Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Философия пәні мен оның қызметі






Аң датпа

 

Бұ л оқ у қ ұ ралы философияның мә селелеріне деген бү гінгі кө зқ арастарды ескеріп, ә рі оқ у стандарттарына сай, техникалық жоғ ары оқ у орындарының студенттеріне арналып жазылғ ан. Кітаптың қ ұ рылымында да, дә стү рлі тақ ырыптарының орналасуында да ө згерістер бар. Мысалы, кейінгі жылдары кө п кездесе бермейтін диалектика тақ ырыбы мұ нда ә дейілеп бө лініп беріліп ол - болмыс, материя сұ рақ тарын қ ұ растырғ аннан кейін орналастырылды.

Біріншіден, соң ғ ы кезде кең інен жайылғ ан позитивистік кө зқ арастардың, ә сіресе техникалық білім саласында кө п тарап, компьютерлік қ ұ ралдардың, математикалық, формальді ойлаудың ө ріс алуы, техникалық оқ у орындарында диалектикалық, жан-жақ ты пікірталастық тұ рғ ыда ойлауды кең ірек насихаттауды қ ажет етеді деуге болады.

Екіншіден, адам болмысы тақ ырыбы - алдынғ ы тақ ырыптар шебіне келтіріліп, «Диалектикадан» кейінгі орынғ а қ ойылғ ан. Тақ ырыптың бұ лай қ ойылуына тек заман талабы ғ ана емес, сонымен қ атар сананы материямен тікелей қ арсы қ ою дә стү рінен алшақ тау қ ажеттігі ә сер етті. Адамды анық тамай, руханилық таным, т. б. тақ ыптарды қ арау логикағ а сай келе бермейді деп санадық.

Техника мамандығ ына байланысты «Аксиология» тақ ырыбын ғ ылым мен техника қ ұ ндылығ ымен толық тыруда. Мұ нда студенттік ө зіндік жұ мысқ а кө п кө ң іл аударылуы, ә дебиеттер тізімінің барынша толық болуын талап етеді. Ал қ азақ тіліндегі философиялық ә дебиеттің аздығ ына орай, орыс тіліндегі ә дебиеттерді пайдалануғ а мә жбү р болдық.

 

 

Авторлар - С. Т. Ә денов, А. Х. Хожамқ ұ л, Ғ. К. Котошева, А.Н. Кудерина.

 

Кіріспе

Философия пә ні мен оның қ ызметі

 

Философия – ғ ылымы адамзат мә дениетінің қ айталанбас жә не ерекше қ ұ былысы. Философияны мақ сатты тү рде оқ у, ойлау мә дениетінің ө суіне, ө зіндік сананың қ алыптасуына, дү ниежү зілік мә дениет пен ө ркениеттің байлық тарын тұ рақ ты жә не жү йелі игеруге, табиғ ат, қ оғ ам болмысының даму заң дылық тарын тү сінуге, мамандық ты саналы таң дап, жетілдіруге жетелейді.

Философия деген не? Дү ниеге қ ашан пайда болды? Қ алай дамыды? Философия бұ дан бірнеше мың жыл бұ рын Қ ытайда, Ү нді елінде, Египетте, Вавилонда пайда болды. Бұ дан 2500 жыл бұ рын (б.з.д. V ғ асыр шамасында) Афин қ аласындағ ы грек демократиясында классикалық тү рге ие болып, ерекше білім ретінде қ алыптасты.

Дү ние қ алай жаратылғ ан, бастамасы қ айда; Ол мә ң гілік пе? Адам дегеніміз не, оның дү ниедегі орны қ андай? Ақ иқ ат пен жалғ анның ара салмағ ы неде? Ө мір сү рудің мә ні бар ма? Адам ө мірінің мә ні неде? Адам баласы қ алай пайда болды? Қ озғ алыс мә ң гі ме, ә лде уақ ытша ма? Адам мен жануарлар ө мірі жә не олардың қ атынасы қ алай? Олардың ө мір сү ру ортасы деген не? Осындай «мә ң гілік» сұ рақ тарғ а жауап іздеу - философияның міндеті. Екіншіден, адамның дү ниеге қ арым-қ атынасы сан-қ илы. Осығ ан сә йкес адамның кө зқ арасы да ә ртү рлі. кө п. Олардың себебін біліп, ажырата білу де керек. «Дү ниеге кө зқ арас» термині ғ ылым тіліне, кү нделікті сө зге терең енді. Ол алғ ашқ ы рет XVIII ғ. неміс философиясы мен мә дениетінде

(Кант, Фихте, Гете) кездеседі, адамғ а тә н, оны іштей реттеп отыратын, рухани қ ұ рылымды белгілейді. Дү ниеге кө зқ арасты анық таудың ең жақ ын ә дісі – білім мен қ ұ ндылық қ атынасты байланыстыру. Мазмұ ны тұ рғ ысынан, ол адамның дү ниеге жә не сол дү ниедегі адамның орнына қ атысты кө зқ арас, тұ тастық қ а ие болғ ан жү йе. Байқ ау, сезу жә не ойлау арқ ылы пайда болатыны білімге байланысты.

Білім дегеніміз - объективті, біздің санамызғ а, іс-ә рекетімізге тә уелсіз ө тіп жатқ ан заттар мен қ ұ былыстардың, қ атынастардың қ ұ рылымы мен заң дылық тары, басқ алармен байланысы туралы деректер жиынтығ ы саналса, қ ұ ндылық адамдардың, олардың ә ртү рлі дә режедегі топтардың (отбасы, ең бек ұ жымы, тұ рғ ындар қ ауымы, ұ лт, халық, адамзат, т.б.) тарихи даму сұ ранысына сай сол заттар мен қ ұ былыстарды бағ алауы, ө з іс-ә рекеттеріне қ атыстыруы немесе ескермеуі. Осы ретте дү ниеге кө зқ арас ә рқ ашан объективтік білім мен субъективтік қ ұ ндылық тың бірлігі болып табылады.Олар бір-бірімен қ айшылық қ а келіп, бірін-бірі жетелеп отырады, дү ниеге кө зқ арасты терең дете тү седі, оның ғ ылыми объективті бастауын кең ейтіп отырады. Сондық тан білім дең гейіне байланыстырып, дү ниеге деген кө зқ арастың дә режелерін ажыратуғ а болады.

Астрономияда - аспан ә леміндегі денелердің қ ұ рылымы мен қ озғ алысы зерттелсе, математика, есептеу саласын, геометрия – математиканың бір тарауы ретінде ү шбұ рыш, текше, квадрат, геометриялық дене, шар, пирамидаларды, натурфилософия – табиғ атты зерттеу ілімі ретінде теориялық кө зқ арастар жү йесін қ алыптастырады. Кө рінген білімде ә ртү рлі дә режедегі бағ алау белгісі болғ андық тан, бейнелейтін затқ а байланысты ғ ылыми, діни, философиялық, ә дептілік, саяси, экономикалық, т. б. кө зқ арастар ажыратылады.

Саналы адам шамамен 50 мың жыл бұ рын пайда болды деп есептеледі. Олай болса адамдар кө зқ арасы осыдан бастап, ә р қ илы қ алыптаса бастады.

Кө зқ арастың тү рлері:

1. Жай немесе қ арапайым кө зқ арас, кү нделікті ө мір қ ажетінен туғ ан білім мен қ ұ ндылық тар жиынтығ ы.

2. Теориялық кө зқ арас - белгілі бір тә ртіпке келтірілген, жү йеге салынғ ан кө зқ арас.

3. Ғ ылыми-теориялық кө зқ арас; дін - теориялық, бірақ ғ ылыми емес.

Философияны ғ ылым ретінде қ арағ анда, одан дү ниетанымдық, теориялық, ә дістемелік (жалпы ғ ылым ә дісі ретінде немесе жеке ғ ылымдардың ә дісі туралы) мазмұ ндарды ажыратуғ а болады. Олар табиғ атты, қ оғ амды, адам санасын тұ тас бір қ ұ былыс ретінде алып, бә ріне ортақ жалпы заң дылық тарды ашып, объективтік шындық жө нінде негізгі қ ағ идалар жү йесін қ алыптастырады. Болып жатқ ан белгілі бір жағ дайларды жаң аша танып байқ ау, белгілі тә ртіпте ұ ғ ынуды ұ сынады.

Кө зқ арас ә р тү рде ә р адамда ө зінше қ алыптасады. Былайша айтқ анда, (прогрессивтік, реакциондық кертартпалық), консервативтік, интернационалдық, патриоттық, гуманистік (адамгершілік), ғ ылыми-сипаттарда кө рініс береді.

Кө зқ арас дегеніміз - дү ниеге белгілі бір тү сінікпен қ арау. Кө зқ арас болу ү шін сана, оның жетілуі ү шін білім керек. Ол неғ ұ рлым кө п білу, ынталану арқ ылы жү реді. Кө зқ арас - негізінен ә ртү рлі дә режеде қ алыптасады.

1. Сезімдік. Сезім сананы оятады. Мысалы, музыка адамды қ уантады, ә демі ә сер береді, ойды билейді, ал кей қ айғ ылы ә уендер - адамды қ айғ ыртады.

2. Ұ ғ ым - жеке қ абылдау бейнелерін жинақ таудан туады. Қ орқ у, уайымдау, қ уану кү йлері (эмоциялар) бейнелердің ерекшеліктеріне ә сер етеді.

3. Ұ ғ ыну - ойғ а салу, неге олай болды деп пайымдау алғ ашқ ы кө зқ арастарды тудырады.

4. Илану (сену). Иланусыз кө зқ арас болмайды, сенім кү ресуді талап етеді. Дін де илануды (нануды) талап етеді, бірақ ол еш нә рсенің себебін ашпайды. Наным, сенім - кө зқ арастың ө зегі.

5. Тұ рақ ты пікір. Пікір тұ рақ талмаса, кө зқ арастың мә ні болмайды. Дү ниеге кө зқ арас бағ алаудан, іс-ә рекеттен ғ ана тумайды, объективтік шындық тың адамғ а ық пал жасайтын ә серінен пайда болады. Олар: кү діктену, уайымдау, қ айғ ыру, мазасыздану, қ орқ у, ренжу, шаттану, масаттану жә не қ уану. Бұ лар адам интеллектісі мен эмоциясына тікелей байланысты. Эмоция (сезіну, ә уестік, кө ң ілкү йі) - ә рдайым ізденістің бастамасы.

Ғ алым, ақ ын, артист болу ү шін де адамның эмоциясы (ішкі дү ниесі, сезімі) бай болуы керек. «Кө з - адамның ішкі дү ниесінің айнасы». Тұ рақ ты кө зқ арастың екінші бір негізі теория болуы шарт.

Кө зқ арастың тарихи тү рлері: Миф, дін, философия. Дү ниеге кө зқ арастың тарихи алғ ашқ ы тү рі- миф (аң ыз, ертегі). Мифология (гр mythos - аң ыз, logos - ілім) қ оғ амдық сананың тү рі. Дү ниені тү сінудің бұ л архаикалық тү рі - біздің ертедегі бабаларымыздың ө мірінде маң ызды рө л атқ арды, алғ ашқ ы қ ауым адамын табиғ атпен ү йлесімді біріктіре білді, рулық ө мірді реттеп отырды. Миф - қ оршағ ан ортаны қ иял, керемет, ғ ажап ретінде қ абылдауғ а мү мкіндік берді. Миф - мына негізгі сұ рақ тарғ а жауап беруге тырысады: ә лемнің пайда болу жолдары, жер жә не адам қ атынасы, табиғ и қ ұ былыстар, оларды тү сіну, мә нін ашу, адам тағ дырының кө зі, адам қ ызметі мен оның табыстары, намыс пен ар мә селесі, қ арыз бен борыш, этика жә не ө негелік, т.б.

Мифтің ерекшелігі: табиғ атқ а адамның ө з қ асиеттерін беріп адам қ атарына қ осуы, қ ұ діретті қ ұ дайдың бар болуына кә міл сену. Адамдардың ө зара қ атынасы жә не ә рекеті, абстрактылық толғ ануы (рефлексия - сананың ө з-ө зіне бағ ытталып, ө зінің психикалық кү йіне ой жү гіртуі) нақ ты ө мірдегі шаруашылық ты практикалық бағ ытта дамытып, апаттан қ орғ ауғ а арналады. Бұ л мә селелерде мифологиялық сюжеттердің біртү рлігі жә не ү стірттілігі басым, яғ ни барлық халық тар бастауын дү ниеге кө зқ арастың осы дең гейінен алады.

Ә рбір жеке адам ө з дамуында адамзат тарихын ө те қ ысқ а тү рде қ айталайды деп В. И. Ленин айтқ андай, мифологиялық сананы жас баланың санасымен тең естіруге болады. Олар да ө зінің саналы жан екенін тү сінбей ойыншық тармен сө йлесіп, ұ рысып, ә ке-шешесінің ө зіне істегенін оларғ а істеп, шын кө ң ілмен оларды ө здеріне тең санап ө мір сү реді. Балалар санасы да синкретикалық сипатта кө рінеді. Сана біртұ тас қ алыпта, ақ ыл мен сезім дең гейлері ажыратылмағ ан, жақ сы мен жаман істер анық талмағ ан кү йде ө теді. «Балалы ү йде ұ рлық жатпайды» деген қ азақ халқ ының мақ алы да осыдан туғ ан болар. Бала тек ө се келе, шындық ты жасырмай айтып, таяқ жегеннен кейін ғ ана ө тірік айтуғ а, кейбір ойын, іс-ә рекетін жасырып қ алуғ а, яғ ни ақ ылмен сезімде берілгенді тежеп ұ стауғ а ү йренеді. Мифологиялық сана арқ ылы ғ ана адамдар алғ ашқ ы қ ауымғ а бірігіп, адамдық қ атынастарды дамытып жетілдіре алады. Ұ рпақ жалғ астырудың не себепті ө тетінін білмеуге байланысты ру мү шелерін бір тотемнің (кө біне жануарлардың бір тү рі) тұ қ ымдары деп санап, ө зара бауырластық, тең дік, кө мектесу талаптарын, кейін сү йіспеншілік, борышты болу қ асиеттерін дамытты. Биологияның «тіршіліктің басқ а тү рлерімен жә не ө зара мә ң гі кү ресу» заң ының шең берінен шығ ып, ә леуметтік заң дылық тарғ а бағ ынуғ а ү лкен қ адам жасады, ө здерінің рухани жандық сипатын (санадағ ы бейне, тү сініктерге сү йеніп, жоспарлы тү рде іс- ә рекет жасау) жетілдіре тү сті.

