Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Т А Р А У. Статистика бойынша жамбас сүйектерінің сынықтары барлық сынықтардың 5-15% құрайды




ЖАМБАС СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ

Статистика бойынша жамбас сүйектерінің сынықтары барлық сынықтардың 5-15% құрайды. Олар жарақаттық шок, қан кетумен асқынатын ауыр жарақаттар қатарына жатады

онда өлім-жітім мөлшері 60-80%-ға дейін жетеді.

Анатомиялық-биомеханикалық ерекшеліктері.

Жамбас сүйек, os coxae, үш сүйектен – мықын, os ilium, қасаға, os pubis және шонданай os ischii тұратынжалпақ сүйек. Бұл сүйектер ең көп салмақ түсетін аймақта

А - сыртқы беті:

 

байланысты болады.

Жамбас сүйектері әдетте, қуатты күштің салдарынан сынады. Жамбас астауы қанмен жақсы қамтамасызданады және иннервацияға өте бай, сондықтан жарақат кезінде жіті қан кету (жамбас аймағындағы шелмайға 2-2,5 л дейін қан кетеді) және геморрагиялық шоктың даму қаупі аса жоғары (жамбас шок туындататын аймақтарға жатады) (Привес М.Г., Сапин М.Р., Синельников Р.Д.).

Жарақаттың жіктелуі: Жамбас астауы мен ұршық ойығының сыныққа қатысуына байланысты жамбас сүйектерінің сынығы келесідей жіктеледі: (273-сурет):

А. Шеткі

 

А) б)

В) г)

Д) е)

Д

а - шеткі сынықтар; б - жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылмаған сынық; в - жамбас шеңберінің бүтіндігі бұзылған сынық; г- жамбастың артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған сынық; д- жамбастың артқы және алдыңғы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған сынық; е, д – ұршық ойығының сынығы және сан басының орталық шығуы

273-сурет. Жамбас сүйектері сынықтарының жіктелуі

 

АО/ASIF жүйесі бойынша жамбас сүйектерінің

 

275-сурет. Школьников-Селиванов бойынша жамбас ішіне анестезия жасау жобасы

Сегізкөз, құйымшық және симфиздің жарақатында анестетикті жарақат аймағына енгізу арқылы анестезия жасалады.

Инфузиялық-трансфузиялық ем кезінде коллоидты, кристалоидты, тұз ерітінділері, сонымен қатар қаналмастырғыш дәрілер қолданылады.



 

15.1. ШЕТКІ СЫНЫҚТАР

 

277-сурет Науқасты Волкович қалпына жатқызу

15.3. ЖАМБАС ШЕҢБЕРІНІҢ БҮТІНДІГІ БҰЗЫЛҒАН СЫНЫҚТАР

Жамбастың алдыңғы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған жарақат.

 

278-сурет. Жамбастың алдыңғы жарты шеңберінің ығысқан сынығы бар (симфиз жарақаты) науқасты айқасқан аспалы торда емдеу

Операциялы емі. Консервативті ем нәтижесіз болса, онда операциялық ем жүргізіледі (279-сурет).

Операция барысында репозиция ашық түрде жасалады, содан кейін симфиз арнайы пластинамен, сыммен немесе аппаратпен бекітіледі.

А) б)

а – пластинамен бекіту; б – аппаратпен бекіту

279-сурет. Симфиз жарақатын бекіту әдістері

 

Жамбастың артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған жарақат.

Жамбастың артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған жарақат сирек кездеседі. Науқас жарақат аймағының ауыру сезіміне шағымданады. Аяқтағы қимылдар шектеледі. Пальпация кезінде сынық аймағындағы ауырсыну қарқындайды.

Алдынан-артына жасалған рентгенограммадан аталған жарақатты анықтау кейде оңайға соқпайды.



Жарақаттың е м і.

Консервативті емі. Аспалы тор арқылы консервативті ем қолданылады (280-сурет), алайда аспалы тордағы байлам жіптерін айқастырмай тартады. Кереуетте жатып емделу мерзімі 8-9 апта.

 

 

280-сурет. Жамбастың артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған жарақаты бар науқасты аспаторда байлам жіптерді айқастырмай тарту арқылы емдеу

 

Егер сынық бастары ығысқан болса, онда қосымша аяқ сүйегінен тартуды қолданады.

Операциялық емге іштен пластинамен бекіту (а), клиникада құрастырылған м.ғ.д. Ш.А.Баймағамбетов, Н.К.Мұрсаловтардың пластинасымен (б) бекіту, сырттан аппаратпен бекіту (в), сегізкөз-мықын жалғамасын артродездеу жатады (г) (281-сурет).

 

А) б)

В) г)

а – пластинамен бекіту б - м.ғ.д. Ш.А.Баймағамбетов, Н.К.Мұрсаловтардың пластинасы; в – аппаратпен бекіту; г - сегізкөз-мықын жалғамасын артродездеу.

281-сурет. Жамбастың артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бұзылған жарақаттарды операциялық емдеу тәсілдері

 

 

15.4 ЖАМБАСТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ АРТҚЫ ЖАРТЫ ШЕҢБЕРІНІҢ БҮТІНДІГІ БІР МЕЗГІЛДЕ БҰЗЫЛҒАН СЫНЫҚТАР (МАЛЬГЕНЯ СЫНЫҒЫ)

Бұл жарақаттар жамбастың өте ауыр жарақаттарына жатады.

Жарақаттың механизмі – жарақат көбінесе жанама механизмнен пайда болады, оған жамбастың алдынан артына қарай қысылуы, биіктен құлау жатады.

Жарақатты анықтау. Науқасты тексеру кезінде жамбас аймағындағы ісіну, терідегі қанталау және жамбас сүйектерінің ассиметриясы анықталады. Жамбас сүйегінің ығысуын төстің «семсер» тәрізді өсіндісінен жамбастың алдыңғы жоғары қырына дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы анықтауға болады (282-сурет).

Мықын сүйектерін жанынан қысқанда және алдынан-артқа қарай күш түсіргенде сынық аймағындағы ауырсыну сезімі қарқындайды.

 

 

282-сурет. Төстің «семсер» тәрізді өсіндісінен жамбастың алдыңғы жоғары қырына дейінгі қашықтықты өлшеу

 

Жарақаттың е м і.

Консервативті емі.Жамбас ішіне Школьников- Селиванов бойынша анестезия жасалады, ол шокқа қарсы емнің негізгі бағыты болып саналады.

Ығыспаған сынықтарды емдеу үшін науқасты аспалы торға жатқызады, аяқтарын Беллер шендеуішіне қойып, үлкен жіліншіктің метаэпифизі немесе ортан жіліктің айдаршықтарынан сымшабақ өткізу арқылы сүйектерінен тартуды орындайды. Жүктің салмағы 4-5 кг.

Жамбастың бір бөлігі жоғары бағытта ығысқан сынығын емдегенде жарақатталған аяқтан тартатын жүктің салмағын 12-16 кг дейін көбейтеді, ал сау аяқты 4-5 кг жүкпен тартады. Науқасты кері тарту үшін кереуеттің аяғын көтереді. Сүйектен тарту кезінде науқастың аяқтары сыртқа әкеткен қалыпта орналасуы керек (285-сурет).

 

285-сурет. Жамбастың алдыңғы және артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бір мезгілде бұзылған сынықтарды (Мальгеня сынығы) емдеу

 

Жамбас жарақаты симфиздің ажырауымен қабаттасқанда, аспалы торда айқастырып тартуды жамбас бөлігінің жоғары ығысуын жойғаннан кейін, әдетте 3-ші тәуліктен қалдырмай орындау керек. Емнің мерзімі 10-12 апта.

Операциялық емі. Науқастарды консервативті емдеу мерзімі ұзақ болуына байланысты кейінгі кезде осындай жарақаттарды емдеуде белсенді операциялық емдеу әдісі қолданылады. Операция барысында сүйекті іштен бекітетін пластиналар немесе сырттан бекітетін аппараттар жиі қолданылады (284-сурет)

А)

Б)

а - жамбастың алдыңғы және артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бір мезгілде бұзылған жарақатқа (симфиздің жыртылуы, сол жақ шонданай, қасаға сүйектерінің сынығы, мықын-сегізкөз жалғамасының жарақаты) жасалған остеосинтез;

б - жамбас сүйектерін сырттан аппараттың көмегімен бекіту

284-сурет.Жамбастың алдыңғы және артқы жарты шеңберінің бүтіндігі бір мезгілде бұзылған сынықтарды емдеу әдістері

15.5. ҰРШЫҚ ОЙЫҒЫНЫҢ СЫНЫҒЫ

Ұршық ойығының сынығы ортан

(285-сурет). Науқасты сүйектен тартып емдеу мерзімі 8-10 апта, кереуетте жату мерзімі 10-12 апта. Науқастың аяғына салмақ түсіруге 4-5 айдан кейін рұқсат етіледі.

285-сурет.Ортан жілік басының орталық шығуын қаңқадан тартып емдеу жобасы

 

Операциялық емі. Консервативті ем нәтижесіз болса, онда операциялық әдіске жүгінеді. Жілік басына ашық репозиция жасалғаннан кейін сынық бастарын пластинамен бекітеді, сүйек .....................

 

___________________________________________________

Қосымша 1


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.015 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал