Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оршаған ортаны қорғаудың бір формасы ретінде – ерекше қорғалатын территориялар.




Қорықтар –табиғи қорғауға жататын территориялардың ішіндегі ең жоғарғы категориясына жатады. Қорықтардың басты есептері: өсімдіктер және жануарлар әлемі жайлаған табиғи ландшафттардың эталондарын және табиғи кешендердің жаратылыстық дамуының негізгі заңдылықтарын сақтау.

Қорықтың табиғи кейпін қайта қалпына келтіру барысында келесі жұмыстар атқарылады:

v қорғаныш белдемдерінің салынуы;

v сол территорияға тән ормандардың түрін өсіріп шығару;

v қорық территориясындағы өзендердің жағаларына ағаштарды отырғызу;

v фитомелиорацияның барлық жүйелерінің қорық территориясында жүргізілуі.

Сонымен, қорықтардың табиғи кешендерді қалпына келтіруі 2 приоритетті бағыттарға тәуелді:

1.Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану

2.Қорықтардың табиғи күйін барлық әдістердің көмегімен сақтап қалу.

Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи территориялары туралы” заңы 1997 жылы қабылданды.

Мемлекеттік табиғи қорықтар - әрбір мемлекеттің өз аумағында ұйымдастырылады. Табиғи қорғау және ғылыми мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбұлыстардың жаратылыстық барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін , бірегей экологиялық жүйелерді сақтау, зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған.

Биосфералық табиғи қорықтар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың халықаралық мәні зор санатының қатарынан орын алады. Биосфералық табиғи қорықтар ЮНЕП-тің “Адам және биосфера” деген бағдарламасының талаптарына сәйкес дүние жүзі бойынша 1973 жылдан бастап ұйымдастырыла бастады.

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар табиғи, тарихи, эстетикалық, рекреациялық, экологиялық және ғылыми мәні зор белгілі бір алқаптың табиғи бірлестіктерін немесе экожүйелерін сақтап қалу, қорғау және экологиялық үгіт-насихат, туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылады. Ең көне ЕҚТТ қатарына кіреді. Алғашқы ұлттық саябақ АҚШ-та 1872 жылы құрылды – Йеллоустоун ұлттық саябағы. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 ұлттық саябақ ұйымдастырылған.



Мемлекеттік табиғи қорықшалар – мемлекеттік табиғи қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғ,алатын табиғи аумақ. Қазақстанда қазіргі уақытта 64 кешенді, ботаникалық және зоологиялық табиғи қорықшалар ұйымдастырылған.

Мемлекеттік табиғи резерваттар – табиғи резерваттарда қорықтық белдем, шаруашылық жүргізілетін алқаптар ескеріліп бір биологиялық түрді сақтау, молайту, қорғау жұмыстары жүргізіледі. Қазақстанда 4 мемлекеттік табиғи резерваттар ұйымдастырылған.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері – табиғат байлықтарының ғылыми, тарихи, мәдени және эстетикалық немесе басқа да құнды қасиеттері бар жекеленген табиғат нысандарын, олардың топтарын сақтап қалу, қорғау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін террритория. Қазақстанда 26 мемлекеттік табиғи ескерткіштер ұйымдастырылған.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал