Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






КІРІСПЕ. Тақырыптың өзектілігі.Еліміздің егемендік алып, мемлекетіміздің тәуелсіздікке қол жеткізуі жағдайында






Тақ ырыптың ө зектілігі. Еліміздің егемендік алып, мемлекетіміздің тә уелсіздікке қ ол жеткізуі жағ дайында ұ лттық тө л тарихымызды тарихи шындық, идеология мен саяси қ алыптардан ада, тарих ғ ылымында бұ рын сың аржақ бағ а беріліп келген мә селелерді мейлінше ашып кө рсете отырып, ақ иқ ат, ғ ылыми жә не қ оғ амдық саяси тұ ғ ыдан саралаудың маң ызы зор. Сонымен бірге, бү гінде ә рбір саналы азаматтың ұ лттық тарихымыздың бастау кө зі – ө лке тарихына, шежіре, салт-дә стү ріне барынша мә н беріп жә не оны білуге деген қ ұ штарлығ ының артуы объективті шындық қ а айналды.

Ұ лттық тарихымызда XIX ғ асырдың басында саяси-территориялық қ ұ рылым ретінде дү ниеге келген Бө кей хандығ ының маң ызы ө те зор. Міне, осы тұ рғ ыда 1801 жылы қ ұ рылып, Отандық тарихтың тө ң керіске дейінгі кезең інде ү лкен орын алғ ан Бө кей ордасының тарихы сол заманда-ақ кө птеген саяхатшылардың, ғ алымдардың, саясаткерлердің назарын ө зіне аударды. Осындай қ ызығ ушылық бү гінгі кү ні де ө шкен жоқ жә не қ айталап, салалап зерттеу қ ажеттілігін алдымызғ а тартып отыр.

Ә сіресе Бө кей ордасындағ ы білім беру ісінің тарихы, оның ерекшеліктері, рухани-мә дени ө мірге деген ә сері терең, ә рі жаң аша зерделеуді талап етеді. Қ азақ станның ө зге бө ліктерімен салыстырғ анда Бө кей ордасы территориясының бір жағ ынан, отарлаушы Ресей империясы, екінші жағ ынан, Орда билеушілері бастамасымен реформаланғ андығ ын, ә рқ айсысының ө зіндік ішкі есептері болғ андығ ын жә не олардың ө зара байланысын ескерсек, тақ ырыптың ө зектілігі ашыла тү седі. Ө йткені қ азақ даласындағ ы жаң а сипаттағ ы алғ ашқ ы мектеп осы Бө кей ордасында Жә ң гір ханның бастамасымен ашылғ ан еді. Осығ ан орай бө кейліктегі білім беру ісінің тарихын бү гінгі кү н биігінен жаң аша саралау тақ ырыптың ө зектілігін айқ ындай тү седі. Оның ү стіне қ aзipri кезде қ оғ амның дамуын, елдің экономикалық қ уаты мен ұ лттық кауіпсіздгін қ амтамасыз етуде білім беру жү йесінің, адам ресурстарының рө лі мен маң ызы ерекше. Сондық тан Қ азақ стан Республикасының білім саласында тү бегейлі ө згерістер жү ріп жатыр. Бұ л ө згерістер тиімді нә тижелер бepyi ү шін олардың ғ ылыми-теориялық негізіне, тарихи оң тә жірибеге сү йену қ ажеттігін ө мір ө зі дә лелдеп отыр.

Тақ ырыптың зерттелу дең гейі. Бө кей ордасындағ ы білім беру ісіне қ атысты деректерді ХІХ ғ асырдағ ы Ішкі орда тарихына арналып жазылғ ан орыс зерттеушілері ең бектерінен табуғ а болады. Олардың қ атарында А.Евреинов [1], И.Ф.Бларамберг [2], А.Е.Алекторов [3], И.С.Иванов [4], А.Воскресенский [5], т.б. зерттеулерін атауғ а болады.

А.Евреинов қ азақ жастарын оқ ыту ү шін ү кіметтің рұ қ сатымен Жә ң гір хан 1840 жылы Хан ордасында негізін қ алағ ан мектептің барлығ ын, онда татар, араб жә не орыс тілдері, арифметика мен грамматиканың бастапқ ы ережелері, география мен тарихтың қ ысқ аша тү рі жә не шешекке қ арсы егу ережелері оқ ытылатынын айтады. Онда он тоғ ыз оқ ушы білім жатыр. Ү здік оқ ушылар оқ уларын одан ә рі жалғ астыру ү шін Орынбордағ ы Неплюев кадет корпусына тү седі дейді [1, с. 46-47].

Миссионер А.Е. Алекторовтың «Оренбургский листок» газетінің 1887 жылғ ы бірнеше санында «Внутренняя Букеевская орда (Краткий исторический очерк)» деген мақ аласы жарық кө рді. Орыс миссионері бө кейліктегі мұ сылмандық сауаттылық тың тез қ арқ ынмен таралып жатқ анына ө кініш білдіреді. Соғ ан қ арамастан жергілікті тұ рғ ындардың орыс-қ азақ мектептеріндегі бастауыш білімге деген сұ ранысының жылдан жылғ а кө бейіп келе жатқ анына мә н береді. Зерттеушінің бұ л мақ аласы «История Букевского ханства» атты қ ұ жаттар жинағ ында қ айта басылып шық ты [3, с. 881-895].

И.С.Ивановтың «Внутренняя Киргизская орда (Краткий статистический очерк)» деген мақ аласының бесінші бө лімі бө кейліктегі білім беру ісіне арналғ ан. Ол Ішкі орданың ағ арту тарихын басты ү ш кезең ге бө ліп қ арастырады. Бірінші кезең, қ азақ тардың Азиядан ө ткен кү нінен бастап, 1841 жылғ а дейінгі уақ ытты қ амтып, мұ сылман мектептерінің басым болғ ан. Екінші кезең, 1841 жылы 6 желтоқ санда Хан ордасындағ ы алғ ашқ ы орыс-қ азақ мектебінің ашылуынан 1868 жылдың қ азанына дейінгі аралық ты қ амтиды. Ү шінші кезең, 1868 жылы учаскелік (бө лімдік) мектептердің ашылуымен орыс сауаттылығ ының кү шейе бастауы. Ө з ең бегінде зерттеуші негізінен бө кейліктегі оқ у-ағ арту саласының ү шінші кезең іне қ атысты деректерді молынан келтіреді. Мұ ндағ ы қ ұ жаттық мә ліметтер бү гінде ө зіндік қ ұ ндылығ ымен ерекшеленеді. Сондық тан Бө кей ордасындағ ы білім беру саласына қ алам тартқ ан зерттеушілердің барлығ ы дерлік бұ л ең бекке соқ пай ө те алмайды [4, с. 212-230].

Зерттеу тақ ырыбына тікелей қ атысы бар келесі қ ұ нды ең бектер қ атарына Бө кей ордасындағ ы орыс-қ азақ мектебінің инспекторы болғ ан А.Воскресенскийдің «Школьный альбом Букеевской орды» атты ең бегін айтуғ а болады. Бұ л зерттеуде Жә ң гір училищесінің ашылу кезең іне қ атысты қ ұ нды қ ұ жаттық деректер бар. Ол мә ліметтерді ө з кезегінде дипломдық жұ мысты жазу барысында тиімді пайдалануғ а тырыстық. Сонымен қ атар бө кейлік қ исымдардағ ы мектептерге де шолу жасалынғ ан. Ең бектің ө зге зерттеулерден ө зіне тә н бір ерекшелігі сол дә уірдегі тү пнұ сқ а фотосуреттерді бү гінге жеткізкуі дер едік. Солардың ішінде ә сіресе, Қ амыс Самар қ исымының билеушісі Бақ тыгерей Қ ұ лмановтың жеке портретін ерекше бө ліп кө рсетуге болады [5, с. 46-47].

Қ азан тө ң керісіне дейінгі зерттеушілер арасында Ішкі ордадағ ы оқ у-ағ арту мә селесіне қ атысты қ ұ нды мә ліметтер этнограф ғ алым Мұ хамбетсалық Бабажановтың ең бектерінде кө рініс тапқ ан. Жасынан сезімтал, сергек ө скен Салық, қ азақ халқ ы ү шін ө нер-білімнің, ғ ылымның маң ызын, оның ұ рығ ын себуші мектептің, Кіші жү зде Бө кей ордасындағ ы алғ ашқ ы ұ йымдасқ ан Жә ң гір мектебінің маң ызын жоғ ары бағ алады. «Тек соң ғ ы уақ ыттарда, Жә ң гір Бө кейұ лын хан етіп тағ айындағ аннан кейін ғ ана, біздің оқ уымыз айтарлық тай кең тү рде жә не жылдамырақ алғ а басты. Осы жанның арқ асында, оның қ амқ орлық кө рсетуімен жә не басқ а да қ ажеттіліктердің нә тижесінде Орда ішінде сауатты адамдар шығ а бастады. Қ аза болып кеткен хан оқ ушыларды жә не оқ ытатындарды сыйлауда ақ сшасын, да кү ш қ уатын да, оқ удың пайдалы екендігіне ордалық тарды жү гіндіруде ештеме де аяп қ алғ ан жоқ. Ө зінің ордасында ол мектеп ашты, онда Мұ хаммед хадистерін ү йрететін жә не орысша сауаттылық пен орыс тілін оқ ытатын 60 адамдық орын болды. Бұ л мектеп ә лі кү нге дейін Жә ң гір мектебі аталып, ордада ө мір сү ріп жатыр, қ азір мұ нда 30 балағ а Орданың шаруашылық қ аражатынан ақ ша тө леп тұ рады. Жасыратыны жоқ, айта кеткен жө н, Ішкі Орда халқ ы ө здерінің мә дени ө мірлерінің мә дени ө мірлерінің жә не де ақ ыл-ой қ абілеттерінің дамуы жағ ынан Бө кей ханғ а, ә сіресе Жә ң гір хан алғ ыс айтуғ а міндетті. Бө кей қ азақ тарды дала тө сінен астрахандық тардың жеріне жеріне кө шіріп ә келіп, қ ала-қ ыстақ ғ ұ рпын қ абылдады: ал Жә ң гір хан ө зінің жеке ү лгі кө рсетуінің арқ асында жә не татар оқ уына, ислам хадистеріне, орыс тілін ауызша, жазбаша білуге ұ мтылуы нә тижесінде қ ашанда болсын оқ удың ұ ят еместігін жә не ешқ ашанда кеш болмайтындығ ын қ азақ тарғ а дә лелдеп берді. Оқ у ісімен, кә сіпшілікпен, саудамен жә не қ олө нермен айналысатындарғ а ерекше кө ң іл бө ліп, жанашыр қ амқ оршы болғ ан Жә ң гір ханның ең бегі зор» [6, 20-б.], - деп, жазды ол Санкт-Петербург қ аласында тұ ратын ө зімен кө п мә селеде пікірлес досы, орыс оқ ымыстысы Павел Небольсинге жазғ ан бір хатында. Бұ л хатты П.Небольсин Санкт-Петербургте шығ атын «Северная пчела» атты журналдың 1861 жылғ ы 3 қ аң тарда шық қ ан 4 санында «Қ азақ тың қ азақ туралы жазбалары» деген тақ ырыппен жариялады. Салық ө зінің жазбаларында қ азақ балаларын оқ ытуғ а, қ азақ тардың мә дени дә режесін ө сіруге, ой-ө рісінің кең еюіне, қ азақ даласынан тысқ ары жерлердегі ә леуметтік игі ө згерістер мен жаң алық тарды кө ріп білуіне, игеруіне қ ұ штар болып, қ амқ орлық жасап, Жә ң гірдің кө птеген қ айырымды істер тындырғ анын ү лкен ризашылық пен атап ө теді.

Қ азақ стандағ ы ағ арту ісінің жә не педагогикалық ойлардың даму тарихын, Қ азақ стандағ ы халық қ а білім беру iciн, Қ азақ стан мектептеріндегі оқ ыту ә дістері мен мазмұ ны туралы мә селелерге И.Я.Гармс [7], Қ.Б.Бержанов [8], А.С.Сембаев [9], Т.Т.Тә жібаев [10], Д.Сулейменов [11], Г.В.Поворова, С.А.Ұ зақ баева, В.Г. Храпченков [12] жә не т.б ең бектерінде қ арастырып, талдау жасалынды.

И.Я. Гармс [7] зерттеуінде қ азан тө ң керісіне дейінгі Ресей қ ұ рамындағ ы қ азақ тардың арасындағ ы халық қ а білім беру мә селелерін зерттеген. Ол Қ азақ стандағ ы діни мектептер мен медреселер туралы жә не мұ сылмандық діни мектептерге қ атысты патша ү кіметінің саясатын, орыс оқ у мекемелеріне (кадет корпусы, классикалық гимназиялар, реальды училищелер жә не ауыл шаруашылық мектептеріне) қ азақ тардың ә ртү рлі ә леуметтік топтарының балаларының тартылуын, бастауыш орыс-қ азақ мектептерінің оның ішінде Қ азақ станда Жә ң гір ханның басшылығ ымен жә не соның каражатына ашылғ ан алғ ашқ ы орыс-қ азақ мектетебінің қ ұ рылуы мен дамуын қ арастырады.

С.З.Зимановтың «Россия и Букеевское ханство» [13] атты ең бегі ө з тақ ырыбын жан-жақ ты қ арастыруғ а тырысқ анымен, мұ нда Жә ң гір ханның ағ артушылық саясаты толық тай қ арастырылмағ ан. Ғ алым 1801-1845 жылдардағ ы кө бінесе Ішкі ордадағ ы қ оғ амдық, ә леуметтік-экономикалық жә не мемлекеттік-қ ұ қ ық тық салаларды, оның даму эволюциясы тентенденцияларын, сонымен қ атар, ордағ а Ресей демократиялық институттарының жә не алдың ғ ы қ атарлы мә дени жетістіктерінің ық палы жан-жақ ты талдаумен шектелген. Дегенмен, бұ л ең бек қ арастырылып отырғ ан тақ ырыпты ашуғ а ө з септігін тигізе алды. Ә сіресе, отаршыл патша ү кіметінің жалпы жә не Бө кей ордасындағ ы ағ артушылық саясаты маң ызды. Сондай-ақ, ғ алымның басқ а да ең бектері қ олданысқ а енгізілген.

Келесі ең бектер қ атарында Г.М. жә не В.Г. Храпченковтардың ең бектері қ ызығ ушылық танытады. Ең бек «История школы и педагогической мысли Казахстана» [12] деп аталып, революцияғ а дейінгі, кең ес заманындағ ы жә не егеменді, тә уелсіз Қ азақ стан мектептерінің жә не педагогикалық ойының теориялық -методологиялық мә селелері қ арастырылғ ан. Сондай-ақ, мә дениет, білім салалары белгілі қ ызметкерлерінің жә не осы салаларда белсенді қ ызмет жасап, ең бек сің ірген ел басшыларының қ осқ ан ү лесі, педагогикалық жә не ағ артушылық іс-ә рекеттері сипатталып, педагогикалық жаң ашылдығ ы талданғ ан.

Бө кей ордасындағ ы білім беру ісінің тарихы туралы Т.З.Рысбеков [13], И.Н.Кенжалиев [14], Е.А.Тарабановская [15], Р.Л.Абдрахманова [16], С.Тоқ болат [17] секілді тарихшы ғ алымдардың ең бектерінде мол мә ліметтер кездеседі.

Дегенмен, Қ азақ станның ағ артушылық саясат тарихында ә лі де болса жан-жақ ты қ арастырылмағ ан ақ таң дақ мә селелер аз емес. Соның ішінде Бө кей Ордасындағ ы XIX ғ асырдың бірінші жартысындағ ы мұ сылмандық білім беру мә селелері, оның ішінде Жә ң гір ханның білім беру жү йесіндегі реформалары жә не еуропалық ү лгідегі білім жү йесінің Қ азақ стан жерінде іргетасын қ алауғ а бағ ытталғ ан ағ артушылық ic-ә peкеті ә лі де толық зерттелді дей алмаймыз. Бұ л тә жірибенің қ азіргі кездегі білім жү йесін дамытудағ ы тарихи-педагогикалық маң ызы да ғ ылыми-педагогикалық тұ рғ ыдан жете талданғ ан жоқ.

Бө кей ордасындағ ы білім беру жү йесіндегі реформалар жә не еуропалық ү лгідегі білім жү йесінің Қ азақ стан жерінде іргетасын қ алауғ а бағ ытталғ ан ағ артушылық іс-ә рекетінің толық зерттелмеуі, бұ л тә жірибенің қ aзipгi кездегі білім жү йесін дамытудағ ы тарихи маң ызының ғ ылыми тұ рғ ыдан жете талданбауының ө зі тақ ырып маң ыздылығ ын айқ ындап береді.

Жұ мыстың мақ саты мен міндеттері. Бө кей ордасындағ ы білім беру ісінің қ алыптасуы мен даму тарихы туралы мағ лұ мат беру, оның қ азақ қ оғ амның мә дени-рухани дамуындағ ы ү лесін кө рсету. Осы мақ сатты жү зеге асыруда мынадай міндеттер алғ а қ ойылды:

- ХІХ ғ асырдың басындағ ы Бө кей ордасындағ ы білім берумен оқ у-ағ артудың алғ ашқ ы қ алыптасу кезең ін ашып кө рсету;

- 1841 жылы 6 желтоқ санда Жә ң гір хан ашқ ан Хан ордасындағ ы алғ ашқ ы мектептің қ ұ рылуын жә не оның кейінгі қ ызметін тарихи деректер негізінде саралау;

- 1868 жылдан бө лімдік мектептердің ашылуынан басталғ ан Ішкі ордадағ ы білім берудің жаң а кезенінің ерекшеліктеріне талдау жасау;

- ХІХ ғ асырдың соң ы мен ХХ ғ асырдың басындағ ы Бө кей ордасындағ ы білім беру ісінің одан ә рі дамуын анық тау.

Зерттеу ә дісі. Дипломдық жұ мыста қ ойылғ ан мә селені шешу ү шін жалпы ғ ылымилық қ ағ идалар – тарихилық, обьективтік, жү йелілік басшылық қ а алынды. Фактілік мә ліметтерге анализ жасауда арнайы тарихи ә дістер: салыстырмалы сипаттау, тарихи-генетикалық, проблемалы-хронологиялық, тарихи-синтез ә дістері қ олданылды. Нақ ты ә дістерді таң дау тү рлі факторларғ а, яғ ни пайдаланудағ ы деректердің мазмұ ны мен сипатына, жұ мыстың мақ сатына байланысты болды.

Зерттеу нысаны. ХІХ ғ. жә не ХХ ғ. басындағ ы Бө кей ордасындағ ы білім беру ісі.

Хронологиялық шең бері. Бө кей ордасының 1801 жылғ ы қ ұ рылу кезінен бастап, ХХ ғ асырдың басына, яғ ни 1917 жылғ а дейінгі тарихи кезең мә селенің хронологиялық шең бері болып табылады.

Жұ мыстың қ ұ рылымы мен мазмұ ны. Диплом жұ мысы кіріспеден, екі тараудан, қ орытындыдан жә не пайдаланылғ ан ә дебиеттер тізімінен тұ рады.

 

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.