Миф сананы оятады, прогресс дамуының негізі - жазба мә дениетінің пайда болуы арқ ылы дін, философияғ а біртіндеп ө теді.

Дін - кө зқ арастың бір тү рі. Дін - табиғ аттан тыс ғ ажап кү штердің бар болуына негізделінген сенім. Ол адам ө міріне жә не қ оршағ ан ортағ а ық пал етеді. Діни кө зқ арас қ оршағ ан ортаны сезімдік, бейнелік - эмоциональдық тү рде қ абылдауды сипаттайды.

Дін қ азіргі кезде ү ш дү ниежү зілік діндерден: христиан, ислам, буддизм жә не кө птеген ұ лттық діндерден: синтоизм, иудаизм, индуизм, тә ң ірлік, конфуцийлік, даосизм, т. б. тұ рады. Дін адамдардың ү лкен топтарын, халық тарды біріктіріп, қ оғ амды идеялдар арқ ылы тұ рақ тандырады. Ол мә дениеттің кең істікте тарауына мү мкіндік туғ ызды да, ортақ салт-дә стү рлердің қ алыптасуына ық пал етеді. Ө негелік-тә рбиелік саласыда жақ ының а сү йіспеншілік, қ айғ ысына ортақ тасу, адалдық, тө зімділік, парасаттылық ты міндет деп санайды. Дін адамды адамгершілікке, тазалық қ а ү йретеді.

Діни сенім заң ды, тарихи тү рде қ алыптасады. Тотемдік сенімнен табиғ аттан тыс кү шке (қ ұ дай, сайтанғ а) сенудің арасында табиғ аттың дү лей кү штеріне (найзағ ай, тең із, ай, кү н) сену жатыр - оны пұ тқ а (заттық формадағ ы нә рсеге: икона, сурет, мү сіндерге) илану деп санайды. Шынайы дін жеке заттан бү кіл аспанғ а, ә лемдік ғ арышқ а табыну (тә ң ірге сену, конфуциялық ілім), абстрактылық кү штер кү ресі (зооастризмдегі жарық пен тү нектің мә ң гі шайқ асы, кезектеле жең іске жетуі) идеялары арқ ылы жетіліп, қ азіргі ә лемдік діндерде қ алыптасты. Бұ л негізінен сананың жетілуі, абстракциялық ойлаудың, жақ сы мен жамандық идеялдарын қ ұ растыра білу мү мкіндігінің пайда болу жемісі. Идеалдар да жоқ тан алынғ ан жоқ, ол реалдық адам болмысының қ арама-қ арсы бастауларын жинақ таудың нә тижесі. Жамандық - адам бойындағ ы биологиялық заң дылық тар (тек ө з қ амын ойлау, жануарлық инстинктіге бағ ыну, ұ мтылыстарына жету ү шін кү шке, алдауғ а сү йену, т. б.), жақ сылық - тә рбиеден алынғ ан ә леуметтік заң дылық тарды пір тұ тып дамыту. Адам бойындағ ы реалды қ асиеттер топтастырылып, бірі - сайтан жолы, екіншісі - қ ұ дай, имандылық жолы аталып, олардың мә ң гілік кү ресі мойындалды. Тек қ оғ амда ғ ана адам болып туып, ө мір сү ре алатындығ ы ескеріліп, оның тұ рақ тылығ ын, бейбіт дамуын қ алайды. Бірақ, ү стемдік етуші ә улеттер, тап пен ұ лттар, елдің кө ң ілін ішкі теріс шешімдегі мә селелерден басқ ағ а аудару ү шін, діндердің ә ртү рлі кө зқ арастарды ұ станатынын, бұ қ ара халық тың ғ ылыми білімінен алшақ тығ ын пайдаланып, ө здерінің саяси-экономикалық тартыстарын діни соғ ыстарғ а аударуғ а тырысатындығ ы да тарихта жиі кездеседі.

Діни кө зқ арас, сана мен сенім - қ арапайым халық тың философиясы деуге де болады, яғ ни оның қ оғ амғ а қ ажеттілігі ә лі де жоғ алғ ан жоқ. Егер рационалдық ғ ылыми білімнің ә рқ ашан бү гінде шешімі жоқ бір нә рселерге тап болып отыратындығ ын, ал сенім тек тұ тастық ретіндегі кө зқ арастың жемісі болғ андық тан, сондық тан жетіспеген білімді адамдар мифологиямен толық тыратынын пайымдасақ, дінді мә ң гі қ оғ амдық қ ұ былыс деу орынды. Оның тә рбиелік мә ні ө те зор себебі ә рбір жаң а ұ рпақ биологиялық заң дылық тардан тек ө з кү шімен, ақ ылымен арылуы қ иын, ал мемлекет тарапынан кү ш кө рсету – кө біне кері нә тижелер ә келеді. Сондық тан, оның мифологиялық бастамаларын символдар ретінде қ арап, біртіндеп рационалдық кү йге кө шіріп, ә лемдік діндердің алшақ тағ ан идеологиясынан қ ұ тылып, діни сенімді адам кө зқ арасының қ ажетті бастауларының бірі санауғ а ұ мтылғ ан жө н. Діннің ү ш элементі бар: діни тү сініктер, діни сезімдер, діни табыну мен ә дет-ғ ұ рып жоралары. Олар ә леуметтік жағ дайларғ а байланысты ә ртү рлі болып келеді. Дін дү ниені екіге бө леді: о дү ние жә не бұ л дү ние. Дін ө з нұ сқ ауларын қ ұ дай атымен мә ң гі-бақ и бекітпекші болатын неғ ұ рлым консервативтік идеологияның формасы болып табылады, яғ ни оны реформалау асығ ыстық ты қ аламайды.

Философия – кө зқ арастың бір тү рі. Ертеде ә р нә рсенің себебін білігісі келгендер, діни ұ ғ ымдар мен жай ұ ғ ымдарғ а қ анағ аттанбай қ ұ былыстардың тү біне ү ң іліп, сол туралы ө зіндік пікір айтты. Оларды - «философ» деп атайды. «Философ» деген сө зді алғ ашқ ы рет гректің, ойшыл, математигі Пифагор (580-500 б.ғ.д) енгізді. Бұ л термин Еуропа мә дениетінде Платонның (427-347 б.ғ.д) атымен тығ ыз байланысты. Philo - сү йемін, sophia- даналық, яғ ни даналық ты сү йемін деген мағ ынаны береді. Араб тілінде «фә лсә фа» деп аталады.

Философ - алғ ашқ ыда ә рі дана, ә рі табиғ атты зерттеуші, сынаушы, байқ аушы ретінде бой кө рсетті. Сондық тан, бұ ларды «натурфилософтар» деп атады. Философияның дү ниеге келуі дегеніміз - ө мірлік тә жірибеде адам сезімінің, идеалдық ү міттің жә не ә лем туралы білімнің ү йлесімдігін іздеу нә тижесінде ерекше рухтың қ алыптасуы болады. Философия пайда болуынан бастап барлық ғ ылымды қ амтыды, яғ ни ғ ылымның ғ ылымы болды. Кейінірек ә р пә н ө з алдына ғ ылыми пә н ретінде қ алыптасты. Б.з.д IV ғ ежелгі Грекияда теориялық логика пә ні, ал б.з.д. ІІ ғ математика (Евклид геометриясы жә не арифметика), астрономия (астрологиямен бірге), кейінірек филология жә не тағ ы басқ алары бө лінді, яғ ни ғ ылымды жіктеу дифференциялау (бө лшектеу) басталады.

Ә р дә уірде философиялық ілімдердің ішіндегі ғ ылымның қ ұ рамында ә ртү рлі кө зқ арас болды. Эллиндік дә уірде стоиктер мен эпикуршылар философияны логика, физика жә не этика деп жеке бө ліктерге бө лді. Оны бақ шағ а тең еді. Бақ тың қ оршауы - логика (логикағ а танымның барлық мә селелерін, тіпті тілді де қ осады), физика - оның жемістері, яғ ни табиғ атқ а байланысты (астрономиялық, физикалық, биологиялық, т. б. білімдер). Этика – адамның мiнез-қ ұ лқ ы, тә ртібі туралы ғ ылым, ол философияның ұ йытқ ысы (ядросы), ол бағ ыт жә не керекті тә ртіпке жол кө рсетеді деп саналды.

Орта ғ асырда Схоластикалық философияны болмыстың негізгі себебі жә не жоғ арғ ы принципі туралы ғ ылым ретінде тү сіне бастады, сонымен бірге ол «діни ілімнің қ ұ лы» болып саналды. Қ айта Ө рлеу дә уірінде философиясының ерекше сапалы бө лігі - натурфилософия (табиғ ат философиясы). Жаң а Заман философиясында жаратылыс ғ ылымдарының кешені қ алыптасты (физика, химия, биология, т.б.). Енді олар философия саласына тіпті кірмейтін болды. Жә не гуманитарлық ғ ылымдар (тарих, лингвистика, ө нертану, т.б.) бө лінді.

Философия барлық ғ ылымдардың ә дістемелік рө лін сақ тап қ алды. ХІХ-ХХ ғ марксизмде Гегель философиясының негізінде философия пә ні туралы тө мендегі тү сінік қ алыптасты.

Философия дегеніміз - табиғ ат, қ оғ ам жә не адам санасының ең жалпы даму заң дары туралы ғ ылым қ оғ амдық сананың бір тү рі, кө зқ арастық теорияның негізі, философиялық пә ндер жү йесі, адамның рухани дү ниесінің қ алыптасуына ық пал жасайтын ілім. Философия пә ні осылай тү сінумен бірге ХХ ғ асырда ә ртү рлі философиялық ілімнің негізгі мә селесінің ә ртү рлі болуына байланысты, бұ л сұ рақ тың шешу жолдары анық талды.

Философияның негізгі бө лімдері (тараулары):

1. Онтология (ontos-тіршілік, logos-ілім) - болмыс туралы ілім.

2. Гносеология (гр gnosis-таным жә не logos-ілім) – таным туралы ілім. Эпистемология (гр. episteme – бiлiм, logos – ілім, сө з) туралы ілім.

3. Ә леуметтік философия - қ оғ ам туралы ілім.

Философияның пә ндері:

1. Логика, эстетика, этика, ғ ылыми ә дістеме, ғ ылымдар философиясы (математиканың, астрономияның, физиканың, биологияның, т.б. философиялық мә селелері).

2. Антропология философиясы - адам болмысы.

3. Мә дениет философиясы - мә дениет ә лемі.

4. Тарих философиясы.

5. Қ ұ қ ық философиясы - мемлекеттік заң дар ә лемі.

6. Дін философиясы.

Болмыстың бастамасы туралы сұ рақ философияның негізгі мә селесі саналады. Оны ашық тү рде алғ ашқ ы анық тағ ан марксизм, ол монизм, дуализм, плюрализм ұ ғ ымдарымен тығ ыз байланыста болды. Монизм (гр mones - біреу, жалғ ыз) - дү ниенің негізінде бір ғ ана бастама бар деп танитын философиялық бағ ыт, идеалистік ілімдерде - рух, материалистік ұ ғ ымда - материя. Монистер деп барлық дә йекті материалистерді (Демокрит, Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Гераклит, Дидро, Гольбах, Маркс, Ленин) жә не барлық дә йекті идеалистерді (Августин, Фома Аквинский, Кант, Гегель, Юм) санайды. Дуализм (лат. Duo - екеу)(Кант И, Декарт Р) - дү ниенің негізі бір біріне бағ ынбайтын, тепе-тең екі нә рседен - рухтан жә не материядан - басталады деп, материализм мен идеализмді ү йлестіруге тырысатын ағ ым. Плюрализм (лат. Plurais - кө птік) - дү ниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ мә ндерден тұ рады дейтін ілім. Болмыстың негізінде кө птеген (жер, су, рух, т.б.) нә рселер бар деп санайды.

Дү ние негізінің сапасына сай, философия материализм жә не идеализм болып бө лінеді.

Материализм - бұ л философиядағ ы ағ ым, дү ниенің негізі ретінде материяны (табиғ атты) мойындайды. Ү нді философиясында материализм ежелгі Чарвака- Локаята мектебінде, Грек философиясында Милет мектебінде, Гераклит, Демокрит, жаң а кезең дерде - Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Фейербах, Маркс, Герцен, Чернышевский жә не Ленин, француз ағ артушыларының ілімдерінде дамыды. Материалистік ілім бойынша дү ние, табиғ ат мә ң гілік, ол жаралмайды, жойылмайды да, уақ ыт пен кең істікте шексіз-шетсіз ө мір сү реді.

Материализм тарих дамуында бірнеше сатыдан ө тті:

1. Стихиялық материалистер - ертедегі Ү ндістанда, Грекияда қ ұ лдық қ оғ ам тұ сында, ғ ылыми білімдердің ә лі дами қ оймағ ан кезінде пайда болғ ан. Фалес суды, Анаксимен ауаны, Анаксимандр апейрон, Гераклит отты, Ксенофан топырақ ты дү ниенің негізі деп ойлағ ан.

2. Метафизикалық (немесе механикалық) материализм XVII-XVIII ғ жаратылыстану ғ ылымдарымен, ә сіресе механикамен ө зара тығ ыз байланыста дамығ ан. Механика заң дарын абсолюттендіріп, бү кіл табиғ атты, тіпті ә леуметтік қ ұ былыстарды да механика заң дары тұ рғ ысынан тү сіндіруге ұ мтылғ андық тан, бұ л материализм механистік деп аталғ ан. Оның ө кілдері: Бэкон, Гоббсс, Гассенди, Спиноза, Ламетри, Дидро, Гельвецкий, Гольбах, т.б.

3. Диалектикалық материализм. Маркстік материализм бұ рынғ ы философияғ а қ арағ анда мазмұ ны жағ ынан да, ө зінің қ оғ амдық ө мірдегі рө лі жағ ынан да сапалы, жан-жақ ты дамығ ан. Материализм мен диалектиканың органикалық бірлігіне сү йеніп, қ оғ амдық қ ұ былыстарды да қ амтиды.

Антропологиялық мтериализм. Адам психофизиологиялық тірі организм ретінде рух пен материяны біріктіреді.Бірақ, адам мен табиғ аттың ө зара ә рекетінің негізі қ оғ амдық -тарихи практика екенін мойындамайды. Ө кілдері: Фейербах, Чернышевский.

Материализмде ерекше бө лінетін бағ ыт - тұ рпайы (вульгарный) материализм. Олар ойлауды, сананы, психиканы материямен тең естірді, бауырдың - ө тті, бү йректің - сұ йық дә рет шығ аратыны секілді, ойда мидан шығ ады-мыс деп ұ йғ арады. Сондық тан ойлау осы мағ ынасында материалдық болып табылады. Бұ л - ө рескел қ ате. Ө кілдері: К. Фогт,

Я. Молешотт, Л. Бюхнер (ХІХ ғ ғ.).

Материализмнің ә лсіз жағ ы – сананың белсенді мә нін тү сіндірмеуі, толық дә лелдей алмауы. Материализм философиядағ ы ү стемдік етуші ағ ым ретінде демократиялық - грекияда, XVII ғ, - ағ ылшында, XVIII ғ, - францияда жә не ХХ ғ, - СССР жә не социалистік мемлекеттерде ө мір сү рді.

Идея (гр. тү р, кө рік). Идеализм - бұ л философиядағ ы бағ ытта дү ниенің, болмыстың негізі ретінде бір идеалдық мә н мойындалады. Яғ ни рух пен субъектіні негіз деп, материя мен табиғ атты туынды деп санайды. Олардың пікірінше, ғ ылым ашқ ан табиғ ат пен қ оғ ам заң дары, қ ұ былыстар мен процестердің себептері тек санамызда орын алғ ан жү йені білдіреді. Идализмнің екі тү рі бар: субъективтік, объективтік идеализм:

Субъективтік идеализм – дү ниенің, болмыстың негізі ретінде адамның санасы, адамның «менін» мойындайды. Бізді қ оршағ ан дү ние біздің тү йсіктеріміздің жиынтығ ы деп санайды. Олар: Беркли, Мах, Авенариус, Фихте, Юм, Кант, экзистенциализм жә не феноменология жақ тастары. «Мен ғ ана ө мір сү ремін, мен бар болсам барлығ ы да бар, мен жоқ болсам барлығ ы да жоқ болады» деген субъективтік идеализмнің бір тү рі солипсизм деп аталады. Идеялар адамның ақ ыл-ойында ө мір сү реді, материалдық заттардың бейнесі де (идеясы) тек адамның ақ ыл-ойы, сезімдік тү йсіктері арқ ылы ө мір сү реді.

Объективтік идеализм - бұ л философия ағ ымында дү ниенің негізі ретінде объективті ө мір сү ретін идеалдық мә н, яғ ни адам санасынан сырт жә не тә уелсіз ө мір сү ретін рух (Қ ұ дай, Абсолют, Ә лемдік ақ ыл, т.б.) саналады. Объективтік идеализм ежелгі ә лемдегі кө птеген мектептерде пайда болып, дамыды. Ү ндіде (барлық ортодоксальдық мектептерде), Қ ытайда (Конфуцийшілдік, даосизм), Грекия мен Римде (Пифагор, Платон, неоплатонизм, т.б.), соң ынан Орта ғ асырда, Қ айта ө рлеу мен Жаң а заманда жетілді. Ө зінің дә йекті жә не аяқ талғ ан тү рін немістің классикалық философиясында Гегель тапты.

Негізгі материализм мен идеализм бағ ыттарымен бірге аралық, келісімдік ағ ымдар - пантеизм, деизм, гилозоизм бар:

Гилозоизм - (гр. Hylo жә не zoe - зат жә не ө мір) материяның ә мбебап тіршілігі туралы философиялық ілім. Бү л ілім тү сіну жә не ойлау қ абілетін материяның барлық формаларында бар деп есептейді. Шындығ ында тү йсік - жоғ арғ ы дамығ ан органикалық материяғ а ғ ана тә н қ асиет. Грецияда Фалес пен Гераклит ілімінде пайда болды. Антикалық гилозоизм пантеизмнің теориялық негізі болды.

Пантеизм - (гр. pan - бә рі жә не tcheos – қ ұ дай). Қ ұ дайды жә не ә лемді біртұ тас деп таниды, яғ ни қ ұ дай (идеалдық бастама) жә не табиғ ат (материалдық бастама) тең естіріледі. Табиғ аттан тыс қ ұ дай жоқ, сонымен бірге Қ ұ дайдан тыс табиғ ат та жоқ.

Пантеизм қ айта ө рлеу дә уірінде пайда болды. Бұ л идеяны дамытқ андар: Николай Кузанский, Джордано Бруно, ал Жаң а Заманда пантеизм идеясы Шеллинг, Гегель, Соловьевтарда кездеседі.

Деизм - бұ л философия ағ ымы, ол Қ ұ дайдың бар екенін мойындайды. Ә лемді Қ ұ дай жаратқ ан, бірақ одан соң оның адам мен қ оғ ам ө міріне ә сері де, ық палы да, қ атысы да жоқ дейді. Ол тек ө негелік символ болып қ ызмет атқ арады. Деизм - объективтік идеализмнің ерекше тү рі, сонымен бірге объективтік идеализмнің материализмге ө туі жолындағ ы кезең болады. Деизм XVII ғ пайда болып, ағ артушылық дә уірде ө те кең тарады. Оның негізін салғ андар: Декарт, Ньютон, Локк, белгілі деистердің қ атарына - Вольтер, Руссо, Кант, Ломоносов жә не Абайды қ осуғ а болады.

Философияның негізгі мә селесінің екінші сұ рағ ы, адам санасының дү ниені тану мү мкіндігіне арналғ ан. Осығ ан сә йкес агностизм жә не гносеология пайда болды. Гносеология -(гр. gnosis таным туралы ілім ретінде ә лемді тануғ а болатындығ ына кү мә н келтірмейді.. Агностицизм («а» жоқ, «гносис» - білім деген сө зден шық қ ан) - объектт дү ниені тану мү мкіншілігін толық немесе iшiнара бекерге шығ аратын философия ілімі. Дү ниенің бастамасы туралы мә селеде дү ниені тану немесе болмыс пен ойлаудың сә йкестігі қ аралады. Кейбір ойшылдар ақ иқ атты аяғ ына дейін тануғ а болмайды деп есептейді. Олар агностицизм ағ ымына жатады. Олар: Протогор, Кант, Беркли, Юм. Ежелгі заманда агностицизм тү ріне: софистика, скептицизм жә не релятивизм жатады.

Софизм – ақ иқ ат білімнің барына сенбей, елді ө зіне қ арату ү шін мә селені ә дейі шатастырып, жалғ ан қ ағ иданы дә лелдеу мақ сатымен қ ұ рылғ ан ой қ орытындылары.

Скептицизм - объективтік дү ниені танып білу мү мкіндігіне сенбей, кү дікке кө п орын беретін философиялық ілім (Пиррон).

Релятивизм (лат relativus - относительно, салыстырмалы) – объективтік болмысты білу мү мкін емес деп қ арайтын жә не барлық білімді болжам деп есептейтін философиялық ілім. Релятивизм негізін салушылар негізінен софистер мен скептиктер, ал Жаң а заманда ол позитивизмде дамыды. Олар барлық білімді салыстырмалы принципте тү сіндіреді, яғ ни оның толық еместігін, шарттылығ ын кө п айтады жә не осының негізінде қ андай болса да объективтік шындық ты жоқ қ а шығ арды.

Философия ғ ылымының таным теориясында ө зіндік тө мендегідей ерекше ағ ымдар пайда болды.

1. Эмпиризм - танымның негізінде тек тә жірибе жә не сезімдік тү йсіктер жатыр деп санайды. Оның негізін салғ ан Ф.Бэкон: «білімнің қ айнар кө зі - тә жірибе», - деді.

2. Рационализм - (лат. ratio - ақ ыл) танымның негізі ақ ыл деп санайтын философиялық ағ ым. Ол танымның басты қ аруы, сонымен бірге ақ иқ аттың ө лшемі. Болмыстың, танымның, моральдің де негізі - ақ ыл. Рационализмнің негізі - антикалық философияда (Парменид, Платон, т. б. жасалады, ал философиялық бағ ыт ретінде ол Жаң а Заманда қ алыптасты. Оның ө кілдері - Декарт, Спиноза, Лейбниц. Рационализмге иррационализм де, сенсуализм де (эмпиризмде) қ арсы тұ рады.

3. Сенсуализм (лат sensus- сезім) - танымның кө зі сезім (тү йсік), ол ақ иқ аттың ө лшемі деп санайды. Сенсуализмнің негізі антикада (Демокрит, Эпикур) ерекше бағ ыт ретінде Жаң а Заман философиясында қ алыптасты (материалистік сенсуализм - Гоббс, Локк, Дидро, т. б.) идеалистік сенсуализм - Беркли, Юм, т.б. Ағ артушылық дә уірде рационализм мен сенсуализм философияда ө те маң ызды рө л атқ арады.

4. Иррационализм (лат. irrationalis - ақ ылсыз, санасыз, ақ ыл жетпейтін) - философиядағ ы ағ ым, танымда ақ ыл кү шін мойындамайды, оғ ан тіпті шек қ ояды, сонымен болмыстың мә ніне ақ ылдың жетпейтіндігін уағ ыздайды. Иррационализмге субъективтік-идеалистік ілім жатады, М: Ө мір философиясы (Шопенгауэр, Ницше, Бергсон, Шпенглер), экзистенциализм (Сартр, Камю, Хайдеггер, т.б.) жә не басқ алар.

Диалектика жә не метафизика. Болмыстың мә ні ө згермейтін, тұ рақ ты, қ озғ алмайтын немесе қ ұ былмалы ә рі жылжымалы бола ма? - деген сұ рақ тарды шешу негізінде ол метафизика мен диалектикағ а бө лінеді. Бірақ бұ л терминді қ олдану бір шама қ иын, ө йткені, олардың ә рқ айсының қ алай болғ анда да екі - ежелгі грек жә не қ азіргі замандағ ы - мә ні бар. Сондық тан оларды қ олданғ ан кезде қ ай мә нде екенін ескергенжө н.

Диалектика - ежелгі грек тілінен сө збе-сө з аударғ анда - «пікір таласы, ә ң гіме жү ргізу ө нері». Бұ л термин осы мә нінде ежелгі кезден Жаң а Заманғ а дейін қ олданылды. Термин немістің классикалық философиясында жә не ә сіресе марксизм философиясында екінші мә нге ие болды. Атап айтқ анда: болмыстың ең жалпылама заң дылық тары мен байланысы туралы iлiмге айналды. Диалектиканың екі орталық идеясы бар: барлық қ ұ былыстардың ө зара байланысы жә не шексіз болмыстың ө зіне тә н қ айшлық тары ә серінен ү здіксіз дамуы.

Бұ л мә нінде диалектика метафизикағ а қ арама-қ арсы. Оның ө те ірі ө кілдері: Шеллинг, Гегель, Маркс, Ленин, Бергсон. Бірақ дамудың ө зі ә ртү рлі тү сіндірілуі мү мкін: «Тұ йық талғ ан шең бер бойынша» даму (Шеллинг, Гегель) жә не шексіз ү демелі қ озғ алыс ретіндегі даму (Маркс, Бергсон). Диалектиканың тарихи формалары: стихиялық, идеалистік жә не материалистік. Стихиялық диалектика кү нделікті сезімдік тә жірибеден туындайды, дү ниенің мә ң гі ө згерісіне, қ айтып оралуына сү йенеді. Ол ә сіресе Гераклиттің “бә рі ағ ады, бә рі ө згереді” деген қ ағ идасында анық берілген. Кү нделікті ө мірде барлық адам осы пікірді ұ станады.

Идеалистік диалектика біріншіден, жеке адамдар пікірлерінің (ойының) арасындағ ы қ айшылық ты мойындаса, екіншіден, ұ рпақ тар пікірлерінің қ айшылығ ы, тарихи дамуын анық тайды (Гегель). Оның негізгі кемшілігі - дамуды сана дең гейімен шектеуі. Материалистік диалектика дамуды бар болмыстың қ асиеті деп санап, ә мбебаптың дең гейіне кө тереді. Жә не объективтік диалектиканы (дү ниенің дамуы) субъективтік диалектиканың (сананың дамуы) негізі деп қ арастырады.

Метафизика грек тілінен сө збе-сө з аударғ анда - «физикадан кейін» деген ұ ғ ым. Бастапқ ыда метафизика деп Аристотельдің философиясын, ал ортағ асырдан бастап жалпы философияны атады. Осы мә нінде бұ л термин қ азіргі кезде де жиі қ олданады, яғ ни: “Метафизика” дегеніміз - философия. Жаң а заманда «метафизика» термині қ осымша философиялық ілім мә ніне ие болды, шексіз ә лемнің ө згеруін ө зіндік даму ретінде мойындамады яғ ни, диалектикағ а қ арама-қ арсы ілім болды. Сондық тан, метафизиканы антидиалектика дейміз.

