Студопедия

Главная страница Случайная страница

Разделы сайта

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сімдіктердің сыртқы орта факторларына қоятын талаптары






Жасыл ө сімдіктер органикалық заттарды қ ұ раушы болып саналады. Олар қ ажетті жағ дай жасалынса ғ ана жақ сы ө ніп-ө седі де, органикалық заттарды молырақ тү зеді. Қ ажетті жағ дай болмаса, ө сімдіктерден мол ә рі сапалы органикалық заттар алынбайды.

Ө сімдіктердің ө сіп-жетілуі ү шін қ ажетті жағ дайлардың бә рі жиналып, олардың дамуының: жарық, жылу, ауа, су жә не қ оректік заттар сияқ ты тү рлі факторларын тү зеді. Ал осы факторлардың біреуінің ғ ана айтарлық тай мө лшерде болмауы ө сімдіктердің ө суін жә не дамуын едә уір баяулатады, кейде тіпті, тоқ татып тастайды. Бұ л ө сімдіктер тіршілігіне қ ажетті факторлардың бә рі аса қ ажет екенін, яғ ни ө сімдікке жетіспеген факторларды басқ а фактор ә рекетін кө бейту немесе алмастыруғ а ешбір болмайтынын кө рсетеді. Орыстың белгілі агрономы, академик В. Р. Вильямс: “ө сімдіктер тіршілігінің ә рбір факторының ө зіне тә н ерекшелігі бар, олардың бірін екіншісімен ауыстыруғ а болмайды”, – деп жазғ ан. Жә не де ә рбір факторды бір-бірімен алмастыруғ а ешбір болмайтындық тан, олардың ә рқ айсысы ө сімдікке маң ыздылығ ы жағ ынан бірдей.

В. Р. Вильямс ө зінің зерттеулерінің нә тижесін талдай келе ө сімдіктердің мол ө німді тек барлық факторлар қ ажетті мө лшерде (жеткілікті) болғ анда ғ ана бере алатынына кө зі жеткен. Жоғ ары ө нім алу ү шін жоғ арыда айтылғ ан факторлардың біреуі немесе бірнешеуі ө сімдіктерге жетіспесе, онда еш уақ ытта да мол ө нім алынбайды. Сондық тан жергілікті жерлердегі ауыл шаруашылығ ымен айналысатын мамандардың негізгі міндеті – осы жерлерде ө сімдік тіршілігіне, оның дамуына жетіспейтін факторды дұ рыс анық тау жә не оның ө сімдіктерге қ ажетті мө лшерде болуын реттеу болып табылады.

Ө сімдіктер тіршілігінің негізгі факторлары;

Жарық – ө сімдік тіршілігі факторларының негізгілерінің бірі. Жарық тың ө сімдіктер тіршілігіндегі маң ыздылығ ы – олардың қ атысуымен фотосинтез ү дерісі жү ріп, ө сімдіктерде кү рделі органикалық заттар тү зілетіндігі. Жақ сы тү скен жарық тың ә серінен ө сімдік тамырларының ө суі кү шейеді, оның жапырақ тары мен сабақ тары да жақ сы ө седі, сондық тан ө сімдіктер жоғ ары ө нім береді. Жарық жеткілікті болса, ө сімдіктерде органикалық заттар кө п тү зілуімен қ атар, ө німнің сапасы да едә уір жақ сарады. Мұ ның бә рі ө сімдіктердің ө су-даму ү дерістерінің жақ сы жү руімен байланысты. Жарық жетіспесе дә нді дақ ылдар нашар тү птенеді, тамырлары ә лсіз болады жә не сабақ тары шамадан тыс ұ зарып, жің ішкеріп кетеді. Сондық тан мұ ндай дақ ылдар сабақ тары желдің ә серінен жатып қ алады, дә ні ө те ұ сақ, салмақ сыз жә не сапасы да нашар болып тү зіледі. Мұ ның бә рі сайып келгенде дақ ыл ө німінің азаюына себепкер болады. Ө сімдіктің тез ө суіне, оның тұ қ ым тү зуіне кү н тә улігінің жарық жә не қ араң ғ ы кезең інің ұ зақ тылығ ы мен қ ысқ алығ ы едә уір ә сер етеді. Кейбір дақ ылдар, мысалы: мақ та, темекі, тары, жү гері, кү ріш қ ысқ а кү нде жә не ұ зақ тү нде тезірек гү лдесе, басқ а біреулері – қ ара бидай, арпа, сұ лы, керісінше, ұ зақ кү н жә не қ ысқ а тү н жағ дайында тезірек гү лдейді. Міне, осы айтылғ ан жағ дайларғ а байланысты барлық дақ ылдар қ ысқ а кү нді жә не ұ зақ кү нді болып екі топқ а бө лінеді. Ә ртү рлі дақ ылдардың кү н ұ зақ тығ ына осылайша бейімделуіне байланысты ә рбір дақ ылды тү рлі мақ сатқ а пайдалануғ а болады. Мысалы, жоғ арыдағ ы жағ дайлар жү геріні дә нге, пішендікке жә не сү рлемге еккенде ә бден ескерілуі керек. Бұ л ережені басқ а дақ ылдар ү шін де қ олдануғ а болады.

Жылылық - бұ л да ө сімдік тіршілігінің негізгі факторларының бірі. Жылу болмаса, топырақ жә не атмосфера ауасы да қ ызбайды, ө сімдіктер нашар ө седі, кейде, тіпті, ө спейді де. Бірақ жылу ө сімдіктерге белгілі бір мө лшерге дейін керек. Аса қ атты жә не ұ зақ болғ ан жылылық, яғ ни ыстық ө сімдіктерге зиян болып келеді. Ә ртү рлі дақ ылдар ө зінің биологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты ө з тіршілігінің ө су дә уірінің ә р кезінде жылуды тү рлі мө лшерде қ ажет етеді, тіпті дақ ылдардың тұ қ ымы кө ктеп шығ уы ү шін де ә ртү рлі жылу мө лшері қ ажет. Дақ ылдар ө су дә уірінің кезең дерінде жылуды ә рқ илы керек етеді, осығ ан байланысты барлық дақ ылдарды жылу сү йгіш жә не жылуды орташа сү йетін деп бө леді. Ө сімдіктердің ө су дә уірінің ә р кезең інде жылуды қ андай мө лшерде қ ажет ететіндігін білудің маң ызы зор. Жергілікті жердің ауа райы жағ дайларына байланысты дақ ылдардың ө сіру мерзімін жә не қ андай дақ ыл осы жерге аса бейім екендігін толық анық тауғ а да болады.

Ө сімдіктер жердің ү стің гі қ ұ нарлы қ абаты – топырақ та ө сетін болғ андық тан, жылудың топырақ та қ андай мө лшерде екендігін білудің маң ызы зор. Салқ ын, жылусыз топырақ та тү рлі микробиологиялық ү дерістер нашар жү реді жә не себілген тұ қ ым да ұ зақ ө нбей жатады.

Топырақ қ а келетін жылылық тың негізгі кө зі – кү н радиациясы. Кү н жылуының топырақ қ а тү су мө лшері жә не ұ зақ тығ ы жыл мезгіліне, ауарайы ерекшелігіне байланысты. Ауада неғ ұ рлым бұ лт жә не жаң быр тү йіршіктері кө п болса, соғ ұ рлым олар кү ннен жерге тү сетін жарық ты жә не жылуды кө п жұ тып алады. Мұ ндай жағ дайда жерден атмосферағ а бө лініп шығ атын жылу мө лшері де азая тү седі. Табиғ атқ а мұ ндай ү деріс керек. Егер кү н бұ лтсыз жә не жаң бырсыз болып тұ рса, адамзат тарихында болып кө рмеген қ уаң шылық болар еді де, жер бетіндегі ө сімдіктер кү йіп кетер еді.

Ә рбір жергілікті жердің табиғ и-климат жағ дайларын, ә сіресе жылылық ты, кү н ұ зақ тығ ын, жауын-шашын мө лшерін жә не олардың қ ай мерзімде қ андай болатынын білудің ө сімдіктердің дұ рыс ө суін реттеуіне де мү мкіншілік бар. Мысалы, топырақ тың жылу режимін реттеу ү шін топырақ бетіне ұ сақ ө сімдік қ алдық тарын шашу, топырақ тың жоғ арғ ы қ абатында ұ сақ кесекті қ ұ рылым болуын кө здеу, топырақ ты дұ рыс ө ң деу, ауа салқ ын болғ ан жағ дайларда танаптарды тү тіндету, егістік жерлерінің айналасына егісті желден қ орғ айтын орман алқ аптарын егу жә не тағ ы басқ а жұ мыстар жасау шараларын жү зеге асыру керек.

Ауа – ө сімдіктің тіршілігіне қ ажетті факторлардың бірі жә не ол топырақ тағ ы тү рлі микробиологиялық ү дерістердің жү руі ү шін аса қ ажет. Егер микробиологиялық ү дерістер жақ сы жү рсе, онда топырақ та ө сімдіктер тіршілігі ү шін жақ сы жағ дай жасалғ андығ ы.

Кө птеген ғ алымдардың зерттеулеріне қ арағ анда, топырақ та ауа жетіспеген жағ дайда ондағ ы кө мір қ ышқ ыл газының мө лшері артады да, нә тижесінде ө сімдік кө п зиян шегеді. Ө сімдіктердің ауа жетіспеуінен зардап шегуі кө біне, қ ұ рылымсыз ә рі аса ылғ алданғ ан (батпақ танғ ан) топырақ тарда болады. Ауа, ә сіресе, топырақ тың жоғ арғ ы қ абаттарында тіршілік ететін ұ сақ ағ залар (микроорганизмдер) мен ө сімдік тамырлары ү шін аса қ ажет. Кө птеген ұ сақ ағ залар, мысалы, тү йнек бактериялар ауа болмаса топырақ та азот қ осылыстарын жинай алмайды.

Топырақ тың ауа режимін жақ сартуда егіншілік мә дениетін жақ сарту, дұ рыс ауыспалы егістер енгізу, топырақ ты дұ рыс ө ң деу мен суару жұ мыстарын ұ қ ыпты жү ргізудің маң ызы зор.

Су – ө сімдік тіршілігіне қ ажетті факторлардың негізгілерінің бірінен саналады. Топырақ тың су режимі онда ө тетін барлық ү дерістердің жү руіне ә сер ету арқ асында, ө сімдіктерде органикалық заттың тү зілуі мен ыдырауына себепкер болады. Топырақ тың су режимі ө сімдіктердің қ оректік заттарды пайдалануына, топырақ қ ұ рылымының қ ұ ралуына, топырақ тың ауа режиміне жә не т.б. ү дерістерге де ү лкен ә сер етеді.

Мә дени ө сімдіктер суды кө п мө лшерде пайдаланады. Ә р дақ ылдың суды пайдалануы, тұ қ ым кө ктеуден бастап, кейінгі кезең деріне қ арай ө се береді, тек нағ ыз егісті жинау кезең іне қ арай ғ ана суды пайдалану едә уір азаяды. Мұ ның негізгі себебі кү з мезгіліндегі салқ ындық тү суі жә не ө сімдіктердің вегетациялық ө суінің біршама бә сең деуі болып табылады.

Ө сімдіктердің суды пайдалану мө лшерін транспирациялық коэффициент арқ ылы білуге болады. Транспирациялық коэффициент дегеніміз – белгілі салмақ мө лшеріндегі қ ұ рғ ақ зат тү зілу ү шін жұ мсалатын ылғ ал мө лшері (7.1-кесте).

Бұ л мә ліметте кө рсетілгендей, транспирациялық коэффициент ә р дақ ыл ү шін тү рліше болып келеді. Ол бір дақ ыл сортының ө згешелегіне жә не табиғ и-климат ерекшелігіне байланысты ылғ ал пайдалануы да ә ртү рлі болады.

Топырақ қ а атмосферадан тү сетін ылғ алдың сің уі мен оның біршама мө лшерінің сақ талуы оның су ө ткізгіштігі мен су сыйымдылығ ына байланысты. Ал бұ л қ асиеттердің ө зі топырақ тың механикалық қ ұ рамына, қ ұ рылымына, органикалық жә не қ арашірік заттар мө лшеріне тығ ыз байланысты болады. Ә детте, топырақ неғ ұ рлым қ ұ рткесекті, қ ұ рылымды жә не органикалық заттарғ а бай болса, солғ ұ рлым оның тө менгі қ абаттарына ылғ ал жақ сы ө теді жә не ол едә уір мол сақ талады. Қ ұ рылымсыз топырақ қ а ылғ ал нашар сің еді жә не ыстық уақ ыттарда булану кү шейетіндіктен судың булану арқ ылы жоғ алуы кү шейеді. Топырақ тың су режимі жақ сарып, оның су ө ткізгіштігі мен су сыйымдылығ ын жақ сартатын бірқ атар шараларды жү зеге асырсақ, бұ л мол ө німнің кепілі екені сө зсіз. Топырақ тың су режимін реттейтін шаралар агротехникалық жә не мелиоративтік болып екіге бө лінеді. Топырақ тың су режимін мелиоративтік жолмен реттеу шараларына кө біне суарылмалы аудандарда суаруды дұ рыс ұ йымдастыру, суару атыздары мен арық шаларын жасау, жерді суару ү шін тегістеу жә не тағ ы басқ а жұ мыстар жатады.

