Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тіл қызметінің когнитивтік негіздері






Лингвистика ғ ылымының даму тарихында бү гінгі кү ні дә стү рлі ү ш тү рлі ғ ылыми парадигма анық талып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жү йелі-қ ұ рылымдық жә не антропоцентірлік.

Бү гінгі таң да жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі кө птеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылық қ а ие болып барады. Мұ ның негізгі себебі лингвистикадағ ы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұ тынушы ұ лтты бірінші кезекке қ ояды. Антропоцентристік парадигма ө з шең берің де этнолингвистика, лингвомә дениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тә різді жаң а бағ ыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағ ыттағ ы зерттеулер ең алдымен қ абылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақ тау (память), ә рекет ету (действие) тә різді адамның когнитивтік қ ұ рылымына ерекше мә н беріп, ден қ оя бастады. " Қ абылдау", " ойлау", " тіл", " есте ұ стау", " ә рекет ету", " білім" тә різді когнитивтік қ ұ рылымдар ғ ылым салаларында бұ рын да зерттеу нысанасы болғ ан. Бірақ олар жалпы есім дең гейінен шығ ып, жалқ ы есім дең гейінде бір мақ сат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығ ыз байланыста қ арала қ ойғ ан жоқ.

" Қ оршағ ан шындық ө мірді саналы тү рде тану мен адам тә жірибесін категориялау тілмен байланысты болып келеді, ө йткені адамның когнитивтік қ ызметі барысында алынғ ан мазмұ ндық ақ парат тіл мен тілдік формаларда кө рініс тауып, сө йлеу арқ ылы білдіріледі. Диалектикалық формадағ ы когнитивтік процестер тілмен тығ ыз байланысты, оның себебі тіл адамдардың қ оғ амдық тә жірибесі мен дү ние туралы білімдерін бекітіп отырады. Ал біздің сана қ ұ рылымы туралы білгендеріміз тек қ ана тілге байланысты, тіл осы қ ұ рылымдар туралы хабарлауғ а жә не оларды кез-келген табиғ и тілде суреттеуге мү мкіндік береді" [1, 21].

Осымен байланысты назар аударатын жағ дай: тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына тең дік қ оймайды. Керісінше тілдің ойды ұ йымдастырушылық қ ызметін атап кө рсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таң балық жү йесі арқ ылы терең қ ұ рылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар жә не модельдер тү рінде тұ тас тілдік қ ұ рылым тү зеді.

Дә лірек айтқ анда, когнитивтік лингвистика дә стү рлі лингвистиканың тар аумақ та шектелуін болдырмауды жә не тілдік " сыртқ ы" кө ріністері арқ ылы танылатын терең ә рі жан-жақ ты заң дарын кө ріп білуді мү мкін етеді. Қ азақ жалқ ы есімдерін зерттеуге арналғ ан когнитивтік ә діс кезінде тілдік таң баларда, жалқ ы есімдерде берілген білімдерді концептілеу мен категориялау процестері ескерілуі керек, суреттелуі тиіс. Дү ние туралы ғ аламның тілдік бейнесін ономастикалық тұ рғ ыда концептілерін вербалдау тә сілдері тұ рғ ысында карастыру керек.

Е.С.Кубрякованың пікірінше: " лингвист объективтік шындық туралы тү сінік соң ында жеке, лингвистикалық формалардың қ андай жү йеде тұ рғ андығ ын ғ ана болжауды емес, сонымен қ атар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғ и тұ тастық, тілдік берілімдер, категориялар дү ниені қ абылдаумен қ алай байланысқ андығ ын жә не олардың танымды қ алай бейнелейтіндігін білуі тиіс" [2, 37].??

Тілдің болмысын анық таудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұ ндық жағ ы грамматикалық қ ұ рылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұ рғ ыдан тү сіндірілетін ғ аламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойғ а дейін жетілген ой мазмұ нын, тілдік модельдердің сандық жә не сапалық қ атынастарын бойына сің іретін даму ү стіндегі жү йе болып табылады.

XXI ғ асырда жаң а теориялық -танымдық ә дістемеге сә йкес тілді «ө з ішінде жә не ө зі ү шін» қ арастыратын имманентті зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мә дениетпен жә не адамның тұ рмыс-тә жірибелік қ ызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығ ыз байланыста қ арастыру қ ажеттігі туып отыр. Осы қ ажеттілік лингвистика ғ ылымында жаң а ғ ылыми бағ ыттың жә не соның, негізінде қ алыптасқ ан антропоцентристік парадигманың дамуын талап етті. Демек, бұ л-тілді зерттеудің мү ддесін обьектіден субьектіге аудару, яғ ни адамды тіл арқ ылы -жә не керісінше тілді адам арқ ылы анық тау болып табылады.

XXI ғ асырдағ ы тіл білімі қ ұ рылымдық, жү йелік парадигмамен сабақ тастық, жалғ астық пен жә не тілді тек қ арым-қ атынас пен ойды білдірудің қ ұ ралы деп емес, ұ лттық рухани-мә дени коды ретінде қ арастыратын антропоцентристік бағ ытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқ ты ғ алымдардың теориялық ең бектерімен қ аланғ аны белгілі. Олардың ең бектеріне сә йкес, адам ө зінің парасаттық, рухани, ә леуметтік талаптарын қ анағ аттандыратын ұ ғ ымдар (концепт) ә лемін жасау ү шін ақ параттарды тілдік арна арқ ылы алады. Сол себептен де кез келген ұ лт тілінің табиғ атында сол ұ лттың неше ғ асырлық терең сырғ а толы қ азынасы, тілі, мә дениетінің қ айнар кө зі жатады. Бірақ тіл жалпы шындық ты емес, адамдардың белгілі бір ұ жымы ө мір сү ретін ортаның шындығ ын жай кө рсетіп емес, суреттеп береді. Жә не бұ л арада тіл дү ниені тікелей, тура суреттемейтінін атап ө ткен маң ызды. Тілде адамның дү ниені қ алай қ абылдайтыны, тү сінетіні кө рініс табады. Сондық тан да В. фон Гумбольдт: «Разные языки-это отнюдь не различные обозначение одной и той же вещи, a различные видения ее», деп тұ жырымдайды (3). В.Гумбольдт, А.А.Потебня, М.Хайдеггер т.б. тілді рухпен, шығ армашылық қ ызметпен байланыстырады. Яғ ни тіл-ойды туғ ызушы тетік, сондық тан сө з заттың тура таң басы емес, оның біздің санамызда тілдік шығ армашылық процесс нә тижесінде туғ ан бейнесі (4). Сондық тан да жаң а ғ ылыми парадигмағ а сә йкес тілді зерттеуде негізгі назар тілдік тү лғ ағ а аударылды, сонымен байланысты тілді зерттеудің жаң а мақ саттары, маң ызды ұ ғ ымдар мен тә сілдер, метатілдік теориялық негіздер қ алыптаса бастады. Атап айтқ анда, антропоцентристік парадигма бірінші орынғ а адамды (тілдік тұ лғ аны) шығ арады да, ал тіл адам танымын қ ұ растырушы сипатта қ арастырылады (Л.Леви-Брюль, Б.Малиновский, К.Леви-Стросс, Ю.Н.Карауылов, В.Н.Телия, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян т.б.)

Жалпы адам баласына тә н бұ л ә мбебап танымдық ү лгілер (модельдер)-тілдің «терең қ ұ рылымдарында» туатын тілдің кү рделі когнитивтік қ ызметінің жемісі. Бұ л арада когнитивтік модельдер адамның ойы мен санасының арасындағ ы аралық бейнені кө рсетеді. Яғ ни қ абылданатын ақ парат когнитивті модельдерде «кодталады».

Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің ө зіндік ерекше қ асиеттерін тіл білімінің дә стү рлі, «таза», тілдік жеке ғ ылым саласы шең берінде зерттеу мү мкін емес. Оғ ан қ ажет ғ ылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақ тас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қ ажет. Осы байланыс адам санасы қ алай қ ұ рылғ ан, адам дү ниені қ алай таниды, қ абылданғ ан мә ліметтер қ алай танымғ а айналады, ментальдық кең істіктер қ алай жасалады деген сү рақ тарғ а жауапты тілдің терең қ ұ рылымдарын зерттеу арқ ылы анық талады да бұ л мэселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қ айдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұ рғ ыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мә дениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғ ылымдардың, ғ ылыми зерттеу ең бектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жү йесі дү ниені тұ тас танудың теориясы шең берінде тіл қ ызметінің когнитивтік негіздерін айқ ындайды. Қ азақ тілінде когнитивтік лингвистика ғ ылымының ғ ылыми-теориялық негіздерімен бірге келелі тұ жырымдамаларды айтып жү рген ғ алым Ж. Манкееваның тұ жырымдауынша мынадай негізгі ү ш ұ станымдардың негізінде қ арастырылады:

1.Қ оғ амдық тә жірибеге негізделу, яғ ни дә стү р жалғ астығ ы танымның қ азыналық сипаты.

2.Таным модельдерінің символдық тү рлері, яғ ни тілдің қ ызметі - ақ парат беру емес, бейнелеуге мү мкіндік жасау. Осығ ан қ атысты мына пікірдің мә ні ерекше: «Лексема, вопреки принятому мнению, не передет информаций как таковой, она лишь актуализирет, возбуждает в сознании слушающего уже имеющиеся у него лексические понятия и тем самым создает базу для передачи информации» (5).

Басқ аша айтқ анда — тіл арқ ылы бейнелілік пен дү ниедегі обьективті шындық ты субьективті тү рде, яғ ни символдар арқ ылы беру.

З.Таным модельдерінің жү йелі сипаты, сабақ тастығ ы. Яғ ни ол-таным моделінің қ ұ рылымдарының тұ тасуынан тү ратынын сипаттайды.

Байқ ап отырғ анымыздай, жоғ арыда кө рсетілген тіл қ ызметінің когнитивтік негіздерін айқ ындайтын ү ш сипатының да ортақ қ асиеті-тұ тастырушылық, тұ тас кү йдегі таным тудыру. Сондық тан осы қ асиеттерге сү йенбей, адамның ментальдық қ ызметі мен тә жірибесінің қ алыптасуы мен сақ талуын, ұ рпақ тан ұ рпақ қ а берілуін қ амтамассыз ету мү мкін емес. Таза тілдік тұ рғ ыдан ол тілдің кумулятивтік қ ызметімен тікелей байланысты. Ол ө з кезегінде қ абылдау, ойлау, жад сияқ ты психологиялық ұ ғ ымдармен тығ ыз байланыста болып, тұ тас кү йіндегі когнетивті парадигма қ ұ райды - деген тұ жырымдама жасайды (6, 41)

Тіл білімі дамуының қ азіргі дең гейіне сай когнитивті лингвистика тілдік семантика, жү мсалымдық (функционалды) лингвистика т.б. тілді жалпы когнитивті тетік ретінде қ арастырады. Атап айтқ анда, жұ мсалымдық лингвистика тілдік қ ұ ралдарды, когнитивтік модельдер мен тә сілдердің вербализациялануын (тілдік тұ лғ а, «ғ аламның тілдік бейнесі» т.б.) айқ ындайды.

Когнитивті лингвистика ғ ылымына қ атысты айтылатын «когнитология», «когнитив» терминдерін қ азақ тілінде «таным» термині арқ ылы беріліп жү р. Танымды танымдық ғ ылым немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентристік бағ ыттағ ы тіл біліімінің ү лкен бір саласы деп атауғ а болады. Танымдық ғ ылымның бастауы ө те ертеден бастау алатындығ ына тіл философиясы мен жалпы тіл білімі пә ндерінің негізінде кө з жеткізуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі нысаны таным мен ақ ыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой, тіл мен сана болып табылады. Ғ ылымдардың атасы саналатын философия тарихын зерттеген Аристотель, Платон, ә л-Фараби ең бектерінде тілдің таным қ ұ ралы бола алатындығ ы жө нінде пікірлерді кездестіруге болады. Мә селен, ғ ұ лама ойшыл Платон «Кратиль» атты философиялық ең бегінде: «белгілі бір затқ а танылғ ан атаулардың кө мегімен қ оршағ ан ортаны тану танымдық қ ұ рылымның тө менгі сатысын ғ ана қ ұ райды, ал бұ л жү йенің ең жоғ арғ ы сатысы тілдік қ ұ рылымдар арқ ылы кө рініс табады» (7, 56)-деп, тілдің таным қ ұ ралы екендігіне ерекше кө ң іл бө лген. Тілдің танымдық ғ ылымнан алатын орнының ауқ ымды екендігіне бү гінде шетелдік, отандық ғ алымдар, зерттеушілер баса назар аударып келеді. Жә не де бү гінгі таң да лингвистердің зерттеу нысандарының негізгі кө зіне айналды деуге де болады.

Когнитивтік терминдер сө здігінде когнитивтік лингвистикағ а мынадай анық тама беріледі: «Когнитивная лингвистика - это «лингвистическое направление, в центре внимания которого находится язык как общий когнетивный механизм, как когнетивный инструмент-система знаков, играющих роль в репрезинтаций (кодировании) и трасформировании информации».

Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистика ғ ылымның маң ызын В.А.Маслова былайша анық тайды: «Когнитивная лингвистика доплняет анализ языка анализом речи, различных контекстов употробление соответствующих лексем, зафиксированных в текстах суждений о концепте, его определений в разных словарях и справочныках, анализом фразеологии, пословиц, поговорок, афоризмов, в которых концепт репрезентирован» (9, 25). Демек, когнитивтік лингвистика когнитивтік жү йедегі лингвистикалық бағ ыт болғ андық тан, тілдің танымдық сипатын терең нен қ арастыруғ а мү мкіндік береді. Тілдің когнитивтік бейнесін тілдегі кез-келген тілдік бірліктердің астарынан кө руге болады. Мә селен қ азақ тіліндегі мақ ал-мә тел, фразеолизимдер, қ анатты сө здер қ азақ халқ ының сан ғ асырлық дү ниетанымы негізінде туындағ ан тілдік бірліктер болып табылады.

 






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.