Егер бұ л мә ндердің арасын айырмаса, кө п тү сінбестік болуы мү мкін. М: Парменид пен Зенонды қ азіргі заманда сө здің екінші мә нінде метафизиканың негізін қ алаушы деп атауғ а болады (ө йткені, олар шын болмыс қ озғ алмайды жә не ө згеріссіз болады деп алғ аш рет айтты), бірақ оларды ежелгі грек сө зінің мә нінде диалектиканың негізін қ алаушылар деп те атауғ а болады. Олар алғ ашқ ы болып философиялық идеяларды негіздеп дә лелдей бастады. Қ азіргі заман тү сінігінде метафизиктер деп ХХ ғ философтарының кө бін айтуғ а болады.

Философияның қ ызметіне оның мақ сатын анық тауда қ олданылатын дү ниетанымдық, ә дістемелік, теориялық ойлау, сыни-талап, аксиологиялық, ә леуметтік, гуманитарлық жә не болжаушылық міндеттерді жатқ ызамыз.

Философияның дү ниетанымдық қ ызметі - ә лемнің тұ тастық бейнесін қ алыптастырудың мү мкіндігі, оның қ ұ рылымы туралы ұ ғ ымды, ондағ ы адамның орнын жә не бірлесіп ә рекет жасау принцптерінің мә нін тү сіндіреді.

Философияның ә дістемелік (методологиялық) қ ызметі - бізді қ оршағ ан шындық ты тану ә дісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы ә дістерінің жә не адамның шындық ты игеруінің ең тү пкі тә сілдері туралы ілім ретінде кө рінеді.

Философияның теориялық ойлау қ ызметінің мә ні, ә сіресе философия тарихын зерттеудегі даналық қ а байланысты.

Философияның сыни-талап қ ызметі - қ оршағ ан дү ниенің жә не білімнің барлығ ына кү мә н келтіру, дү ниеде жаң а пайда болғ анның ерекшеліктерін іздеу, қ айшылық тарын ашу, таным шекарасын кең ейту, білімді модернизациялау жә не анық тығ ын ұ лғ айту. Сын басқ а пә ндерді ғ ана емес, философияның ө зін де қ амтиды.

Философияның аксиологиялық қ ызметі (гр. axios - қ ұ ндылық) - бізді қ оршағ ан ә лемді, заттар мен қ ұ былыстарды ә р тү рлі қ ұ ндылық тар - ә дептілік, этикалық, ә леуметтік, идеологиялық, т. б. - тұ рғ ысынан бағ алау.

Философияның аксиологиялық қ ызметі, ә сіресе, тарихтағ ы ұ лы ө згеріс кезінде, орта ғ асыр басындағ ы Рим империясының қ ирауынан кейін қ ұ ндылық ты жаң а діннен іздеу, қ айта ө рлеудегі реформация, капитализмнің дамуының дағ дарысы (ХІХ-ХХ ғ ғ.), социализмнің тұ йық қ а тірелуіне (ХХ-ХХІ ғ ғ.) байланысты ерекше кү шейеді. Философияның ә леуметтік қ ызметі - қ оғ амның пайда болу себебін, эволюциясын, қ азіргі жағ дайын, қ ұ рылымын, элементін, қ озғ аушы кү штерін, қ айшылық тарын ашу, тү сіндіру жә не дамуды жең ілдендіру жолдарын кө рсетеді

Философияның ә леуметтік қ ызметі - қ оғ амның пайда болу себебін, эволюциясын, қ азіргі жағ дайын, қ ұ рылымын, элементін, қ озғ аушы кү штерін, қ айшылық тарын ашу, тү сіндіру жә не дамуды жең ілдендіру жолдарын кө рсетеді..

Философияның гуманитарлық қ ызметі - гуманистік қ ұ ндылық тар мен идеяларды адамғ а жә не қ оғ амғ а енгізеді, моральдің ық палын нығ айтады, адамның қ оршағ ан ортағ а бейімденуін, ө з ө мірінің мә нін табуды қ арастырады.

Философияның болжаушылық қ ызметі - дү ние мен адам туралы философиялық білімге сү йене отырып, материяның, сананың, тану процесінің, адамның, табиғ аттың жә не қ оғ ам дамуының тенденциясының жетістіктерін анық тап, болжайды. Философияның қ ызметтері бір-бірімен диалектикалық ө зара қ арым- қ атынаста болады. Олардың тұ тастық бірлігі - философиялық білімнің спецификасы мен мә нін кө рсетеді.

Философия дү ниеге кө зқ арас қ ана емес, ол ғ ылым. Сондық тан барлық ғ ылымдар сияқ ты дү ниенің (табиғ ат, қ оғ ам, сана) заң дары мен заң дылық тарын ашуғ а ұ мтылады. Заң дегеніміз - заттар мен қ ұ былыстардың, олардың қ асиеттерінің қ айталана беретін тұ рақ ты байланысы, ал философия - дү ниенің ең тү пкі заң дарын ашуды міндет тұ тса, ең тү пкі қ асиеттерді анық тап, солардың тұ рақ ты байланысын табуғ а тырысуы керек. Ондай қ асиеттерге дү ние болмысының зат жә не идея тү рінде берілетіні жатқ андық тан, материя мен идея, болмыс пен сана, объект пен субъект қ атынастары философияның негізгі мә селесі деп, алғ аш Ф.Энгельс айтқ ан. Бұ л ө з мә нісін ә лі кү нге дейін жойғ ан жоқ, материалистік жә не идеалистік кө зқ арасты ұ станушылар ә лі де тиянақ ты бір пікірге келе алмай отыр. Сана мен материя қ атынасы мә селесі ә сіресе адам болмысын анық тауда ерекше анық кө рінеді: бірі адамды рухани десе, бірі - материалдық жан деп ө зара қ атаң айтысқ а тү седі, саясатта қ олданып іс-ә рекеттерін, таптар, ұ лттар, мемлекеттердің ө зара соғ ыстарын ақ тауғ а тырысады.

Адам болмысының ерекшелігі - руханилығ ында, яғ ни ол кө рінген ісін алдымен басында, санасында идеалдық тү рде, ойша істеп кейін реалдық қ а кө шіреді. Бірақ ол руханилық қ а ерекше биологиялық жан ретінде жә не руханилық тың кө зі - қ оғ амдық ө мір арқ ылы ғ ана келе алады. Екіншіден, қ андай істі басында жоспарласа да, ол қ оршағ ан табиғ и жә не ә леуметтік ортаның біздің санамыздан тә уелсіз заң дылық тарына, тарихи даму дең гейіне сә йкес келгенде ғ ана реалдық қ а айналады. Адам туабітісімен, ісінің қ орытындысымен материалдық пен шектеліп отырса да, рухани жандылығ ын жоғ алпайды. Сондық тан оғ ан ешқ ашан қ айталанбайтын, шексіз қ ұ ндылық ретінде қ арау қ ажет, кө бінесе материалдық байлық мә селесі тө ң ірегінен аса алмайтын саясаттың қ ұ лы етпеу керек.

