Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ялы байланыс желілерінің төрт ұрпағы




 

Бірінші ұрпақ 1G

 

Ұялы байланыс расымен де өткен ғасырдың 70-ші жылдарының аяғында басталды. 1978 жылғы Чикагодағы AMPS (Advanced Mobile Phone Service) жүйесін 800 МГц ауқымында тәжірибелі пайдаланылған нәтижелер белгілі. Алайда Құрама Штаттардағы бірінші AMPS ғарыштық жүйесінің жіберілуіне бірнеше жыл қажет болды, ал Чикагоның өзінде ол 1983 жылы іске асырылды. Көп кешікпей-ақ АҚШ басқа ірі қалаларында да осы этаптағы AMPS стандартының аналогты жүйелері дәл осылай қолданыла бастады.

Осы екі жағдайдың арасында, ұялы байланыстың коммерциялық жүйесі 1979 жылы Токиода жіберілді. Европалықтар өз жолдарымен кетті, Швецияда да, Норвегияда да, Дания мен Финляндияда да 1981 жылы 450 МГц ауқымында жұмыс істейтін бірінші европалық NMT-450 (Nordic Mobile Telephone System) жүйесі құрылды. Ұлыбритания 1985 жылы AMPS жүйесінің модифицияланған болжамы болып табылатын TACS (Total Access Communications System) деп аталатын, 900 МГц ауқымында жұмыс істейтін басқа технологияны ендірді.

TACS стандартындағы мобильді байланысты ең алдымен ВТ, Cellnet және Vodafone мобильді байланыс операторлар ұсынған болатын.

Келтірілген мысалдарға көптеген басқа елдер ере бастады, содан кейін көп ұзамай-ақ мобильді байланыс қызметтері бүкіл жер шарына таралды. 1980 жылдардың басында-ақ ұялы байланыстың бірінші ұрпағы 1G қолданысқа ену үшін, бастапқы мына тұжырымдамаларды іске асыруға мүмкіндік берді: ұяларда жиіліктерді қайта қолдану, кез-келген ұяда олардың орналасқан орнын анықтай алатын терминалдардың мобильділігі, бір ұядан екінші ұяға орын ауыстыру кезіндегі байланыстың үздіксіз болуы – бұл құбылыс хэндовер деп аталады. Яғни 1G жүйесінде сымсыз байланыстың ең маңызды мәселелерінің бірін – орнатылған байланысты бір радиостанциядан екіншісіне байланыстың шығынынсыз жалғауды шеше алды.

Тағы да бір мәселе жиілікті қайта пайдалану қолдану арқылы шешілді, бұл бір географикалық қызмет көрсету аймағында айтарлықтай үлкен трафик көлеміне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Нақтылы кіріспей-ақ, 1G жүйелерінің екі шешуші стандарттың біреуіне кіретінін атап кетуге болады – скандинавиялық NMT және американдық AMPS.



Бірақ алдымен осы жүйелерге тән кемшіліктерді айта кету дұрыс болар. Мәселе сөйлесулерді тындай алу мүмкіндігі, мобильді терминалдардың клондарын дайындау мүмкіндігі, тиімсіз қолдану себебінен жиілік ауқымының шамадан артық бос болмауы. Сонымен қатар, аналогты жүйелерге тән, қалалық құрылыстардың қарқынды салыну шарттарында радиотолқындардың таралуы тоқтап қалуы мүмкін, ол көпсәулелі радиотолқынның таралуынан туындайды, және де сөздердің берілу сапасының төмендеуіне әкеліп соғады.

Сонда да болса, 1G жүйесінің өзіне артқан үмітті ақтай алмағанын айтпай кетуге болмайды, бұл жүйенің бүгінгі күндегі байланысты тарату жүйелеріндегі ролін бағалау өте қиын.

NMT-450 стандарты.

Аты айтып тұрғандай, бұл FDMA технологиясының стандарты скандинавиялық елдермен (Даниямен, Нор­вегиямен, Швециямен және Финляндиямен) бірігіп 450 МГц ауқымы үшін жасалған, ал бұл ауқыммен қаныққаннан кейін, NMT-900 деген атқа ие болып, 900 МГц ауқымы үшін де өңделіп жасалды. NMT желілік архитектурасының құрамына МТХ (Mobile Telephone Exchange) жылжымалы байланыс коммутациясының орталықтары, базалық станциялар BS мен абоненттік терминалдар кіреді. МТХ коммутациялау орталықтары жалпы қолданыстағы телефон желілерімен түйістіруді жергілікті, аймақтық және қалааралық деңгейде қамтамасыз етеді. Базалық станциялар жүйенің белгілі бөлігі мен мобильді терминалдар арасындағы интерфейсті қамтамасыз етеді және де МТХ станцияларымен сымды немесе радиорелелі жалғаушы желілер арқылы байланысады.



AMPS жүйесі.

FDMA технологиясының жетілдірілген мобильді телефонды байланыс жүйесі AMPS (Advanced Mobile Phone System), XX ғасырдың 70-жылдары атақты Белл зертханасында ойлап табылған, ең бірінші рет 1982-1983 жылдары Чикагода, АҚШ-та өрісін жая бастады, содан кейін бүкіл Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Австралида кеңінен ене бастады. Дәл осы жүйеден бастап «КарТел» операторлық компаниясының (БиЛайн сауда маркасы) да алдымен Ресейде, содан кейін Казақтанда тарихы басталды.

Сонымен қатар, Германияда, Австрияда, Оңтүстік Африкада және Португалияда қолданысқа енген C-Netz жүйесі де пайда болды. Бұл жүйенің кейбір негізгі сипаттамалары 2G ұрпағына жататын, оның цифрлы ізбасары D-AMPS жүйесінен алынған.

1G жүйелері шамамен бір технологиялық деңгейде құрылған; 1G жүйесіне сәйкес келетін AMPS жүйесінің ұяшық көлемі әдетте 10 км ден 20 км дейін болады, бұл дегеніміз 2G ұрпағының цифрлы жүйелеріндегі ұяшық көлемінен әлдеқайда үлкен. Әрбір ұяшық өз жиілігінде жұмыс істейді, ол көршілес жиіліктерді кесіп өтпейді, ал әр түрлі ұяшықтарда (бірау көршілес емес) бірдей жиіліктерді пайдалану, жиіліктік ресурсты анағұрлым жаксы пайдалануға мүмкіндік береді. Әрбір ұяшықта өзінің әрекет ету аймағында орналасқан, барлық мобильді телефондарға қызмет көрсететін өзінің базалық станциясы BS болады.

Базалық станция басқарушы құрылғыдан және антеннамен жалғанған қабылдап/таратқыштан тұрады. Біршама үлкен көлемдегі ұяшықтар таратқыштар үшін талап етілетін аз қуатты білдіреді. Базалық станциялар бір немесе бірнеше MSC (Mobile Switching Center), кейде сондай-ақ MTSO {Mobile Telephone Switching Office) деп аталатын коммутация орталықтарымен жалғанған.

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.004 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал