Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жоспары. 1. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі.




1. Әңгімелесу әдісі оқушылардың терең рухани адамгершілік әңгімеге тарту тәсілі.

2. «Өзін өзі тану» сабақтарындағы ән айту және музыка.

3. Өсімдіктерге, жануарларға музыканың әсері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:Музыканың өсімдіктерге әсері.

Белгілі үнді ғалымы Джагадас Чандра Боуз өсімдіктерге тәжірибе жүргізеді. Кейіннен оның ісін жалғастырған Мадрас қаласындағы Аннамалай университеті ботаника кафедрасының меңгерушісі доктор Т.С.Сингх 1950 жылы су өсімдігі гидриллаға тәжірибе жүргізген. Ғалым күннің шығуымен өсімдік клеткасындағы протоплазма жылдам қозғалысқа түскенін байқаған Сингх 6 фут (1фут=0,3м) биіктікте электрлік камертонды жарты сағатқа қосқаннан кейін таңғы 6да протоплазма қозғалысының жылдамдығы түс кезіндегі жылдамдық қалпына жеткенін анықтаған.

Содан кейін Сингх көмекшісінен гидрила жанында скрипка тартуды өтінген. Скрипка ойыны әсерінен протоплазменың қоғалыс жылдамжығы артқан.

Осы тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып, Сингх гүлдер мен көкөністерді зерттеген. Тәжірибесі тағы да сондай нәтиже көрсеткен. Өсімдіктердің жапырақтары екі айда 72 пайызға, биіктігі 20 пайызға артқан. Бұл тек екі айда өол жеткізген нәтиже.

Жасалған тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, доктор Сингх Бихар ауылшаруашылық журналында былай деп жазды: «Өсімдітердің өсуіне, гулденуіне, пісуіне және өнімділігіне үйлесімді дыбыс толқындарының әсер етеіні сөзсіз».

20 ғасырдың 60шы жылдары КСРО заманында ауылшаруашылық дақылдарына тәжірибелер жасалғаны белгілі. Күйтабаққа жазылған музыканы динамик арқылы ойнатқанда, өнім аудан бойынша жиналған орташа көрсеткіштен 25-60 пайызға жоғары болған.

АҚШ-та 50-шы жылдары бағбан Артур Локер оранжереяға музыка қосқан. Нәтижесінде, бақ өсімдіктерінің музыканың әсерінен жақсы өскені байқалған. Сабақтары мен гүлдері көбейіп, түстері ашық реңге бөленіп, ұзақ мерзім бөленген.



Музыканың өсімдікке қолайлы болғаны анықталғаннан кейін, барлық әуен өсімдікке қолайлы әсер етеді ме? Деген сұрақ қойылған.

Дороти Ретоллак (АҚШ зерттеушісі) үш гүлзарға тәжірибе жүргізген. Екі гүлзарға динамик орнатқан. Үшіншісіне орнатпаған. Бірінші гүлзарға батыстық және шығыстық классикалық музыка қосылған; екіншісінде рок стиліндегі «хэви метал яғни ауыр рок» музыкасы қосылған. Бірнеше күннен кейін, бірінші гүлзардағы өсімдіктердің динамик бағытына қарай өскені байқалды. Сонымен қатар классикалық музыканы ұзақ уақыт қосқанда, өсімдіктер динамикке шырмалып өскен.

Екінші гүлзардағы өсімдіктер динамиктен басқа жаққа бұрылып өскен. Ал, музыка қосылмаған гүлзардағы өсімдіктерге қарағанда классикалық әуен қосылған гүлзар өсімдіктері бір аптадан кейін өте жақсы қалыпта өскен.

Классикалық музыка қосылған гүлзар өсімдіктері ұзарып, қалың болып өскен. Рок музыкасының әсерінен өсімдіктер солып, өліп қалған. Немесе сиреп, сабақтары жіңішкеріп, түрлі бағытта жапырылып қалған. Дороти Ретоллак өз кітабында гүлзардың суретін көрсетіп, оны «Бейберекет!» (Хаос!) деп сипаттайды.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.004 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал