Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






КУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ




 

Оқу жоспарына сәйкес студент техникалық жоба көлемінде жүк немесе жолаушылар вагонының курстық жобаға тапсырма (жобаның нақты тақырыбы мен бастапқы мәліметтері) студенттің оқу шифрының соңғы саны бойынша таңдалады. Егер соңғы саны нөл болса, 10-шы вариант таңдалады (төменде келтірілген тапсырманың 10 вариантынан).

Курстық жобаның түсіндірме қағазында еліміздің жүк айналым жүйесінде жобаланатын вагонның тағайындалуы мен рөлі көрсетіледі, жобаланған вагон конструкциясының қысқаша сипаттамасы (арбаша, рессорлы іліну, автотіркеу құралдары және т.б.) беріледі; параметрлер таңдауларының техникалы-экономикалық негізделуі мен көлемдік (габариттік) есептеулермен вагонның негізгі өлшемдері келтіріледі; торап немесе бөлшектің беріктігіне есептеулер келтіріледі (тапсырма вариантына сәйкес). Сондай-ақ дөңгелек жұбы өсінің беріктігіне дәлденген есептеулер орындалуы керек. Тұсіндірме қағазда сызбаның кем дегенде үш беті болуы керек.

1 Бет: вагонның жалпы көрінісінің сызбасы, үш проекцияда беріледі.

Жетілдіретін жобаның мазмұнын жан-жақты ашу үшін вертикалды горизонталды (көлденең және ұзына бойы), кесінділерді (разрезы), жергілікті кесінділерді немесе қималарды қолдану керек. Жалпы көрініске тек басты өлшемдер келтіріледі. Үшінші проекцияда таңдалған дөңгелек типі мен диаметрін ескере отырып жылжымалы құрам габариті контуры мен вагон жанынан шығыңқы бөліктер контурын көрсету керек. Сондай-ақ сызбаның таңдалған масштабына сәйкес вагонның шанағы мен жүріс бөлшектерінің сызықтарын көрсету керек. Бұл бүтіндей вагон габаритіне ендіру дұрыстығын өзіндік бақылау болып табылады. Бос вагонның жалпы көрінісі үшін ұсынылатын масштабтар 1:10; 1:20; 1:25.

2 Бет: арбашаның жалпы көрінісінің сызбасы, 1:5 немесе 1:10 масштабта үш проекцияда орындалады. Қағаз беті толық қолданылуы керек. Арбашаның үшінші проекциясын сызу дөңгелек классы, габариті, диаметрі және механикалындырылған төбе типін ескере отырып рессорланған және рессорланбаған бөлшектермен жүксіз арбашаның өкшелі деңгейіне габаритті сызықтарды түсіруден басталады.



Сызбада алдын- ала түсіндірме қағазда негізделген барлық негізгі өлшемдер болуы керек.

3 Бет: бөлшек немесе торап жобасы 1:1, 1:2, 1:5 немесе 1:10 масштабта жұмыс сызбасы көлемінде орындалады. Бұл бет барлық қажетті проекция, қима және т.б. көрсетумен орындалуы керек, бөлшектер, қолданылған материалдар, теориялық массалардың толық спецификациясы, материалдар мен дайын өнімдерге, термоөңдеулерге өңделетін бет тазалығына және т.б. Мемлектеттік Стандарттар (МСТ) және т.с.с.

Барлық сызбалар «Конструкторлық құжаттардың бір ыңғай жүйесі» (КҚБЖ) мемлекеттік стандартына толық сәйкес түрде орындалуы және толтырылуы керек.

Жоғарыда келтірілген есептеулерді орындауда ескерілуі тиіс:

· темір жол ені;

· 1м жолға өстік және статикалық жүктеме;

· вагон тарасы («тара» - италиян сөзі - ыдыс мағынасын білдіреді);

· ПТЭ талаптарын қанағаттандыратын рельс басынан автотіркегіш биіктігі;

· қисықтың ең кіші есептік радиусы;

· қозғалыс жылдамдығы:

- жүк вагондары үшін –33 м/с дейін



- жолаушылар вагоны үшін – 45 м/с дейін

· 500 н/м2-қа тең қабырға жанына перпендикуляр, желдің үдемелі қысымы;

· бөлшекті құрайтын, статикалық жүктеменің вертикалды динамикалық коэффициентіне тең , вертикалды динамикалық жүктеме. Вертикалды динамикалық коэффициенті вагонның қозғалыс жылдамдығы мен рессорлы ілінудің вертикалды статикалық иілуіне байланысты анықталады;

· есептік режимге сәйкес ұзына бойы горизонталды қысылатын жүктеме;

· ортадан тепкіш күш – жүк вагондары үшін 0,075Рбр тең, жолаушылар вагоны үшін 0,1Рбр тең;

· біркелкі тежелгендегі инерция күші тең 0,2Рбр


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2018 год. (0.007 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал