Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Газет-журналдары. Болгариядағы ең көп таралатын газеттер “Nedelnik”, “Kultumi vesti”, “Aspects”, “Daily Chronicle”.




“Nedelnik” Болгариядағы күнделікті шығатын газет. Онда Болгарияның әр саласын қамтитын тұрақты айдары бар. Саясат, әлеумет, қоғам, адам, табиғат т.б. тақырыптар, өнерге, танымға, спорт мәселелеріне арналған жаңалықтарды үзбей жариялайды. Газет әсiресе, Балқандағы оқиғалар мен Еуропада болып жатқан жағдайларды, халықаралық қатынастарға қатысты мәселелерге жiтi көңiл бөледi. Әр апта сайын әзiл, сөзжұмбақтары бар арнайы беті шығады. “Nedelnik” оқырмандары Болгарияның аймақтарындағы болған оқиғалармен, Канада мен Австралияның соңғы жаңалықтарымен таныса алады. Газеттi заңгерлер, бизнесмендер, студенттер оқиды.

“Күнделiктi оқиғалар” (“Daily Chronicle”) - Болгарияда ағылшын тiлiнде шығатын жалғыз газет. Газет оқырмандарына жергiлiктi нарық, экономика, жекешелендiру, саясат және мәдени хабарларды ұсынады. Соңғы төрт жыл iшiнде газет Болгарияға қатысты ағылшын спикерлері, бизнесмендері жөнiндегі ақпараттарды жариялау жағынан алда келеді.

Болгариядағы кең көлемде журналы “Admiral Art Magazine“ әдебиет және өнер туралы жазады. “EGOIST Magazine Online“ Болгарияның электронды журналы. “PC Magazine Bulgaria“ компьютерлiк техникаға, электроника саласындағы жаңалықтарға қызығатын оқырмандарға арналған арнайы салалық журнал. “Serdica Mathematical journal“ Болгар Fылым академиясындағы Информатика және математика институтының ұйымы шығаратын тоқсандық журнал. “Sofia Western News“ жаңалықтар журналы. “Welrya“ Болгарияның электронды әдеби журналы. “София уақыты“ ақпараттық журналдар қатарынан табылады.

Телерадиосы. Болгарияда бүгiнгi күнде екi мемлекеттiк арна бар. Республикада 28-30 тәуелсiз жергiлiктi, облыстық, аймақтық телеарналар бар. Олардың басым көпшiлiгi әлi тiркелмеген, бұл олардың заңсыз әрекет етіп отырғандығын көрсетедi.

Телеарналар трасляциясы болгар, орыс, ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi Болгар Ұлттық телевидениесi Республикадағы кең таралымды телевидение болып саналады. Спутниктiк телевидение арқылы ақпарат алуды шектеу заңда көрсетiлмеген. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлар алуға БАҚ туралы заңда рұқсат етiлген.



«Bulgarian National Television»Болгар Республикасының мемлекеттiк телеарнасы. Хабарларын орыс және болгар тiлдерiнде жүргiзедi. “Bulgarian National Televisionды” 60-тан астам бағдарламасы бар беделді арна. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 4 100 000 адамды құрайтын 1 200 000 отбасы хабарларды орыс және болгар тiлдерiнде республика халқының 86% көредi.

Бүгiнде Болгарияда 55-тен астам радиостанция тiркелген. Мемлекеттiк, жергiлiктi, облыстық, аймақтық, қалалық радио хабарларын болгар және орыс тiлдерiнде таратады. Түркиядағы трансазиялық оқиғадан кейiн жергiлiктi радиостанцияның филиалы түрiктер көп топтасқан жерде түрiк тiлiнде бiрнеше сағат бойы хабарлар беретiн болды. Рдиохабарлары Болгарияның түкпiр-түкпiрiне ең көп тарататын радиостанциялары: “Радио Varna», “Horizont, Stolnir», “Christo Botev» [5,29-б].


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.006 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал