Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Халықаралық туризмнің даму перспективасы




2000 – 2020 жылдар кезеңінде әлемдік туристік нарығының маңызды сегменті болып круиздар, конгрестік туризм, тақырыптық парктер, қалалық туризм, шытырман оқиғалы және спорттық туризм және сонымен қатар жағалаулық демалыс табылады. Соның өзінде 2020 жылға туристік келудің болжамдалған саны 1561,1 млн. адамды құрайды. Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықтың маңызды сегменті, республикада жеткілікті түрде туристік-рекреациялық ресурстары бар, шытырман оқиғалы және спорттық туризм болып табылады.

Г.Харрис және К.Кац өзінің «ХХІ ғасырда халықаралық туризмді ынталандыру» атты кітабында алдағы бірнеше жылда әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденцияларын атап көрсеткен [15]. Бәрінен бұрын бұған:

1.Халықаралық туризм турін өзгертудің тез өсуі. Бұл бір жағынан жаңа мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан туризм индустриясымен айналысатын адамдарға әрдайым мәселе жасап отырады.

2.Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндігі туралы туристердің ақпараттануы жоғарылады. Сондықтанда олар саяхат кезінде өздерін қанағаттандыру үшін көп талап қоятын болып кетті.

3.Адамдардың өмір сүру деңгейі өсті (әлем елдері бойынша орташа алғанда – автор ескерпесі) және әлем бойынша қозғалу мүмкіндігі жеңілдей түсті. Бұл миллиондаған халықаралық туристтердің пайда болуына жағдай жасады.

4.Жаңа қызметтер ұсынады. Кәсіпкерлер демалыс пен сатып алуды, білім мен оқу, бизнес пен мәдени бағдарламаларды байланыстыруға мүмкіндік беретін айлалы тәсілдер ойлап тапты.

5.Халықаралық туристер үшін фирмалар арасында бәсекелестік күрес күшейе түседі.

6.Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар – интернеттен виртуалды шындыққа дейін – қызметті ұсынуға жаңа жолдар ашады. Оған орындарды брондау, әр-түрлі туристтік орталықтар мен көрнекі орындарды зерттеп білу кіреді.

7.ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады. Бұл дегеніміз туристің талабы мен өздері келтіруі мүмкін зиян шығынын барынша ескеру тілегінің арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы.



Туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі – 1993 жылы Қазақстанның Бүкіләлемдік Туристік Ұйымына мүше ретінде кіруі, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдерді бекітуі. Қазақстан туристік потенциалға бай бола тұра, келісімдер қатарын шет мемлекеттер үкіметі бастама жасайтынын айтып кеткен жөн. Бұл қатынасты реттеу мақсатында туризм саласын реформалау және қолданыстағы түрлерін қайта қарастыру керек.

Мемлекеттік тәуелсіздіктің басынан Қазақстан Республикасында туристік сала принципшіл құрылым мен маңызды өзгертулерге ие болмады. Қазақстандағы туризм индустриясының дамымау себептерінің бірі бұл-экономиканың саласы ретінде мемлекеттік деңгейде онымен мақсатқа бағытталып айналыспау. Кешендік болжамдауға, ұзақмерзімді жоспарлауға, туризмнің территориялық ұйымдары және мемлекеттік емес құрылымдарына назар аударылмады. Оған қоса, туризмнің дамуына жауапты және оларды сақтауға қаржыландыруды қысқарту туризм саласындағы жағдайға мемлекеттік басқарма органдарын жүйелі түрде қайта ұйымдастыру жиі айтылды.



Саланың дамуына кері әсер етіп тұрған фактор – туризмнен түскен табыстың көп бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне қарамастан, жергілікті басқару органдарының туристік қызметтің басымдылығын мойындамауы. Тек соңғы үш-төрт жылда Қазақстан Республикасының туризм индустриясының тиімділігін қалыптастыру үшін түбегейлі шешімдер қабылданды.

Туристік саланы қалыптастыру мақсаттары мыналар: жоғарытабысты туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысты саласына айналдыру, халықаралық туристік нарық үшін сапалы, бәсекеге қабілетті туристік өнімді өндіріп және жүзеге асыра алуы, туристік инфрақұрылымды дамыту; мәдени-тарихи және табиғи-рекреациялық қорларды ұтымды пайдалану және сақтау; туристік қорлардың халықтың барлық буынына қол жетерлігін қамтамасыз ету, туристік қызметте тұтынуды максималды қанағаттандыру; туризм саласында мемлекеттік және жеке құрылымдардың әрекеттестігінің тиімділігін жоғарылату; туризм саласында кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту.

Алға қойылған мақсаттарға жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет: туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың белсенділігін арттыру; туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру; туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негізін әрі қарай дамыту; салықтық жеңілдік, мемлекеттік кепілдік және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын ұсыну арқылы туристік нарықты қорғау; туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тартымды туристік нарық ретінде Қазақстан имиджін қалыптастыру; ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; туризм саласындағы ғылыми зерттеуді тереңдету; халықаралық стандарттарға сәйкес туризм саласының қызмет көрсетуінің статистикалық есеп әдістемесін құрастыру; туристік объектілерінің құрылысы мен қайта құру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту арқылы туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасау; туристік қызметті лицензиялау, сертификаттау және стандарттау негізінде туристерге қызмет көрсету сапасын жақсарту; туризм саласындағы кадрларды дайындау және мамандануын жоғарылату жүйесін дамыту; туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту; мәдени мұраны сақтау және қоршаған ортаны қорғау шараларымен қамтамасыз ету, оларды жүзеге асыру.

Барлық өркениетті әлем негізгі туристік ағынды өзіне тартуға тырысады, себебі, туризм мемлекет бюджетінің табыс бөлігін толтыратын маңызды табыс көздерінің бірі болып табылады. Сондықтанда, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын арттыру қажет. Бұл мақсатта туристік ұйымның қызметін келу туризмін дамытуға қайта бағдарлау қажет. Бұл бірінші кезекте көліктің (кесте 4) [11], орналастыру орындарының, кадрлық қамтамасыз етудің жағдайына тәуелді.

Жалпы айтқанда, қазіргі таңда Бүкіләлемдік туристік ұйымның біздің елге деген сенімі зор. Өйткені, Қазақстанда саяси тұрақтылық бар, халықтар арасында достық пен ынтымақтастық қалыптасқан, одан кейін туристерді қызықтыратын тамаша жерлеріміз бар. Осының бәрі еліміздің саяси имиджін қалыптастыруға өз септігін тигізуде. Саяси имидж дегеннен шығады, қазір еліміз көптеген халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен, Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі. Еуразиялық медиа-форумның мәжілістері. бәрі-бәрі біздің елде етеді. Бұл шаралар Қазакстанның саяси тұрақты, бейбітшіл ел екенін көрсетеді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал