Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Т А Р А У. 9.1 Ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің сынығы




ОРТАН ЖІЛІКТІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

9.1 Ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің сынығы

Анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері.

Ортан жілік қуыс сүйектердің ішіндегі ең үлкені, әрі жуаны болып табылады. Жіліктің проксимальдық бөлігінде басы - caput femoris орналасқан, оның ортасында жілік байламы бекитін бұдырлы ойыс орын тепкен (175-сурет). ......................

 

1. Вальгусты сынық. Мойын-диафиз бұрышы ұлғайған. Осындай сынықтар әдетте қадалған (вколоченный) болып келеді.

2. Варусты сынық. Мойын-диафиз бұрышы азайған, олар қадалмаған.

1 2

1- вальгусты қадалған сынық; 2 - варусты қадалмаған сынық.

а - қалыпты мойын-диафиз бұрышы; б - мойын-диафиз бұрышының вальгусты және варусты сынықта өзгеруі

177-сурет. Ортан жілік мойнының медиальды сынығы

 

Латеральды немесе ұршық аймағындағы сынықтар - буын қапшығынан дистальды аймақта орналасқан сынықтар. Олар ұршықаралық болуы мүмкін, онда сынық жоғарыдан төмен, сыртқа қарай бағытталып, үлкен және кіші ұршық арасымен өтеді.

Сонымен қатар ұршық үстінен өткен сынықты ажыратады, олар үлкен және кіші ұршықты қосатын сызықтың бойында орналасады. Ұршық үстінен өткен сынықтар көп бөлшектеліп, ұршықтардың жұлынуымен қатар жүреді. Осындай сынықтар да қадалған және қадалмаған болып кездеседі.

Ортан жіліктің проксимальдық бөлігінің сынықтары АО/ASIF жүйесіне сәйкес, орналасуына байланысты үш түрге бөлінеді (178-сурет): ………………

Аяқтың сыртқа қарай ротациялануы байқалады, онытізе тобығы менаяқ басының орналасу қалпы бойынша анықтау қиынға соқпайды. Сонымен қатар науқас аяғын өздігінен ішке қарай ротациялау мүмкіндігінен айырылады (179-сурет). Аталған екі белгі қадалған сынықтарда анықталмайды.

179-сурет. Аяқтың сыртқа қарай ротациялануы



а - Г – тәрізді 95˚ бүгілген пластина; б – екі қырлы шеге

180-сурет.Ұршық аймағындағы сынықтарды остеосинтездеуге арналған бекіткіштер

 

181-сурет.Ұршық аймағындағы сынықтарды

остеосинтездеуге арналған DSH құрылғысы

182-сурет.Ұршық аймағындағы сынықтарды остеосинтездеуге арналған DCS құрылғысы

Қазіргі кезде ұршық арқылы, ұршықаралық сынықтар мен ұршық астындағы сынықтарды тұрақты бекіту үшін арнайы бекіткіш – тежегіші бар проксимальдық интрамедуллярлы штифт (PFN) пайдаланылады (183- сурет).

183-сурет.Ұршық аймағындағы сынықтарды

остеосинтездеуге арналған тежегіші бар проксимальдық интрамедуллярлы штифт (PFN)

Штифтті ортан жіліктің өзегіне енгізеді, содан кейін штифттің тесігі арқылы жілік мойнына қарай арнайы бұрандалар бұралады

Қазіргі кезде ортан жілік мойнының сынығының сипатына, науқастың жасына қарай, остеосинтез кезінде бірқатар бекіткіштер қолданылады. Оларға компрессия беретін бұрандалар (винттер), бұрыш жасап иілген пластиналар, доцент Қ.Т.Оспановтың құрастырған бекіткіші, сондай-ақ DHS құрылғылары жатады (185-сурет).




mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал