Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туристік ұйымдағы тікелей және жанама еңбек бөлінісі




Ұйым қызметін қалыптастырған кезде, біріншіден, ортақ міндетті шешу қажет, яғни осы ұйым функциясын кұраушы элементтерді жіктеп, осы функция мақсаттарын бірегей жүйеге айналдыру қажет. Жұмыс, еңбек үрдісіне қатысушылар арасында мамандықтары бойынша бөлінеді. Жұмысшының мамандандырылуы неғұрлым терең зерттелсе, ұйым жұмысының тиімділігі соғұрлым жоғары болады.

Кәсіпорындағы еңбек бөлінісініц ішкі нысандары жанама еңбек бөлінісі тікелей еңбек бөлінісі болып бөлінеді.

Жанама еңбек бөлінісі. Жанама қатынастар келісімдік сипатта және әдетте бір деңгейлік болып табылады. Жанама еңбек бөлінісі - еңбек қызметінің сапалық және сандық саралануымен анықталады. Жалпы айтқанда, бұл барлық жұмысты құраушыларды компоненттерге бөлу, яғни жалпы еңбек үдерісін мамандануы бойынша әртүрлі жеке, үздіксіз, оқшау түрлерге бөлу болып табылады. Мұндай еңбек бөлінісі функциялық, сапалық және мамандандырылу белгілері бойынша жүргізіледі. Еңбектің функциялық бөлінісі жұмысшылардың қызмет түріне байланысты мамандандырылуына негізделген. Мұндай жағдайда жеке функциялар оқшауланып, оларды орындаушы жұмысшылар тағайындалады. Еңбекті салалық сипаты бойынша жіктеу накты еңбек операцияларының мамандануы мен шектеулілігіне байланысты жүргізіледі. Мысалы, менеджердің жарнама бойынша мамандандырылуы. Білікті еңбек бөлінісінің қызметі оның күрделілігіне байланысты және оны орындау үшін белгілі бір біліктілік қажет деген тұжырымға негізделеді. Мұндай жағдайда жоғары білікті қызметкер төмен білікті қызметкердің орындайтын жұмысын атқармауы тиіс деген қағида қалыптасады. Бұл қағиданы бұзу адами ресурстарды үнемсіз пайдалануға алып келеді.

Тікелей еңбек бөлінісі. Ұйымдағы жұмыс бөліктерге жіктелетін болғандықган, олардың қызметі тиімді болуы үшін оны қадағалап отыратын адам қажет. Тікелей байланыстар бағыну байланыстары болып табылады және оларға деген қажеттілік сатыластық басқаруда, яғни бірнеше деңгей болғанда пайда болады. Мұндай жағдайда ең бірінші орынға басқару функциясының оқшаулануы қойылады, яғни ұйымның барлық элементтерін белгілі бір бағытга үйлестіру және интеграциялау жүзеге асады. Бағыныштылардың міндеттерін анықтау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау қажет. Мұндай жұмыста әрқашан екі кезең болады: интеллектуалды шешімдерді қабылдау және дайындау; жігерлілік және оларды жүзеге асыру. Бұл жағдайда өмірдегі басқарушылық шешімдерді қабылдауымен байланысты еңбек қызметі әлдеқайда қиын көрінеді. Нысан және басқару ықпалы бағыты бойынша еңбек барысын кезең бойынша ұйымдастыру немесе басқа сипаты бойынша белгілі бір жүйеге келтіру мақсаты жеке функцияны жасау үшін көптеген басқару жұмыстарымен келісіледі. Кеңейтілген жоспарда жұмысты тікелей бөлу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:



Ортақ басшылық - басқару қызметінің басты, перспективалы бағытын жүргізу және іске асыру.

Технологиялық басшылық - озық технологияларды өндіру және енгізу. Бұл кешендік механикаландыру және өндірісті автоматтандыруды енгізу негізінде қазіргі заманғы басқару әдістерін, өндірістік үрдістерді ұтымды ету.



Экономикалық басшылық — стратегиялық және тактикалық жоспарлау, экономикалық қызметті саралау, шаруашылық есепті енгізу және басқарманың тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

Оралымды басқару - оперативті жоспарды жеке орындаушы мен микроұжымға дейін құрастыру және жеткізу, жұмыс орындарына орындаушыларды орналастыру, оларға нұсқау беру, өндіріс үрдістерінің жүйелі бақылауын ұйымдастыру.

Қызметкерлерді басқару - іріктеу, орналастыру және ұйымның еңбек ресурстарын дамыту.

Осы бағыттар арқылы ұйымда еңбектің екі түрі қалыптасады:

Біріншісі — ортақ қызметтің бөлігін құрайтын еңбекті құраушыларға бөлу, яғни еңбекті жанама бөлу.

Екіншісі — тікелей бөлу деп аталады, жұмысты іс-қимылдың үйлесімділігі бойынша оның өзінен бөледі. Басқа адамдардың жұмыс үйлесімділігі бойынша қызметті басқару болып табылады. Жанама және тікелей байланыстар ұйымды басқарудың кұрылымында желілік және функциялық бола алады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.009 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал