Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шәкәрiм философиясы мен ағартушылық идеялары






Ұ лы Абайдың туысы Шә кә рiм Қ ұ дайбердiұ лы (1858-1931ж.ж.) - ХIХ ғ аяғ ы - ХХ ғ басында ө зiнiң терең де жан-жақ ты рухани ең бектерiмен тарихта қ алғ ан, қ азақ руханиятында ерекше орны бар ұ лы ойшыл-философ, тарихшы, ағ артушы, ақ ын. Оның философиялық кө зқ арастарының қ алыптасуына ағ асы, тә лiм-тә рбие берушiсi - Абайдың - ық палы ө те зор болды. Ө зiнiң аса дарындылығ ының арқ асында Шә кә рiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, тү рiк, орыс тiлдерiн ө зiндiк жолмен оқ ып-бiлiп, соның нә тижесiнде Батыс жә не Шығ ыс философиясы, ә дебиетi мен поэзиясынан сусындап ө зiне тә н ерекше дү ниеге деген кө зқ арасын дү ниеге ә келдi.

Шә кә рiмнiң онтологиялық (болмыстық) кө зқ арастарына келер болсақ, оны рационалдық дiни философияғ а, нақ тылай келе деизм (қ ұ дайды Жаратушы ретiнде мойындағ анмен, Табиғ ат ә рi қ арай ө з заң дылық тарының негiзiнде ө мiр сү ре бередi) бағ ытына жатқ ызуғ а болатын сияқ ты. Ө зiнiң “Тiршiлiк, жан туралы» ө лең iнде ойшыл Дү ние жө нiнде былай дейдi:

“Жаралыс басы қ озғ алыс,

қ озғ ауғ а керек қ олқ абыс.

“Жан» де, мейлiң бiр “мә н» де,

Сол қ уатпен бол таныс.



Ә лемдi сол мә н таратқ ан,

Қ озғ алмаса кө шпейдi,

Кө шпеген нә рсе ө спейдi.

Ө спеген нә рсе ө згермес,

Тү рден ол тү рге тү спейдi». Бұ л шумақ тан бiз бү кiл дамудың қ айнар кө зi қ озғ алыста екенiн, ол жоқ жерде ө сiп-ө нудiң де жоқ екенiн байқ аймыз. Бiрақ ойшыл сол қ озғ алыстың ө зi бiр қ уаттың арқ асында болатынын айтады. Бұ л жерде ерiксiз ХХ ғ ө мiр сү рген ә йгiлi француз дiни философы Тейяр де Шарденнiң дү ниенiң негiзiндегi “тангенциалдық» (физикалық) жә не “радиалдық» (психикалық) энергиялар жө нiндегi ойлары есiмiзге тү седi - Шә кә рiмнiң кө зқ арасы оғ ан ө те жақ ын. ә рi қ арай:

“Қ ұ с, балық, шаян, кө п алуан,

Айуаннан ө сiп болдық адам.

Кейiмiз естi, кейiмiз надан,

Жаралыс салғ ан сондай мә н».

Бұ л ақ ынның жолдарынан бiз адамның ө зi табиғ аттың тө л туындысы екенiн байқ аймыз, яғ ни ол бұ л мә селеге жаратылыстану тұ рғ ысынан қ арағ ан екен.

“Жанымыз кұ ннен келген нұ рдан,

Тә нiмiз топырақ пенен судан.

Кү н - атам, анық жер - анам,

Бiрi нұ р берiп, бiрi - тамақ,

Бұ зады бiрақ қ айтадан.

Ер жетем, толам, қ айта солам,

Ә рi анам - бұ л жер, ә рi - молам...»

Қ андай ғ ажап ойлар! Кү ннiң сә улесiнiң арқ асында жер бетiнде тiршiлiк дү ниеге келдi емес пе? Бұ л шумақ тан бiз Шә кә рiмнiң тiптi деизмнен гө рi пантеизмге (Табиғ аттың ө зiн Қ ұ даймен тең ейтiн iлiм) жақ ынырақ екенiн жорамалдаймыз. Сонымен қ атар, бұ л дұ ниеде ешнә рсе де мә ң гi емес, ө зiнiң сатыларынан ө тiп (ер жетем, толам, солам) ө мiр сү руiн тоқ татады. Бiрақ, ол iзсiз жоғ алып кетпейдi, басқ а бiр денеге, қ ұ былысқ а айналады.

“Электриядан не шық ты,

Iстедiң талай қ ызық ты!

Дә л ө зiн кө рген адам жоқ,

Шын затын оның кiм ұ қ ты?

Iсiнен бiлдiк барлығ ын», - дейдi ұ лы ойшыл. Бұ л жолдар бiр жағ ынан, ақ ынның ө з заманының ғ ылыми жетiстiктерiн бiлгенiн кө рсетсе, екiншi жағ ынан, оларды тұ сiнуде идеалистiк жолғ а тұ сiп кетпей, практика, iс-ә рекет арқ ылы оның шындығ ы дә лелдендi деген ой ұ сынады.

