Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






БЛЕК БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ЕГЕП ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ПЛОМБЫЛАУ




Үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттері тісжегі үрдісіне шалдыққан кезде Блек жүйесі боынша тісжегі қуысы қалыптастырылады. Тісжегі қуысы алдыңғы жанасу бетінде немесе екі жанасу беттерінде орналасуы мүмкін. Екінші кластық тісжегі қуыстарын егеп-тазалаудың бірнеше ерекшеліктері бар. Егерде көрші тіс болмаған жағдайда тісжегі қуысына еркін енуге мүмкіншілік болса, оны шайнау бетіне шығармай-ақ егеп тазалайды және дайын қуыстың пішіні төртбұрышқа ұқсас, домалақ немесе сопақ пішінді болуы мүмкін. Көрші тіс болған жағдайда немесе қуысқа еркін ену мүмкіндігі бола тұра, оның шайнау жақ қабырғасы өте жұқа болса, тісжегі қуысын шайнау беті арқылы ашады. Алмасты немесе қатты қоспадан жасалған өткір борлардың көмегімен қуыс үстінен тесік жасап барып, оны кеңейту арқылы қуысқа енеді. Одан кейінгі шараларды тісжегі қуысын егеп-тазалаудың кезеңдеріне сай жүргізеді және олардың деңгейлері бірдей болмаса, табандарын сатыға ұқсатып, тік бұрышты жасап қалыптастыруға болады.

Бұл кезде қуыстың табаны тік және жазық болады, қызыл иек жақ қабырғасы табанына тік бұрыш немесе сүйір бұрыш жасай орналасқаны жөн (қызыл иек бүртігін жарақаттап алмас үшін). Қатты тіндерге аса көп күш түсірмеу үшін қуыстың табаны мен қызыл иек қабырғасының қосылған жеріндегі бұрышты аздап доғалдандыруға болады. Мұндағы тағы бір ерекшелік, шайнау күшінің тіс тіндері мен пломбыға тепе-тең бөлініп, пломбының ұзақ тұруы үшін қосымша алаң жасау қажет. Қосымша алаң шайнау бетінің ұзындығының ⅓-½ бөлігіне, ені негізгі қуыстың еніне тең болуы, ал тереңдігі кіреуке-дентин шекарасынан 1-2 мм төмен орналасуы керек. Қосымша алаңның пішіні әртүрлі (тік бұрышқа, трапецияға, қарлығаштың құйрығына ұқсас) болуы мүмкін. Егер үлкен және кіші азу тістердің жанасу беттерінің екеуінде де тісжегі қуысы пайда болған болса, онда оларға шайнау бетінде ортақ қосымша алаң жасалады.



Аталған тістердің жанасу беттерінде сауыт экваторынан төмен орналасқан тісжегі қуысын көрші тіс болмаған жағдайда V класқа тиісті ереже бойынша егеп-тазалайды, ал көрші тіс болған кезде біраз бұзылмаған қатты тіндерді егеп ала отырып, шайнау бетіне шығаруға тура келеді. Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын ұлғая қабынған қызыл иек бүртігі жартылай немесе толық жауып қалуы мүмкін. Бұл кезде егеп-тазалауға қызыл иек бүртігін кесіп, немесе диатермокоагуляциялап алып тастағаннан кейін кіріседі.

Кейде ІІ кластық тісжегі қуысын тоннельдік реставрациялау әдісін қолдана отырып егеп- тазалауға болады. II класс бойынша орналасқан тісжегі қуысын пломбылау ең күрделі мануальді операция болып табылады.

II класс бойынша орналасқан қуысты пломбылау кезінде жіберілетін қателіктер:

•көрші тіспен пломба арасында тығыз жанасудың болмауы ас қалдықтарымен қызылиектің жарақаттануына ықпал етеді;

•жанасу нүктесі тіс айдаршығының жиектік деңгейінде орналасқан;

• мойын бөлігінде салбыраңқы жиек жасау қызыл иектің жергілікті қабынуын тұындатады;



•мойын бөлігінде материалдың дұрыс жабыспауы екіншілік тісжегінің дамуына ықпал жасайды.

Қандай да бір матрицалық жүйені және сыналарды арнату ауру сезімімен жүреді, сондықтан әрқашанда алдын ала жансыздандыру жүргізілуі тиіс.

Блек жүйесі бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау нұсқалары 3.5.суретте берілген.

 

3.5.Сурет.Блек жүйесі бойынша II класс тісжегі қуысын егеп тазалау нұсқалары: а —МО қуыс; б —МОД қуыс.

 

БЛЕК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН АШУ ВАРИАНТТАРЫ

Ашу жолдары Кемшіліктері
тігінен Вестибулярлы және тілдік Қызыл иектік туннельді
Көрші тістер болмаған кезде және екі тістердің арасын ашу кезінде қолданады. Тістердің араларын ашу үшін интердентальді сыналарды қолдануға болады. Ірі, клиникалық сауыттарды биік тістерде қолдануға болады. Горизонтальді туннель түріндегі қуысты тісжегі қуысына параллельді жатқан окклюзиялық бетке қарай вестибулярлы немесе тілдікбеттен ашады. Тісжегі қуысы пародонт ауруларының ықпалынан тістердің түбірлерінде жартылай қызылиек рецессиясы орын алған жағдайда жанасу беттерінде орналасқанда қолданады. Туннельді егеп тазалауды окклюзиялық беттен бастайды. Егеп тазалауды шайнау бетінен бастайды. Қуысқа енуді жиектік айдаршық алдында үшбұрыш тәрізді фиссуралардың соңында орналасқан тұйық тесікте жасайды. Қуыстың пішіні зақымдану ошағына бағытталған туннель тәріздес. Жоғарыда айтылған тәсілдерді өте сирек қолданады. Вестибулярлы және оральді ену жолдары зақымданған ошақтағы патологиялық үрдіске ұшыраған тіндерді толық алуды қамтамасыз етпейді.Тікелей тістердің араларын аша отырып егеп тазалау кезінде қуысты толық бақылып отырып тазалау мүмкіндігі шектеледі. Туннельді ену кезінде тіс қуысын ашып алу қауіпі болады.

 

II КЛАСС ТІСЖЕГІ ҚУЫСЫН ПЛОМБЫЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

М атериалдар Қолдану тәсілдері Мақсаты  
Гамма -2 фазасыз капсуладағы күміс амальгамасы Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа порциямен арнайы амальгаманы тасымалдауға арналған пистолетпен алып енгізеді.   Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру
Микрогибридті композиттік ма- териалдар, соның ішінде нанотехнологияны қолдана отырып жасалған материалдар Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Конденсияланған ком- позиттік материалдар   Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Қуысқа қабаттай қою технологиясын қолданады. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру
Төменмодульді (ағымды) ком- позиттік материалдар. Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Для лучшей адаптации матрицы к зубу и гибридных материалов  
Үлкен тісжегі қуыстарын пломбылауға арналған шыныполиалкинатты қысқартылған цементтер Қолданар алдында инструкцияны қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық параметрін қалпына келтіру
Керамикалық салма-вкладки Екі тәсілде қатаятын композиттік материалдарды қолданады. Қолданар алдында ережені қолдану керек. Тістердің анатомиялық пішінін және функциональдық және эстетикалық параметрін қалпына келтіру

 


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал