Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Коллоидтық БАЗ-дың өздігінен мицелла түзу қабілеті






Мицелла тү зілудің дағ дарыстық концентрациясы (МТДК) ә детте 10̄ ² -10̄ 4 моль/дм аралығ ында болады. Коллоидтық БАЗ-дың концентрациясы осы концентрацияғ а жеткенде ө здігінен сфералық мицеллалар (Гартли мицеллалары) тү зіледі де, жү йе гетерогендік болады.

МТДК-ғ а жеткеннен кейінгі коллоидтық БАЗ-дың кү йін (тұ здың гидролизін еске алмай) былайша жазуғ а болады:

Лиофильдік кірненің мицелласы – лиофильдік топтары еріткішке бағ ытталғ ан, ал лиофобтық топтары бір-бірімен қ осылып ядро тү зетін дифильдік молекулалардың ассоциаты.

14.3 – суретте Гартли мицелласының сұ лбасы кө рсетілген. Дифильдік молекулалардың осылайша бағ ытталуы «мицелла-дисперсиялық орта» шекарасында минималды (ең аз) беттік керілуді қ амтамасыз етеді.

14.3-сурет. Гартли мицелласы
Жаң а фазаның тү зілуі ү шін ә рқ ашанда энергия жұ мсау керек екенін білеміз. «Ендеше мицелла тү зілу неге ө здігінен жү реді?» - деген сұ рақ тууы мү мкін. Дисперсиялық орта шекарасында беттік керілу аз болғ андық тан мицелла тү зу ү шін де аз энергия қ ажет. Бұ л энергия БАЗ-дың кө мірсутектік «аяқ тарын» мицелла-ның ядросына итеруге кеткен энергиямен артық тү рде компенсацияланады. Мицелла ядросы кө мірсутектік тізбектердің тығ ыз орналасу нә тижесінде тү зілетін сұ йық кө мірсутек болып табылады. Энергияның бұ л ұ тымы 1, 08 kT болады. (k-Больцман тұ рақ тысы. Т-температура), яғ ни Т=298К болса, ол ә рбір -СН2-тобы ү шін 2, 6кДж болады. Сонымен мицелла тү зілу жү йенің еркін энергиясының азаюынан болады екен.

Гартли мицелласының диаметрі БАЗ молекуласының ұ зындығ ынан екі еседей артық болады.

Мицелланы қ ұ райтын БАЗ молекулалары ассоциациялану саны n деп аталады. Бұ л сан БАЗ концентрациясының аз аралығ ында жылдам ө седі, ә детте 20-дан 100-ге дейін (кейде одан да кө п болуы мү мкін).

Иондық БАЗ ү шін температураның тө мендеуі жә не электролитті қ осу n санын кө бейтеді.

Иондық емес БАЗ ү шін температураны арттыру n санының артуына, ал электролитті қ осу ассоциациялану санына ә сер етпейді.

Мицелладағ ы барлық молекулалардың молекулалық массаларының қ осындысы мицеллалық масса деп аталынады.

Белгілі бір концентрацияғ а жеткенде сфералық мицелалар ө зара ә рекетесе бастап, деформацияланады. Мицеллалар цилиндрлік, дисктә різді, таяқ шатә різді, табақ ша (пластинка) пішіндерін алуғ а ұ мтыла бастайды. Бұ л мицеллаларды Мак-Бен мицеллалары деп атайды.

МТДК-дан 10-50 есе артық концентрацияларда мицеллалар тізбектеліп бағ ытталады да, еріткіш молекулаларымен бірігіп сұ йық кристалдық қ ұ рылым тү зеді.

Концентрация одан да ә рі артқ анда сұ йық кристиалдық қ ұ рылым сірнетә різді, содан соң қ аттыкристалдық қ ұ рылымғ а кө шеді.

БАЗ ерітінділерінде мицеллалық кү йіндегі заттың мө лшері оның молекулалық кү йіндегі мө лшерінен бірнеше есе артық болады. Мицеллалардың бұ л тү рлері бір-бірімен тепе-тең дікте болады, олардың кү йі концентрацияғ а байланысты болады. Оны былайша кө рсетуге болады:

Молекулалық ерітінді Гартли мицеллалары Дисктә різді Цилиндрлік Табақ шатә різді Сұ йық кристалдық қ ұ рылым Сірне тә різді Қ атты кристалдық БАЗ.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.