 

7.1-кесте. Ә ртү рлі дақ ылдардың транспирациялық коэффициенті жә не оғ ан байланысты ө німділігі

Дақ ылдар Тұ қ ымының кө ктеуі ү шін қ ажетті су мө лшері Транспирациялық коэффициент Транспирацияның ө німділігі
Бидай 45, 5   1, 93
Арпа 48, 2   1, 89
Жү гері 44, 0   2, 79
Кү ріш 25, 0   1, 41
Тары 25, 0   3, 33
Қ онақ жү гері (қ ұ май)     2, 76
Картоп     1, 80
Қ ант қ ызылшасы     2, 55
Бұ ршақ 106, 8   1, 27
Жоң ышқ а 106, 3   1, 54

Қ азіргі уақ ытта топырақ тың су режимін реттеудің агротехникалық шараларын жү зеге асыруғ а кө п мә н берілуде, ө йткені біздің елімізде егістік басым кө пшілігі тә лімі жерлерге егіледі. Мұ ндай шараларғ а қ ұ рғ ақ шылық қ а тө зімді сорттарды егу, дұ рыс ауыспалы егіс жү йесін енгізу, топырақ ты дұ рыс ө ң деу, топырақ тың қ ұ рылымды болуын қ адағ алау, тың айтқ ыштар қ олдану, арамшө птерді жою, қ ар тоқ тату мен егіс даласын айналдыра талдар егу жә не т.б. жатады.

Қ оректік заттар. Ө сімдіктердің ө сіп-ө нуі жә не жетілуі ү шін қ оректік заттар ө те қ ажет. Тірі ағ за тіршілігінің ерекшелігі – олардың қ оректенуі. Ө сімдіктер дұ рыс қ оректенсе, олардың ө німі артып қ ана қ оймайды, оның сапасы да едә уір жақ сарады. Ө сімдіктер ө здерінің тіршілік ортасында барлық факторлар қ ажетті мө лшерде болып тұ рғ анда жақ сы ө сіп, жоғ ары ө нім береді. Егіншілік жағ дайында ө сімдіктер ү шін су, ауа жә не кө бінесе қ оректік заттар жетіспейді. Ауыл шаруашылығ ы саласындағ ы мамандардың негізгі міндеті – осы жетіспейтін факторларды дұ рыс анық тап, оны болдырмау шараларын іске асыру. Ө сімдіктерді қ оректік заттармен жақ сы қ амтамасыз ету арқ ылы олардың ылғ ал пайдалану мө лшерін едә уір азайтуғ а болады, топырақ қ а тың айтқ ышты ө те кө п мө лшерде шаша беруге болмайды. Бұ л жерде ө те ескертетін жай – барлық факторлардың ө сімдіктерге қ ажетті ғ ана мө лшерде болуы.Ө сімдіктер ө здеріне қ ажетті қ оректік заттарды топырақ тан алады, кейінгі зерттеулердің нә тижесінде, олардың қ оректік заттарды жапырақ тары, сабақ тары жә не жер бетіндегі тамырлары арқ ылы ауадан да алатыны анық талды. Ауадан қ оректенуге ө сімдіктерге атмосферадан кө мір қ ышқ ыл газын сің іруін айтса, тамыр арқ ылы қ оректену деп топырақ тан қ оректік заттарды сің іруді айтады. Қ оректенудің бұ л екі тү рі бір-біріне байланысты, яғ ни бұ л ү дерістер бірінсіз-бірі жү рмейді.

Мә дени ө сімдіктердің химиялық қ ұ рамын анық тайтын болсақ, онда 74 элемент бар, бірақ осылардың тек 16-сы ғ ана ө сімдіктер тіршілігі ү шін аса қ ажет. Олар: кө міртегі, оттегі, сутегі, азот, фосфор, кальций, калий, кү кірт, магний, темір, бор, марганец, мыс, мырыш, молибден жә не кобальт. Осы аталғ ан негізгі қ оректік заттардың (элементтердің) ә рқ айсысының да ө сімдіктер тіршілігінде алатын ө зіндік орны бар. Олардың тіпті, біреуінің ғ ана жетіспеуі ө сімдіктердің қ оректену ү дерісін нашарлатып, ө німнің жә не оның сапасының тө мендеуіне себепкер болады. Барлық ө сімдіктерге басқ а жағ дайлар болып тұ рғ анның ө зінде, тек бір ғ ана қ оректік зат жетіспесе, ө сімдіктерде ө тетін тү рлі биологиялық жә не физиологиялық ү дерістер бұ зылады, тіпті, басқ а факторлардың да ә сері нашарлайды, ал мұ ның бә рі қ осылып дақ ылдар ө німін нашарлатады. Бұ л айтылғ андар ауыл шаруашылығ ы мамандары ө сімдіктерге қ ажетті қ оректік заттардың ә рқ айсысының ерекшелігін, ө сімдіктер тіршілігінде атқ аратын рө лін, топырақ та қ андай тү рде болатынын жетік білу керектігін кө рсетеді. Енді осылардың кейбіреулеріне тоқ талайық.

Кө міртегі, оттегі жә не сутегілер ө сімдіктерде болатын фотосинтез ү дерісінің негізін қ алайды. Фотосинтез – ө сімдіктердің ауадан кө мірқ ышқ ыл газын, топырақ тан суды сің іру арқ ылы кү н сә улесінің қ атысуымен азотсыз органикалық затты тү зуі. Ө сімдіктерде ө тетін тү рлі ү дерістердің жү руі ү шін ө те кө п энергия қ ажет, ал ол энергия ө сімдіктердің дем алу ү дерісінде пайда болады. Бө лініп шық қ ан энергия ө сімдіктердегі тү рлі ү дерістердің дұ рыс жү руіне, тү рлі органикалық заттар тү зілу ү дерісіне, тамыр арқ ылы су жә не қ оректік заттардың сің ірілуіне жұ мсалады.

Ауада қ анша кө п мө лшердегі кө міртегі, оттегі жә не сутегі болғ анымен, олардың қ атысуымен кө мірсутектер тү зілмейді. Ө сімдіктер тамырлары арқ ылы топырақ тан суды жә не ондағ ы сің імді қ оректік заттарды алады. Сонда ғ ана ө сімдіктің денесінде кү рделі органикалық заттар тү зіледі.

Ө сімдіктердің қ оректенуі ү шін аса қ ажетті элементтерге азот, фосфор жә не калий жатады. Бұ лардың ө сімдік денесінде пайыздық жалпы мө лшері ө те аз болғ анымен, атқ аратын ролі орасан зор.

Азот аса маң ызды қ оректік зат есебінде ө сімдіктер тіршілігінде ү лкен рө л атқ аратын элемент. Азот ө сімдіктерде тү зілетін ақ уыз (белок) заттарының қ ұ рамына кіреді, ол ө сімдіктер жапырағ ы хлорофилінің қ ұ рамын тү зеді. Азот тіршіліктің негізгі кө зі болып табылатын жасуша протоплазмасының қ ұ рамын тү зейді. Азот мұ нан да басқ а кү рделі органикалық заттардың, мысалы, фосфатидтер, ферменттер жә не алколоидтардың қ ұ рамына кіреді. Ө сімдіктер ү шін қ ажет азоттың негізгі пайдалы қ оры топырақ қ арашірігінде болады, бірақ кө п жағ дайларда ол азотты ө сімдіктер дұ рыс сің іре алмайды. Оның себебі, ондағ ы азот аса ү лкен кү рделі қ осылыстар тү рінде болады. Қ арашірік қ ұ рамындағ ы азотты ө сімдіктер жақ сы сің іру ү шін ол тү рлі микробиологиялық ү дерістердің ә серінен ө те сің імді кү йге айналуы керек.

Ө сімдіктер ө здері қ оректену ү шін азоттың нитратты жә не аммиакты тү рлерін пайдаланады, бұ л екеуі де топырақ та кездеседі. Бұ лардан басқ а ө сімдік қ оректенуі ү шін топырақ тағ ы жай амин қ ышқ ылдары, ерігіш амидтер жә не азотты қ ышқ ылдың сің імді тұ здары да жарайды.

Топырақ та азот жетіспесе, ө сімдіктің ө суі баяулайды, жапырағ ының жасыл бояуы ө згереді жә не тү рлі биохимиялық ү дерістердің ө туі бұ зылатындық тан егін ө німі едә уір кемиді. Ө сімдікке азот заттары жетіспейтінін олардың жапырағ ының тү сі сарғ аюынан ап-анық білуге болады.

Фосфор - ө сімдік тіршілігіне аса қ ажетті элементтердің бірі. Фосфор элементі жеткілікті болғ ан жағ дайда дақ ылдар тез ө сіп жетіледі, ө нім артады жә не оның сапасы едә уір жақ сарады. Фосфордың ә серінен дә нді дақ ылдардың сабанына қ арағ анда дә ні кө п тү зіледі, ал техникалық жә не кө кө ніс дақ ылдарының сапасы едә уір жақ сарады (қ ант қ ызылшасының қ анты, картоп тү йнегінің крахмалы, зығ ыр тектес дақ ылдар талшығ ының беріктігі жә не т.б.). Фосфор кү здік дақ ылдардың суық қ а тө зімділігін арттырады жә не ылғ алды ү немдеп жұ мсауғ а кө мектеседі.

Фосфор, сонымен қ атар ө сімдіктердегі кү рделі органикалық қ осылыстардың, атап айтқ анда, фосфатидтер, дә румендер (витаминдер) жә не ө су заттарының да қ ұ рамына кіреді. Ал бұ л заттардың ө сімдіктердің зат алмасу ү дерісінде атқ аратын қ ызметі орасан зор.

Ө сімдіктерге фосфор жетіспесе, олардың сабағ ы мен жапырағ ының ө суі баяулайды жә не тұ қ ым салмайды. Мұ ндай жағ дайда ө сімдіктердің жапырақ тарының шеткі жиектері ширатылып, кү рең тең білдер пайда болады да, бірте-бірте жапырақ ұ лпалары ө ле бастайды.

Калий - ө сімдіктер тіршілігі ү шін аса қ ажетті элементтер қ атарына жатады. Калий ө сімдіктер протоплазмасының неғ ұ рлым суды кө п сің іріп, оны ұ стап тұ руы, сол себептен судың булануы арқ ылы жоғ алуын азайту ү шін аса қ ажет. Калий ө сімдіктердің неғ ұ рлым жас мү шелерінде кө бірек болады, биоколлоидтардың ісінуін тездетеді жә не жасушаларда судың кө п жиналуына себепкер болады. Калийдің ә сіресе, қ уаң шылық жағ дайында, ө сімдіктердің суды тиімді пайдалануы ү шін аса ү лкен пайдасы бар.

Калий ө сімдіктер жапырақ тарында қ анттың тү зілуін кө бейтеді жә не оның басқ а мү шелеріне ө туін тездетеді. Ә сіресе, бұ л ү деріс кө кө ніс пен жеміс-жидектерде жә не тамыртү йнекті дақ ылдарда анық байқ алады, яғ ни бұ л дақ ылдардың сабақ жә не жапырақ тарындағ ы кө мірсутектер калийдің ә серінен ө сімдіктер пісе бастағ анда оның негізгі ө нім беретін мү шелеріне ө теді. Калий, сонымен қ атар қ ыста қ ыстап шығ атын дақ ылдардың (кө пжылдық шө птер, кү здік бидай) суық қ а тө зімділігін арттырады.

Калий ө сімдіктерде ө тетін ақ уыз тү зілу ү дерісіне де ық палын тигізеді. Егер калий жетіспесе, бұ л ү деріс баяулап, ө сімдіктерде зиянды азот қ осылыстары жиналып, ө сімдіктерді уландырады. Ө сімдіктерге калий жетіспесе, оларда ақ уыз тү зілмек тү гіл оның пайда болғ аны да ыдырай бастайды. Ал бұ л ү деріс ө сімдіктерде тү рлі саң ырауқ ұ лақ жә не бактериялардың дамуын кү шейтіп, оларды ауруғ а шалдық тырады. Мысалы, калий жетіспесе, арпа мен бидайда “ұ нтақ шық ” атты ауру пайда болады. Калийдің ө сімдіктерге жетіспеуін табиғ и жағ дайда айыру қ иын емес. Оны жапырақ тарының жиегі кү лгін-қ оң ырлануынан білуге болады. Ө сімдік жапырақ тарының жиегі қ оң ырлануы, жапырақ талшық тарының анық кө рінуі жә не жапырақ тардың қ аудырлақ, сынғ ыш тү рде болуы калий жетіспеуінің негізгі себебі болып табылады.

Кальций – ө сімдіктердің барлық жасушаларында, кө бінесе олардың қ артайғ ан жасушаларында кө бірек болады. Ө сімдіктерде кальций пектин, фосфор жә не кү кірт қ ышқ ылдарының қ осындысы тү рінде болады. Кальцийдің пайдалы бір рө лі – ол ө сімдіктерде тү зілген кейбір пайдасыз органикалық қ ышқ ылдардың ыдырауына себепкер болады, сө йтіп ө сімдіктердің қ ышқ ыл ә серінен зардап шегуін болдырмайды.

Кальций жетіспесе, ө сімдік тамырлары нашар ө седі жә не тамыршалар ө суі тоқ тайды, одан кейін тамыр шіриді. Кальций топырақ та тү рлі қ ышқ ылдармен қ осылыста болады, ө сімдіктер оны топырақ тан алады. Қ ышқ ыл реакциялы топырақ тарда кальцийдің алатын орны зор. Мұ ндай топырақ тарғ а кальций қ осындыларын қ олдану (мысалы, ә к) – ол топырақ тағ ы қ ышқ ылдық туғ ызып тұ рғ ан сутегі, алюминий жә не марганец катиондарын ығ ыстырып шығ аруғ а кө мектеседі, сө йтіп мұ ндай топырақ ты пайдалану дұ рыс кү йге тү седі.

Кү кірт - ақ уыз тү зетін амин қ ышқ ылдарының қ ұ рамына кіретіндіктен ө сімдіктер ү шін маң ызды болып есептеледі. Ол ө сімдіктерде тү рлі кальций қ осындылары кездеседі. Кү кірт жетіспесе, ө сімдіктерде ақ уыз тү зілуі бә сең дейді жә не ө сімдік жапырақ тарында хлорофилл тү зілуі нашарлайды, ө сімдік жапырақ тары ұ сақ талып, сабақ тары едә уір ұ зарады. Ә сіресе, кү кірт бұ ршақ, ү рме бұ ршақ, жоң ышқ а жә не қ ырық қ абат дақ ылдары ү шін аса қ ажет.

Магний – хлорофилл, пектин заттарының жә не фитиннің қ ұ рамына кіреді. Магнийдің ү лкен рө лі оның хлорофилл арқ ылы ө сімдіктердің фотосинтез ү дерісіне қ атысуында. Егер ө сімдікке магний жетіспесе, фотосинтез ү дерісі едә уір бә сең дейді. Бұ дан басқ а магний тү рлі тотығ у жә не тотық сыздану ү дерісіне де қ атысады. Магнийдің жетіспеуі, ә сіресе жыныс мү шелеріне ү лкен ә сер етеді де, олар нашарлайды. Магнийдің негізгі қ оры топырақ та болады. Ө сімдіктер ү шін ол аз ғ ана мө лшерде қ ажет болуынан, оның топырақ тағ ы қ оры кө бінесе, дақ ылдар ү шін жеткілікті болады.

Темір – ө сімдіктерде хлорофилл тү зілуі ү шін аса қ ажет. Ол аз ғ ана мө лшерде қ ажет болғ анымен ө сімдіктер тіршілігіндегі рө лі орасан зор. Темірді басқ а элементтерге қ арағ анда ө сімдік жақ сы сің іреді жә не ол жағ дайды мынадай тә жірибеден кө руге болады. Егер бозғ ылт (темір жетіспеген) жапырақ тың ү стіне хлорлы темірдің тамшысын тамызсақ, біраздан соң жапырақ тың тамшы тиген жері кө гере бастайды, бірақ ол ә рі қ арайта алмайды. Ө сімдіктерге темір жетіспесе, олардың жапырақ тары бозғ ылданып, “хлороз” деген ауруғ а шалдығ ады, ал темір қ осындылары қ осылғ аннан кейін бұ л ауру тез жоғ алады.

Бор - ө сімдіктердің жеміс қ ұ ру ү дерісінде ү лкен рө л атқ арады. Ол жасушалардың бө ліну ү дерісіне қ атысады жә не жасуша қ абығ ын қ ұ раушы негізгі зат болып саналады. Ол ө сімдік денесінде кө мірсутектердің жү руін реттейді. Бор ө сімдіктердегі мыс, марганец жә не алюминий заттарының ә серінен болғ ан улануды жояды жә не хлор мен азот заттарының сің ірілуін азайтады. Бордың ә серінен ө сімдік тамырлары ауамен жақ сы қ амтамасыз етілетін болады. Бор ө сімдіктерде негізгі ү деріс – тотығ у-тотық сыздануғ а қ атысып, олардың ө туін реттейді.

Бор қ анты қ ызылшасында қ анттың, картопта – крахмал, бидайда – ақ уыз, қ ытайбұ ршақ пен кү нбағ ыста – май, ал кө кө ністерде – “С” дә руменінің мө лшерін едә уір кө бейтеді. Бор жетіспеуінен, ә сіресе, беде мен қ ант қ ызылшасы аса кө п зардап шегеді. Олардың жалпы ө німдері азайып қ ана қ оймай, ө нім сапасы да ө те кө п тө мендейді. Бор жетіспеуінен қ ант қ ызылшасы “ө зек шіруі” деген ауруғ а шалдығ ады. Мұ ндай жағ дайларды болдырмау ү шін оларғ а қ ұ рамында боры бар микротың айтқ ыштарды пайдалану керек. Ө сімдіктер топырақ тан ө нім арқ ылы гектарына небары 30-270 мг-дай ғ ана бор пайдаланады.

Марганец - ө сімдіктердің аммиакты жә не нитратты қ осылыстарын сің іруінде аса ү лкен рө л атқ арады. Ол ө сімдікті қ алпына келтіруші ретінде қ ызмет атқ арады. Оның негізгі ә сері тотық тырушы “оксидаза” атты ферменттің ә рекетіне тығ ыз байланысты болады. Марганец жетіспесе, оксидаза ферментінің жұ мысы баяулайды, дә нді дақ ылдарда “шұ бар”, жү гері мен қ ант қ ызылшасында, темекі мен мақ тада “хлороз” ауруы пайда болады. Ө сімдіктерде марганец мө лшері 1 кг қ ұ рғ ақ затта 15 – 400 мг шамасында болады.

Мыс оксидаз бен тағ ы басқ а ферменттердің қ ұ рамына кіріп, ө сімдіктердегі тү рлі тотығ у-тотық сыздану ү дерістерінің жақ сы жү руіне кө мегін тигізеді. Мыс кө мірсутек жә не ақ уыз алмасу ү дерістерінің дұ рыс жү руін бақ ылайды, хлорофилдің тү зілуіне жә не оның сақ талуына кө мектеседі. Ө сімдік денесінде мыстың бә рі дерлік хлоропласта болады. Ол кү рделі органикалық қ осындылардың тү зілуіне қ атысады. Мыс ө сімдіктерде ақ уыз заттарының жасушаларда тү зілуіне кө мегін тигізеді, соның салдарынан да ө сімдіктің ылғ ал ұ стағ ыштығ ы артады, сө йтіп ол ө сімдіктің қ ұ рғ ақ шылық қ а тө зімділігін кү шейтеді жә не топырақ тағ ы тү рлі саң ырауқ ұ лақ ауруларын болдырмайы.

Мыс жетіспесе ө сімдіктердегі хлорофилл тү зілу ү дерісі тоқ тайды немесе баяулайды, ал бұ л жағ дай дақ ылдың ө німіне кері ә сер етеді.

Мырыш - ө сімдіктердің барлық мү шелерінде де кездеседі, бірақ оның негізгі кө п болатын жері – жаң а ө сіп келе жатқ ан ө сімдік мү шелерінің ең ұ шы (апикус). Мырыш жетіспесе, ө сімдіктердің ө суі баяулайды жә не оларда хлорофил азаяды, ауксин тү зілу ү шін қ ажетті “триптофан” атты амин қ ышқ ылының қ ұ ралуы бә сең дейді. Мырыш ө суін тездететін “ауксин” атты заттардың тү зілуін шапшаң датады, сондық тан да ол жеткілікті жерлерде дақ ылдар тез ө ніп-ө седі. Ә детте, мырыш ө сімдіктерде ө те аз, ол 1 кг қ ұ рғ ақ затқ а шақ қ анда ө сімдіктерде небары 15-20 кг шамасында болады.

Кобальт - кө бінесе, бұ ршақ тұ қ ымдас дақ ылдар ү шін аса қ ажет. Ол бұ л дақ ылдардың тамыр тү йнектеріндегі бактериялардың жұ мысын шапшаң дату ү шін қ ажет. Кобальт ө сімдіктердің қ ұ рғ ақ шылық қ а тө зімділігін де арттырады. Ол ә сіресе, кө кө ніс дақ ылдарына жақ сы ә сер етіп, ө німдегі қ ұ рғ ақ заттар мен аскорбин қ ышқ ылдарын кө бейтеді. Кобальт ө те аз мө лшерде керек болғ анымен, бұ л элементтің де ө сімдіктерге жеткілікті болуын қ адағ алау керек. Бір кг қ ұ рғ ақ затқ а есептегенде ө сімдіктерде небары 0, 2 – 0, 6 мг ғ ана кобальт болады.

Йод - ө те сирек кездесетін микроэлемент. Жер қ ыртысында оның мө лшері 0, 001 – 0, 0002 пайыз шамасында. Осығ ан қ арамай ол суда, топырақ та, адам жә не ө сімдік денесінде де кездеседі. Йод ө сімдіктердің суық қ а тө зімділігін арттырады, дақ ыл ө німінің сапасын (крахмал, қ ант жә не “С” дә румені) жақ сартады. Бұ л микроэлементтің адам ө міріндегі алатын орны зор, ө йткені ол адамның тамақ асты безінің гормонының негізгі қ ұ рамына кіреді. Йод жетіспесе, адамдар “бұ ғ ақ ” ауруына шалдығ ады. Ол ауруғ а шалдық пас ү шін адам ішкен тағ амдарымен кү ніне 0, 1 мг шамасында йод пайдалану керек. Сондық тан егіншілікте тү рлі йодты заттармен ө сімдіктерді ө ң дейді. Қ азіргі кезде адамдар мен малдарды йодпен қ амтамасыз ету, яғ ни аурудың алдын алу басты медициналық шаралардың біріне айналып отыр.






© 2023 :: MyLektsii.ru :: Мои Лекции
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав.
Копирование текстов разрешено только с указанием индексируемой ссылки на источник.