» имидж белгілі бір бағдар береді. Осының нәтижесінде санада пайда болған белгілі бір ой адамның өзінің жемісі ретінде қабылданады. Имидж бойынша кеңесші саясаткердің ең жақын көмекшілерінің бірі болуы тиіс. Имидж сомдаған кезде келесілерді ұмытпау керек:

Адамдар көбінде кандидаттың мына белгілеріне көп назар аударады.

түр сипатына- 55%

сөзіне- 38%

ойына- 7%

Сайлаушылардың көбісі апатия күйінде болып отырған қазіргі экономикалық-әлеуметтік, психологиялық жағдайларда негізінен саяси бағдарлар мен жүйелер емес, тұлғалар, дәлірек айтқанда, сәтті сомдалған имидждер күреседі. Саяси жарнамада субъективті-объективті қарым-қатынастар өзінің ерекше спецификалық жағдайларымен ерекшеленеді. Сайлаушылармен кандидаттың коммуникациясы көбінесе «опосредственно» сипатқа ие. Бұл бір жағынан, адамдардың көп бөлігіне әсер ету талап етілетіндігімен (ал мұндай әсер ету бұқаралық коммуникация арналарынсыз мүмкін емес), екінші жағынан, тұлға бұқара алдына өзінің толық адамдық қасиеттерімен көріне алмайтынындығымен түсіндіріледі.



Имидж лидер мен бұқара арасындағы өзіндік бір делдал ретінде болады, ол лидерлік функцияларды өзі атқарады. Сайлаушы үнемі сайлаушының өзі немесе коммуникация құралдары арқылы жасалып отыратын дәл осы бейнені қабылдайды.

Лидер имиджі - саяси жарнаманың басты құралының бірі. Оның өзіндік сапасы – доминаттылық. Біз ақпараттың толық көлемімен жұмыс істеудің орнына қысқа ақпаратты қолданамыз. Имидждік коммуникация спецификасы ақпарат алушы реакциясы бақылана алатындығында, хабарламалар халықтың күтілетін реакциясын есепке алу арқылы жасалынады.



Басқа зерттеулер сайлаушылар қалауларын төмендегідей етіп бөледі:

Бірінші орында - құлықтылық, адалдылық (22,3%)

Екінші орында - сайлаушылар алдындағы жауапкершілік (18%)

Үшінші орында - жергілікті өмір сүру жағдайларымен таныс болу;

Төртінші орында - мейірімділік, әділділік (3%);

Бесінші орында - іскерлік пысықтық (8,6%);

Алтынша орында - эрудиция, интеллект (7,4%)

Халықтың барлық топтары пікірі бойынша алғашқы үш позиция негізгі болып табылады. Ал қалғандары рейтингі әртүрлі топтарда әрқалай. Зиялы қауым өкілдері үшін «іскерлік, пысықтық» және «эрудиция, интеллект», «мейірімділік, әділеттікке» қарағанда әлдеқайда маңызды. Студенттер саясаткерлерге ең қажетті қасиет «іскерлік, пысықтық» деп санаса, зейнеткерлер «эрудиция мен интеллектілікке» қарайды.

Сайлаушылар лидердің жеке өміріне, оның тұрмысына, жанұялық дәстүрлеріне ерекше қызығушылық білдіреді. Зерттеулер көрсеткендей, аудитория әрқашан кез келген лидерден тұрақты әлдебір қасиеттер болуын күтеді. Бұл доминанттарды қандай мөлшерде толық үлгіленетін мөлшерде имидж қосу керек. «Кандидатта барлығымызға ұнайтын бір немесе бірнеше сипаттар болуы керек»,- деп жазады саяси жарнама қисыншылары.

Кандидаттың тиімді имиджі сайлаушының тиімді электоралды іс-қимылдарына ықпал ететін категория болып табылады, кандидаттардың саяси нарықта бәсекеге тұрақтылық деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Имиджмейкер қызметі бейнені «жасаумен» шектелмейді. И. Викентьев имиджбен жұмыс істеуде төмендегі мәселелерді қамтитынын көрсетеді. Бейнені жасау және оның қабылдануын қажетті жаққа бағыттау. Бейнені түсінікті және жағымды (халық пікірі бойынша) категориялар көмегімен беру, яғни позициялау.

Лидерді позициялаудың мүмкін боларлық бірнеше жолдары бар, оның әлдеқайда тиімдісін таңдап ала алған жөн. Мысалы, Дж. Мейджордың саяси консульттанттары оны немесе радикалды өзгерістерді жақтаушы реформатор (Дж. Кеннеди стратегиясы) ретінде немесе қолда бар жетістіктерді сақтап қалуға ұмтылушы консерсватор (Линкольн стратегиясы) ретінде таныстыра алады. Олар сондай-ақ «оның салыстырмалы түрдегі жастығын, жақсы сырт келбетін, энергиясын, тәуекелшіл және спортқа деген ыстық ықыласын көрсете алатын, немесе оның қарапайым әлеуметтік жағдайына, талғамына, сыпайылығына және қарапайымдылығына екпін жасай алатын. Осы екі сипат та Мейджор бейнесін береді, бірақ олардың бірін таңдау керек болады. Позициялау мәні тек бір қалаулы сипаттар мен бағыттарды жай ғана таңдап алу емес, кандидаттың нақты басымдықтарын, яғни бәсекелестердің сипатынан асып түсетін жақтарын анықтауда.

Стратегияны жүзеге асыру процесінде бәсекелестің имиджін түсіру, яғни контржарнама жасау қажеттілігі туады. Кандидаттың тиімді имиджін қалыптастыру бағытында келесі мәселелерді шешу қажет.

1. Кандидат туралы материалдар мыналарды қамтиды: өзіндік

стил қалыптастыру, кандидаттың ақпарат, үлгілеу материалдарын жасау арқылы ортақ стильдік шешім табу. Электрондық БАҚ және халықтық іс-шараларда үгіттеу компанияларын жүргізу үшін аудио және видео жазбалар жасау.

2. Кандидаттардың өз бағдарламаларын ұсыну төмендегідей мазмұнда болуы мүмкін:

- Кандидаттардың кітаптары мен брошюраларын даярлау, олардың

тұсаукесерлерін өткізу;

- Кандидаттардың бағдарламаларының қолданбалы формаларын манифесттер, декларациялар, арнау және ашық хаттар шығару;

- Кандидаттар бағдарламаларының ұрандары мен мессеждерін орналастыру;

- Кандидаттар бағдарламаларының насихаттайтын сөз сөйлеушілерді дайындау.

PR – іс – шараларын ұйымдастыру және өткізу:

Имидждік акцияларды және басқа да республикалық және аймақтық деңгейде кандидаттардың әйгілілігін жаңғыртуға бағытталған PR – шараларды ұйымдастыру қажет.

Кандидаттардың ақпараттық кеңістікте қатысушылық деңгейін көтеру үшін саяси оқиғаларды және ақпараттық әдістерді қолдану қажет.

Кандидаттармен жұмыс:

- Кандидаттардың бұқаралық имиджін талдау және оптимизациялау;

- Кандидаттар үшін сөз сөйлеу мәтіндерін даярлау және олардың психо-лигвистикалық сараптау;

- Кандидаттардың портфологиясын қалыптастыру;

- Кандидаттар үшін халық алдында сөз сөйлеу үшін тренингтер

ұйымдастыру,

- Кандидаттардың сайлаушылармен, БАҚ өкілдерімен, іскерлік, мәдени және саяси элиталармен кездесуін және сайлау округтерінің аудандары бойынша сапарларын ұйымдастыру;

- Кандидаттардың сайлау компаниялары кезіндегі психологиялық

ілеспелерін жасау.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал