Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ялы мобильдік байланыстың жиілік жолақтары




 

GSM 900/1800/1900 стандартының ұялы мобильдік байланыс жүйелеріндегі жұмыс жиіліктерін бөлектеуге халықаралық келісімдерге сәйкес 1-кестеде көрсетілген жиілік ауқымдары бөлінді.

1-кестеден мынаны көреміз:

- аз ғана жиілік арналарының санын енгізіле алатын бөлектенген жиілік жолақтарының қатал шектелуі, бұл бөлектенген жиілік ауқымын тиімді пайдалануға табиғи түрде ұмтылдыруға, және де мобильдік байланыс жүйесінің сыйымдылығын жоғарылатуға шақырады;

– GSM стандартының ұялы мобильдік байланысында қолданылатын жиілік жолақтары негізінен тура көріну шегінде таратылатын радиотолқындардың дециметрлік ауқымына жатады, бұл жиіліктердегі дифракциялық құбылыстар нашар көрсетілген, ал гидрометеорлардағы жұтылылу (жаңбыр, қар, тұман) мен молекулалық жұтылу мүлдем болмайды.

 

1-кесте

GSM 900/1800/1900 стандартының ұялы мобильдік байланыс жүйелерінде жұмыс толқындарының ұзындықтары мен жұмыс жиіліктері

GSM стандарт Жиілік, МГц Толқын ұзындығы, см
MS → BТS BТS → MS MS → BТS BТS → MS
GSM 900 890-915 935-960 32,8-33,7 31,2 – 32,1
GSM 1800 1710-1785 1805-1880 16,8 – 17,6 16,0 – 16,6
GSM 1900 1850-1910 1930-1990 15,7 – 16,2 15,1 – 15,6

 

GSM 900/1800/1900 стандартына сәйкес мыналарды белгілеуге болады:

- жиіліктер арасындағы таралу мобильді станция => базалық станция бағытында - (MS => BTS) және базалық станция => мобильдік станциия бағытында - (BTS => MS) (35- а суреті) мынадан құрайды:

- GSM 900 үшін: 935 - 890 = 960 - 915 = 45 МГц;

- GSM 1800 үшін: 1805 - 1710 = 1880 - 1785 = 95 МГц;

- GSM 1900 үшін: 1930-1850 = 1990-1910 = 80 МГц;

- қабылдап/таратуға арналып бөлінген жиілік жолағының ені:

- GSM 900 үшін: 960 - 935 = 915 - 890 = 25 МГц;

- GSM 1800 үшін: 1785 - 1710 = 1880 - 1805 = 75 МГц;

- GSM 1900 үшін: 1910 - 1850 = 1990 - 1930 = 60 МГц;

- 900 МГц жиілігіндегі дуплекстік сөйлесу арналарының таралуы:

- GSM 900 үшін - 200 кГц (35-сурет, б суреті);

- бір физикалық сөйлесу арнасына арналған эквивалентті жиілік жолағы:



- GSM 900 үшін: 25 кГц;

- GSM 1800/1900 үшін: 12,5 кГц;

- дуплекстік радиоарнадағы физикалық сөйлесуші радиоарналардың саны:

- GSM үшін: 200/25 = 8 арналық (35-сурет, б суреті);

- дуплекстік сөйлесуші арналар саны - 124 (35-сурет, в суреті).

 

а)

б)

 

в)

 

35-сурет. GSM стандартының жиілік жолақтарының сипаттамасы:

а) жиіліктер арасындағы таралу мобильді станция => базалық станция бағытында - (MS => BTS) және базалық станция => мобильді станция бағытында - (BTS => MS);

б) физикалық дуплекстік сөйлесуші радиоарналар саны;

в) GSM 900 арналған ені 25 МГц қабылдап/таратушы жиілік жолағы үшін бөлінген дуплекстік радиоарнадағы физикалық сөйлесуші радиоарналар саны [(25/0,2) - 1] = 124 дуплекстік сөйлеу арналарында орналасады

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал