Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






ЖОБАЛАУ ТӘРТІБІ




Анықтау факторлары мен тапсырма талаптары бойынша (вагон типі, габариті, жүк көтеруі, өстігі және т.б) алдымен вагонның бастапқы өлшемдері анықталады.

Вагонның бастапқы өлшемдерін дәлдеу оны сәйкес габарит типіне ендіру жолымен іске асырылады, бұл нәтижеде вагонның тиімді қолдануына жауап беретін параметрлерді таңдауға ықпал етеді.

Вагонның негізгі (габариті) өлшемдерін (ені, ұзындығы, биіктігі, базасы) анықталған соң вагон бөлшектері конструкциясының эскизді варианттары белгіленеді (шанағы, рамасы, жүріс бөлшектері, автотіркегіші және т.б)

Вагон бөлшектерінің конструкциясын таңдап, өлшемі мен салмағын бекіткен соң, торап пен оның элементтерінің беріктігіне тексеру есебін жүргізеді, содан соң бүтіндей вагон конструкциясы сызбаларын толтыруға кіріседі.

Беріктікке тек негізгі бөлшектерді ғана есептейді: рама, шанақ, арбаша, доңғалақ жұбы, тарту құралдары.

Курстық жоба тапсырмаларының варианттары

 

1 вариант: Төрт өсті бүтін металлды жолаушылар вагоны (облыс аралық ) курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

- ені 1520 мм;

- екі өсті роликті мойынтіректермен және тербелістерді жойылтқыштармен арбаша;

- СА-3 автотіркегіші;

- Габарит МСТ 9238-83

- Қозғалыс жылдамдығы 45 м/с

Конструкциялық ерекшеліктер:

- вагон шанағы бүтін металлдың пісірлген конструкциясы;

- вагон тарасын жеңілдету үшін оның конструкциясына төмен легірленген болат, жеңілдетілген профиль, жеңіл құймалар, пластмассалар қолдану керек.

Жоба көлемімен мазмұны:

- курстық жоба жалпы талаптарға сәйкес үш бет сызбадан тұруы керек.

Бөлшектер немесе 3-ші бет үшін бөлшектер тізімнен алынады: роликті букса, букса қақпағы, рессор үстіндегі арбаша балкасы, арбаша рамасы, арбашаның орталық рессорлы іліну бөлшектері;

- жалпы талаптарда көрсетілгеннен бөлік, түсіндірме қағазда вагон шанағы беріктігіне есептеулер болуы керек.

2 вариант: Жолаушылар тасымалдайтын поезымен жолаушылардың жүгін тасымалдайтын (төрт өсті бүтін металлды жүк вагоны) вагонның курстық жобасын жетілдіру.



Негізгі талаптар, конструкциялық ерекшіліктер, жобаның көлемі мен мазмұнын 1 варианттан қараңыз. Вагонның ерекшеліктері оның арнайы тағайындалуы мен белгіленеді (жоспарлануы, шанақ конструкциясы және т.б.)

3 вариант:Төрт орынды купелі(36 жолаушыға) төрт өсті бүтін металлдан жасалған жолаушылар вагонының курстық жобасын жетілдіру: негізгі талаптар, конструкциялық ерекшеліктері мен мазмұнын 1 вариантынан қараңыз. Вагонның тағайындалуы вагонның жоспарлануы мен шанақ конструкциясына түзету ендірілетінін ескеру керек.

4 вариант:Жолаушылар тасымалдайтын поезымен поштаны тасымалдау үшін төрт өсті бүтін металлдан вагонның курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар, конструкциялық ерекшіліктер, жобаның көлемі мен мазмұнын 1 варианттан қараңыз.

Вагонның тағайындалуы (пошта вагоны) вагонның ішкі құрылымына (жоспарлау, шанақ конструкциясы және т.б.) түзетулер мен қосымша талаптарды ендіреді.

5 вариант:Төрт өсті жабық жүк вагонының курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

- ені 1520 мм;

- габариті МСТ 9238-83 бойынша;

- өстен рельске жүктеме 23,25 т-ға дейін;

- қозғалыс жылдамдығы 33м/с дейін;

- СА-3 автотіркегіші;

- ЦНИИ-Х3 типті буксамен тербеліс мойынтіректеріндегі арбашалар;



- Вагонның жүк көтеруі 70 т кем емес.

Контсрукциялық ерекшеліктері :

- вагон шанағының каркасы металлдан пісірлген конструкциялы, металл немесе пластмасса тігісінен. Вагон шатыры металлдан, пластмассадан немесе беріктігі жоғары алюминий құймаларынан дайындалған беттерден. Шатырда дәндерді тиеу үшін люктерді қарастыру керек;

- Студенттің қалауы боиынша жылжымалы шатырлы вагон нұсқалады, жетілдіруі ықтимал. Жылжымалы шатыр конструкциясы оның тығыз жабылуын, шанақ ішіне ылғалдың енуін болдыртпауын қамтамассыз етуі керек. Шатыр екі адам күшімен жеңіл ашылып, жабылуы тиіс.

- Вагонда келесі болуы керек:

• Нан қалқандарын қолданбай дәнді тасымалдауды қамтамассыз ететін жанында

есіктер;

• Сымды бұрағышты қолданбайтын есік тиектері;

• Жоғарғы төрт дән люктері;

• Шатырда пеш құбырлары үшін екі бөлгіш;

• Адамдарды тасымалдауда қолданылатын типтік алынбайтын

қабырғалық құрал;

• Вагонның, оның тораптары мен бөлшектерінің беріктігі мен тұрақтығы өз күшіндегі есептеулер нормасы мен вагонның жобалануына жауап беруі тиіс .

Жобаның көлемі мен мазмұны:

-жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес сызба парақтары . Үшінші парақ үшін бөлшектер тізімінен таңдалады: арбашаның жанындағы рамасы, арбашаның рессор үстіндегі балкасы, вагон шатыры жанындағы қабырға каркасы, дөнгелек жұбы, букса бөлшектері.

- жоғарыда көсетілгендердең бөлек, түсіндірме қаағазда вертикалды жүктемеге арбашаның жанындағы рамасының беріктік есебі болуы керек.

6 вариант: Цемент тасымалдау үшін төрт өсті вагонның курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

Курстық жобаның негізгі талаптары 5 вариантта келтірілген.

Конструкциялық ерекшеліктер:

- вагонның жанындағы қабырғалары негізгі конструкциялы болуы керек;

- шатырда тығыз жабылатын қақпақта тиеу люктері қарастырылуы керек;

- тиеу люктеріне қол жеткізу үшін баспалдақ, шатырда көпірлер қарастыру керек ;

шанақтың төменгі жағында герметикалық тығыз жабылатын люкті бункерлер қарастыру керек :

Жоба көлемі мен мазмұны:

- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес сызба беттері. Үшінші бет үшін бөлшек пен бөлшектер тізімінен таңдалады: вагон шатыры жоғарғы люк, төменгі люк, бункер, люк бөлшектері;

- жоғарыда көрсетілгеннен басқа түсіндірме қағазда арбашаның рессор үстіндегі арқалық беріктігінің есебі болуы керек.

7 вариант: Төрт өсті платформаның курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

Вагонға негізгі талаптар – 5 вариантты қараңыз.

Конструкциялық ерекшеліктер:

- платформа едені ағаштан немесе бүтін металлды тасымалданатын даналы жүктерді (контейнерлер және т.б) бекіту үшін қондырғылары болуы мүмкін.

- платформа борты салмағы 8-10 т-ға дейінгі дөнгелекті жүктерді айналдыруға мүмкін болатындай бүтін металлдан болуы керек, борттар биіктігі барынша үлкен болуы керек, бірақ түсірілген жағдайда габарит шегінен шықпауы керек;

- борт жиектері сенімді болуы тиіс және үйіліп тасымалданатын жүктерді (көмір, тас, құм және т.б.), борттарды тіреу үшін жанындағы тіректерге ағаш скобаны қоймай тасымалдауды қамтамассыз ету керек;

- рама мен борттардың тіреу элементерін дайындау үшін коррозияға төзімді төмен легірленген болат немесе алюминий құймалары қолданылуы керек;

- платформа және оның жеке тораптары мен бөлшектерінің беріктігі мен тұрақтылығы өз күшіндегі және вагондарды жобалаудың есеп нормаларына сәйкес болуы керек.

Жоба көлемі мен мазмүны:

-сызба парақтары жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келуі керек.

Үшінші бет үшін бөлшек пен бөлшектер тізімінен таңдалады: раманың шкворенді арқалығы, платформаның жанындағы борты, платформа рамасында автотіркеу қондырғысы, тербеліс мойынтіректі буксалы торап;

- жоғарыда көрсетілгеннен басқа түсіндірме қағазда букса торабындағы роликті мойынтіректер жұмыс ұзақтығына есептер болуы тиіс.

8 вариант:Ашық түсті мұнай өнімдері үшін төрт өсті цистернаның курстық жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

Вагонға негізгі талаптар – 5 нұсқаны қараңыз.

Конструкциялық талаптар:

- цистерна әмбебап ағызу құралымен жабдықталады.

- цистерна ішкі баспалдақ және сыртқы көпіршелермен жабдықталуы керек;

- толық ағызуды қамтамассыз ету үшін қазанның төменгі беті ағызу құралы жағына иіліп тұруі керек;

- Рама көміртекті немесе төменлегірленген болаттан;

Жобаның көлемі мен мазмұны:

- сызба парақтарын жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келуі керек. 3-ші парақ үшін бөлшектер тізімінен алынған: қазан конструкциясы, ағызу құралы, сақтандыру клапаны, рамаға қазанды бекіту, қалпақ қақпағы;

- жоғарыда көрсетілгеннен басқа түсіндірме қағазда ішкі қысымнан цистерна қазанының беріктігіне есебі болуы керек.

9 вариант:Сегіз өсті жартылай вагон жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

- ені 1520 мм;

- габариті МСТ 9238-83;

- өстен рельске жүктеме 23, 25т дейін;

- қозғалыс жылдамдығы 33 м/с дейін;

- СА-3М автотіркегіш;

- тербелу мойынтіректеріндегі буксамен төрт өсті арбашалар;

- вагонның жүк көтергіштігі 125-130т

Конструкциялық ерекшеліктер:

- жартылай вагон кузовы бүтін металлдан, төмен легірленген болаттан немесе жеңіл құймалардан пісірілген, шанақтың жанындағы есіктері екі қақпақты тиекпен, қолдануда сенімді жұмысты қамтамассыз етеді;

- жартылай вагон еденінде раманың жотасындағы балкада шарнирмен, түсірілетін люкті орналастыру. Люк қақпақтары типті, төрт өсті жартылай вагонның люк қақпақтарымен өз ара ауыстырылады;

- люк тиектері жеке немесе орталықты;

- жартылай вагон рамасы жота арқалығымен пісірілген, вертикалды қабырға арасындағы қашықтық 0,350;

- шанақ қабырғасын, жанындағы есіктері, люк қақпақтарын қаптау үшін коррозияға аз төзімді болат немесе жеңіл құймалар қолданған дұрыс;

Жоба көлімі мен мазмұны:

- сызба беттері жоғарыда аталғанталаптарға сәйкес орындалуы керек. 3-ші бет үшін бөлшектер тізімінен таңдалады: жартылай вагонның жанындағы қабырғасы, раманың шкворенді арқалығы, люк қақпақшасынбекіту механизмі, төрт өсті арбашасын біріктіру арқалығы;

- жоғарыда көрсетілгеннен басқа түсіндірме қағазда вертикалды жүктемеден вагон рамасының беріктігіне есебі болуы керек.

10 вариант:Тұтқырмұнай өнімдері үшін төрт өсті әмбебап цистерна жобасын жетілдіру.

Негізгі талаптар:

Вагонға негізгі талаптар – 5 варианттан қараңыз.

Конструкциялық ерекшеліктер:

- конструкция талаптарына жауап беретін цистернаның төменгі ағызуы болуы керек;

- цистерна сыртқы және ішкі баспалдақтармен жабдықталуы керек;

- цистерна рамасы немесе рамасыз конструкциялы болуы мүмкін;

Жоба көлемі мен мазмұны:

- сызба беттері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес орындалуы керек. Үшінші бет үшін бөлшектер тізімнен алынады: букса торабы, ағызу құралы, сақтандыру клапаны, қазанның рамаға бекітілуі, цистерна рамасы;

- жоғарыда көрсетілгеннен басқа, түсіндірме жазбада цистерна қазанының вертикалды жүктемеден беріктігіне


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.014 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал