Студопедия

Главная страница Случайная страница

КАТЕГОРИИ:

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатикаИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторикаСоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансыХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника






Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы




· 1680Жұмыс істейтін бірақ қолдануға жарамсыз алғашқы іштен жану қозғалтқышын 1680 жылы Голландиялық Christiaan Huygens жасады. Жарғыш дәрінің жануы арқылы жұмыс атқаратын поршеньді машина еді.

· 1698 — Ағылшын Thomas Savery алғашқы бу машинасын жасады.

· 1769 — Ағылшын James Watt ұзақ уақыт жұмыс істейтін бу машинасын жасады.

· 1769 — Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725-1804) жасады.

1769, Fardier

· 1787 — Oliver Evans Америкада жолаушы таситын көлік жасады.

· 1801 — Англияда Richard Trevithick бумен жұмыс істейтін автомобиль жасады.

Richard Trevithick автомобилі, 1803

· 1824 — Іштен жану қозғалтқаштарының, әсіресе дизель қозғалтқыштарының негізгі принциптерін жас француз инженері Sadi Carnot ұсынды.

· 1830 — 15–20 км/сағ жылдамдығында қозғалатын 14 жолаушы таси алатын автобустар жасалды.

· 1963 — Wankel қозғалтқышы алғашқы рет NSU Spider автомобилінде қолданылды.

· 1967 — Jensen ағылшын автомобиль фирмасы ABS жүйесін бірінші болып автомобильдеріне орнатты.

· 1973 — Еуропада сериялы өндірісте алғашқы рет турбиналы қозғалтқыш орнатылған BMW 2002 автомобилі болды.

· 1978 — Осы замандық ABS жүйесі алғаш рет BMW 7 және Mercedes S серияларында орнатылды.

· 1984 — Турбина өндірушісі Garret intercooler атында турбина суытқышын ұсынды. Осы жүйенін арқасында турбинаға кіретін ауа алдын-ала суытылып, турбинаның өнімділігі арттырылды.

· 1986 — Екі турбина орнатылған алғашқы автомобиль Porsche 959 болды.

Карл Бенцтің "Velo" моделі (1894) - алғашқы автожарыстарға қатысты

Ford Т

 

65.Қазіргі кезде Қазақстанда автомобиль шығаратын зауыттар қандай маркалы және Қазақстанның қай аймақтарында орналасқан?

Жауабы: Біздің елде автокөлік шығаратын емес құрастыратын зауыттар бар: Өскемендегі АзияАвтода Lada, Skoda, Chevrolet, KIA, Cadillak, ал Қостанай қаласында ZAZ Chance, Ssang Yong, Алматы облысында Hyundai (шағын автобустар мен арнайы техника), қай жерде құрастырылатынын білмеймін "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар IVECO маркалы жедел-жәрдем көліктері жүр. Қостанайда КАМАЗ жүк көлігі, Беларусь тракторлары құрастырылады. Айтпақшы Қостанайда құрастырылатын Peaugeot - те бар.



 

66.Литраж бойынша қозғалтқыштар қалай жіктеледі?

Литраж(жұмыстық көлем)

Жауабы: Жеңіл автомобильдер қозғалтқыштардың жұмыстық көлеміне қарай келесі кластарға жіктеледі: өте кіші (1,099 л дейін); кіші (1,1—1,799 л дейін); орташа (1,8—3,499 л дейін); үлкен (3,5 л және жоғары); жоарғы (жарияланбайды).

 

67.Автокөліктің аспалары, түрлері, ерекшеліктері?

Жауабы: Аспа раманы немесе шанақты жүрістік бөлімнің агрегаторымен жалғайды, жолдан келетін динамикалық жүктемелерді қабылдайды; автомобилдің жүріс жайлылығын қамтамассыз етеді

Асқыштардың түрлері бойынша тәуелсіз серпімді (серіппелі), тәуелді серпімді (рессорлы, балансирлі) болып бөлінеді.

Тәуелді серпімді аспалар Жүк автомобильдердің алдыңғы мен артқы белдіктері, кейбір жеңіл автомобильдердің артқы белдіктері тәуелді аспалар арқылы бекітіледі. Мұндай асқыштардың ерекшелігі жолдың тегіс емес бетінен берілген тербелісті жұмсартуымен бірге дөңгелектен рамаға берілген жетекші және тежеуші күштерді жеткізеді. Аспа жатықтық жүрісті жақсартуға, ұзақ жолдарда жүргізушінің тез шаршап қалмау мүмкіндігін және тасымалданатын жүктің бүлінбеуін қамтамасыз етеді.



Тәуелсіз серпімді аспалар Тәуелсіз серпімді аспаларда доңғалақтар рама мен шанаққа жекеленіп орнатылып, олардың жазықтықтағы қозғалысы бір – біріне қатысты болмайды. Мұндай тәуелсіз аспалар рычаг пен цилиндрлі серіппелер, екі телескопты амортизаторлар мен көлденең қалыптылықты сақтаушы стабилизатормен бірігіп жұмыс атқарады.

Балансирлі (теңгерулі) аспаларҮш осьті автомобильдерде ортаңғы мен артқы белдіктің араларының жақындығына байланысты оларға жартылай эллиптикалық рессорлы балансирлі аспалар орнатылады

 

68. Жүктiк автомобильдердiң үйлестіру сұлбасы?

Жауабы:

 

69.Қозғалтқыштардың жіктелуі?

Жауабы: Автомобил қозғалтқыштарының негізгі түрлері. Қарапайым автомобилдерде іштен жану қозғалтқыштары (ІЖҚ) беделді таралуда. Құрылымдары бойынша оларды поршенді және роторлыға бөледі. Поршенді қозғалтқыштарда отынның жануы кезінде газдар поршенді барып-қайту қозғалысына енгізеді, ол иінді білікті айналмалы қозғалысқа түрлендіреді. Отын қоспасының түзілу әдісіне қарай қозғалтқыштар негізгі екі топқа бөлінеді. Біріншісіне күштеп тұтандыратын және сырттай жану қозғалтқыштары жатады. Бірінші топтың ең көп таралған түрі карбюраторлы қозғалтқыштар, оларда қоспа цилиндрлерден бөлек арнайы аспапта (карбюратор) түзіледі, ал тұтануы цилиндрде электрлі ұшқынның көмегімен жүргізіледі. Екінші топқа дизелдер жатады — қоспаны іштен түзетін және қысымнан тұтанатын қозғалтқыш. Дизелдерде қоспа отынның цилиндрге шашуы нәтижесінде пайда болады, одан кейін жоғарғы температураның әсерінен өздігінен тұтанады. Роторлы қозғалтқыштарда жану кезінде ұлғайған газдар айналушы бөлшек-роторға әсер етеді. Роторлы қозғалтқыштар поршендіге қарағанда автомобилдерде көп қролданылмайды; олар газотурбинді және роторлы-поршеніге бөлінеді.

 

70.Механикалық трансмиссияның жалпы кұрылысы?

 

Трансмиссия деп двигательдің білігіндегі қуатты қозғағыш доңғалақтарға жеткізетін механизмді атайды. Осы механизмнің негізгі қызметі иінді біліктегі айналдырғыш моментті бірнеше есе көбейтіп, қозғағыш доңғалаққа жеткізу болып табылады.

Механикалық трансмиссия деп двигатель қуатын қозғаушы доңғалаққа механикалық энергия түрінде жеткізетін механизмді айтады. Ол үшін әр түрлі механикалық берілістер (тісті, белдікті, үйкелісті) қолданылады.

Механикалық трансмиссия құрылысына қарай екі түрге бөлінеді. Беріліс жылдамдығын сатылы және сатысыз өзгертетін трансмиссиялар болады. Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссияда беріліс санын өзгертуге мүмкіндік беретін беріліс қорабы қойылады. Сол қораптың көмегімен жүмыс бабына байланысты ілінісетін шестерняларды ауыстырып отырады. Ал жылдамдықты сатысыз өзгертетін трансмиссияда құрылысы өте күрделі механизмдер қолданылады. Қазіргі заманғы тракторларда жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссиялар пайдаланылады.

Жылдамдықты сатылы өзгертетін трансмиссия көпшілік жағдайда мынадай механизмдер мен тораптардан қүралады: ажыратқыш муфта, беріліс қорабы, карданды біліктер, жүргізгіш мостылар. Тракторлардың кейбір түрлерінде ғана жоғарыдағыдан аздаған өзгешелігі болады. Атап айтқанда, ДТ-75 тракторында айналдырғыш моментті арттырғыш қондырғы болады, ал К-701 тракторында ажыратқыш муфта болмайды да, оның қызметін беріліс қорабы атқарады. Т-150 тракторында екі ағынды беріліс қорабы қолданылуына байланысты жүргізгіш мостының қүрылысына бірнеше өзгеріс енгізілген.


mylektsii.ru - Мои Лекции - 2015-2019 год. (0.005 сек.)Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав Пожаловаться на материал