Философия жә не ғ ылым мә селесінде философия ғ ылымы заң дарының ерекшелігін де ескеріп отыру керек, онда дү ниеге кө зқ арассыз мазмұ н болмай, оның мә селелері нақ ты ғ ылымдағ ыдай есеп-қ исапқ а келтіріле бермейді. Сондық тан философияның заң дары жалпы бағ ыттылық, тенденциялық сипатта орындалады. Ал, дү ниенің кө рінген қ ұ былысы ө здігінен, ішкі қ айшылық тардың қ арама-қ арсылығ ынан дамитындығ ын ескеріп, философия ө з мә селесін қ осалқ ы ұ ғ ымдар, категориялар байланысы, олардың бірін-бірі толық тырып, біріне-бірі ө туі арқ ылы шешуге тырысады. Мұ ны нақ ты ғ ылымдар ұ станатын формальдық, математикалық логика орындай алмайтындық тан, марксизмде диалектикалық логика ілімі пайда болды. Оның тарихи, ғ ылыми мә нін соң ғ ы кезде біз еліктей бастағ ан позитивтік ағ ымдар ә лі де толық тү сіне қ ойғ ан жоқ. Сондық тан саясаттың ө ткіншілігін, ғ ылымның мә ң гілігін ескеріп марксизмнің саяси-экономикалық, идеологиялық ілімін ғ ылыми-философиялық жетістіктерімен шатастырмай, терең оқ ып-білуге ұ мтылу керек.

 

Семинар сұ рақ тары:

1Кө зқ арас, оның қ оғ амдық -тарихи сипаты.

2.Мифологиялық жә не діни кө зқ арас философияның алғ ышарты.

3.Философиялық кө зқ арастың мә ні. Философияның пә ні.

4.Философияның негізгі қ ызметі. Қ азіргі замандағ ы философияның рө лі. Философия жә не ғ ылым.

 

Ә дістемелік ұ сыныстар:

Философия, оның ғ ылыми білім жү йесіндегі орны жә не қ оғ амдағ ы рө лі. Дү ниетаным, оның қ оғ амдық -тарихи сипаты. Дү ниетанымның тарихи типтері: миф, дін, философия. Мифтік дү ниетанымның ерекшеліктері. Діни дү ниетанымның негізгі белгілері мен ерекшеліктері. Діннің функциялары. Философиялық дү ниетаным. Философияның негізгі мә селесі. Философиялық проблемалардың мә ні. Философия, оның функциялары. Философия жә не ғ ылым. Философия, саясат, қ азіргі заман.

 

Бақ ылау сұ рақ тары:

1.Философияның пә ні мен қ ызметі, оның қ оғ амдағ ы рө лін кө рсетің із?

2.Филосфияның негізгі мә селесі. Материализм жә не идеализм – филосфияның негізгі бағ ыттары. Философияның мағ ынасы жә не тарихы.

3.Дү ниеге кө зқ арас ұ ғ ымы. Дү ниеге кө зқ арастың тарихи типтері: миф, дін, философия; олардың ерекшеліктері неде?

4.Мифологиялық жә не діни кө зқ арас, философияның алғ ышарты қ андай?

5.Философиялық кө зқ арастың мә ні.

6.Философия, мә дениет пен ғ ылым ә леміндегі қ ызметі.

7.Философия, саясат, қ азіргі заман.

Баяндама мен рефераттар тақ ырыбы:

1.Философиялық мә селелердің табиғ аты. Философия - кө зқ арас ретінде.

2.Кө зқ арастың тарихи типтері, оның ерекшеліктері.

3.Философия, мә дениет пен ғ ылым ә лемінде.

4.Филосфиялық білімнің мә ні, жү йесі, қ ұ ндылығ ы.

 

Философиялық мә тіндермен жұ мыс істеу:

1.Антология мировой философии в 4-х т. М., 1969-1972 гг. (Платон, Аристотель,

Р. Декарт, Гегель ең бектерінің ү зінділерімен жұ мыс істеу).

2.Лосев А. Ф. Философия. Мифология. Культура.- М., 1991

3.Мир философии: книга для чтения (П. С. Гурьевич, В. И. Столяров)

4.Рысқ алиев Т. Х. Даналық пен тү сініктің ү лгілері (философия тарихына шолу). Алматы, 1999.

5.Таранов П.С. 120 философов. Жизнь. Судьба. Учение. Т. 1-2, Реноме, г. Симферополь, 1997

6.Философиялық сө здік. Алматы, 1996.

7.Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия? (пер. С. исп. М., 1991).

 

Ә дебиеттер тізімі:

1.Алтаев Ж., Қ асабек А., Мұ қ амбетә лі Қ. Философия тарихы. – Алматы, 2000.

2.Абай. Шығ.жинағ ы. Алматы, 1995.

3.Ә бішев Қ. Философия. Ақ ыл кітабы. Алматы, 2001.

4.Введение в филосфию. Учебник для вузов 2-е изд. М.: 1997.

5.Ә лемдік философиялық мұ ра. 1-20 тт -Т.1 -Алматы: Мектеп, 2005-2007.

6.Ежелгі дә уірден бү гінгі кү нге дейінгі қ азақ халқ ының философиялық мұ расы 1-20 тт.-Т (ред. Ә. Нысанбаев.- Астана: Аударма, 2005-2007).

7.Есім Ғ. Фә лсафа тарихы.– Алматы: Раритет 2004.

8.Ильенков Э. В. Философия и культура. М.: 1991.

9.Канке В. А. Философия: исторический и систематический курс. Учеб. для вузов.

М.: 2000.

10.Кессиди К. Х. От мифа к логосу. М.: 1972.

11.Кішібеков Д. К., Сыдық ов Ұ. Е. Философия. Алматы, 2000.

12.Қ асабек А. Тарихи-философиялық таным. Оқ улық қ ұ ралы. Алматы: КазГЗУ.

2002.

13.Лосев А. Ф. Дерзание духа. М.: 1988.

14.Мамардашвили М. К. Как я понимаю философию. 2-е изд. М.: 1992.

15.Мә дени-философиялық энциклопедиялық сө здік (Т. Х. Ғ абитов, А.Т. Қ ұ лсариева. – Алматы: 2004).

16.Мырзалы С. Қ. Философия ә леміне саяхат. Қ останай, 2000.

17.Нысанбаев Ә., Ә бжанов Т. Философия тарихы. 1999.

18.Радугин А. А. Философия. Курс лекций. 2-е изд. М.: 1997.

19.Турғ анбаев Ә. Х. Философия. Алматы. Білім, 2001.

20.Философская энциклопедия 6-е изд./ Под. ред. И. Т.Фролова. М.: 1991.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.