“Кү ннен неге тү сiп тұ р мұ нша жарық,

Сегiз минут шерiкте жерге барып.

Ә ншейiн қ ұ р жарқ ырап тұ рып алмай,

Жылылық нұ рмен бiрге жұ р қ озғ алып.

Барша ә лем тапжылмай тұ рып қ алса,

Бола ма, уақ ыт деген ө лшеу салып?

Мақ сат, тә ртiп керексiз тозаң ы жоқ,

Тексермей неге отырмыз мұ ны ойланып. Бұ л шумақ тан бiз ақ ынның сол кезде жаң а ғ ана ашылғ ан ғ ажапғ ылыми жаң алық ты - кү н сә улесiнiң жылдамдығ ының 300 мың км/сек. екенiн бiлгенiн байқ аймыз. Екiншiден, ойшылдың қ озғ алыс пен уақ ыттың ө зара байланысын байқ ағ анын, ү шiншiден, табиғ аттың терең сырларын ә рi қ арай зерттеп диалектикалық ұ ғ ымдармен ғ ылымды байыту керектiгiн терең сезiнгенiн кө ремiз.

Терең философиялық мә нi бар ерекше мә селе - жан мен тә ннiң арақ атынасы, ө зара байланысы.

“Жансыз тә н қ алайша жү рмек?

Сол жан емес пе денелердi қ озғ ап ө сiрмек.

Бас қ озғ алыс қ ой жанның атасы,

Ол жаратады тү рлеп.

Сол жаннан талай жан ө скен,

Жанына қ арай тә н ө скен.» Сонымен, ақ ынның ойынша, жан мен тә ннiң арақ атынасында басымдылық бiрiншiде, тә уелдiлiк екiншiде, яғ ни, сана, ақ ыл тә ндi билейдi.

Ендi гносеологиялық, танымдық мә селелерге келсек, Шә кә рiм ө зiнiң “Анық пен танық», “Мұ сылмандық шарттар» т.б. ең бектерiнде ол адамдарғ а қ оршағ ан табиғ и ортаның жұ мбақ -сырын ұ қ, танып-бiл, оның ашылғ ан сырларын мақ сат-мұ ратың а жарат, - деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұ ғ ыну - бә рi ақ ыл iсi, ал оның iргесi мида жатыр. Бiрақ, ол ү шiн адам дү ниеден белгiлi ақ параттар алуы қ ажет. Оны жеткiзетiн тү йсiктер.

“Тә н сезiп, қ ұ лақ естiп, кө збен кө рмек,

Мұ рын - иiс, тiл - дә мнен хабар бермек.

Бесеуiнен мидағ ы ой хабар алып,

Жақ сы жаман ә р iстi сол тексермек», - деген жолдар ақ ынның бұ л мә селенi ө з заманының дең гейiнде шешкенiн кө рсетедi.

Сонымен қ атар, дұ ниенi тану жолында соң ғ ы ақ иқ атқ а ешкiм де жете алмайды, оның соқ пақ тарында шындық пен қ атар қ ателесiп кету де кездеседi. Сондық тан, бә рiн ой елегiнен ө ткiзу қ ажет.

“Тегiс тексер, сө з кө рсең - сыр мен сынын,

Тү зетуге именбе тапсаң мiнiн.

Ә деп сақ та, жалғ ыз-ақ қ ате айтты деп,

Былшылдапты дей кө рме, бiлсең шынын.» Бұ л жолдарда ақ ын ғ ылыми этиканың - бү гiнгi таң да бiзге керек - негiзгi бiр қ ағ идасын алғ а тартады. ґйткенi, гуманитарлық ғ ылым саласында, ө ткен Кең ес заманындағ ы жетiстiктердiң бә рiн сынап, “бә рi - терiс, қ ате, шындық қ а бү гiн мен ғ ана жеттiм», - деп лепiрiп жү рген ғ алымсымақ тар жоқ емес.

Ендi, мiне, ұ лы ғ алымның этикалық, ағ артушылық идеяларына тоқ талуғ а кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi ең бегi - “ Ү ш анық ты» - басынан аяғ ына шейiн самғ ап ө тетiн негiзгi идея. Алғ ашқ ыда ақ ын екi анық ты сө з қ ылады. Бiрiншi - ол ғ ылымдағ ы ақ иқ аттар, оғ ан адамзаты мың дағ ан жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi - дiннiң берген аяндары. Бұ л, ә рине, философия саласында мың дағ ан жылдар созылып келген “ақ ыл-ой мен сенiм ақ иқ аттарыұ, олардың ара-қ атынасы. Осы «екi анық қ а» ойшыл ү шiншi - ар - ұ жданды қ осып оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғ ни, Шә кә рiм Абайдың “жү рек», «нұ рлы ақ ыл» категорияларын ә рi қ арай терең детедi. Оның ойынша ар-ұ жданғ а ынсап, ә дiлет, мейiрiм кiредi. Шә кә рiмнен кейiн жарты ғ асыр ө ткен шақ та Австрияның ұ лы ғ алымы В.Франкл ар-ұ жданды “ адамның iшкi қ ұ дайы» (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М., 1990, с.90), - деген болатын. Мұ ның ө зi де бабамыздың ө з заманын озғ ан ғ ұ лама екенiн дә лелдемей ме?

Ақ ынның ойынша, ар-ұ ждан - рухтың ө зегi, сондық тан, бұ кiл ө нер-бiлiм оның сынынан ө туi керек.

“Ең бекпенен, ө рнекпенен

Ө нер ойғ а тоқ ылса,

Жайнар кө ң iл, қ айнар ө мiр

Ар iлiмi қ осылса».

Бiз бұ л мә селеге оқ ырманның ерекше назарын аударғ ымыз келедi. Ө йткенi, ол бү гiнгi таң да бү кiл адамзаттың ә рi қ арай дамуының шешушi мә селесiне айналып отыр. Ар-ұ жданның аясындағ ы ғ ылым тiршiлiктi сақ тап, қ оғ амды гү лдетедi, ал оны еске алмайтын ғ ылым - бү кiл тiршiлiктi адамзатпен бiрге қ ұ ртып жiберуi мү мкiн. Оғ ан бү гiнгi таң да балама жоқ. Батыс ой-талғ амы бұ л пiкiрге екi Дү ниежү зiлiк соғ ыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен ө тiп, миллиондағ ан адам ө мiрiнен айырылып барып келген болатын.

Шә кә рiмнiң заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физика ғ ылымы тек ө зiнiң алғ ашқ ы қ адамдарын ғ ана аттап жатыр едi. Болашақ болатын апатты ә лi ешкiм сезiнген жоқ -ты. Ғ ылымның тез қ арқ ынмен дамуының негiзiнде сциентистiк - технократиялық (таза ғ ылым мен техниканың шешушi рө лiн мойындайтын iлiм) кө зқ арастар кең етек алғ ан болатын. Мiне, осындай ақ уалда ұ лы бабамыз кө регендiк танытып, болашақ та болуы мұ мкiн апаттарды алдын - ала болжай бiлдi. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұ ждан идеясын мың дағ ан жылдарғ а созылғ ан қ азақ руханиятының квинтэссенциясы (тұ здығ ы) десек те болар.

Ө кiнiшке орай, қ азақ елiндегi реформаларды жұ ргiзу сатыларының алғ ашқ ы кезең дерiнде халық тың мың дағ ан жылдар бойы қ алыптасқ ан дiлi мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағ ымғ а негiзделген саясат басым болып, оның қ аншама терiс ә серiн тигiзгенiн қ азiр ғ ана сезiнiп жатырмыз. Мен-мендiк, қ оғ амдық пiкiрмен санаспаушылық, ө ткен тарихи сатыны толығ ынан терiстеу, адамдардың бiр-бiрiнен жаттануы, шен иелерiнiң жемқ орлығ ы, екiжұ здiлiк, тә кә ппарлық т.с.с. келең сiз қ ұ былыстар тек адамгершiлiкке, ар-ұ жданғ а негiзделген саясат арқ ылы ғ ана жең iледi. Оны естен шығ армауымыз керек.

Қ азiргi жаң ару сатымызда Шә кә рiмнiң айтқ ан кө п ағ артушылық ақ ыл-ойлары да бiзге рухани азық болмақ.

“Ақ iсiң е қ ұ дай жақ,

Адамнан тiптi шошыма», - немесе:

Қ ұ дай таза жаратты, сен таза бол,

Ұ қ саң анық айттым ғ ой, бұ л таза жол»- дейдi ақ ын. Сонымен бiрге, ол ә рбiр адамды жасампаздық ең бекке шақ ырады:

“Қ амдан, сақ тан, қ ағ ып бақ, бә ле келсе,

Бә рiн қ ұ дай қ ылады дегенге ерме», - деп ескертедi. Ә сiресе, мына жолдар бiзге ауадай қ ажет сияқ ты:

“Ө нер қ ылма ар сатып жалданбақ ты,

Ұ лық болып елдi жеп мақ танбақ ты.

Бiреудi жеп, бiреудi табамыз деп,

Қ ашан жақ сы кө рушi-ек алданбақ ты»

Қ орыта келе, Шә кә рiмнiң философиясы ө те биiк, нә зiк те терең, ө з заманын озғ ан десек қ аталаспаймыз. Оның идеялары қ азақ руханиятынан тыс бү кiлә лемдiк бiлiмге ө з ү лесiн қ осты деп айтуғ а ә бден болады.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.