Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Негізгі бөліктер және агрегаттар




Әрбір автомобильде негізгі бөліктер үш жұпқа бөлінеді: кузов, қозғалтқыш және шасси.

Автомобиль — жүк, адам тасуға немесе арнаулы тапсырмаларды орындауға арналған өздігінен жүретін транспорт құралы.

Қолданылуына қарай олар транспорттық, арнайы және спорт автомобильдері болып бөлінеді.

Транспорттық автомобильдер бірнеше типке бөлінеді.

а) жеңіл автомобильдер — жолаушылардың шағын тобын (8 адамғадейін) тасымалдауға арналған;

ә) автобустар — көптеген жолаушыларды (8 адамнан астам) тасымалдауға арналған;

б) жүк автомобильдері — әр түрліжүктерді тасымалдауға арналған.,

Жүк автомобильдері өз кезегінде жүк көтерімділігіне қарай (яғни кузовында тасымалдай алатын жүк салмағы бойынша) мынадай кластарға бөлінеді: өте шағын (0,5 тоннаға дейін); шағын (1,0—2,0 т); орташа (2,0—5,0); үлкен (5,0—15,0 т); өте үлкен (15 тоннадан астам). Сусымалы және жабысқак, жүктерді тасымалдайтын автомобильдерді са­мосвал кузовтармен жабдықтайды, сондықтан оларды автомобиль — самосвалдар деп атайды.

Арнайы автомобильдер белгілі бір жұмыстарды атқаруға арналған, сол себепті олар тиісті құралдармен жабдықталған. Бұл топтағы автомобильдерге автокрандар, автоцистерналар, тұқым толтырғыштар т. б. жатады. Олар транспорт автомобильдерінің өзгертілген моделі (модификациясы) болып саналады.

Спорт автомобильдері автомобиль спортымен шұғылдануға арналған,

Шасси типі бойынша автомобильдер рамалы және рамасыз деп бөлінеді.

Рамалы автомобильдерде негізгі қаңқа рама болады, оған автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері бекітіледі.

Рамасыз автомобильдердің рамасы болмайды, ал автомобильдің құрамды бөлшектері мен механизмдері кузовқа бекітіледі. Мұндай жағдайда, автомобиль кузовын алып жүруші деп атайды.
Двигательініңтипі бойынша автомобильдер карбюраторлы, дизельді және электр двигательді болып бөлінеді.

Карбюраторлы двигатель негізінен бензинмен, дизельді отынмен, электр двигательді — аккумулятор батареясымен жұмыс істейді.

 

78 Екі тактілі карбюраторлы қозғалтқыштың жұмыстық циклі?



Екі тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі (9-сурет). Екі тактілі двигательде клапандар болмайды. Іске қосқыш двигательде жанғыш қоспаның енуі және пайдаланылған газдың шығуы, цилиндр саңылауы арқылы жүзеге асырылады; мұндайда цилиндр санылауы қозғалып тұрған поршеньмен дер кезінде ашылып, жабылып тұрады.

Поршень (2) жоғары жылжығанда (9, асурет) цилиндрдін шығару саңылауын (3) жабады, соның нәтижесінде поршеньде жұмыстық қоспа сығылады. Сонымен бір мезетте поршень астындағы ауа сиреп, карбюратордан (4) цилиндрдің енгізу саңылауы (5) арқылы жанғыш қоспа кривошипті камераға (6) сорылады.

Поршень жоғары өлі нүктеге жақындаған кезде оталдыру свечасында (1) электр ұшқыны пайда болады (9, бсурет) да, цилиндрдегі жұмыстык қоспа тұтанады. Осымен бірінші такт аяқталады.

Жұмыстық қоспаның жануы нәтижесіде пайда болған газ қысымы әсерінен поршень төмен қарай ығысады да, жұмыстық жүріс жасайды, цилиндрдің жұмыстык, жүрісі шығару саңылауы ашылғанша және пайдаланылған газ шығару түтігі арқылы сыртка шыққанша өтеді. Поршень төмен қарай ығысқанда кривошипті камерадағы жанғыш қоспа сығылады. Екінші тактінін соңында поршень үрлеу каналының (7) саңылауын ашады да, кривошипті камерадағы жанғыш коспа цилиндрге айдалып, ондағы пайдаланылған газды ығыстырып шығарады (9, всурет). Осылайша үрлеу пайда болып, сонымен бір мезетте цилиндрге жаңадан жанғыш қоспа толады. Мұндайда жанғыш қоспаның шамалы бір бөлігі пайдаланылған газбен бірге шығады. Сөйтіп, поршеньнің екі жүрісін­де (екі тактіде) толық жұмыс циклі жасалады.



Жұмыс процесі осылайша сипатталатын двигательдерді кривошипті — камералы үрлемелі двигательдер деп атайды. Төрт тактілі двигательдерге қарағанда, бұл двигательдер конструкциясы мен пайдаланылуы жағынан қарапайым келеді. Олардын жұмысының біршама біркелкі болатын себебі сол, жұмыстык, жүрісі иінді біліктің әрбір айналымында өтеді. Алайда төрт такігілі двигательге қарағанда, екі тактілі двигатель онша үнемді емес. Үрлеу кезінде шығару саңылауы арқылы 30 %-тей жанғыш қоспа шығындалады. Сондықтан да екі тактілі карбюраторлы двигательді қысқа мезгілді жұмысқа — трактордың дизельді двигателін жүргізу үшін ғана пайдаланады.

79 Басты берілістер, құрылымы, қызметі?

Басты беріліс - жетекші дөңғалаққа қажет мәнге дейін бұрыштық жылдамдықты азайтуға және айналдырушы иінді күшті ұлғайтуға арналған көліктік құралдың күштік берілісіндегі беріліс. Басты беріліс берілген бұрылу моментін көбейтіп, оны дефференциал арқылы автомобильдің жартылай осьтеріне жеткізу үшін қолданылады. Құрылысы жағынан басты беріліс тісті жәнеиірек ( зубчатый, червячный) редуктордан тұрады.

Автомобильдерде көбінесе тісті басты беріліс қолданылады және сыңар берілісті, қос берілістіболып бөлінеді. Олардың беріліс саны айналу жылдамдығына, қозғалтқыштың қуатына, автомобильді пайдалануға және салмағына байланысты болады.

Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк автомобильдерде 6,5 – 9,0 , ал жеңіл автомобильдерде 3,5 – 5,5 аралығында болады.

Сыңар басты беріліс иректелген бір жұпты конусты тісті дөңгелектен тұрады.

Мұндай берілісте бұрылу моменті айқартопсалы берілістен конусты жетекші

тістегерішке, одан жетектегі дөңгелекке беріліп, арнайы механизм (дифференциал) мен жартылай осьтар арқылы автомобильдің жетекші дөңгелегіне беріледі. Сыңар берілістің тісті дөңгелегінің осьтары қиылысып немесе араласып орнатылады, оны гипоидты беріліс деп аталады.

Басты берілістің, гипоидты тісті дөңгелегінің айқарьопсалы беріліспен жалғасуы шанақтың еденін төмен орнатуға мүмкін болып, автомобильдің ортаңғы тартылыс күшін азайтып, оның орнықтылығын арттырады. Сонымен қатар гипоидты берілісте тістері көп мөлшерде жалғанады, сондықтан тісті дөңгелек өте сенімді , жайлы, және дыбыссыз жұмыс істейді.

Қосарлы басты берілісқұрылысы бойынша бір картерде – орталықты немесе жекелеп бөлектелген болады. Ол екі жекеленген механизмнен : артқы белдіке орнатылған сыңарлы конусты тісті берілістен, цилиндрлі тісті берілістен – дөңгелек редукторынан тұрады.

Қосарлы орталық берілісконусты және цилиндрлі тістегеріштер жұбынан тұрады.

Бұралу моменті жетекші конусты тістегеріштерден бір білікке орнатылған

жетекші дөңгелекке, одан цилиндрлі тістегерішке беріледі. Қос берілістер механикалық төзімділігі және беріліс санын көбейтуге мүмкіндігі, сыңар беріліске қарағанда жоғары болады.

Дифференциал.Автомобиль бұрылғанда ішкі доңғалақтар кіші радиуспен, ал сыртқыcы үлкен радиуспен айналады, сондықтан доңғалақтар сырғанамауы үшін сыртқысының ішкі доңғалаққа қарағанда жылдамдығы артық болуы керек. Олардың бұрылыстарда сырғанауы шиналардың тозуына, автомобильді басқаруды қиындатады, жанармай шығынына да әсер етеді. Доңғалақтарды бұрылыс кезінде әртүрлі жылдамдықпен айналуы үшін, оларды жекеленген жарты осьтарға бекітеді, басты берілістен берілген бұралу моментін жарты остарға

 

Аралық доңғалақ дифференциал арқылы жеткізіледі.

Дифференциал бұралу моментін жетекші доңғалақтарға таратып, оң және сол жағындағы доңғалақтардың, автомобильдің бұрылыс кезінде әртүрлі айналу жиілігінде қозғалуы үшін қолданылады.

Автомобильдерде доңғалақ аралық конусты симметриялы, доңғалақ аралық конусты, жұдырықшалы дифференциалдар қолданылады.

Конусты симмериялы дифференциал басты беріліске орнатылған тістегерішті механизм.

Басты берілістің жетекші тістегерішінен бұралу моменті жетектегі дөңгелек пен дифференциал қорабына, онымен бірге айналатын шабақ пен тістегеріш – сателлиттерге және жарты осьтар арқылы жетекші дөңгелектерге беріледі.

Ось аралық конусты дифференциалжоғары өткіштегі доңғалақ формуласы 6х4, 6х6 жетекті белдікті, жолдың әртүрлі жағдайында жұмыс істей алатын автомобильдерде қолданылады. Мұндай дифференциал құрылысына: флянец, картер, қорап, жетекші және жетектегі дөңгелектер, крестовина, сателлиттер, артқы белдік жетегінің тісті дөңгелегі, аралық белдіктің тісті дөңгелегі, жетекші тістегеріш, тісті муфта мен блоктау муфтасы жатады.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.008 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал