Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жоспары. 1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар




1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат.

2. Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім.

3. Шындықтың мәні туралы

4. Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат

5. Нағыз шындық – ол Ар – ұжан

 

Дәрістің қысқаша мазмұны.АКСИОЛОГИЯ (грек тілінен аударғанда axios – құндылық, logos – ілім, оқыту) – құндылық ұғымын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар.

Педагогикада жалпыадамзаттық құндылықтарды білім мазмұнына мақсатты түрде енгізу мәселесі ХХ-ғ. 80-90 жылдары жолға қойылды. (И.Я.Лернер, В.Оконь, А.Я. Зорина және т.б.)

Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына, тумысына берілген сый және адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр береді.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту үдерісіне енгізу адамның ізгілікті қасиеттерін ашуға, оның рухани дамуына ықпал етеді.

Рухани деңгей

интуиция, ар-ұждан, шабыт

Ажырату деңгейі

Жеке тұлғалық сана

Менталді деңгей

Эмоционалды деңгей Түпкі сана

Бес сезім мүшесі

Тәндік деңгей

Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:



Қиянат жасамау – рухани аспект.

Ақиқат – интеллектуалды аспект.

Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект

Тыныштық – эмоционалдық аспект

Дұрыс әрекет – физикалық аспект

 

Ақиқат– таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат - затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектикалық байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады.[1]



Таным процесінде ақиқатқа жету өте қиын іс. Ежелгі грек өкілі Гераклит “табиғат өз сырын жасыруды жақсы көреді” деген еді. Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді. Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика - ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді. Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат - идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” - шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы - шариғатта, 10-ы - тарихатта, 10-ы -мағрифатта, 10-ы - ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат - жабарут, тарихат - малакут, мағрифат - лахут, хақиқат - насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы - экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Ақиқатты танып-білу процесі - тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[2]

АҚИҚАТ:

ü Адамның шынайы болмысы

ü Кеңістік пен уақытпен шектелмейді

ü Өзгермейді, ол жалғыз

ü Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін біреу

Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді.

• Мен кіммін?

• Менің өмірімдегі мақсатым не?

• Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?

• Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?

 

Салыстырмалы ақиқат Абсолюттік ақиқат
ü Жеке ü Өзгермелі ü Сезім деңгейінде табылады ü Алуан түрлі ü Әмбебап ü Өзгермейтін ü Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс) ü Біртұтастықты білдіреді
     

 

Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгейде иерархияланған жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса,екіншінің маңызы азырақ болады.

Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды.Өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса,енді бір екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады.

Өмірдегі түрлі жағдаяттар ,мәселен , ауыр сырқат және т.б жағдайлар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі де айтарлықтай ықпал етеді.

Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтар көзқарастарымен зор ықпал ете алады.

Қорыта айтқанда,адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі:

• Табиғи құндылықтар;

• Жүре пайда болған құндылықтар;

• Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.

Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. ( Лернер, Оконь , Зорина).

Құндылықтарға бағытталған материалдарда білім берудің базалық мазмұнын енгізу мәселесі рухани адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғыртуға байланысты өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан да,қазіргі білім мазмұнында бар материалды пайдалану,онда назардан тыс қалған құндылықтың әлеуетін,жарыққа шығару міндеттері туындап отыр.

Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп аталады.

Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды, өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезексе шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады

Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады. Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі: табиғи, жүре пайда болатын және абсалюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар тәрбие жүзінде адам бойында қалыптасады. Ал, абсалюттік- уақытқа бағынбайтын, өзгермейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор мәңгілік құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар жалпыадамзаттық құндылықтарды жоя бастайды. Негізгі бес жалпыадамзаттық құндылықтарды атап айтар болсақ: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.01 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал