Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






РАдИоғА ҚАЛАй ЖҰмыСҚА ТҰРУғА БоЛАды




 

1-қадам.

Алдымен радиода кім болып (диджей, журналист, саунд-инженер) жұмыс

істегіңіз келетінін шешіп алыңыз. Қай пішіндегі радиода жұмыс істегіңіз

келетінін анықтаңыз. Сол радиостанцияның эфир кестесін мұқият

тыңдаңыз (апта ішінде қандай бағдарламалар береді, мазмұны қандай,

стилі), жүргізушілері мен диджейлерге құлақ түріп көріңіз (олардың ерек-

шелігі қандай, дауыстары, стилі мен тіл орамдары, ақпаратты беру тәсілі

қандай). Әрине, біреуге еліктеп, оны қайталаудың қажеті жоқ. Бірақ,

жұмыс істегің келетін радиостанцияның пішініне сай бола білу қажет.

 

2-қадам.

Өз дауысыңызды сырттан тыңдап көріңіз. Жалпы, табысқа жеткіңіз

келсе өзіңізді де, өзгелерді де көп тыңдаған жөн. Әуелде өз даусыңыз

бейтаныс және жағымсыз естілуі мүмкін, одан қорқудың қажеті жоқ.

Оған бой үйрету керек, өйткені, кез-келген адамның даусы сырттан

тыңдаған кезде өзіне біртүрлі естіледі. Сіздің дикцияңызда кемшілік*

жоқ па, интонацияларға назар аударыңыз. Мүмкін сіз тым жай немесе

ақырын сөйлейтін шығарсыз? Жұмыс жөнінде сөйлесуге бармас бұрын

дауысыңызды жаттықтырып алған жөн.

 

3-қадам.

Келесі қадам – қоңырау шалу және жұмыс жайын сөйлесу үшін кездесу.

Қайталап айтамын – диджей болып жұмыс істеу үшін сіздің табыстарыңыз

бен білім дәрежеңіз қажет емес. Дегенмен резюме артықтық етпейді.

Оны факс, пошта арқылы жолдағаннан гөрі алдын-ала хабарласып, өз

қолыңмен апарып берген дұрыс. Табанды болыңыз, бірақ жалықтырып

алмаңыз. Бос орын жоқ па? Жақсы, онда сіздің даусыңызды таспаға жа-

зып алуға болатын шығар? Әдеттте, кез-келген радионың дауыс базасы

болады. Қалай болғанда да алғашқы кездесуде сіздің даусыңызды мін-

детті түрде жазып алады. Жұмыс беруші Сізді соған қарап бағалайды.

Сондықтан да сіз оған толық дайын болыңыз.



 

Егер ұсыныстарыңыз немесе белгілі бір бағдарламаға қатысты

әзірлегендеріңіз болса ол жайында айтуды ұмытпаңыз. Бағдарлама

идеясының флэш-картаға немесе дискіге жазылғанын айтыңыз. «Резю-

ме» апарып тастағаннан кейін айына бір немесе үш айда бір рет қоңырау

шалып, хабарласып тұрыңыз. Егер сіздің дауысыңыз бен идеяңыз ұнаса

бос орыннан үміткерлер тізімінің алдыңғы шебінен орын аласыз.

 

4-қадам.

Егер жеке бағдарлама жасағыңыз келсе оның «бастапқы» нұсқасын

жазып апарыңыз (бұл ауызша немесе қағаздағы мәтінге қарағанда

ұтымдырақ). Егер студияға дауыс жазуға келген болсаңыз өз қабілетіңізді

толық көрсетуге тырысыңыз. Дайын мәтінмен, өз сөздеріңізді дайындап

ала барыңыз.

 

5-қадам.

Қапаланбаңыз. Дикцияңызды жөндеп, дауысыңызды жаттықтырыңыз

(кез-келген дикцияны жөндеуге болады). Тәжірибеден өту жөнінде

өтініші жасап көріңіз. Ертеде жау жүрек қолбасшылар табандылығының

арқасында мықты деген қалаларды да жаулап алған.

 

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал