Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға ұсынылатын әдістемелік нұсқаулар




Студенттердің өзіндік жұмыстары «Балалар әдебиеті» пәнінен алған білімдерін, игерген іскерліктерін, меңгерген дағдыларын жетілдіруге игі ықпалын тигізеді. Өзіндік жұмыстарды орындау барысында студенттер лекция, практикалық сабақтарда ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерге шолу жасап, оларды конспектілей отыра, білімдерін толықтырады.

Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаттары:

-Студенттердің теория жүзіндегі алған білімдеріне сүйене отырып, өз беттерімен білім қорларымен қарулануға икемділіктерін дамыту;

-Ғылыми материалдардың жалпы мазмұнынан негізгісін бөліп ала білуге баулу, -Өз беттерімен іздене отырып, ғылыми еңбектерге аннотация жасай білуге үйрету;

-Өткен материалдар негізінде тестік тапсырмаларды құрастыра білу, және өзгелердің құрастырған тапсырмаларын шеше білуге бейімделу, т.б.

Әрбір тақырып бойынша өзіндік жұмыстарға берілетін тапсырмалар негізінде сөзжұмбақтар, ребустар құра білуге баулу.

СӨЖ әр пәнді оқытудың құрамдас бөлігі болып табылады. Олар студенттерге лекция барысында меңгерген теориялық білімдерін өзектілеуге және толықтыруға, сондай-ақ, болашақ педагогқа қажетті диалектикалық психологиялық-педагогикалық ойлауға негіз болып табылатын практикалық іскерлікттерді игеруге мүмкіндік береді. СӨЖ барысында студенттер бүгінгі таңдағы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер: ғылыми, ғылыми-әдістемелік, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, әдістемелік нұсқаулар, педагогикалық энциклопедия мен сөздіктер, педагогикалық журналдар т.б. танысып, әр әдебиеттің мақсаттары мен мәнін ашуға үйренеді. Түрлі кітапханалық қкаталогтар мен анықтамаларды пайдалану ережелерін нақтылап, библиография құру және негізгі әдебиеттерді топтастыру талаптарын меңгереді. Педагогикалық әдебиеттермен жұмыстың түрлі формаларын: аннотациялау, жоспар құру, тезистер, конспектілеу, рецензия жазуды анықтайды, талдайды. Қарастырылып отырған мәселе бойынша әдебиеттерге өз бетімен талдау жасау сұрақтарды дискуссиялық түрде оқуға жағдай жасайды. Материал оқытушы мен студенттің және топтағы өзгелермен диалогы барысында игеріледі. Диалогтық принципі барлық сабақтарда оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестігі мен қарым-қатынасын, студенттің өмірлік тәжірибесін байыту, оқу мотивациялық ресурсын тереңдету, талқыланып отырған мәселе төңірегінде пікір алмасуды жүзеге асырады. Өзіндік жұмыстар бойынша өткізілетін сабақтарда студенттер дайындаған рефераттарының мазмұнын өзгелер үшін түсінікті жеткізе білуге, ауыз әдебиеті үлгілерін іріктеп, тәрбиелік, білімдік мәнін аша білуге, балалар әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын талдауға, балаларға арналған шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін ажыратуға, әдебиет теориясынан алған білімдерін практикада қолдана білуге үйренеді.




mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал