Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пестицидтер мен биопрепараттар




Пестицидтерді ұзақ және кең масштабта қолдану әлем елдері кері нәтижелерге душар болды: қоршаған ортаның, тағам өнімдерінің ластану пайда болып, адам денсаулығына кері әсерін тигізді. Көптеген пестицидтер ұзақ уақыт бойы адам тіршілігінің ортасында бір обьекттен екінші обьектке ауыса отырып, токсинділігі доғары затқа айналуы мүмкін және биоценозды тепе-теңдікті бұза отырып, адамға қауіп туғызады.

Пестицидтер – жәндіктер мен кемірушілерге, өсімдіктер мен жануарлардың ауру тудырғыштарына қарсы жасап шығарылған химиялық және биологиялық заттар.

Гигиеналық классификация

Гигиеналық классификация пестицидтерді ағзаға әсер ету деңгейі бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

Асқазанға енгеннендегі токсинділік бойынша (DL50, мг/кг):

1. Күшті әсер ететін улы заттар - 50 -дейін;

2. Токсинділігі жоғары – 50 - 200;

3. Токсинділігі орташа – 200 - 1000;

4. Токсинділігі аз - 1000 -ға жуық;

Ұшқыштық деңгейі бойынша:

1. Өте қауіпті зат - токсинділікке аз немесе көп қаныққан;

2. Қауіпті - бастапқыдан біршама көп қаныққан концентрация;

3. Қауіптілігі төмен - бастапқы әсер танытпайтын қаныққан концентрация.

Жинақталу бойынша (кумуляция коэффициенті):

1. Жоғарғы кумуляция - 1 -ден аз;

2. Байланысқан – 1- 3;

3. Біркелкі – 3 - 5;

4. Әлсіз байланысқан - 5 -ке жуық.

П е с т и ц и д т е р д і ң қ а у і п т і л і к г и г и е н а л ы қ б а ғ а с ы б о й ы н ш а о л а р д ы ң б л а с т о м о г е н д і л і гі,т е р а т о г е н д і л- і г і, э м б р и о т о к с и н д і л і г і және препараттың а л л е р г е н д і қ а с и е т т е р і е с к е р і л е д і. Бұл тұрғыда гигиеналық классификация, көрсетілген қасиеттермен қоса тағы 5 топтан тұрады.

Бластомогенділігі бойынша:

1. Анық канцерогенді – адамдарда ісіктің жеке жағдайын тудырады; жануарларға жүргізілген тәжірибеде күшті канцерогенді болып саналады;

2. Канцерогенді - жануарларға жүргізілген тәжірибелерде канцерогенділігі дәлелденген, адамдарда дәлелденбеген;



3. Әлсіз канцерогенді – жануарларға жүргізілген тәжірибелердегі әлсіз канцерогендер;

4. Бластомогенділікке күмәнділер - жануарларға жүргізілген тәжірибелердегі әлсіз канцерогендер;

Мутагенділігі бойынша:

1. Супермутагендер - жануарлар мен өсімдіктерде 100%-ға жуық мутация тудырады (100 %-ға принимается 100 хромосомадағы 100 мутация)

2. Күшті мутагендер – дрозофиладағы 5 - 100% мутация

3. Орташа мутагендер – дрозофиладағы 2 - 5% мутация

4. Әлсіз мутагендер – дрозофиладағы 1 - 2% мутация

5. Қте әлсіз мутагендер - дрозофиладағы 0,5 - 1% мутация

Тератагенділігі бойынша:

1. Айқын тератогендер - жеке жағдайларда адамдарда ұсқынсыздық тудырады, жануарларға тәжірибелер жүргізілген.

2. Тератогенділікке күмәнділік - жануарлар тәжірибелерінде ұсқынсыздықтар байқалған.

Эмбриотоксинділігібойынша:

1. Таңдаулы эмбриотоксинділік – ана ағзасына токсинділік тудырмайтын мөлшерде ;

2. Біркелкі эмбриотоксинділік - басқа улағыш күшті әсерлермен бірге көрінеді.

Аллергенді қасиеттері бойынша:

1. Күшті аллергендер - нақты жағдайда аздаған мөлшерде әсер ету көптеген адамдарда аллергиялық реакциялар туындатуы ықтимал;

2. Әлсіз аллергендер - жеке тұлғалар арасында аллергиялық реакциялар туындатады.



Кесте 14. Қауіптілік деңгейі бойынша пестицидтер классификациясы

Қауіп класы DL50, мг/кг ӘЕБҚД Алшақтатылған нәтижелер
Ауыз арқылы түскенде Теріге тисе
қатты сүйық қатты сұйық
Аса қауіпті заттар 200-ге дейін 300-ге дейін 500-ге дейін 300-ден көп Туындат- пайды
Қауіптілік жоғары заттар 50-200   300-1000   300-30 Туындат- пайды
Шамалы қауіпті заттар 200-1000   1000-ға жуық   30-3 Туындат- пайды
Қауіптілік төмен заттар 1000-ға дейін   Тері аппликациясы өлім тудырмайы   3-ке дейін Туында- пайды

Ескерту: 1-ші және 2-ші кластар тиімділігі бойынша А және Б бөлімдеріне бөлінеді.

Қауіптің І класына жататын пестидиттер ауыл шаруашылығында қолданысқа түспеуі тиіс. ІІ класқа жататындардың қолдану аясы шектеулі; ІІІ және IV класқа жататын пестицидтер сәйкес гигиеналық регламенттерге сәйкес номативтерді сақтаған жағдайда қолданыла береді


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.01 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал