Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Німді сөзбен сипаттау немесе органолептикалық белгілердің сандық өрнегі




Органолептикалық әдіспен анықталған өнімнің сапа көрсеткіштерінің нақты және сенімді сандық мәндерін алу үшін бағалаушынышң қабілеті, біліктілігі мен тәжірибесі ғана қажет емес, сонымен қатар талдауды жүргізу жағдайлары да ескерілуі керек. Сондықтан сенсорлы талдауды ұйымдастырғанда сынамаларды іріктеу ережесін, бөлмеге қойылатын талаптарды, үлгілерді дайындауды және сынақтарды жүргізуді, және де әртүрлі әдістермен сарапшылардың сенсорлық қабілеттерін анықтауды ескеру міндет [2].

Сынамаларды іріктеуді сәйкесінше өнімге байланысты әрекет етуші нормативті құжаттармен таныс дайындалған және бекітілен тұлғалар жүргізеді және олар сынамаларды іріктеудің дұрыстығына жауап береді. Сынамаларды іріктеуден басқа жерде орналасқан зертханаларға тасымалдай үшін сынамаларды жалпы ыдысқа (жәшік, қорап, банка) орайды, оны мөрлейді және сынамаларды іріктеудің хаттамасының нөмерді көрсете отырып пломбалайды.

Егер сынамалар ішкі дегустацияға арналса, мысалы өнімнің сапасын бақылаушы министрліктің, ведомствоның немесе басқа да ұйымның дегустациялық кеңесінде үлгілерді іріктеу және өнімдерді сынауды сәйкесінше актілермен жүзеге асырады.

Сандық айырмалық әдістер – белгілі қасиеттің қарқындылығын немесе өнімнің сапа деңгейін бағалауға мүмкіндік береді

Бұл әдістің артықшылығы: қарапайымдылық, уақыттық, материалды және қуат шығындарының аздығы. Әрбір ГОСТ келтірілген ораганолептикалық сапа көрсеткіштері тауарларды қабылдағанда сапа өнімдерінің көрсеткіштерін тез анықтауға, тауарды қандай да бір сұрыпқа жіктеуге, мүмкіндік беретін бағдарлар жүйесі ретінде қабылдауға болады, сонымен қатар тұтынушылар кооперациялар жүйесінде ауылшаруашылық шикізатын алуда өндірушілер үшін көмек болады [8,9].

Көрсеткіш атауы Сипаттама
Дәмі және иісі   Консистенция   Түсі Тәтті, таза, пастерленген сүттің дәмімен, бөтен дәмдер мен иістер жоқ. Азғана жемнің дәмі шығуы мүмкін. Массасы бойынша біркелкі, сүтті қанттың органолептикалық кристалдары білінбейді. Сақтау кезінде құтының түбінде лактоза аз мөлшері және ұнтақты консистенция болуы мүмкін. Ақшыл сары түсті, массасы бойынша біркелкі

Кемшіліктері: сенсорлы сезімталдықты сипаттайтын нақты терминологияның жоқтығы. Сипаттамалық әдістің осындай кереғар қасиетін шешу үшін бейіндік әдісті қолданады.



Тамақ өнімдерін анализдеудегі баллдық әдісін сипаттау

Маржан

Өнімдердің сапасын бағалаудың сенсорлық әдістері 2-ге бөлінеді:

-тұтынушылық

-аналитикалық.

Соның ішінде Аналитикалық бағалау әдістері 2-ге бөлінеді:

Айыруды білдіретін

Сүйреттеме

Соның ішінде сүйреттеме 2-ге бөлінеді:

Баллдық әдіс


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.004 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал