Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туризмді басқару жүйелерін жетілдіру жолдары




Тәжірибе жүзінде басқаруды қазіргі заманға сай жетілдіру мәселесін шешудің және бюрократияға қарсы күресудің үш жолы бар: технократикалық, нарықтық және стратегиялық жолдар.

Технократикалық жолдың түпкілікті мақсаты басқарудың тамаша үлгісін құру, ол қолданыстағы жүйені қызметкерлер құрамына білінер-білінбестей етіп біртіндеп өзгерту арқылы жүзеге асырылады, бұл жаңаға деген қарсылықтарды төмендетуге, реформаторлардың күштерін басуға көмектеседі.

Нарықтық жол жүйенің болып жатқан жағдайларға байланысты күтпеген өзгерістеріне негізделеді. Алайда оның аяқ астынан жүзеге асуы күштердің ішкі қарама-қайшылығына, өзгерістерге деген наразылықтар мен бюрократия позициясының күшеюіне әкелуі мүмкін.

- Стратегиялық жол нақты қызметтер және ондағы күштерді орналастыру арқылы бюрократиямен сөзталастырмай, ұйымды басқарудың позитивті, демократиялык формаларымен бюрократияны қолдану арқылы жүзеге асады. Мұндай қалыпты жағдайды жүзеге асырудың мынадай бірнеше нұсқалары бар: басшылықтың жаңа ұйымдық құрылымдарын қолдану;

- ұжымдық шешім қабылдауды дайындау және жүзеге асыру;

- басқарудың қағидалық жаңа үлгісін құру;

- басқару жүйесінде экономикалық қатынастарды тарату.

Үлкен ұйымдардағы бюрократияны кеңесу құрылымдарының шеңбері, мысалы, қызметтерді жетілдіру кеңестері, белгілі бір дәрежеде әлсірете алады. Бұл жүйе «біріктіруші буын» қағидасына негізделген, оның мәні мынада: ұйымда жалпы барлық және әрбір деңгейдегі қызметтерді жетілдіру кеңестері немесе комитеттер кұрылады, олардың басшылығында бөлім басшысы тұрады, ал оның мүшелері мамандар, сонымен қатар жоғары басшылар және оған бағынатын басқарушылар болып табылады. Өз кезегінде бұл басшы осы деңгейлерде ұйымдастырылған кеңестердің мүшесі болып табылады, осылайша ірі ұйымдардағы басшылардың көпшілігі бірден осындай үш кеңестің - өзінің және екі аралас кеңестің мүшесі болады. Төмен деңгейлі бөлім басшылары мүше болатын кеңестердің мүшелеріне катардағы атқарушылар кіреді, олардың өкілдері бүкіл ұйымның кеңесіне таңдап алынуы мүмкін, мүнда басшының бірінші өкілі төрағалық етеді және осылайша шеңбер тұйықталады. Мұндай құрылым, ең алдымен, әртүрлі деңгейдегі басшылардың үйлестірушілік әрекеттерін жақсартады, екіншіден, өзара бақылауды қамтамасыз етеді. Егер, мысалы, белгілі бір кеңестің барлық мүшелері төрағаға немесе әріптесіне сенбейтін болса, әкімшілік мұны тиесілі қызметтік қалыпқа келтіруге міндетті.



Қазіргі таңдағы ұйымның дебюрократиялануының тағы бір бағыты осы шеңберде басқарудың жаңа үлгісін құру болып табылады, ол мынадай жағдайларды болжайды:

- төменгі басқару деңгейлеріндегі басқару функцияларының ең жоғарғы санын оқшаулау және оларды өндіріспен біріктіру;



- басқарудағы деңгейлер санын қысқарту және жоғарғы басқару құрылымдарына құқықтар мен міндеттерді тегіс бөлуге көшу;

- бақылау функцияларын атқарушылардың пайдасы үшін бірден азайту, оларды «қиын» жағдайларда қолдау;

- «қызметтік өкілдікті» дамыту және ұйымның ішкі саясатындағы, ең алдымен, кәсіподақтар мен әлеуметтік саладағы басқарушы мен қатардағы қызметкерлердің немесе олардың өкілдерінің тікелей сұхбатына негізделетін бірнеше бағыттарды қалыптастыру[3].

Үшінші, бюрократияға қарсы күрес бағыты ретінде ұжымдық кеңестер құру арқылы барлық деңгейлерде ұйымдық шешім қабылдауды жетілдіру, соңғы, шешуші сөзге ие және барлық салдарларға жауапкершілікті толық алатын «топ» құру. Кең автономиялық мүшелері бар топта өзара әрекет ету мен ақпарат алмасудың жоғары деңгейі сақталады, ол ұйыммен талқыланғаннан кейін маңыздырақ және күрделі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Ең соңында, төртінші, бюрократияға қарсы бағыт ретінде аударуды қарастыруға болады, мұнда ұйымдастырылған ішкі қарым-қатынастар тек экономикалық ресурстарда қалыптасады. Қазіргі таңда бұл әдіс бүкіл әлемде дамып келеді. Оның ең басты идеясы: ұйымның барлық бөлімдері бір-бірін ұйымдастыра алады, сонымен қатар әкімшілік өз өнімін ішкі қоғамдық нарықтағы тауарлар мен қызметтер ретінде ұсынады, ал нарық бюрократияның басты жауы екені белгілі. Осыған байланысты, әкімшілік бірліктерден құрылымдарға айналатын бөлімшелердің мәртебесі кең шаруашылық дербестікке және коммерциялық құқықтарға сай өзгереді.

Әкімшілік және экономикалық әдістері біріккен кәсіпорындарда оның нысандарын кеңейту үшін орындар әзірленеді, бюрократияның жағымсыз әсерлері әлсізденеді.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.015 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал